Ақпарат

Қарыздан құтыламыз деп жүріп қасіретке тұтылып қалмасақ екен

Қаралды: 1018

«Шри-Ланка елінің мемлекет басшысы 8 миллард доллар қарызынан құтылу үшін Қытаймен 99 жылға жерін жалға беруге келісім жасапты» 

деген ақпарат БАҚ беттерінде бұрқ ете қалды. 5-10 жыл емес, бір ғасырға жалға бергеннен халыққа келетін пайда бар ма? Әлбетте, Шри-Ланка халқы наразылық көтеріліске шықты. Әйтсе де ел басшылары өз дегеніне жетіп, бұған дейінгі президент тұсында қытайлардың көмегімен салын­ған айтулы «Hambantota» теңіз айлағы мен халықаралық әуежайын, әуе жолдарымен қоса  толығымен қытайларға иелікке берді.

«Бұл жаңалықтың бізге не қатысы бар?» деген заңды сұрақ туындауы әбден мүмкін. Жауап іздеп көрелік.

2016-жылы мемлекет тарапынан Қытаймен екі арада 50 өндіріс орындарына инвестиция салынатын болып келісім бекітілді. Елімізге 50 қытай өндірісі келмек. Айта кететін ерекшелігі – жұмысшы қолы қосақтаса келеді екен. 50 түгілі 1 өндіріс орнын салуға қаншама адам керектігін ойласаңыз, қаншама қытай азаматтары елімізге кіргелі тұрғанын елестетуіңізге болады. Қарақытай қаптаса демография мәселесіне қауіп туғызатыны күмәнсіз. Осы жайында пікір бөлісіп көрелік.

Советқазы Нұрсила, ақын: – Экологиялық тұрғыдан өте зиянды кәсіпорындар келеді. Технологиясы халықаралық стандарттарға сай болуы шүбәлі. Мысалы, Павлодар облысында электролиз зауыты деген салынды. Мұның зияны жайлы Ресей мен шетел ғалымдары дабыл көтеріп, жазды. Өкінішке орай, біздегілер үнсіз. «Қарыздың орнын толтырамыз»  дейді. Немеремізге дейін 10  мың доллар­ға қарызға батып отырғанымызда Қытайдың зиянды өндіріс орындары оның орнын толтыра ма?

Рашид Жақсылықов, Қазақстан мұнай-газ саласында қызмет көрсететін компаниялар одағының төралқа төрағасы:

– «Жаңа жұмыс орны болады, мем­лекетіміздің қазынасына салық арқылы қомақты қаржы түсіреді. Әлеуметтік жауап­кершілік артады...» Осындай сарындағы уәждерді алға тартып отыр. Меніңше, Қытай мемлекетіндегі қазіргі таңдағы ең күрделі мәселе – қарқынды өсіп жатқан адам санын азайту. Ал оның тиімді жолы Қытай азаматтарын экспорттау екенін естен шығармаған жөн.

...Иә, ертеңгі қарыздан құтыламыз деп жүріп тамырымызға балта шабатын залалды қасіретке тұтылып қалмасақ деңіз.

С. ҚАСЫМ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікірлер   

 
0 #1 Жаке 24.01.2017 11:54
Осы карызды кутылу жолын еш ойламайды. Алудын да беруi бар? Ертен кайтар акшаны десе ненi бередi мыналар. Беретiнде дым калмады жерден баска. Оте окiнiштi.
Дәйек алу
 

Пікір қалдыру