Ойламаған жерден «Үй кинотеатрын» иеленді

18.01.2017
Қаралды: 1145

Таяуда Шымкенттегі №57 «Бозарық» орта мектебінің Жұлдыз есімді мұғалімі ойламаған жерден олжалы болды. 

Ол қалада ұйымдастырылған бір акция кезінде «Үй кино­театрын» ұтып алды. Өзімен хабарласқанымызда Жұлдыз бізге былай деді: «Альбени» сауда белгісі біраздан бері қызық бір акция жүргізіп жатыр екен. Мен одан бейхабар едім. Жалпы, өмірімде ұтысы бар ойындарға қатысып көрмеген жанмын. Сондықтан бұл мен үшін өзгеше жай болды.

Біз жұбайым Серікпен кешірек отбасын құрған жандармыз. Бүгінде 2-сыныпта оқитын Айман есімді қызымыз бар, оның барлық жағдайын жасаймыз, не керек десе, сатып әпереміз. Өткенде бір шаруалармен дүкенге кіргенімізде қызым «Альбени» жегісі келетінін айтқан, сосын оның бір данасын алдық. Сонда Айман «Альбенидің» қағазын ашып жатып ішінен бір хабарландыру көрді. Оқысақ, онда ішінен осындай хабарлама шыққан тауарды алған адамның ұтысқа қатысатыны туралы жазылыпты, тиісті жермен қалай хабарласу керектігі көрсетіліпті. Сосын онда көрсетілген алты санды нөмірге хабарластық. Тұтқаны көтерген қыз соққан қоңырауымыздың қабылданып, тіркелгенін, ұтысқа қатысатынымызды айтты, бізден хабар күтіңіз деді.

Арада бірнеше күн өткесін телефоныма біреу хабарласып тұр, қаланың Аймауытов көшесіндегі №143-ші үйге келіңіз дейді. Айтуынша, акцияда ұтысқа қол жеткізгендердің заттарын сол жерден береді екен. «Өзіңізбен бірге міндетті түрде төлқұжатыңыз болсын», – деп ескертті.

Қысқасы, не керек, ертесіне жұмыстан бір сағатқа сұранып айтылған жерге барсам, онда бірнеше адам жүр екен. Біреулері «наушник», енді бірі шоколад, тағы басқа заттар ұтып алғанын айтады, сіз не ұттыңыз деп менен сұрап қояды. Мен болсам, түктен де хабарсызбын. Біраздан кейін келіп, менің құжаттарымды алып, тексеріп көрген сатушы қыз тиісті заттың іште тұрғанын айтты. Ол үлкен қораптың ішінде екен, не екенін де біле алмадым, такси шақырып, үйге беріп жібердім де, әрі қарай жұмысқа асығып кеттім. Үйдегілер де оны ашып көрмепті, кешке бәріміз жиналғасын барып білдік, біз «Үй кинотеатрын» ұтыппыз».

Міне, мектеп мұғалімінің басынан осындай бір қызықты жағдай өтіпті. Бүгінде олар өздері ойламаған жерден ұтып алған «Үй кинотеатрын» сатуды ойға алып отыр екен.

«Біз Айманға керектінің бәрін әперіп қойған едік. Сондықтан отбасымызбен ойласа келе «Домашний кинотеатрды» сатуды шештік. Кеше «Сулпакты» барып көргенмін. «Домашний кино­­те­атрлардың» біздің ұтып алғанымыздайы 210 мың теңге тұрады екен. Тегін түскен дүниені саудасы келсе, біз 150 мың теңгеге сатсақ деп отырмыз. Саудаласуға болады», – дейді Жұлдыз.

...Қысқасы, су жаңа «Үй кинотеатрын» аламын дейтін адамдар шығып жатса, бұған қатысты Жұлдызбен хабарласуына болады. Оның байланыс телефоны – 8-702-146-75-61.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ