Семіріп кеткен ішкі істер қызметкерлеріне арықтау міндеттелді

31.01.2017
Қаралды: 458

Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода артық салмақпен өмір сүретін тәжік милиционерлерін жұмыстарын жоғалтып алмас үшін арықтау­ды міндеттеді – деп хабарлайды ҚазАқапарат bbc.kom.

«Қызметкер толысып кетті, жұмысқа қабілеттілік төмендеді ол көп тамақтанады, аз еңбек етеді. Бұған бір шара қолдану керек. Әйтпесе ол салмақ қосуды жалғастырады, ал бұл жұмыс сапасына әсер ететін болады» – деп атап өтті Тәжікістан ішкі істер министрі.

Қызметкерлердің бірімен салауатты өмір салты жөнінде жай ғана әңгіме жүргізілсе, біріне жұмысты жоғалтып алмас үшін арықтауға табанды түрде кеңес берілуде. Тәжікістан ІІМ-нің баспасөз қызметі ел милиционерлеріне ұдайы спортпен шұғылданатын министрді үлгі етті. «Оның футболда көрсеткіштері жақсы, шахматты тамаша ойнайды. Өз министрлерінен үлгі алу керек», – деді.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ