Түймебаев Түймегүлге медаль тақты

19.12.2016
Қаралды: 1835

Еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай облыста салтанатты жиындар болып өткені белгілі. 

Ол жиындарда өмірдің әр саласында еңбек етіп жүрген көптеген жерлес­терімізге мемлекеттік ордендер мен медальдар, мерекелік төс­белгілер, Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары тапсырылды.

Марапатталғандардың қатарында Кентау қаласының тұрғыны, жастайынан ата-ана қамқорлығынан айырылған 9 баланы асырап өсірген Ардақты ана, үлкен жүректі адам, «Бауырмал» сыйлығының иегері Түймегүл Ергешова да бар. Ол кісіге Президент Жарлығымен «Шапағат» медалі табыс етілді.

Т.Ергешова асырап-өсірген 5 қыз, 4 ұлдың қатарында 1 өзбек, 1 орыс, 1 кәріс ұлтының өкілдері де бар. Бәріне мейірімін бірдей төгетін Батыр ана бүгінде олардың үлкені Гүлнұрды тұрмысқа беріп, құдағи атанып та үлгеріпті.

Сіздің де елге шапағатыңыз шуақ болып шашыла берсін, Ардақты ана!

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ