Ақпарат

Иманғали Тасмағамбетов елші болды

Қаралды: 279

Президент Жарлығымен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Иманғали Тасмағамбетов – саясат ғылымдарының докторы, философия ғылымдарының кандидаты. Ол кісінің кезінде Атырау облысын басқарғаны, Астана және Алматы қалаларының әкімі болғаны мәлім. Иманғали Нұрғалиұлы әр жылдары Премьер-министр, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Қорғаныс министрі қызметтерін атқарған болатын. 2016-жылдың қыркүйек айынан бері Премьер-министрдің орынбасары болып келген еді.

Ал осыған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі болған Марат Тәжиннің өткен қаңтар айында Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалғаны белгілі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру