Ақпарат

Мұқан Егізбаев – облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Қаралды: 399

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті Мұқан Егізбаев атқаратын болды.

Мұқан Кеңесбекұлы Егізбаев 1962-жылы туылған. Мамандығы бойынша – педиатр-дәрігер, экономист. Еңбек жолын 1987-жылы дәрігер-ординатор болып бастаған. 1988 – 2008-жылдар аралығында Шымкент қалалық балалар жұқпалы аурулары ауруханасында, облыстық дерматология-венерология диспансерінде, облыстық балалар ауруханасында басшылық қызметтерде болды. 2008-жылғы қыр­күйек айынан бері облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарып келді.

Біз облыстық аса күрделі басқармаға жауапты қызметке тағайындал­ған Мұқан Егізбаев мырзаға жаңа қызмет құтты болсын айта отырып, оның бұл жұмыста да абырой биігінен көріне беруіне тілектестік білдіреміз.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру