Гүлбану Әміртаева – департамент басшысы

09.01.2017
Қаралды: 673

Білім және ғы­лым саласындағы бақылау коми­те­тінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша білім саласындағы бақылау департа­ментіне 

жаңа басшы таға­йындалды. Бұл қыз­­­метті Гүлбану Әмір­таева атқаратын болды.

Гүлбану Ғаниқызы Әміртаева 1962-жылы Алматы облысында өмірге келген. Еңбек жолын кәсіптік-техникалық училищенің мұғалімі болып бастаған, бірқатар мектептер мен кәсіптік-техникалық оқу орындарында жауапты қызметтер атқарған, Алматының Бостандық, Алмалы аудандық білім бөлімдерінің басшысы, Астана және Алматы қалалық білім бөлімдері басшысының орынбасары болған.

...Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментін 2015-жылдың күзінен бас­тап Кәрімбек Құрманәлі басқарған еді. Кейін ол кісі денсаулығына байланысты қызметінен өз еркімен босаған болатын.

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ