Өткен жылы Шымкентте «NAR TV» телеарнасы ашылғаны белгілі. Таяуда ол арнаға әріптесіміз Ерсұлтан Әмірбек директор болып барған еді.
Ал кешегі аптада телеарнаның бас редакторы қызметіне елімізге есімі белгілі журналист Базарбек Түкібай тағайындалды.
Базарбек Әмірбекұлының кезінде «Қазақстан – Шымкент» телеарнасында еңбек еткені, телеарна директорының орынбасары болғаны белгілі. Ол кісі кейін Астанаға ауысқан еді. Елордада Гумилев атындағы «Еуразия» Ұлттық университеті баспасөз қызметінің бас маманы, «Мәңгі Ел» халықаралық тарихи-танымдық журналы қазақ редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарған болатын.
...Базекеңнің жас телеарна жұмысына жаңа леп беріп, жұмысын жандандыра түсуіне тілектестігімізді білдіреміз.
Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!