Әріптесіміз, Қазығұрт аудандық «Қазығұрт тынысы» газетінің қызметкері, қаламгер азамат Құралбек Ергөбектің кезекті кітабы жарық көрді.
Ол «Қырық қыз әпсаналары» деп аталады.
Бұл кітапшада Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданындағы табиғаттың тастан тұрғызған ғажайып бір туындысы – «Қырық қыз» ескерткіші туралы ел ішінде айтылатын аңыздардың бірнеше нұсқасы берілген. Тау ішіндегі «Үлкен қырық қыз», «Күйеу жігіт пен серіктері», «Кіші қырық қыз» деп аталатын бұл ескерткіштер туралы аңыздар халқымыздың өткен тарихынан сыр шертеді.
Айта кетейік, Құралбек Ергөбек бұдан бұрын да бірнеше кітаптарды өмірге әкелген. Таяуда ғана ол облысымыздың ең үздік жазушысы атанған болатын. Біз Құрекеңе қаламыңыз талмасын, алдағы уақыттарда да жұртшылыққа жақсы кітаптар сыйлай беріңіз деген тілегімізді білдіреміз.
Р. ҚЫДЫР.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!