20 | 05 | 2012
Заманауи бейнебаяндар
Фотосуреттер
< Қараша 2009 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Әріптестер

www.baq.kz

Ауа райы

Валюта бағамы

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala

* Жаңа әрі жанға жайлы

* Орталық әрі тыныш жер

* Жан-жақты әрі жақсы жағдай

* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы,

Ақпан батыр көшесі, 23-үй.

(Майлықожа көшесінің қиылысы).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Құлағыңыз түрік жүрсін

«Заманаға» жазылу жалғаса береді

«Замана» газетіне жа­зы­лу жыл бойына жал­ғаса бе­ретінін естеріңізге саламыз.

Егер Сіз бүгін-ертең ба­рып жазылсаңыз, келе­сі айдан­ бастап газет қо­лыңызға тиетін болады.

«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дү­ние»­ басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.

Елге арналған газет­термен етене болыңыз, ағайын!

Сізге арналған сәлемхат
Құттықтаймыз!

* 12 мамыр – Мейірби­келер күні мерекесімен Шымкент медицина кол­леджін 1985 жылы «3» тобын бітірген группаластарымды, группа же­текшісі Филатова Людмиланы, №2 жедел жәр­дем ауруханасының аға мейірбикесі Роза Петровнаны құттықтаймын. Құт­тықтаушы – Тілеге­нова Паршагүл Орын­басар­қызы. Жас жігіттер, таныса­йық деп телефон соғушы болмаңдар! 8-702-634-35-67.

* Ардақты әпкем Ақмарал және қылығы балдай тәт­ті жиенім Жар­қынбек! Сен­дерді туылған күн­дерің­мен шын жүректен құттықтаймын! Ана мен бала арасындағы магнитсіз тартылатын іңкәр сезім мен шын кө­ңілден туған мейірімнен кенде болмаңдар. Ізгі тілекпен – өзіңді құр­меттейтін кенже інің және өзіңді жақсы кө­ретін нағашың – Білімжан. 8-771-139-65-37.

* Әйгерім Мұзафарованы 28-сәуір – туылған күнімен құттықтаймыз! Әпкелері. 8-702-110-82-09.

Күлкістан
kylki
Әбділлах Халиланың
Әзілдері

ҚҰТЫРУ МЕН ҚҰТЫЛУ

Студент деканның хатшысына телефон соғады.
– Айтшы, ана жаналғыш әзі­рейіл өзінде ме?
– Әй, өзің кіммен сөй­ле­­сіп тұрғаныңды білесің бе?
– Жоқ, кіммен?
– Деканмен!
– Ал сіз кіммен сөй­лес­кеніңізді білдіңіз бе?
– Жоқ.
– Білмегеніңіз жақсы болды.­

СЕНІМДІЛІК

Түнде бөлмеге ұры ке­ліп, ши­фо­ньерді ашып жатқанда, студент оянып кетеді.
– He іздеп жүрсің?
– Ақша.
– Тапсаң, мені оятарсың.

ҮШТӨБЕ

Екі студент танысып отыр:
– Мен Түркістаннан кел­­дім, сен қайдан келдің?
– Сен ойлап тап, менің ауылымның аты «қанағаттанарлық», «жақсы» және «өте жақсы» бағалардың ал­дыңғы екі әріптерінен құралады.

СҰРАУ МЕН ҚҰЛАУ

Институтқа түсе алмай келген баласы әкесіне:
– Әділдік жоқ екен, – депті.
– Неге?
– Қан тапсыр деп сұранды. Тап­сырдым­. Зәр тапсыр деп сұранды. Тап­сырдым. Ма­­тематика тапсыр деп сұ­ранды. Тапсыра алмадым, со­ған бола құлатып жіберді.

ТҰЖЫРЫМ

Студент тараканды ұс­тап алып, екі аяғын жұлып тастап ысқырады. Таракан жүгі­ріп ке­теді. Төрт аяғын жұлып алып, ысқырады. Таракан жү­ріп кетеді. Алты аяғын да жұлып алып, ысқырады. Таракан қоз­ғалмайды.
Тұжырым: аяқсыз таракан ыс­қырықты есітпейді.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Құлағыңыз түрік жүрсін
kiz
«Қызық газет» – қызық газет!

«Аңқау елге арамза молда» дегендей, бір кездерде банктен несие әпергіш қулар көбейіп кеткен еді. Қалай жасайтыны белгісіз, олар жоқ құжатты бар етіп, талай адамды қан қақсатқан. Сол кездері банкке қа­рызынан құтыла алмай өзіне қол салған­дар да, жазықсыз сотталып кеткен­дер де жетерлік.

«Қызық газеттің» осы аптадағы жаңа нөмірінде жарық көрген «Ал­ған несиесі кесір бол­ған отбасы» деп аталатын хикаяда баспаналы болу үшін несие алған отбасының тартқан тауқыметі жайында баяндалады.

Сондай-ақ аталмыш басылымда талай орынсыз істерімен жұртты шулатқан мектеп жасындағы қыздың жан сыры «Оқушы қыздың орынсыз қылықтары» деген тақырыппен беріліп отыр.

Оқыңыздар, ой түйіңіздер!

Керек кеңестер
Енеңіз еңсеңізді езбесін десеңіз...

«Сиырдың жауы – кене, келіннің жауы – ене» деп кейбіреулер өздерінше мақал шығарып ал­ған. Алайда ененің барлығы бірдей жаман деуге бола ма? Енеңізбен «тонның ішкі бауындай» қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, барлық келіндер біле бермейтін мына мәселелерге назар аударыңыз:

♦ Қайын енеңіз – сіз, сіздің анаңыз, құрбыларыңыз, қызметтес әріптестеріңіз сияқты өзіндік артықшылықтары мен кем­шіліктері бар қарапайым әйел. Сондықтан объективті көзқарас ұстанғаныңыз абзал. Енеңізбен бақталас емес, оның ұлын бақытты еткісі келетін жақын жан екеніңізді сезіндіріңіз. Отбасылық жоспарларыңызбен бөлісіп, берген ақыл-кеңестерін мұқият тыңдаңыз. Айтқан ақылы көңіліңізге қонбаса, үндемей-ақ қойыңыз. Бәрібір жоспарыңызды өз қалауыңызша жүзеге асырасыз.

♦ Психологтардың кеңесіне құлақ асар болсақ, алдымен ененің мінез-құлқы мен қимыл-әрекеттерін мұқият зерттеп алған дұрыс. Мысалы, енеңіз сәнқой болса, сіз де дереу салонға барып, шашыңыз бен қасыңызды түзетіп, тырнағыңызға тартымды маникюр жасатыңыз. Енеңізбен парфюм әлеміндегі жаңалықтармен бөлісіп, әңгіме өрбітіңіз. Өзгеруге тырыспаңыз, өзіңіздің табиғи қалпыңызды сақтап қалыңыз. Өзі­ңіздің мықты жақтарыңызды көрсетуден тайсалмаңыз. Жұбайыңыз бағалаған бұл қасиеттеріңізді оның анасы да бағалайды.

♦ Егер сіз енеңізбен бір үйде тұратын болсаңыз, мынаны ұғыныңыз: Бұл үйдің бикесі сіз емессіз. Сондықтан бұрыннан қалыптасқан қағидаларды, жазылмаған заңдылықтарды үйреніп алыңыз. Ол нәрселерді өзгертуге тырыспаңыз. Бұл үйде ұрыс-керіс шығаруға себеп болады. Бірақ өз бөлме­ңіздегі тәртіпті өзіңіз ғана бақылауда ұстаңыз. Енеңіздің өз территорияңызға өтіп, сіздің киімдеріңіз бен бұйымдарыңызды рұқсатсыз жайғастыруына жол бермеңіз. Үй шаруа­сындағы атқара алмайтын істеріңіз жайында алдын-ала айтыңыз. Кикілжіңнің 90 пайы­зы үй шаруасына қатысты.

♦ Енелердің көпшілігі алғаш көргенде келіндеріне сенімсіздік танытып, күмәнді көзқараспен қарайды. Сондықтан келінінің өз баласына көрсеткен ілтипаты мен жақсы қарым-қатынасын көрген сайын оның сізге бүйрегі бұрып, жүрегі жылып қалады. Бірақ бұл қарым-қатынасыңыздың бірі де жасанды болмағаны абзал.

♦ Жұбайыңызбен жағымсыз ара қатынасыңызды енеңіздің мүлдем көрмегені абзал. Дегенмен ертелі-кеш ененің көңілінен шығу үшін құрақ ұшып, өзіңізге қарауды ұмытып кетпеңіз. Ол кісімен қарым-қатынасыңыз қалай болғанда да алдыңызда сіз үшін ең қымбатты, сүйікті жанды дүниеге әкеліп, өсіріп, ержеткізген әйел тұрғанын ұмытпаңыз. Ол – құрметтеуге лайықты жан.

Негізгі бет Тылсым дүние Кеңестөбедегі керемет үңгір. "Ақмешіт әулие" атанған бұл жерге келіп зиярат етушілер өте көп
Кеңестөбедегі керемет үңгір. "Ақмешіт әулие" атанған бұл жерге келіп зиярат етушілер өте көп
01.06.2009 14:28

akmiБәйдібек ауданындағы Кеңестөбе ауы­лынан бірнеше шақырым жерде «Ақмешіт әулие» жерасты мешіті бар. Жаз шыға осы киелі мекенге зиярат етіп келетіндер

қатары көбейе түседі. Жақында біз де сол жаққа барып, тылсым сырға тұнып тұрған қасиетті үңгірдің кереметін көріп қайттық.

Жерасты ме­ші­тінің шырақшысы Асқар Рүстембекұлы (суретте) киелі мекеннің басына 1997 жылы ғана зиярат етушілер тү­ней­тін шағын баспана салынғанын айтады. «1992 жылы ұлым Нұрғалиға әруақтар аян беріп, соның айтуымен үңгірдің ішінakmдегі Сүлей­мен пайғамбардың анасы жерленген тұсқа сағана тұрғыздық, – дейді шырақшы. – Соғыстан кейінгі жылдары әкем мені осы араға есегіне мін­гестіріп жиі алып келетін. Бір келгені­мізде оның: «Балам, бұл үңгірдің кіре­беріс аузы бойтұмарға ұқсауы тегін емес. Ол перзент сұрағандарға – перзент, шаршап келген адамға дем беретін, шын ниеттеніп келгендердің ниетін қа­был ететін киелі жер», – деп айтқаны бар еді. Ол кісі дұрыс айтқан екен. Осы уақытқа дейін бір перзентке зар болып жүр­гендердің осында келіп, зиярат жасап, түнеп кеткеннен кейін көп ұзамай тілегі қабыл болғандарын көп кездес­тір­дім. Тіпті басқа діндегі адамдар да жиі келіп зиярат жасап тұрады».­

akmisАңыздарда Түркістан, Арыстанбаб, тіп­ті сонау Қызылордадағы Бекет ата ме­ші­тінен шыққан жерасты жолдарының осы үңгірге келіп тоғысатыны жайлы айтылады. Сол жерасты жолдарын Асе­кеңнің ұлы Нұрғали бес жыл бойы іздепті. Үңгірдің маңынан жобалап тауып, тасты қашап жүріп ақыры әлгіндей жолдың бірінің үстінен түскен екен. Ол кісі ол жолдардың кеңдігі екі ат қатар сиып кетердей болғанын айтады.

«Ақмешіт әулие» үңгірін бір заманда алып айдаһар мен дию мекен еткендігі де бізге жеткен тағы бір аңызда айтылады. Тіпті тасқа таңба болып басылып қалған сол айдаһардың кірген-шыққандағы іздері де осы уақытқа дейін сақтал­ған.

Сол заманда осы өңірдегі ел жиналып Ақмолда деген ілімі күшті молдаға айдаһар мен диюды дұғамен байлап тастауды өтінеді. Сонда Ақмолда: «Оларды байлау қолымнан келеді-ау. Бірақ одан кейін мен бұл өмірден ұрпақсыз өтемін», – деп алдында келіспеген екен. Бірақ ойланып-толғанып, елінің амандығы үшін олардың тілегін орындауға бел буыпты. Ал өмірден өтерінде ел-жұртына көз жұмған соң денесін сол үңгірдің ішіне жерлеуді айтып кеткен екен. Жерасты мешітіне түскен жердегі айналасы талдармен көмкерілген үлкен оба сол кісінің жатқан жері деседі.

«50-ші жылдары Ақмолда әулиенің бейітін өзім де көргенмін. Кейіннен жоғарыдан тастар құлап, бейіт маңы кішігірім төбеге айналды. Ал 2006 жылы Алматы қаласында тұратын Ермек Мырзагелді деген жігіт осы атаның аян бергенін айтып, үңгірдің аузына арнайы құлпытас әкеліп орнатты», – дейді шырақшы.

Тереңдігі – 30, табанынан төбесіне дейінгі биіктігі шамамен 35 метр келетін үңгір осыдан 60 жылдай уақыт бұрын қазіргіден әлдеқайда биік әрі кең бол­ған көрінеді. Асекеңнің айтуына қарағанда, сол кездері үңгірдің ұзындығы 200 метрден астам болса, бүгінде ол 170 метрге дейін қысқарған. Ал ені 60 метр болса, қазір 50 метрдей болып қалыпты. Оның себебін Асқар шырақшы таудың жылдан-жылға шөгіп бара жатқандығымен түсіндіреді. «Бір кездері адамның қолы жетпейтін қабырғадағы тастар­ға қазір маңдайымыз тиеді, – дейді ол кісі. – Тіпті жерасты жолдарының қақпасы да жерге шөгіп жоқ болып кеткен.

50-ші жылдары әкем мені осында ертіп әкеліп, сол қақпалардың тұсын көрсететін. Бір қақпаның тұсына келгенде ол кісі әлгі қақпадан Ақмолда әулиенің өзі ақ түйесімен кіріп-шығып жүретін бол­ғанын айтқан еді. Ал екі-үш ат еркін сиып кететін үлкен жерасты жолдарының қақ­пасы да соның қасында болыпты. Сол қақпаларды ашып-жауып тұратын кілт тұрған тұсқа адамдар күні бүгінге дейін құран оқып, тиын тастап кетеді».

Жерасты үңгір-мешітінің оң жақ қа­быр­ғасында жоғары қарай қиғаштай салынған, ұзындығы 7-8 метрдей жырық бар. Сонымен еңбектей шыққан адам әлгі жырықтың басындағы жүрелеп отырғанда еркін сиып кететін ойыққа отырып, Алладан тілек тілейді екен. Шаршап келген адам соған көтеріліп түскеннен кейін өзін жеңіл сезініп, сергіп қалады. Одан әріде Қыдыр бабаның табаны тиіп, отырған орны бар тепкішек тастар бар. Ал жерасты мешітінің ең төрдегі мүйісінде Сүлеймен пайғамбардың анасы жерленген киелі орын бар екен. Айналасын ұсақ тастармен қоршап қойған жерге намаз оқитын арнайы тапшан да қойылған. Аңыз бойынша, Сүлеймен пайғамбар анасының мәйітін адам мен ат баспасын деп сонда жерлеген көрінеді. Бір кездері әжептеуір төбе болып тұрған обаның үстінен кейін үңгірдің алып қа­быр­ға-тасы құлап басып қалған екен. Сондай-ақ зиярат етіп келушілердің біріне аян арқылы пайғамбардың анасының сандығы болғаны білдіріліпті. Сол кісілер шағын сандықшаны жасап әкеліп, ана бейітінің үстіңгі жағына іліп кеткен. Ал әлгі тапшанда бейсенбі, жұма күндері зиярат етіп келгендер намаз оқиды.

«Ерте заманда Ақмолда әулие де, сахабалар да осы үңгірге жиналып намаз оқитын болған, – дейді Асқар Рүстембекұлы. – Сол кісінің қасында бір топ адамдармен бірге Сүлеймен пайғамбардың анасы жерленген тұста намаз оқып, әңгіме-дүкен құрып отырғаны менің де түсіме бір-екі кіргені бар».

«Ақмешіт әулие» үңгірінің тағы бір ерекшелігі, оның дәл жоғарғы тұсында үкінің ұясы бар екен. Сан ғасырлар бойы сол ұяны мекендеген үкілердің саңғырығы жиналып, әжептеуір төбеге айналған. Шырақшының айтуына қарағанда, сол жиналған төбеден алынған қидан соғыс кезінде де, одан кейін де оқ-дәрі жасалынған көрінеді.

Біз жерасты үңгір-мешітін аралап жүрген кезде ұлты кәріс бір топ адам келді. Солардың бірін сөзге тартқанымызда, өзін Наталья Ни деп таныстырған жас келіншек үңгір жайлы бес жыл бұ­рын естігенін, содан бері бір тылсым күштің өзін сол жерге тартып тұратынын айтты. «Мұнда келсем кәдімгідей жеңілденіп, өзімді сергек сезініп тұрамын. Тіпті жаңа қуат алып, қым-қуыт тірліктен бір сәт арылғандай боласың. Осы жерге келгенімде қазіргі дағдарыс кезіндегі күйзелістің ізі де қалмайды», – дейді ол.

Неше түрлі құстардың әсем үніне көмкерілген жерасты үңгір-мешітінің ішкі көрінісі адам қолмен жасай алмайтындай, таза табиғи сурет десе де болады. Оның құдіреттілігі де сонысында болса керек.

Т. ДОСЫМБАЕВ.


 
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

zamana-13

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!

Ол үшін қомақты қаламақы төленеді

Құрметті оқырман!

Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.

Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.

Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.

Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.

Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.

Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.

Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!

Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.

Жұлдызнама
juldiznama
(14.05 - 20.05)

Тоқты (21.03-20.04)
Өзіңізге деген сенім­нің арта түскенін сезініп, қуанасыз. Сізді алда көңілді күндер күтеді.

Торпақ (21.04-21.05)
Молшылығымен қуантатын апта. Сәрсенбіге қарай қолыңызға қомақты қар­жы түсуі мүмкін.

Егіздер (22.05-21.06)
Көпшілікпен жиірек араласу ойыңызда болсын. Жаңа табыс көзін ашуыңыз ғажап емес.

Шаян (22.06-23.07)
Ағымдағы жұмыстармен айналысасыз. Бүгін бітіретін істі ертеңге қалдырмағаныңыз жөн.

Арыстан (24.07-23.08)
Біраз шаруаға тіке­лей­ басшылық етуіңіз керек болады. Жәрдемшілер жаныңыздан табылады.

Бикеш (24.08-23.09)
Еңбекқорлығыңыздың пайдасын көресіз. Апта соңына қарай олжалы болуыңыз мүмкін.

Таразы (24.09-23.10)
Негізгі жұмысқа күш салғаныңыз дұрыс. Жоспармен әрекет етсеңіз, бәрі де өз орнын табады.

Сарышаян (24.10-22.11)
Апта күндері сізді әбір­жіте қоймайды. Қордаланып қалған шаруалар болса, реттеп алғаныңыз абзал.

Мерген (23.11-21.12)
Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Шешім қабылдарда барынша батыл болуыңыз қажет.

Тауешкі (22.12-20.01)
Іскерлік қабілетіңізді аша түсетін апта. Көздеп жүрген мәселеге кірісе берсеңіз болады.

Суқұйғыш (21.01-19.02)
Жақын адамдарыңыздың жетістігі қуантады. Өзіңіз отбасы бюджетіне қомақты кіріс әкелуіңіз мүмкін.

Балық (20.02-20.03)
Тартыншақ болмаңыз. Көзге жиірек түсуіңіз керек, оған мүмкіндік мол, қимылдап қалыңыз.
Құлағыңыз түрік жүрсін
aur
Ауырмаудың жолы көп

* Жылан мен кірпі етінен жасалған сорпа арқылы ауруыңыздан айықтыратын адам бар. Бұл сорпа қандай дерттерге дауа? Оны қайдан табуға болады?

* Темекіні тастай алмай жүрсіз бе? Улы түтіннен жирендіріп, оны аз күнде-ақ тастауға көмектесетін тәсілдер бар.

* Әлсіздік мазалап, өздігіңізден шаршап жүрсіз бе? Сірке су көтермей, жиі ашуланатын болсаңыз, мұны көктемнің ағзаға әсері деп түсініңіз. Ал бұл жайсыздықтан қалай құтылуға болады?

* Біреулер шұжыққа әжетхана қағазы қосылады екен дейді. Енді біреулер онда еттурағышқа түсіп кеткен тыш­қан еті де бо­лады деседі. Бұл сөз шындыққа қаншалықты жанасады? Жалпы, шұжық туралы не білесіз?

* Қазір тірі адам тіршілігін жасап қалатын нағыз шақ. Яғни әрбір секунд қымбат. Дегенмен ғалымдар бұлай жаныға бермей, жалқаулыққа да ырық беру керек дейді. Неге?

* Бұл елде шыбын мен тараканнан да дәрі жасайды екен. Керек десеңіз, жыбырлағанның бәрін жарамды деп тауып, дәр­мекке айналдырады. Соған қарамастан медицина­сы ерекше дамыған саналатын бұл қай ел? Оның құпиясы неде?

Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауыр­маңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен таба аласыз.

Құлағыңыз түрік жүрсін!
tilzim
«Тылсым дүниені» оқыңыз!

«Тылсым дүние» га­зе­тінің осы аптада жа­рық көрген нөмірі­нен ауыспалы кли­маттың ғаламшары­мызға тигі­зер әсері мен ғарышта кез­де­сетін түрлі микробтардың зияндылығы туралы, сондай-ақ құпиясы көп құйрықты жұл­дыз бен таңғажайып жасыл сәуленің кере­ме­ті жайында жазыл­ған қызықты мақалаларды оқи аласыздар.

Сондай-ақ жаратылыс пен тіршілік төңі­регіндегі тылсым сырға толы оқиғалар мен табиғаттың таңқалдырар құбылыстары, жайшылықта өзіміз мән беріп жатпайтын жұм­бақ жағдайлар жөнінде де басылымда жаңаша қырынан баяндалған.

«Тылсым дүние» – әрдайым оқырманын жоғарыда айтылғандай ғажайыптар әлеміне, тылсым сырдың тұң­ғиығына жетелейтін ерекше басылым. Сол үшін де ол оқырман ортасынан өз орнын нық тапқан газет.

Ендеше, алағы уақытта да бізбен бірге болып, газетімізге алдағы, екінші жартыжылдыққа жазылып қоюды ұмытпағайсыздар!

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala-2

* Новая, уютная

* Тихий центр

* Все условия

* Умеренная цена

Наш адрес:

г. Шымкент,

ул. Акпан батыра, 23.

(уг. улицы Майлыкожа.).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Будьте нашим гостем!

Құлағыңыз түрік жүрсін
«Керек кеңестерден» керегіңізді табасыз

* Алда Наурыз мерекесі келеді. Ал сіз наурызкөжені аса дәмді әрі құнарлы етіп әзірлеудің тәсілін білесіз бе?

* Бүгінде бау-бақшасына көшет алуды ойластырып жүргендер көп. Ендеше, кейін мол өнім беретін көшетті қалай таңдап, қалай отырғызу керек?

* Енді құрылыс жұмыстары да басталады. Иемденген жер теліміне баспана тұрғызу қамымен жүргендер жоқ емес. Осындайда жер телімінің тиісті тіркеуде болғаны жақсы. Әйтпесе біраз қиындықтар туындайды. Ал жер телімін тіркетудің де өзіндік тәртіптері бар. Ол қандай тәртіптер?

* Көктемгі әскерге шақыру кезінде жастар арасынан майтабан ауруына шалдыққандар көптеп анықтала бастайтыны рас. Сонда майтабандық неден пайда болады, оны ертерек байқап, аурудың алдын-алу үшін не істеу керек? Жалпы, оның алдын-алуға бола ма?

...Бұл сұрақтардың жауабын оқырманға өмірдің сан саласынан қажетті кеңестер беріп отыратын «Керек кеңестер» газетінің осы аптада жарық көрген кезекті нөмірінен табасыз.

SMS

sms

"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз

Құрметті оқырман!

Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы

SMS – хабарлама

жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:

– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.

Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.

Редакцияның тікелей ұялы байланыс телефондары:

8-702-838-09-24, 8-777-402-09-14, 8-700-390-07-60.

Сізге арналған сәлемхат
Танысқым келеді

Жасым 36-да. Үйленіп, ажырасқанмын. Өзіммен тағдырлас, 20-35 жас аралы­ғын­дағы жанмен та­нысып, отау құрсам деймін. Бастысы, бір-бірімізбен түсініссек болғаны. 8-771-237-14-19.

Жасым 25-те. Жанымды түсінетін қазақтың қыздарымен танысқым ке­леді. Бір баласы болса да қарсы емес­пін. 8-702-957-26-53.

Иманды, намазхан қызбен танысқым келеді. Дене кем­шілігіне қа­рамаймын. Ең бастысы, иманды бол­ғаны. Тұр­мыс жағдайыма байланыс­ты өзім үйленбегенмін. Жасым 30-да. Қарауыл болып жұмыс істеймін. 24 пен 30 жас аралығындағы қыздар, хабарласыңдар. Бірақ жөнсіз мазаламаңдар, өтініш. 8-771-238-92-70.

1992 жылғымын. Өзім қатарлы қыздармен таныс­қым келеді. Логинім: maks_fo­es.­92@maіl.ru. 8-775-609-81-48.

Сәлем, қыздар! Мінезі жақсы қыздармен танысқым келеді. Логинім: x_sultan_93­kz@­maіl.ru. 8-775-850-99-34.

Жүрегінде иманы бар қыздар, танысып, дос бола­йық. Логинім: ratbek94kz@­maіl.ru. 8-702-855-91-80.

Ассалаумағалейкүм, ина­батты да ибалы қазақтың қыздары! Танысайық. Логинім: www.aіdar. 8-778-445-99-68.

Сәлем, сұлу да көркем бойжеткендер! Жүрегінде иманы бар қыздармен танысамын. Логинім: Mukagalі.­Na­bі­han@maіl.ru 8-775-727-48-94.

Жасым 24-те. Отбасын құру мақсатында түсінігі бар жігітпен таныс­қым келеді. 8-775-882-59-76.

Сәлем! Танысып, дос болуға қалай қарайсыңдар? Ло­гинім: amantaі_­ aknura­@­maіl.­­ru. 8-702-246-73-96.

Сәлем! Мен өзіме адал дос іздеймін. Логинім: su­per_­gі­rl-959595. 8-775-626-06-13.

Сәлем! 1994 жылғымын. Логинім: love.sandu­ga­sh_­94­@­іnbox.ru. 8-702-734-31-16.

Сәлем, қыздар, жігіттер! Таныса­йық, дос болайық. Ло­гинім: aіda_ 96..15@maіl.ru. 8-771-137-44-96.

Сәлем, Шымқаланың сұ­лу қыздары! Танысып, дос бо­лайық. Логинім: kuba.kz95. 8-775-855-99-78.

Медик қыздар, танысайық. Ас­қар, 89-жылғымын. 8-775-722-46-78.

Жүрегінде иманы бар қыз-жігіттер, танысайық, дос бо­лайық. 8-701-584-13-96.

Қыздар, танысайық. Ло­гинім: janbolat_89kz. 8-705-886-83-66.