Жақсы тілекте жүргендерге жақсылық нәсіп болары анық

09.01.2017
Қаралды: 1275

Қазір менің көзім толық жеткен бір нәрсе бар: Үнемі айтып жүретін сөзің күндердің күнінде міндетті түрде іске асады. 

Оны бәріңіз жақсы білесіздер, тек байқамай жүруіңіз мүмкін.

«Мәссаған, жаңа ғана сені ойлап отыр едім, білгендей звондап тұрсың!», «Бүгін ғана сені көптен көрмеппін деп едім, алдымнан атып шықтың ғой!» деген сияқты сәйкестіктер талай болды ғой, мойындаңызшы? Яғни ми талшығы телефон антеннасы сияқты, ол космоспен үнемі байланыста болады. Сондықтан тек жақсы ойлап, жақсы сөйлей білейік.

«Ой, ондай болу қайда маған...», «Ой, ондай көлік арман ғой» деп тартыншақтасақ, космос­тық байланысқа «блок» қойып аламыз. Кез келген арманды қорықпай айта беріңіз. «Алла қаласа, менің балам патша болады», «Алла қаласа, күйеуім үлкен жетістікке жетеді», «Алла қаласа, бүкіл дүние жүзін аралап шығамын», «Мен жұрттың бәрі қызығатындай бақытты ғұмыр кешемін» деген армандарыңызды ұялмай айтып жүріңіз.

Ешқашан кейіп сөйлемеңіз, ренжіген сәтте, ашу үстінде аузыңызды ашпаңыз. «Осы бала оңбайды!», «Сен адам болмайсың!», «Өмірі жарымай өтетін шығармыз!» деген сияқты негатив сөздерді сөздік қорыңыздан алып тастаңыз!

Біреуді жамандап «Пәленше сараң екен», «Түгенше арам екен», «Күйеуі алқаш екен», «Түрі қорқынышты екен» деген сияқты ғайбат сөздер міндетті түрде айтқан адамның өзіне немесе ұрпағына қайтып оралатынын ұмытпаңыз.

Ешкімді қызғанбауды үйреніңіз, тек қызығыңыз. Көңілді болыңыз, қуаныңыз, армандаңыз. Себебі армандар міндетті түрде орындалады.

Айнұр ТҰРСЫНБАЕВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ