Ақпарат

Түлкібастық бауырлар, мойын бұрыңыздаршы!

Қаралды: 1440

Газетіміздің өткен нөмірлерінде Түлкібас ауданындағы Т.Рыс­құлов ауылының тұрғыны Салтанат Ермекова жөнінде мақала жарияланған болатын. 

Ол кісіге әлеуметтік жағдайы төмен отбасы ретінде мемлекет тарапынан жалға екі бөлмелі пәтер берілгені, бірақ қазір үйінде жылу жоқ, оның үстіне қарызы көбейіп кеткесін үш баласын жетектеп Шымкентке келгені, жұрттан көмек сұрап жүргені туралы жазып, көмек қолын созамын деушілер үшін байланыс телефонын көрсеткен едік. Бірақ әзірге оған іс жүзінде жәрдем жасап жатқан ешкім болмай тұр. Бұл жөнінде бізге кешегі аптада С.Ермекованың өзі хабарласып, айтты.

«Маған дәл қазір ауруханаға жатып емделу арман болып тұр, – деді ол. – Үйім суық. Бір жақсысы, балалар Састөбедегі мектеп-интернатта, ал өзім бір таныс әйелдің үйінде жатырмын. Ауырып қалдым. Бұрыннан анемиямен ауырамын, енді оған бас, буын, бауыр аурулары қосылды. Өтім дұрыс жұмыс істемей ме, аз ғана тамақ ішсем, соның өзін сіңіре алмай қиналамын. Үнемі запыран мазалайды.

Мен қазір тіркеуде жоқпын. Оның үстіне ауру тарихы туралы кітапшам да жоқ. Сондықтан мені ауруханаға жатқызбайды. Әзірге «порталға» кезекке қойды, ал ол кезектің қашан жететінін білмеймін.

Менің жалға берілген пәтерге бір жылға 24 мың теңге қарызым бар, суға, жарыққа, жылуға қарыздарымды қосқанда 80 мың теңгеден асып отыр. Естуімше, аренда ақысын ұзақ уақыт төлемегендерден пәтерді алып қояды дейді. Мен бүгінде үйден айырылып қаламын ба деп те қорқып жүрмін. Менің дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмектерді алуға да жағдайым жоқ, әйтеуір арзандарын алып ішудемін, бірақ нәтиже байқалмайды. Қысқасы, маған ауруханаға жатып емделу керек. Осы жағынан жәрдемдессеңіздер екен».

Салтанат Ермекова осылай дейді. Қысқасы, оны тұрмыс тауқыметімен, қарыздарымен қоса енді денсаулық жағдайы да тығырыққа тіреп тұр екен. Бұл кімнің де болсын қабырғасына бататын жағдай ғой. Қол ұшын созайықшы, ағайындар!

Түлкібастық бауырлар, бармысыздар?

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Улас Алимбаев 31.01.2017 17:50
Уят емес па. Мемлекет уй берсе, коммуналдык шыгындарды толеп берди, келип турыныз десе турмайды. Нени мензеп жургени беймалим. Жумыс тауып берсе истемейди. Бул кисиге аспаннан акша жаууы керек сиякты. Тири адам оз тиршилигин жасаса дурыс ис. Мемлекеттин камкорлыгына болене бермей, камкор мемлекетинин бир ушына кирпишин каласа азаматтыгын танытар еди. Мемлекеттен не аламын емес, мемлекетиме не бере аламын десе куба- куп болатыны айдан анык!!!
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру