Ақпарат

Болат Аюхановтың академиялық би театры келе жатыр

Қаралды: 725

Алдымыздағы 20 – 21-ақпанда Шымкенттегі «Түр­кістан» орталық концерт залында есімі әлемге әйгілі хореограф, балетмейстер, 

Қазақстанның Халық әртісі, халық­аралық «Сократ» сыйлығының иегері, профессор Болат Аюхановтың басқаруындағы Қазақстан Республикасы мемле­кеттік академиялық би театрының қойылымдары көрсе­тіледі. «Орыс балетінің айбыны мен салтанаты» деп аталатын концерт бағдарламасы мынадай:

20-ақпан күні сағат  19.00-де Петр Чайковскийдің «Лебединое озеро» балеті.

21-ақпан күні сағат 19.00-де «Лебединое озеро»,  Морис Равельдің «Болеросы», Жорж Бизе мен Родион Щедриннің «Кармен-сюита» балеті.

Билеттер бағасы 1000 – 4000 теңге аралығында. Тапсырыс, анықтамаларға қатысты менеджер Естай Қабдығаниұлына (8-701-496-74-09) хабарласу керек.

...Әлемдік классиканың жауһарларын тамашалаудың орайы келіп тұр, құрметті өнерсүйер қауым, қапы қалмаңыздар!

Бұл ақпаратты достарыңыз­ға, туыстарыңызға жеткізіңіздер, оны бұқаралық ақпарат құралдары, ғаламтор желілері, элек­трондық почта, чат, «уатсап» арқылы барша жұртшылыққа хабарлап, қолдау көрсетейік!

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру