Ақпарат

Ширатбек қарияның шындығы

Қаралды: 500

Шымкент қаласының тұрғыны, байыр­ғы ұстаз Ширатбек Оралбековтің кітабы жарыққа шықты. 

«Туған жердей жер болмас» деп аталатын бұл кітапқа автордың аудандық, облыстық және республикалық басылымдарда жарияланған шыншыл шығармалары, мақалалары ендірілген.

Ширатбек қарияның жасы қазір 81-де. Ол кісінің негізгі мамандығы – педагог, ол педагогика институтының физика-математика факультетін бітірген. Мектепте, жергілікті партия, кеңес органдарында жауапты қызметтер атқарған. Жас­тайынан қаламды серік етіп, көптеген танымдық-тағылымдық мақалалар, әңгімелер жазған.

Ширатбек қария – «Замана» газетінің жанашыры, тұрақты авторы. «Заманада» және оның жанынан шығатын қосымша газеттерде көптеген мақалалары жарық көрген.

Кітабыңыз құтты болсын, шаршамаңыз, құрметті Ширатбек ата!

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру