Ақпарат

Тауық жылында Сізді не күтіп тұр?

Қаралды: 1122

Жұлдызшылардың болжамына сүйенсек, Тауық жылы ешқандай қауіп-қатерсіз, күтпеген тосын сыйларға толы, 

берекелі жыл болмақ. Осыған орай жұлдызшылар әр жұлдыз белгісінде туылғандарға арнап жасаған жұлдызнама жариялады.

Жұлдызшылар биылғы Тауық жылында Тоқтылардың бойында күш-қуат таситынын айтады. Тек оны өзіңізге пайдасы жоқ, берекесіз іске құртпай,  көңіліңізге жағымды іспен айналысып, уақытыңызды пайдалы өткізген дұрыс. Қызметіңіз бен кәсібіңізге ғана емес, ұсақ-түйек шаруа­ларға да көңіл бөліңіз.  Егер шынайы бақытыңызды тапқыңыз келсе,  қарым-қатынастағы тілектеріңіз бен талаптарыңыз да қарапайым болсын.

Тауық жылы Торпақтардың күш-қайраты мен  төзімділігін сынға алады. Сондықтан сақ болғаныңыз жөн. Егер алдағы жылы мол табысқа қол жеткізгіңіз  келсе, өмірге деген құштарлығыңызды бақылауда ұстаңыз. Шаңырақ көтеруді жоспарлап жүрген болсаңыз, сезіміңізді басқарып үйреніңіз. Жеңіл-желпі қарым-қатынас­қа алданып қалып жүрмеңіз.

Астрологтар 2017-жылы Егіздер шындап кіріссе, құрған жоспарының бәрі іске асатынын айтады. Олар мансабында, кәсібінде, шығармашылық бастамаларында табысқа қол жеткізеді. Мұндай сәттілік өмірлік серігін іздеген Егіздерге де серік болады. Отбасын құруды, сәбилі болуды армандап жүрген болсаңыз, ол да оңынан шешіледі.  Ең бас­тысы, өзіңізге сеніңіз.

 Алдағы жылы Шаяндар өмірінде көптеген қызықты жайттар, тосынсыйлар орын алады. Таныс арттыруыңыз, жаңа достар табуыңыз мүмкін. Соның арқасында қызметіңіз  бен жеке өмірі­ңізде де біраз өзгерістер болады. Дегенмен ұсыныстардың ақ-қарасын ажыратып, ой елегінен өткізіп ал­ғаныңыз дұрыс. Материалдық жағдайыңызды жақсартуға да қолайлы жыл болғалы тұр. Ал отбасылы Шаяндар өкпе-реніштен қашық жүргендері, бір-біріне кешірімді бола білгендері жөн.

2017-жыл Арыстандар үшін табысты, сәтті жыл болмақ. Еңбекқорлығыңыздың арқасында біраз биіктерді бағындырып, көп жетістікке жетесіз.  Алдағы жылы сізге  жағымпазданатын, қошемет сөздерін үйіп-төгетін жандар да кездеседі. Бірақ оған алданып қалып жүрмеңіз. Әр мақтау сөздің астарында қулық жатқанын біліңіз. Үйленуге қолайлы жыл.

Тауық жылы Бикештер өмірінде үлкен өзгерістер болмақ. Қызметіңізде, жеке өміріңізде орын алатын өзгерістерге іштей дайын жүргеніңіз абзал. Махаббатта да жолыңыз ашық. Егер әлі өмірлік серігіңізді таппаған болсаңыз, алдағы жылы оны кездестіретініңізге сенімді болыңыз. Шетелге саяхаттауға да қолайлы жыл. Сондықтан мүмкіндігіңізді жіберіп алмай, пайдалана біліңіз. 

2017-жылы Таразылар ұйымдастыру жұмыстарынан бойын аулақ сала тұрғандары жөн. Сонымен қатар жылжымайтын мүлік  алу немесе сату, несие алу сияқты  үлкен қаржы жұмсалатын істермен айналыспағаныңыз жөн. Мұндай істерді өзіңіз сенетін кісімен ақылдасып шешкеніңіз дұрыс. Әйтпесе шығынға ұшырап қалуыңыз әбден мүмкін. Дегенмен оған бола көңіл-күйді түсірудің қажеті жоқ. Есесіне бұл жыл шығармашылықпен айналысуға қолайлы. Махаббатта да жолыңыз болмақ.

Сарышаяндар бұл жылы нақты шешім қабылдап, мүмкіндікті пайдалана алса, өмірінде оң өзгерістер орын алады. Өзгелердің аяқтан шалуға талпынған жымысқы әрекеттері сізге зиянын тигізе алмайды. Оқуда, жұмыста, шығармашылығыңызда, қаржылай да үлкен табыстар­ға қол жеткізесіз. Дегенмен аға­й­ын-туыс,  жақын-жуықтарыңызбен  қарым-қатынаста мұқият болыңыз. Кез-келген адамға сырыңызды айта бермеңіз. Егер басыңыз бос болса, үйленерде абай болыңыз. Өзіңізді түсінеді-ау деген адамға ғана тағдырыңызды сеніп тапсыруға болады. 

Тауық жылында Мергендер айналасындағыларға жаңа қырымен танылады. Бойыңызда бұғып жатқан қабілетіңіз бен қасиетіңіз ашылуы мүмкін. Кез-келген салада табысқа жетіп, айы­ңыз оңынан туады. Шығармашылықта да,  жеке кәсіпте де көптеген табыстарға қол жеткізесіз. Алдағы жылы жаңа таныс іздеудің қажеті жоқ. Уақытыңызды біліміңіз бен білікті­лігіңізді арттыруға, киноға, театрға баруға, сая­хаттауға жұмсасаңыз болады.

 Жұлдыздар Тауешкілерге 2017-жылы барынша сақ жүруді ескертеді. Отбасылық қарым-қатынаста, қызметте де сауысқаннан сақ жүріңіз. Әрқашан сабырлы, ұстамды қалпыңыздан танбаңыз. Құмарлық жетегінде кетпеңіз, қай істе де тәуекелге бармаңыз. Шешім қабылдарда «жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз». Ақындық немесе суретшілік қабілетіңіз ашылуы мүмкін. Шығармашылыққа ден қойы­ңыз.

Тауық жылында Суқұй­ғыштар тәртіп пен ережеге бағынғандары жақсы. Алдыңызда зор мүмкіндіктер күтіп тұр. Тек оны жіберіп алмай, өз пайдаңызға асыра біліңіз. Сезімге бой алдырмағаныңыз жөн. Бітпейтін қызықтың  жетегінде кетпе­ңіз.  Жалпы, жыл сіз үшін сәтті болғалы тұр.

 Балықтар  үшін  2017-жыл  тосын сыйлар мен күтпеген жайларға толы болмақ. Балықтар қандай жоспар құрып, табандылық танытса да, жұлдыздар өзгерістерін енгізбей қоймайды. Олардың қашан орын алатынын болжау мүмкін емес. Әрине, бұл Балықтар алдағы жыл­ға ешқандай жоспар құрмауы тиіс деген сөз емес. Кері­сінше, жоспарлау керек. Тек кей жоспарыңыз күтпеген жерден өзгеруі мүмкін. Осындай жайларға дайын бола жүруді естен шығармаңыз.

Қ. РЫСТЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру