Ақпарат

Ахмет Байтұрсыновты білмейтін жастар көп

Қаралды: 388

Менің көлігіме мінген адамдарға танымдық сұрақтар қоятын әдетім бар. Осы уақытқа дейін 300-ден аса адамдар мінгізген екенмін, 

соның екі-үшеуінен басқасы «демократия» сөзінің мәнісін, қазақтың тарихи тұлғаларының кім екенін білмеді.

Көптен бері жолда адам алмай қойған едім. Бүгін Шымкенттегі Арғынбеков көшесінің бойында бір қыз қол көтерді. Тоқтадым, көлігіме отырғасын өзінің баратын жерін айтты. Мен оған: «Бір шартым бар. Қойған сұрағыма жауап берсең тегін апарамын, жауап бере алмасаң түсіріп кетемін», – дедім.

Бұл қыз Шымкенттегі «Парасат» колледжінде «тәлімгер-педагог» мамандығы бойынша  4-курста оқиды, өзі Бадам  ауылынан екен. «Демократия» деген сөздің мағынасын білесің бе?» – деп сұрадым. «Ондайды оқымағанбыз», – деді қыз. «Қалай білмейсің? Болашақ педагог емессің бе? Ал қазақ тілінде педагогиканы тұңғыш рет кім жазған?» – деп сұрадым. Оны да білмейді екен. «Аға, түсіп қала салайыншы», – деді қысылып. «Студент екенсің, баратын жеріңе жеткізіп сала­йын», – дедім. Ахмет Байтұрсыновтың кім екенін сұрап едім, оны да білмейтін болып шықты.

Бүгінде «Болашағымыз – жастар» деп ұрандатып жүрміз. Ал осындай жастарға сенуге бола ма? 

Жастарды қараңғылыққа тәрбиелеп жатқан Білім министрлерін итжеккенге айдау керек. Билік қайда қарап отыр? Ол жерде де мақаулар ма? Осыдан кейін қалай ашуың келмейді?!

Жарқынбек СЕЙТІНБЕТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 антимазақ 15.02.2017 03:53
сол керек мазақтарға!
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру