Ақпарат

6 пәтерде «квартирант» ұстап, ақысын Ресейге жөнелтіп отыр

Қаралды: 447

Мен тұратын көпқабатты үйдің екінші подъезіндегі бір пәтерде орыс кемпір тұрады. 

Айтайын дегенім, 78 жастағы осы кемпір жалғыз ұлының Ресейде тұратын отбасын беймарал асырап отыр.

Қалай дейсіз ғой?

Сол подъезде кемпірдің 6 пәтері бар. Әрқайсысы екі бөлмелі осы алты пәтердің алтауын да қазақ отбасылары жалдап тұрады. Ай сайын алты қазақ өлмелі орыс кемпіріне пәтер үшін 60 мың теңгеден шытырлатып тұрып санап береді. Ал осы өлмелі кемпір ай сайын алты пәтерден түсетін 360 мың теңгені тура үйіміздің жанындағы «Қазпочта» бөлімшесінен Ресейге салып тұрады. Онысын өзі жасырмайды да. «Өз зейнетақым өзіме және он бес мысығыма молынан жетеді. Ал пәтерден түсетін ақшамен Ресейдегі баламның отбасын асырап отырмын. Ресейде қазір жағдай жақсы емес қой», – деп қояды өзі тағы.

Мысық демекші, оның он бес мысығы бар. Кемпір қысы-жазы соларымен әлек болып жүреді. Естуімше, кемпірдің зейнетақысы 90 мың теңгенің айналасында көрінеді. Ал менің жиырма жылдан бері мектепте мұғалім болып істейтін көршім (әйел адам) 24 сағат жүктемемен өліп-талып жүріп айына 80 мың теңге жалақыны әрең алады.

Айтуға оңай, әрине...

Марат МАДАЛИМОВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Жаке 28.01.2017 02:57
Ойламай тустiм теренге. Ендi маган сай кайда дегенi осы
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру