Ақпарат

Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Қаралды: 427

Бауыржан Жамалов Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 

Ол алдағы уақытта  кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму, туризм және ауыл шаруашылығы салаларына жетекшілік ететін болады.

Бауыржан Салдарұлы Жамалов 1971-жылы туылған. Мамандығы бойынша – инженер-механик, технолог, заңгер. Кәсіпкерлік салада еңбек еткен, басшылық қызметтер атқарған. 2016-жылғы наурыз айында облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланған. Кейінгі кездері «Мырзакент Холдинг» ЖШС директоры қызметін атқарған.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру