Ақпарат

Бұл оқиға Жетісайда болыпты...

Қаралды: 767

Мақтаарал ауданының орталығы – Жетісай қаласында өткен аптада заманауи әжетхана пайдалануға берілгені туралы хабар бірқатар ақпарат құралдарында жарияланғаны мәлім. 

«Құрылысына 3 миллион 140 мың теңге жұмсал­ған қоғамдық әжетхананың ашылу салтанатына қала әкімі Байдуалы Базарбаев арнайы қатысты. Ол кісі қаладағы бірқатар әжетханалардың  жағдайы санитарлық талаптар­ға сай еместігін, бұл әжетхана аудан әкімінің бас­тамасымен салынғанын айтты. Алдағы уақытта осындай әжетханалар тағы да салынбақ», – деп мәлімдеді аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ал бүгінде жұрт мұны тосын оқиға деп есептеп, әлеуметтік желілерде былайша әжуаға айналдырып жатыр:

Ақбөпе Қалила: – 3 млн. теңгенің туалетіне ең алғаш отырған адам бақытты шығар, иә? Или лентасын қиғандар алғашқы болып отырып, ырымын жасап кетті ме екен?

Ерболат Зинулла: – Ашуға Қайрат Нұртасты шақырды дейді ғой.

Бауыржан Еселбай: – Ол әжетхананы ашып, бірінші болып т...н екен.

Ерқанат Тұрсынжанұлы: –  Анау үлкен дәретін сразу мұрағатқа естелікке сақтайды екен.

Ақан Серік: – Шара біткесін ішіне фуршет жасапты-мыс.

Омарбек Бейсалиев: – Кім біледі? Әжетхананың салтанатты ашылуына үрмелі аспаптар оркестрі қатыспап па? Әжетхананы емес, «артын» ашты дегендей естіледі екен.

Гүлжаз Ертасова: – Ашылу салтанатында ел алдында не тілек айтқаны қызық боп тұр.

Мықтыбек Оразтайұлы: –  Мақтааралдықтар, 3 миллиондық туалеттің қасына барып, селфи жасаймыз ба? Менің үйімнен де қымбат неғылған здания екенін көріп қайтайық.

...Міне, бұл оқиғаға орай әлеуметтік желілерде осындай жүздеген пікірлер жүр. Басшылардың мұндай істі қолға алғанын құптап жатқандар да жоқ емес.

Естуімізше, аталған әжетхана Жетісайдағы екі қабатты үйлердің тұрғындарына арнап салынған екен. Бірақ әзірге есігінде құлып тұр дейді бізге Жетісайдан хабарласқан кісілер. Мүмкін басшы азаматтар оны жұрттың шуы біраз басылғасын ашайық деп шешкен шығар, кім білген...

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Ғали 01.02.2017 03:14
Ажетқана салып мəз боғанша үйсіз жүрген жандарға үй салып бермей ма не қылған əжетқана сонша ақшаға салып алтыннан ба
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру