Ақпарат

«Қазпочтаның» жаңа қызмет түрлері қандай?

Қаралды: 760

Қазақстанда почта саласы күн өткен сайын дамып, өркендеп келеді. Тұтынушыларға заман талабына сай қызмет көрсету үшін қолдан келгеннің бәрі жасалуда. 

Сонымен бірге нарық қатынастарына икемделіп, саланың табыс табу көздері арта түсті.

Сәлемдемені постаматтан жібересіз

Бүгінде почталарда пос­таматтар іске қосылды. Егер сіз өзге қалаға сәлемдеме жіберетін болсаңыз «посылкаңызды» алып постаматқа барасыз. Оның ортасында терминалы, екі жағында автоматтандырылған жәшіктер тұр. Ол жәшіктер сәлемдеме көлемдеріне орай шағын, орташа, үлкен болып бөлінеді. Сіз терминалға жақындап, сенсорлы экраннан өзіңізге қажетті жәшіктің сондағы көрсетілген нөмірін тересіз, одан қызмет түрінің төлемақысын талап еткен жазу шығады. Сосын терминалға ақша саласыз.

Атап айтсақ, шағын сәлемдеме жіберу құны 700 теңге, орташасы үшін – 800, үлкені үшін 1200 теңге төлейсіз. Қаражатты салған соң «посылканы» жіберетін қаланы көрсетіп, алатын адамның ұялы телефон нөмірін қоса жазасыз. Содан кейін барып жәшікке сәлемдемені салып, «ОК» түймешесін басасыз. Сонымен жөнелтілім  операциясы жүзеге асады. Терминалдан шыққан сәлемде­меңізге берілген код жазыл­ған түбіртекті өзіңізде сақтауыңыз керек.

Сәлемдеме аталмыш қала­ға жеткен соң «посылканы» алатын адамның ұялы телефонына хабарлама түседі. Ол постаматқа барып, терминалға хабарламада көрсе­тілген кодты тереді. Одан кейін жәшік ашылып, тұтынушының сәлемдемені алып кете беруіне болады.

Ескере кетер жайт: Егер сіз постаматқа сәлемдемені салғанда терминалға 700 теңге төлеуіңіз керек болса, ал сізде тек  бүтін 1000 теңгелік купюра ғана болса, ондай жағдайда сіз салған 1000 теңгелік үшін қайтарым ақша өзіңіздің ұялы телефоныңызға «бірлік» болып түседі.

Сәлемдемені оны алуы тиіс адамның тұратын немесе жұмыс істейтін мекен-жайына жақын постаматқа салуға мүмкіндігіңіз бар. Қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам постамат бар болса, Шымкентте 5 постамат жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мен аудан орталықтарында сәлемдеме қабылдайтын және жолдайтын супермаркеттер ашылды. Яғни сіз сәлемдемені бұрынғыдай тар, қолайсыз жерде жолдамайсыз, жаңадан ашылған супермаркеттер кең де, жарық, сол жерлерге барып, арнайы қызмет көрсетушілер арқылы өз сәлемдемеңізді жолдай бересіз. Супермаркеттер таңғы сағат 8.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Аталмыш маркеттің сенбі күні де жұмыс істейтінін ескертеміз.

Пойызға, «ЭКСПО»-ға билеттер сатылуда

Бүгінде «Қазпочта» бөлімшелерінен ұшаққа, пойызға, тіпті «ЭКСПО»-ға да билет ала аласыз. Бұл бүгінде шалғай ауыл тұрғындары үшін тіпті тиімді болуда. Олар бұрын ұшаққа, пойыз­ға билет алу үшін сонау алыстан облыс орталығына келіп кететін болса, енді ауыл тұрғындары өздері тұратын елді мекендегі поч­та бөлімшесінен пойыз билетін сатып ала береді.

Қала берді, сіз үшін кез-келген почта бөлімшесі валюта айырбастау қызметін жасай алады. Яғни почта бөлімшелеріне барып теңге­ңізді АҚШ долларына, Ресей рубліне және өзге де мемлекет валюталарына алмастыра аласыз.

«Сенім» қызметі бойынша «Қазпочтаның» «Қазкомбанк» банкомат жүйесі ар­қылы жалақы, зейнетақы, жәрдемақы алуға да болады. Ол үшін арнайы «POS» терминалы жұмыс істейді. Аталмыш банкомат жүйесімен жалақы, зейнетақы, жәрдем­ақы алатындарға алдағы бір жыл бойына коммуналдық төлемақылар үшін комиссия ұсталмайды.

1 минут ішінде қаржы аудара аласыз

Мұнан өзге «Salem tenge» деп аталатын қызмет түрі бар. Сіз бұл қызмет түрі арқылы Қазақстанның кез-келген қалаларына 1 минут ішінде қаржы аударылымдарын жасай аласыз. Әрі осы қызмет түрімен өзгенің сізге жіберген қаражатын да аласыз.

Ал «Salem mobіle» қызмет түрін пайдаланғыңыз келсе, «Post.kz» жүйесіне тіркелесіз. Сіз бір дүкенде жүргенде қымбат зат алуға ақшаңыз жетпей қалуы мүмкін. Ондай кезде сол жердегі сауда орны мен почта арасындағы арнайы кодын сұрап,  қалтаңыздағы ұялы телефон арқылы оны тересіз. Содан соң карточкаңыздағы ақшаны аудару арқылы төлем жасайсыз.

«Вокзал, вокзал» деп аталатын қызмет түрі де тұтынушылар үшін шығарылды. Мысалы, сіз шағын сәлемдемелер мен хат, өзге де құжаттарды пойыз ар­қылы беріп жібергіңіз келді делік. Ондай жағдайда вокзалға барып, өз затыңызды келесі вокзалға дейін «Қазпочта» қыз­мет­кер­лері арқылы беріп жібе­руі­ңізге болады. Сіздің затыңызды жеткізу вокзалдан жүретін жылдам пойыздар арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет түрінің кейбірі 200 теңгеге де атқарылады.

Игі бір жаңалық, «Қазпочтаның» сайтына тіркеліп, ол сайтқа шыққан элек­трондық бланкілерді толтырып, өзіңіз қалаған газет-журналға онлайн түрде жазыла аласыз. Басылымға жазылудың бұл түрі тәуліктің кез-келген уақытында жүргі­зіледі. Яғни бұл жұмыс­ты үйде отырып тындыра аласыз.

Қысқасы, «Қазпочта» саласында осындай пайдалы қызмет түрлері бар. Ендеше, тиімді қызмет түрлерін пайдаланыңыздар!

С. БАЙБОСЫНОВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Dr.Raja Pankaj Jha 25.08.2017 06:05
Fox Investment Company Limited біздің корпоративтік мақсаттарымызды ң аясында инвесторлар үшін несие желісін ұсынып, облигациялар, туынды бағалы қағаздар және акциялар және төменде көрсетілген басқа қарыздар категориялары 2 пайыздық мөлшерлемемен анықталады.

Кредиттердің басқа категорияларына мыналар жатады: Білім беру мазмұны үшін студенттік несие, Жылжымайтын мүлікті дамыту үшін ипотекалық несие, Автонесиелеу, Жеке несие, Мал шаруашылығына арналған инвестициялық портфель үшін ардагерлердің несиесі, Мерзімдік және меншікті капиталға арналған несие, Жаңадан бастаушыларға арналған микрокредит және макро бизнес. Меншікті капитал сатып алуға несие берілді.

Байланыс
Dr. Raja Pankaj Jha
Қатынас жөніндегі қызметкер
Генри Петерсон Қаржылық Инвестициялық Компания
E-mail:
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру