«Замана» газетіне жазылу жыл бойына жалғаса беретінін естеріңізге саламыз.
Егер Сіз бүгін-ертең барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетін болады.
«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дүние» басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.
Елге арналған газеттермен етене болыңыз, ағайын!
Сізге арналған сәлемхат
Құттықтаймыз!
* Айзат және Нұрзат! Сендерді сегіз айға толған туған күндеріңмен құттықтаймыз! Апасы, атасы, бабасы. 8-775-458-20-89.
* Ұлымыз Мейіржан Нұрғалиды 23-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Дені сау, үлкен азамат болсын! Әкесі Ерік, анасы Гүлназ. 8-702-748-37-42.
* Бөлеміз Айнұрды 18-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Мөлдір судай шаттықты, аппақ гүлдей ақтықты тілейміз. Жұлдыздардай жарқырап, бол әрқашан бақытты! Зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Өмірлік серігің болсын! Сені жақсы көреміз. Тілек білдірушілер – жезде және бөлелерің. 8-775-956-21-89.
* Ағам Ерғали Ниятбековті 14-қараша – туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Оған бұл өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін. Өмірде бақытты бол! Қарындасы Жазира. 8-775-648-93-21.
* Айман жеңгемізді өткен туған күнімен құттықтаймыз. Азамат ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар! Аягөз, Асқат, Аят. 8-775-497-94-95.
Жаңа кітап
Қазақтың ұлттық тағамдары
«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жеңсік тағамдары мен оларды даярлау жолдары, қазақи дастарханға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәстүрлер баяндалған. Кітапта сонымен қатар қадірлі қонақтарға, құда-жекжаттарға, жасы үлкен ағайынға тартылатын сый табақ, ұлттық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпиялары да жазылған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағамдарға қатысты қазақтың ырымдары мен тиымдары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.
Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94, 43-24-67.
Жаңа кітап
Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.
Жаңа кітап
Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.
Жаңа кітап
Тез байығыңыз келсе...
Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жеткізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз
Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.
«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!
Жалған дүниені байлықпен тосып тоқтатамын деу – надандық, оған еш тосқауыл жоқ. Жұрт түрлі қиындықтарды, ауыртпалықтарды бастан кешіру арқылы, азаптардан құтылудың жолын іздестіре бастайды, себебін білуге ұмтылады. Жалған әлемнің ішінен өзіңді тауып, бақи әлемге дайындалу керек. Жалған әлемге жабыспай, өз-өзіңді жеңе білсең, өзіңді таба білсең, ертелі-кеш соңынан алаөкпе болып жүгірген материалдық өмір ендігі жерде адамның ізінен өзі жүгіреді.
Біз есекті мал есебіне кіргізбей, менсінбей, мұрын шүйіреміз. Алайда, бүкіл пайғамбар есекке мініп қасиетті Қағба есігін ашқан. Есегімен егіз жаралған Қожанасыр бабамыз – жай күлкі кейіпкері емес, әулие. Ал адамдар есектің етін неге жемейді? Өйткені, есек – қасиетті мал. Ал оның қасиеттілігі неде? Алдымен Қазығұртты талдап алайық, ол «қазық ұрды» сөзінің төркінінен шыққан, яғни Қазығұртта алғаш рухани қазық қағылған. Ғалымдардың айтуынша, Темірқазық жұлдызы, Меркурийжәне тағы басқа да ғаламшарлар Қазығұртпен байланыста тұр. Бұл – ғарыш жақтағы Құдіретпен тікелей байланысқа түсе алатын мекен деген сөз. Бағзы заманда еңбекқор, тақуа, рухани құндылықтарға ие адамдар осы Қазығұрттың басына жиналып, ғибадаттарын жасап тұрған екен. Алайда, бір дінсіз патша Құдай жолындағы адамдарды есектерге теріс мінгізіп, жаппай қырып тастағаннан кейін көктен бір жұлдыз жарқыраған. Жұрт сол жұлдызды Есекқырған деп атап кеткен. Ол заманда Құдай жолында жүрген адамдар есекке мініп, ел кезіп, имандылықты насихаттап жүреді екен.
Пайғамбар: «Менің ібілісім мұсылман болды», – дейді. Ібіліс дегені – нәпсі. Нәпсіні тыймайынша, оны мұсылман қылмайынша, жер бетінде жақсы дүние жасай алмайсың. Нәпсің мұсылман болған кезде ғана жер жүзінде жақсылық орнайды. Біздің жанымыз Алланың демінен жаралған. Міне, осы демнің көзі ашылады да, Құдіретпен түйсікке шығады. Ол түйсікке шыққан кезде адамның ішкі әлемі оянады. Әр адамның ішкі дүниесінде үш миллиард ақпарат бар. Ол ақпарат Жебірейіл періштемен байланысқан. Бүкіл ақпарат адамның кеңірдегі мен кіндігінің арасында орын тепкен. Сонда Құрандағы барлық ақпарат адамның денесінде бар. Бұл Құранның ішкі ақпараты. Ал оның сыртқы ақпараты отыз мың екен. Бұл Мұхаммед пайғамбар байланысқан. Құранның 114 сүресі, 6666 аяты бар, ол осы отыз парадан тұрады. Пара деген – екеу деген сөз, бұл біз ойлағандай орыс сөзі емес. Адам ата мен Хауа ана салып кеткен жұп мағынасы. Адамның бойында жоғарыда айтып өткен энергия мен ақпарлар таусылса, адам ауруға ұшырайды. Бүгінде жер бетіндегі адамдардың 80-90 пайызы ауру. Бірақ ол біз ойлағандай, медициналық тән ауруы емес, рухани аурулар. Егер кез-келген адам бұл кеселден құтылғысы келсе, адам миына Алланың жіберген ақпараттарын толтырып отырған абзал. Ғибадат – кеселден құтылудың бастамасы. Содан адамның санасына саңылау түсіп, ашылады, ішкі ағзалары оянады, нәпсінің көзі сыпырылады. Адам күн сайын: «Неге мен біреуді қорлап, зорлап, пара алып жатырмын?» – деп іштей қайталап жүрсе, өзін-өзі емдеп жатқаны. Бірақ бұл әдістеменің кең таралуына кедергілер көп. Өйткені мынау тәккапар әлем ол әдістемені жібергісі келмейді. Нәпсінің шоқтығы – тәккапарлық. «Ібіліснама» деген кітапта шайтан: «Мен мың ғалымды қас-қағым сәтте тәкаппарлық етіп жібере аламын, бір қойшыға әлім келмейді», – дейді. Қойшы – білімсіз болса да, тақуа жолындағы адам. Осындай адамдар әлемдегі тепе-теңдікті сақтап тұр. Мұндай адамдар Құдай үшін жан қинайды. Таза адамдар бүкіл әлемнің ауыртпалығын өзіне тартады. Бүгінде ғалымдардың пайымдауынша, адамзатты апаттан сақтап отырған адамдардың саны 1 пайызды ғана құрайды екен.
Сәбидің денесінен неге хош иіс аңқып тұрады?
Кейбір адамдардың денесінен бұрын сезбеген бір хош иіс шығады. Бұл ненің исі екені белгісіз. Бұл иісті иіскеген сайын иіскегің келеді. Ал кейбір адамдардың денесінен жағымсыз иісті сезгенде, ол кісінің қасына тұрғың келмейді. Бұл не? Бір ғана нәрсені білеміз – қоршаған ортаны тазарту үшін күллі өсімдік атаулы оттегі бөліп шығарады емес пе, адамның демі мен денесінен де оттегі шығады. Бұл оттегі кәдімгі ауа емес, Алладан келіп тұратын энергия.
Кез келген адамда энергиялық сәуле (аура) өзімен бірге еріп жүреді, ол сәуле адамның мінез-құлқына, денсаулығына оның әдет, қылықтарына байланысты. Бұл жөнінде әл-Фараби: «Ғылымдардың шығуы туралы» кітабында: «Субстанция энергиясы қалыптасады, түрленеді, нұрланады, өседі, көбейеді, күшейеді, ауырады, өледі», – дейді. Медицинада оны «имоностатус» дейді, ал қазақ оны «аруақ» дейді. Мұның барлығы Аллаға бағынышты нәрселер. Қазақта: «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген сөз бар. Төртеу деген – Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс және Батыс.Солтүстік – ақыл, ал адам көп дүниені ақылмен шешемін деп ойлайды. Жоқ, ақыл адасады. Адам Аллаға тек иманмен ғана жақындай алады, иманмен ғана бақытты бола алады. Атам қазақ киіз үйдің есігінің үстіне ала арқанды жинап, іліп қояды екен. Кіріп келген кісінің көзі бірден ала арқанға түседі. Бақи әлем мен фани әлемді жалғастырушы байланысы қызметінде көрінген. Демек, үйге кірген ауру, пәле-жаланы, адамдардағы ауыртпалықты жаңағы «ширатылған арқан» белгісі үйге дарытпайды. Ата-анамыз: «Балам, біреудің ала жібін аттама» деген сөзінің төркіні осыдан да шықса керек. Ал Оңтүстік – қанағат, Шығыс – адалдық, егер ішке шындық кірсе, адамдағы без оянады да, әтірде де жоқ, керемет хош иіс шығарады. Батыстан бақ-дәулет келеді. Осы төрт құбыланың да иесі – Алла. Міне, төртеу түгел болса, төбедегі түседі деген сөздің мәні осы. Сонда не түседі? Таупық, хидаят, иман, береке түседі, Алланың аманаты түседі. Ата-бабаларымыздың: «Сүттен аппақ, балдан тәтті» деуі осы. Біз ата-бабалардан қалған құдіретті сөздердің ішіне кіре алмай жатырмыз. Қазақтың әр мақалының әр сөзінің Құранмен байланысы бар.
Ал енді осының бәрі біздің ағзамызбен байланыста, ал ағза дегеніңіз – энергетикалық нүктелер. Біздің жасаған әрбір қателік, күнәміз бен кінәмізден жаңағы нүктелер жабылып қалады. Сөйтеміз де ауырамыз. Алла адамды қайта тірілту үшін жаратады, Өзін есіне алсын деп ауыртады, Өзінен қорықсын деп өлтіреді.
Дайындаған – Ержан БАЛАТАЙҰЛЫ.
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!
«Заманаға» автор болуға асығыңыз!
Ол үшін қомақты қаламақы төленеді
Құрметті оқырман!
Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.
Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.
Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.
Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.
Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.
Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.
Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!
Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.
Жұлдызнама
(23.01 - 28.01)
Тоқты (21.03-30.04)
Жұмысыңыз біршама көбеюі мүмкін. Өзгелермен түсінісе, тіл табыса қимылдауға мән беріңіз.
Торпақ (21.04-21.05)
Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Әсіресе отбасылық мәселелерде мұқият болғайсыз.
Егіздер (22.05-21.06)
Жақын адамыңызбен тізе қоса қимылдағаныңыз дұрыс. Оның пайдасын молынан көреріңіз анық.
Шаян (22.06-23.07)
Апта күндері сізден жинақылықты талап етеді. Негізгі шаруаларды бір жүйелеп алғаныңыз абзал.
Арыстан (24.07-23.08)
Жолыңыз ашық, көңіліңіз көтеріңкі болады. Сізден біреу жәрдем сұрауы мүмкін, демеп жібергеніңіз жөн.
Бикеш (24.08-23.09)
Қай шаруаға да ойланбай қойып кетуден сақтаныңыз. Бұл аптада осыны ұмытпағаныңыз дұрыс.
Таразы (24.09-23.10)
Басты жұмысты бір жүйелеп қоюға тырысыңыз. Денсаулық мәселесін де назарда ұстағайсыз.
Сарышаян (24.10-22.11)
Сізге аптаның ортасындағы күндер жайлы тимек. Маңызды істерге бел шеше кіріссеңіз болады.
Мерген (23.11-21.12)
Сөзіңіз бен ісіңіздің бір жерден шығуын назардан тыс қалдырмаңыз. Сізге көз тігушілер бар.
Тауешкі (22.12-20.01)
Ойда жүрген шаруаға осы аптада кіріскеніңіз дұрыс. Сізге досыңыздың жәрдемі тигелі тұр.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Белсендірек болуыңыз қажет. Бұл – мүмкіндіктер аптасы, қолайлы сәттерді қалт жіберіп алмаңыз.
Балық (20.02-20.03)
Ішкі түйсігіңізге сеніп әрекет етсеңіз, адаспайсыз. Қомақты олжаға қол жеткізуіңіз мүмкін.
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Ауырмаңыз!» газетінде не жазылған?
*Аязды күндері кейбір адамдарды терісі қышып, әбіржітетіні, ісініп, онда бөртпелер пайда болатыны бар. Медицина тілінде бұл «суыққа аллергия» деп аталады. Суыққа аллергия көбіне бұрын жұқпалы аурулармен ауырған адамдарда 25-30 жастан кейін пайда болады екен. Мұндай аллергиядан қалай арылуға болады? Аяздан болатын аллергияға шалдықпас үшін не істеу керек?
* Қыстыгүні жас балаларды жиі мазалайтын баспаны (ангина) болдырмайтын тәсіл бар. Ол қандай тәсіл?
* Көздің көру қабілетін жақсартып, бұлдырағанын халықтық тәсілдермен де емдеуге болады екен. Ол үшін аса көп шығындалудың керегі жоқ. Тек...
* Көп адам моншаға түсуді тек кірден тазару деп қабылдайды. Сөйтіп, аптасына бір, ары кетсе екі рет моншаға түседі. Бірақ ыстық бу мен жылы судың қадірін білгенмен, пайдасын білмеген күйі моншадан шомылып қана шығады. Егер олар тиісті ережені біліп, оны орындайтын болса, монша арқылы ағзаны артық қалдықтан тазартқан болар еді. Ағзаға саулық сыйлайтын ол қандай ереже екенін білгіңіз келе ме?
* Омыртқааралық жарық (грыжа) – оңай дерт емес. Буын-буынды қақсатып, отырып-тұруды қиындататын бұл дерттің жазылуы да қиын. Дегенмен Шымкентте ине салу арқылы өзіне ғана белгілі массаж түрімен осы аурудан он күн ішінде айықтыратын дәрігер бар. Оның еміне жұрт дән риза. Себебі сүйегі сырқырап келгендер санаулы күнде үйлеріне қуана қайтады. Ол дәрігерді қайдан табуға болады?
* Ауырып қалған кей адамдарға дәрігерлер, кейде үлкендер де «қанды тазарту керек» деп жатады. Қан тазартудың денсаулыққа әсері қандай? Оны қалай тазарту керек?
...Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің жаңа нөмірінен табасыздар.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Қызық газетте»не жазылған?
Дүние есігін ашқаннан жетімдіктің тауқыметін аз татпаған оның ең алғашқы сүт-анасы кәдімгі жаңадан боталаған аруана болыпты. Ержете келе бар бақытын шығармашылық өнерден тапқан сол адамның тағдыры туралы «Жетімдікті жеңіп, жетілген жан» деп аталатын хикая «Қызық газеттің» осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінде жарияланған.
Сондай-ақ аталмыш басылымға қандықол қылмыскерлерді құрықтаған бұрынғы полиция қызметкерінің жан сыры мен сезім сергелдеңіне түсіп, жат елге кетуге мәжбүр болған жас қыздың басынан кешкендері жайында жазылған тағы да екі хикая еніп отыр.
Оқыңыз, өкінбейсіз!
Құлағыңыз түрік жүрсін!
* Новая, уютная
* Тихий центр
* Все условия
* Умеренная цена
Наш адрес:
г. Шымкент,
ул. Акпан батыра, 23.
(уг. улицы Майлыкожа.).
Тел.: 8(725-2) 53-26-79.
Моб.: 8-775-92-47-999.
Будьте нашим гостем!
"Керек кеңестер"
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз
Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.
«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!
SMS
"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз
Құрметті оқырман!
Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы
SMS – хабарлама
жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:
– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.
Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.
* Ассалаумағалейкүм! Аллаһтың әмірін бұлжытпай орындайтын, Пайғамбардың сүннетін жанына жылу еткен, Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын, шариғат ілімінен хабары бар, өте әдепті, ибалы да инабатты мұсылман қыздармен танысқым келеді. 81-ші жылғымын. Жеңіл ойлылар мазаламауын өтінемін. 8-775-712-34-03.