Ақпарат

Тосыннан болған ауыс-түйіс

Қаралды: 437

Өткен жыл соңында Үкіметте бірқатар ауыс-түйістер орын алғаны белгілі. Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 

Президент Жарлығымен қызметінен босатылды. Министрліктің жаңа басшысы қызметіне Тимур Сүлейменов тағайындалды.

Елбасы Қ.Бишімбаевқа «Бәйтерек» холдингін басқарып тұрғанда заңсыздықтарға жол берген деген күдік келтіріліп, үстінен тексеру жүргізіліп жатқанын жария етті. Ал Қ.Бишімбаев «Бәйтерек» холдингін 2013 – 2016-жылдар аралығында басқарған болатын, Ұлттық экономика министрі қызметіне 2016-жылдың мамыр айында тағайындалған еді.

Сондай-ақ Президент Жарлығымен Ерлан Ыдырысов еліміздің Сыртқы істер министрі қызметінен босатылды. Ол Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігін басқару осыған дейін еліміздің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметін атқарып келген Қайрат Әбдірахмановқа тапсырылды. Қайрат Әбдірахмановтың орнына осыған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметін атқарып келген Қайрат Омаров тағайындалды.

Қазақстанның Хорватиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Аслан Мусин зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босатылды. Ол кісінің кезінде Ақтөбе, Атырау облыстарын, еліміздің Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін басқарғаны, Премьер-министрдің орынбасары, Парламент Мәжілісінің төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Есеп комитетінің төрағасы қызметтерін атқарғаны белгілі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру