Ақпарат

«Қазпочтаға» жаңа басшы келді

Қаралды: 244

«Қазпочта» акционерлік қоғамының бас­қ­арма төрағасы ауысты. Бұл қызметке Сәкен Сәрсенов тағайындалды.

Сәкен Сейтжаппарұлы Сәрсенов кезінде Қаржы министрлігінде, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамында, Бас Прокуратурада жауапты қызметтер атқарған, Байланыс және ақпарат, Транспорт және коммуникация, Инвестиция және даму министрліктерінде вице-министр болған.

Ал «Қазпочтаны» 2014-жылдың тамыз айынан бері басқарып келген Бағдат Мусин таяуда қызметінен мерзімінен бұрын босатылған болатын. 33 жастағы Б.Мусин кешегі аптада Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 аноним 18.02.2017 05:13
Қарапайым почташыларды жарылқайтын басшы болса болды. Өйткені жергілікті ауыл-ауылды аралап жүрген почташы 30 мың теңгеге жетер жетпес айлық алып, өзі миллиондардың үстінде жалақы алатын почтаның басшылары көбейіп кетті ғой. Жалақысы жақсы жерге бәрі барғысы-ақ келеді. Тек оларың өзгені жарылқап, жұмысты жақсы жолға қоя білсе.
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру