Ақпарат

Әлімжан Құртаев – партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Қаралды: 536

Әлімжан Құртаев «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Әлімжан Сейітжанұлы Құртаев 1958-жылы Отырар ауданының Темір ауылында өмірге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген. Мамандығы бойынша – инженер-құрылысшы. Ол кісі – техника ғылымдарының кандидаты. Кезінде «Оңтүстікқұрылыс», «Шымкентқұрылыс» трестерінде жауапты қызметтер атқарған, Арыс қаласының, Шымкенттің Еңбекші ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болған. Облыстық көші-қон және демография басқармасының басшысы, Көші-қон және демография агенттігі төрағасының орынбасары, Отырар ауданының әкімі, «Оңтүстікқұрылыссервис» серіктестігінің директоры қызметтерін атқарғ­ан.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру