Ақпарат

Бұл қай елде өтіп жатқан Универсиада?

Қаралды: 854

Қазақ тілінің өз елінде қадірі кеткені, тіпті қолдану аясы жылдан-жылға тарылып, жойылып бара жатқаны туралы айтылмаған сөз қалмады. 

Бірақ өз елінде айтқан сөзі «Ит үреді, керуен көшедінің» күнін кешіп отырғанын енді еш нәрсемен жуып-шая алмаймыз. Бұл – қазақты қорлаудың, ал, маған не істейсің деген тасырлықтың ең басты дәлелі.

Бүгін «Алматы ақшамы» газетінен «Алматылықтар Универсиаданы 24 мекемеден тамашалай алады» деген хабарландыруды көрдік.

Қарап отырсақ, сол 24 мекеменің ішінде қазақша атауы бар бір мекеме жоқ екен. Олар «Бочонок», «Дом», «Оранжевый вер­блюд», «Мастер Жигулев» «Вечное небо», «Базилик», «Гранат», «Бармаглот», «Карлов мост» деген орысша, қалғандары түгел шетелдік атауы бар «мекемелер» екен. Ішімізден «өз елінде қазақ сияқты осынша намысынан айырылған ұлт жер бетінде жоқ шығар, біттің ғой, қазақ» дедік те жүре бердік. Қолдан келер қайран жоқ. Тіпті осы сөзің үшін-ақ террорист, исламист, Сирияға барғысы келген атанып кетуің де мүмкін ғой.

Мырзан КЕНЖЕБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру