Ақпарат

Елжан Біртанов – Денсаулық сақтау министрі

Қаралды: 210

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі екіге бөлініп, қайта құрылды. Бұл құрылымның осыған дейінгі басшысы болған Тамара Дүйсенова енді 

Еңбек және әлеуметтік даму министрлігін басқарады. Ал Денсаулық сақтау министрі қызметіне Елжан Битанов тағайындалды.

Елжан Амантайұлы Битанов – кәсіби медицина қызметкері, медицина ғылымдарының кандидаты. Ол  1971-жылы Жамбыл қаласында өмірге келген. Қазақ Мемлекеттік медицина университетін, АҚШ-тың Аризона университетін, Ресей медицина академиясын бітірген, Германияда білім алған. Еңбек жолын қатардағы дәрігерден бастаған, кейін бірқатар мекемелер мен кәсіпорындарда жауапты қызметтер атқарған. Ол 2015-жылғы қараша айынан бері  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып келді.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру