Ақпарат

Жүректерге жылу жіберіп емдейтін ерекше жан

Қаралды: 9990

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз емші де, тәуіп те емес. Экстрасенс, көріпкел десеңіз де қателесесіз. 

Дегенмен оның алақаны мен тұла бойынан таралатын тылсым күш адамның ағза мүшелерінің жұмысын түгелдей бастапқы қалпына келтіріп, тіпті жасарта алады екен. Сондықтан алматылық Берік Жәңгірбаевтың (суретте) есімі бүгінде ел асып, мұхиттың арғы жағына да танылып отыр. Оның бойындағы бұл қасиетке өзге елдердегі ғалымдар да таңдай қағуда. Қарапайым қазақ азаматының ағзаны жаңартып, жасартатын кереметін өз көpімен көріп, ем алу үшін көрші мемлекеттерді былай қойғанда, Еуропадан да арнайы іздеп келіп жатқан жандар бар екен. Сонда Берік Мұхтарханұлы ағзаны қалай оңалтады? Оның құпиясы неде? Оны төмендегі сұхбаттан оқып-біле аласыздар:

Жүрекке жылу жібереді

– Мен қолымды адамның жүрек тұсына қоямын. Сол заматтан бас­тап оның қан айналымы ең жоғар­ғы шекке дейін жақсы жұмыс істей бастайды. Осы аз уақытта жүрек жетіс­пеушілігі, митралды клапанның кем­шілігі, ондағы басқа да «ақау» тез арада жойылады. Жүрек анадан жаңа туылған кездегідей бастапқы қалпына келеді. Жүрек пен қан айналымы жақсарған соң ағза өздігінен сауығады.

Менің көмегіммен бұл процесс өте тез жүреді. Кез келген науқас алғаш­қы сәттен-ақ өзінің айыға бас­тағанын байқайды. Маған келген қан қысымы төмен адамдар 90 % жағдайда бірден сауығып кетіп жатыр. Олар алақанымнан өзгеше жылу сезеді. Ыстық жалын сияқты қызуы арта түсетін бұл толқын бүкіл денеге тарайды. Осы жылудан нәр алған барлық ағза мүшесінің жұмысы жанданады.

Мен неге төмен қан қысымын айтып отырмын? Бұл қан айналымының нашар екенін білдіреді. Ол ең алдымен бауырға әсер етеді. Астма, аллергия, зоб, ісік, псориаз, экзема, дерматит, көрудің нашарлауы, аяқ-қол мұздап, жансыздануы, ұйып қала беруі, денені ауырлық басып, бұлшық еттердің ауыруы, ұмытшақтық сияқты сырқаттардың бәрі қан айналымы бұзылғаннан бастау алатын аурулар. Медицинада оларды жылдап емдейді. Ал мен жүрек арқылы бүкіл ағзаны аз уақытта сау қалпына келтіре аламын.

– Яғни сіз адамды алақаныңыздан тарайтын жылумен емдейсіз ғой?

– Мен оны жылу, биоток деп атау­ға қарсымын. Бұл ғайыптан келіп, мен арқылы науқасқа жібе­рілетін бір күш. Қайсыбір емдеушілер сияқты мен адам­ға өзімдегі энергетикалық жылу, қуатты жұмсамаймын. Менен науқас­қа бағытталатын жылу ғайыптан құйылып келеді. Адамға мен арқылы өтеді. Ол күш қайдан келеді, адамға қалай беріледі, оны түсіндіріп айту мүмкін емес.

Алақанында жасартатын күш бар

Мысалы, бастағы қан айналымы дұрыс болмауы салдарынан адамда жүрек шаншиды, желке тартылады, көз қарауытып, қан қысымы көтері­леді. Бас үнемі ауырады. Шаршап-шалдығу мен жүйкелеу қажытады. Медицинада бұл аурулардың әрқайсысын жеке-дара емдейді. Ашығын айтсақ, толық жазылып кетіп жатқандар шамалы, өйткені емдейді дегеннен гөрі, ауру нүктесін тұйықтайды деген дұрыс шығар. Ал мен мидағы қан айналымын жақсартқан кезде осы проблеманың бәрі әп-сәтте жойылады. Көбірек ем алған сайын адамның санасы, ойы тазарып, күш-қуаты да арта түседі. Қан айналымын жақсарту арқылы адамның ағзасын ғана емес, реңін де жасартуға болатынына көзім жетті.

– Сонда адамды жасартуға да болады демексіз бе?

– Маған 62 жастағы бір апай ем­деліп жүр. Ауруларын тізбектемей-ақ қояйын, бір басына жететін диагнозы бар десем түсінікті шығар. Соған сай бір жеті емдеуді көздегенмін. Денсаулығы күн сайын түзеліп келе жатқанын өзі де сезеді, мен де байқаймын. Бірақ емді үзгісі келмей, әлі де келіп жүр. Қазір бұрынғы «бір букет» дейтін диагнозынан із де қалған жоқ, оны медициналық тексеру қорытындыларымен де дәлелдеп бере алады. Ал ең кереметі – бетіндегі майда әжімдері жойылып, терең әжімдер тартылып келеді. Осылайша мен адамды емдеп қана қоймай, жасарта да алатынымды білдім.

Шет елге шақырту алыпты

– Адам емдеуге қашан, қалай кел­ге­ніңізді айтып беріңізші.

– Бойымдағы ерекшелікті бала кезімнен байқайтынмын. Ал студент кезімде ғайыптан келетін күшті сирек жағдайда, қызық үшін жолдастарымның арасында қолданып жүр­дім. Ал алғашқы емделушім – өзімнің анам. Буындары сырқырап, артроз мазалады. Басы, жүрегі ауыратын. Жоғарыдан жіберіліп, мен арқылы адамға бері­ле­тін күшті неге жұмсау керек­тігін осы кезде ұғып, дұрыс қолдана бастадым. Адам емдеуге 1991 жылдың маусым айында тү­бе­гейлі бет бұрдым. Оған да жиырма бес жылдан асыпты. Бұл уақытта мен үз­діксіз іздендім, керемет нәтижелерге қол жеткіздім, кәсіби тұрғыда дамыдым. Медицинада емі жоқ делінген жүздеген адамды құлан-таза жаздым. Адамдар атымды аңызға айналдырып жібергені сондай, ғалымдар іздеп келе бастады. Олар менен ем алып көрді. Бойымдағы қасиетті, өзімді, емделген адамдарды да бақылауға алып, зерт­теді. Емделуге дейінгі және емнен ке­йінгі медициналық тексерулер қорытындысын салыстырып көрді. Жұм­бақ құбылыстың жауабын таппай таңдай қақты. Шет ел ғалымдары да байланысқа шығып, бірге жұмыс іс­теуге шақырып жатыр. Қызықты жобалары да дайын.

– Енді шет елге кетесіз бе?

– 2009 жылы Ұлыбританияның Окс­форд қаласында еуропалық бизнес-ассамблеяда денсаулық  сақтау саласы бойынша Халықаралық Сок­рат сыйлығының иегері атандым. Әлемде әлі емі табылмаған сырқаттарды сауықтырудағы жетіс­тік­те­ріме байланысты 2010 жылы Мальтадағы медициналық саммитте «Вена қаласындағы халықаралық универси­те­ттің құрметті профессоры» атағын алдым. Осы сияқты бір­неше халықаралық марапаттарым же­тер­лік. Бірге жұмыс жасайық деу­шілер де көп. Олардың ұсынысы көңілге қонымды, әрі өзімді бұдан да үлкен сы­нақ­тар­ға салып, таныта түсуіме қолайлы мүмкіндіктер жасауға да­йын. Яғни жиырма бес жылғы еңбегім мен бо­йымда пісіп-жетілген қабі­летімді, күш-қуатымды толық танытатын сәт келді деп санаймын. Сапарымды Моңғолия мемле­кетінен бастамақпын. Ол жақта бір­ге жұмыс істеуге құлшыныс танытып отырған ғалымдар мені күтіп отыр. Дегенмен мен ешқашан туған топырақтан кет­пеймін. Өз хал­қымның – қандастарымның жү­регіне жылу жіберіп, соларды сырқат атаулыдан ада еткім келеді.

Жатырдағы сәбиге де жәрдем береді

Мынаны айтайын, қазір туабітті жүрек ақауы бар (порок сердца) сәбилер көп. Қазіргі медицинадағы сияқты, мен де оны бала туылмай жатып-ақ байқаймын. Егер жүкті әйелде осындай қауіп болса, менен бірне­ше курс ем алса, ананың қан айналымын жақсарту арқылы жатырдағы баланың да сау болуына көмектесе аламын. Адам қанында мәңгі қалып қоятын С гепатитінің де түбегейлі жоқ етіп жойып жіберуге болады. Бұл дәлелденген нәрсе. Еуропа ғалымдары осындай ғажаптарға қызығушылық танытып отыр.

– Иә, «www.berіk-heart.com» сайтынан сіздің бүйрегі істен шыққан сәбиді, дәрігерлер жүрегіне ота жасамаса болмайды деген адамдарды дәрі-дәрмексіз, алақаныңызды жүрегіне жақындата отырып, жылу жіберу арқылы емдеп жаз­ғаныңызды оқыдық. Жаңа бір сөзі­ңізде бар күш-жігеріңізді  отандастарыңызға арнағыңыз келетінін айттыңыз. Он­да шетелдік жобаны мақұлдауы­ңызға не себеп?

– Бірден айтайын, маған мансап пен атақ-даңқ емес, алғысқа жете­лейтін жетістіктерім, күш-қуатымды дұрыс бағытқа жұмсағаным ма­ңыз­ды. Соның нәтижесіне қарап еңбегімді көпшілік өздері бағалай жатар. Еуропаға да есім кетіп отырған жоқпын. Тек өзімнің жігер-қуатым мен мүмкіндігімнің көкжиегін кеңейт­пекпін.

Бізде жүрек ақауы, бүйректің істен шығуы сынды ауруларды емдеу үшін мемлекеттен квота бөлінеді. Бір­неше жылды қамтитын арнайы бағдарлама да қарастырылған. Маған осындай бағдарлама, кең ауқымды, бірнеше бағытта, жоспарлан­ған жұмыс жасау керек. Сонда мен жүректен бастап, бүкіл ағзадағы қан айналымын максималды деңгейге дейін жақсарту ар­қы­лы жылдар бойы ем іздеп қиналып жүрген адам­дарға тегін көмектесер едім. Бір адамға квотаға бөлінетін ақшаға он шақты науқасты емдеуге болады. Әрі бір емес, бар сырқатынан жазылуға көмектесер едім. Ашығын айтқанда, сала адамдары арнайы жоба жасап, менің мүм­кін­дігімді пайдаланып қалуы керек еді. Бірақ, өкінішке орай, ондай әрекет болмай тұр. Бірақ менің ешкімге артатын өкпем, айтатын назым жоқ. Ал бойымдағы қасиетті тұншықтыра алмаймын.

Өмірге деген құлшынысым артты

2012 жылы мен сол аяғымнан сал болып қалдым. Дәрігерлер «Нарушение спинального кровообращения с парализацией левой ноги» деген диагноз қойды. Алматыдағы бір ауруханада 4 ай емделдім. Башпайларыма жан кіріп, сәл жыбырлағаны болмаса, мұздай болып жаурап, сірескен қалпында қалып қойды.

2013 жылы Берік бауырымнан ем алдым. Екінші күні-ақ аяғым жылып, жан кірді. 20 күнде өздігімнен жүріп-тұруға жарадым. Оған қоса, бойымда ерекше бір күш-қуат пайда болып, өмірге деген құлшынысым артты. Пайғамбар жасынан ассам да шаршау, діңкелеу дегенді білмеймін. Бойындағы ерекше қасиетімен адамдарға қуаныш сыйлап жүрген Берік балама Алланың нұры жаусын!

Мәруан МАХАМБЕТСАЛИЕВ.

Алматы қаласы.

Тамағымдағы түйінді кетірді

Мен ұзақ жылдар зоб ауруымен ауырдым. Тамағымда түйін бар болатын. Соның салдарынан дұрыс тыныс алуым қиындап бара жатты. Берік Жәңгірбаев жайлы әріптестерімнен естідім. Екінші сеанста тыныс алуым жеңілдеді. Үшінші емнен кейін желкемнің тартылып ауыратыны басылды. Миым сондай тұп-тұнық, ұйқым тыныш. Өзімді қауырсындай жеңіл, сергек сезінемін. Ең қызығы, тамағымдағы түйін үш күнде кетіп қалды. Ал мен осы аурумен бес жылдан бері күресіп келе жатқан едім...

Балам Асхаттың қаны аз болатын. Соған байланысты әлсіз, тамаққа тәбеті жоқ еді. Бар-жоғы екі емнен кейін оның бетіне қан жүгіріп, асты талғамай, дұрыстап жейтін болды. Өзі сондай белсенді, суықта қармен қанша ойнаса да бұрынғыдай суықтап қалмайды. Сабаққа деген ынтасы, зейіні артты. Үлгерімі жақсарып келеді. Ал ерекше таңқалдырғаны – «почеркасы» түзелді, әріп­терді біркелкі, әдемі жазып жүр. Бұл деген керемет емес пе?

Әсия ҚОЖАХМЕТОВА.

Астана қаласы.

«Грыжадан» алты күнде айықтырды

Менің аяқ-қолым үнемі мұздап жүретін. Кейін тоқтаусыз қақсайтын болды.  Көп ұзамай омыртқа­аралық жарық (грыжа) анықталды. Бұл бір белден төмен қарай тұла-бойыңды түгел қақсататын сұмдық азап екен. Бір жылғы үздіксіз ем мен неше түрлі халық емінен пайда болмады.

Бағыма қарай сол кезде қолыма Берік Жәңгірбаев жайлы жазылған газет түсті. Небәрі 6 сеанста мен еркін қозғалып, жүре алатын болдым. Омыртқадағы жарықты емдеу­ге барып, қан қысымы, бас ауруы, жүректің шаншуы, бүйректің сыздауынан да толық құтылдым. Осының бәрі де Беріктің жүрекке жылу жіберуінің арқасында болып отыр. Берікке айтар алғысым шексіз.

Мәншүк ҚҰБАШЕВА.

Алматы қаласы.

... Жүрекке жылу жіберу арқылы бүкіл ағзаны сауықтырушы Берік Жәңгірбаев осылай дейді. Ол бүгінде Алматыда адам емдеп жүр. Бәлкім ол кісінің құзырлы орындар тарапынан мойындалар күні де жақын шығар. Біз өз басымыз бұл шипагердің сөзіне сеніп отырмыз. Ал өзгелер сену-сенбеу жағын әркім өзі шешкені дұрыс.

Р. ОРДАБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #18 Айсұлу 29.09.2017 14:45
Дәйек сөз Светлана:
Сәлеметсіз бе! Бір күндік ем қанша тұрады?

Мекен жайын қайдан аламыз
Дәйек алу
 
 
0 #17 Талгат 04.07.2017 07:46
Бұл кісінің телефонын калай алуға болады
Дәйек алу
 
 
+1 #16 Серік Енгебаев аспаз 27.02.2017 12:48
жазғандарым қайда
Дәйек алу
 
 
-1 #15 Серік Енгебаев аспаз 27.02.2017 12:38
Ассалаумағалайк ум ағайын бұл кісімен қалай жылға аламын маған өте қажет етеді
Дәйек алу
 
 
0 #14 Светлана 22.02.2017 10:43
Менің жазғандарым неге көрінбейді?
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру