Ақпарат

«Өзім» дегенге өкпелеп, «өзгеге» риза болған кездер көп

Қаралды: 606

Біреулер «қазақты тұқырта бермеңдерші» дейді. Тұқыртқым келмейді-ақ, бірақ расы сол, «қазақтың жауы – қазақ».

Кеше мен 4 мың теңге төлеп жасатқан құжатты бір танысым 40 мың теңгеге жасатыпты. Оныкін жасаған – қазақ. Ал менікін жасаған... маңызды емес, бастысы, қазақ емес.

Өткенде емханадан бір жолдама ала қояйын деп едім, он есік пен тесікке кіріп, анықтама әкелмесем қуғын-сүргінге ұшырап кететінін айтып зар қаққан медбике «шайпұлға» әрең дегенде екі ауыз сөзін жазып берген. Бүгін тура сол анықтаманы «қазақ емес» медбике бір ауыз сөзге келместен сүйкеп бере салды.

Өткенде бір қазақ таксист қарт кісіні: «Ақшаң жетпесе, неге міндің?!» – деп жер-жебіріне жетіп, балағаттап кетті. Ал бірер күн бұрын мені жолай ала кеткен «қазақ емес» жігіт «Алланың разылығы үшін» қалаған жеріме тегін жеткізіп тастады.

Жоқ, бәрі солай демеймін, әр елдің аласы да, құласы да бар, әрине. Бірақ менің көзіме кіл осындайлар түсе береді. Сосын ойлағаным ғой, осы қазаққа қазақтан басқа жау жоқ па деп...

К. ТІЛЕПОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру