Ұлым өзге ұлттың қызына үйленбек болған

27.12.2016
Қаралды: 1947

Өзге ұлт өкіліне күйеуге шығатын қыздар туралы жиі естиміз. Сондайларды естігенде ата-анасы не қарап отыр екен, 

дұрыс тәрбие бермеген ғой деген сықылды әңгімелерді көп айтатынмын. Бірақ мұндай жағдай өз басыма түседі деп ойламаппын. Жалғыз ұлым кәрістің қызына үйленемін дегенде есеңгіреп қалдым. Оған рұқсат бермейтінімді айтып, себептерін де түсіндірдім. Алайда ұлым алған бетінен қайтпай қойды. Бұл баланы қалай тоқтатамыз деп отырғанымызда әпкем баланы оқыту керек дегенді айтты. «Қазіргі қыздардан бәленің бәрін күтуге болады. Кім біледі, баламыздың басын айналдырып алған шығар», – деп оның сөзін әйелім де қостай кетті.

Сонымен ұлымның суретін Шымкенттегі Нағима қажыға апарып көрсетіп, жағдайымызды айттық. Ол кісі  су, шекер, құрғақ шай, адыраспанға дем салып берді. Оны баламызға ішкізіп, адыраспанмен аластадық. Беті бері қарап, айтқанымыз­ға көне бастаған соң өзін апарып тағы да үш күн оқыттық. Біраз уақыттан кейін ұлым ойынан айныды. Ал жақында келін түсіріп, той жасадық. Ең бастысы, ұлым қазақ қызға үйленді. Осыдан бастап өзім де тілімді тыйып сөйлейтін болдым. Біреудің басындағы келеңсіздікті отбасымда, дастархан басында әңгімелемеймін. Ал ұлымның ойының өзгеруіне Нағима қажының салған демі әсер еткен шығар деп ойлап, қуанып жүрміз. Сондықтан ол кісіге газет арқылы алғыс айтуды жөн көрдік. 

Жалпы, Нағима қажыға дем салдыруға барып жүргенімізде ол кісінің  жұмыста, тұрмыста, оқуда, саудада жолы болмай жүрген жандарға да жақсы көмектесетінін білдік. Бір кісі Нағима қажыға үйін, машинасын «оқытып» содан кейін ғана ойындағы бағаға сатқанын айтқанында таңырқап қалдық. Ал бір кейуана 37 жастағы қызын осы кісіге оқытып, жолын аштырғаннан кейін күйеуге шыққанын айтып қуанды. Нағима қажы отбасындағы түсініспеушіліктердің де түйінін шешіп береді екен. Олай деуге сол жердегі  бір әйелдің әңгімесі себеп болды. Ол кісіні келіні әбден шаршатыпты. Айтуынша, келіні ұрыспай-таласпай баласын алып төркініне кетіп қала береді екен. Нағима қажыға айтқанында ол кісі үйлерінде тіл-көз бен зиянды энергиялар барын айтып, үйіне барып, оқып, тазалапты. Әлгі әйел содан бастап келінінің төркініне кетпейтін болғанын айтып отыр.   

Бұдан бөлек, Нағима қажы қан қысымы жиі көтерілетіндерді, эпилепсия, бүйрек, бауыр, асқазан, өт жолдары ауруларын да жақсы емдейді екен. Ішімдікке салынып кеткен талай адамдарды да емдеп жазыпты.

Негізі емшіден гөрі дәрігерге емделген жақсы ғой. Дегенмен ара-тұра емшінің көмегі керек болып, Нағима қажыға баруға ниет етіп жатсаңыз, ол кісінің мекен-жайы мынадай:

Шымкент қаласы, Тельман бөлімшесі,

Е. Тойғанбаев көшесі, 30 үй. Оған Ди-Айс аялдамасынан түсіп (3, 30, 69, 91, 93 маршрутты автобустармен) баруға болады.

Ш. МҰРАТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ