Ақпарат

Нұрханның нұрлы шақтары

Қаралды: 291

Алтайдың Қытайға қарасты өңірінде туып-өскен, Қазақстанға қоныс аударып, бүгінде Шымкент қаласында тұрып жат­қан ақын Нұрхан Сұлтанбайұлының кезекті жыр жинағы жарық көрді. 


«Кезекті» деп отырған себебіміз, мұның алдында ақынның «Адасқақ» атты кітабы жарыққа шыққан болатын.

Нұрекеңнің жаңа кітабы «Аралдағы жалғыз жан» деп аталады. Оған ақынның өлеңдері мен толғау­лары, балладалары және поэмалары топтастырылған.

Нұрхан Сұлтанбайұлы кезінде Т.Айбер­генов атындағы сыйлықты иеленген, әдебиет тілімен айтқанда, «қаламының желі бар» жан. Ол кісі бүгінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Нұрекең кешегі 2-ақпан күні Шымкенттегі «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында өзінің шығармашылық кешін өткізді. Оған бір топ қаламгерлер, әдебиеттанушылар мен оқырман қауым қатысты.

Жалпы, Нұрхан бауырымыз мұнымен тоқталып қалмақ емес. Ол кісі әдебиет саласынан бөлек, қоғамдық істерге де белсене атсалысып жүр.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру