Құран аяттарымен 45 түрлі ауруды емдейді

09.01.2017
Қаралды: 2747

«Ауырмаңыз!» газетінде ел ішіндегі ерекше қасиет қонған жандар жайлы жазылып тұратынын білемін. 

Бойды құрсаған сан түрлі аурудан бірнеше жыл бойы азап шегіп, есепcіз түрде дәрі ішуден шаршаған жанның бірі мен едім. Кейде жас ұлғайған сайын үдей түскен бұл кеселдерден құтыла алмаспын деп те ойлайтынмын. Бірақ мен бір ғажапқа тап болдым. Басымнан өткен осы жайды көпшілікпен бөліспекпін.

Көзі рентген сияқты екен

«Орал қаласында Құдайдың құдіретімен қырық бес түрлі ауруды емдейтін емші бар» дегенді құлағым шалған. Ауру жанға батқанда тәуекелге бел буып, мен сол емшіні іздеп бардым. Бұл 2013-ші жыл болатын. Іздеген адамым Абай Жолдыбаев (суретте) деген шипагер екен.

Алғашқы барғанда Абай аға үндемей, көзімен басымнан аяғыма дейін қарап шықты. Сосын:

– Сенің сау ағзаң жоқ. Мына қалпыңда сені 64 жаста деп айта алмаймын. 80 жастағы адам сияқтысың, – деді.

Мен үндемеген бойы басым салбырап отырып қалдым. Өйткені әрі қарай айтатын ештеңе қалмады. Бұл кісі тұла-бо­йымды бір шолып өткеннен-ақ рентген немесе УЗИ сияқты бәрін айтқызбай көріп, түсініп қойды. Жұрттың оны көріпкел атайтыны, диагнозды бір қарағаннан-ақ дәл табады дейтіні бекер емес екенін ұқтым. Емшінің айтып отырғаны рас, миымда гематома бар, көзім де жақсы көрмейтін, жүрек жиі ауырады, қан қысымы көп мазалайтын.  Зоб деген түйін тұншықтырғанда дем жетпеуші еді. Бауыр мен бүйрек, асқазан мен өт те сау емес, аяқ-қол қақсағанда жанымды көзіме көрсететін. Ең қатты қиналатным несеп жолдарының ауруы – цистит еді. Мұның бәрінің диагнозын нақтылау үшін бірнеше дәрігердің алдына кезекке тұрып, сансыз сынама тапсырып, уақыт пен ақша шығыны қажет болатынын ауырған адамдар ғана түсінеді. Пайдасы болар деп бірнеше мыңдаған сомаға сатып алған дәрі мен «уколдан» оңды нәтиже көрмегенде жазылудан күдер үзетініміз де жасырын емес. Басынан өткен адам ғана мұның қандай азап екенін жақсы біледі. Міне, осының бәрін халықаралық санаттағы емші айтқызбай ұғып, түсініп қойғанда қалайша таңқалмассыз?!

Зобтан із де қалған жоқ

Не керек, мен 2013-ші жылдың желтоқсан айынан бастап Абай Болатұлынан ем ала бастадым. Ол кісі космоэнергетикалық тәсілдер мен Құран аяттарын қатар қолданады екен. Медитациялық, рухани-музыкалық тәсілдері және бар. 6-7 сеанстан кейін менің бетім бері қарай бас­тады. Үш айдан кейін эндо­кринологқа қаралғанымда 8 жылдан бері мазалайтын зобтың жоқ екенін айтып, дәрігер ішіп жүрген дәрілерімді тоқтатты. Цистит те мазаламайды. Осыған қуанып жүріп қан қысымынан қашан құтылғанымды байқамай қалыппын. Жүрек те шаншымайды. Ал бұлар мені бірнеше жыл бойы құрсауға алып, қысып келе жат­қан кеселдер болатын.

Арамызда осындай адамдар бары қандай жақсы! Егер Абай Болатұлы болмағанда, мен қазір ауру азабынан төсек тартып жат­қан болар ма едім, кім білсін?

Ақыры бастаған соң ол кісінің тағы бір қасиетін айта кетейін. Екі жыл бұрын немерем жоғары оқу орнын бітіретін болды. Не дегенмен қасиет дарыған ерекше жан ғой деп, немеремді Абай емшіге алып бардым. Өйткені ол кісіге Қазақстанды былай қойғанда, Ресей мен Қырғызстаннан да небір кәсіпкер, бизнесмендер келіп, жолын аштырып, бата алып кетіп жат­қанын көрген едім. Емші Құран аяттарын оқып, немереме бата берді. Көп ұзамай ол еш қиындықсыз дипломын алып, жұмысқа тұрды. Мұны көріп қызым да жол аштыруға бел буған. Қазір тұрмысы жақсарды, жақында үй алды. Танысымның дәретін ұстай алмайтын 5 жасар қызын да емдеттік. Ол бір сеанстан кейін-ақ энурезден жазылып кетті.

Айрықша қасиет қонған адам

А.Жолдыбаев емші ғана емес, парапсихолог та екен. Өмірден түңілген, қызығушылығын, өзіне деген сенімін жоғалтқан адамдарды жылы сөзімен-ақ емдеп жазып жатқанына куә болдым. Туа-бітті талма ауруна шалдыққан, дәрігерлер жазылмайды деп есепке алып, тіркеуге қойған талай жас бірнеше сеанстан кейін жүйке дертінің азабынан құтылып, қалыпты өмірге араласып жатыр. Осының өзі құдірет емес пе? Мен сияқты бірнеше ауруын қатар арқалап, сүйретіліп келіп, қуана қайтып жатқан қарттар қаншама?!

Мен бүгін «Ауырмаңыз!» газеті арқылы ал­ғысымды айтып отыр­ған емші Абай Болатұлы жақында  Шығыс және Халық медицинасы, Рухани емші­ліктің магистрі атанды. Сондай-ақ ол кісі Қазақстан Республикасы Халық медицинасы және ғарыштық қуат бойынша Академиясының академигі. Міне, халықаралық психологтар және емшілер қауымдастығының толық мү­шесі Абай емші осындай жан.  Ол Алла-тағалам өзі айрықша қасиет

қондырған адам...

Редакциядан: Емші Абай Болатұлы Жолдыба­евқа 8-777-142-20-24, 8-777-317-67-15 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Қаламқас МАЛАБАЕВА.

Орал қаласы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ