«Замана» газетіне жазылу жыл бойына жалғаса беретінін естеріңізге саламыз.
Егер Сіз бүгін-ертең барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетін болады.
«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дүние» басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.
Елге арналған газеттермен етене болыңыз, ағайын!
Сізге арналған сәлемхат
Құттықтаймыз!
* Айзат және Нұрзат! Сендерді сегіз айға толған туған күндеріңмен құттықтаймыз! Апасы, атасы, бабасы. 8-775-458-20-89.
* Ұлымыз Мейіржан Нұрғалиды 23-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Дені сау, үлкен азамат болсын! Әкесі Ерік, анасы Гүлназ. 8-702-748-37-42.
* Бөлеміз Айнұрды 18-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Мөлдір судай шаттықты, аппақ гүлдей ақтықты тілейміз. Жұлдыздардай жарқырап, бол әрқашан бақытты! Зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Өмірлік серігің болсын! Сені жақсы көреміз. Тілек білдірушілер – жезде және бөлелерің. 8-775-956-21-89.
* Ағам Ерғали Ниятбековті 14-қараша – туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Оған бұл өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін. Өмірде бақытты бол! Қарындасы Жазира. 8-775-648-93-21.
* Айман жеңгемізді өткен туған күнімен құттықтаймыз. Азамат ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар! Аягөз, Асқат, Аят. 8-775-497-94-95.
Жаңа кітап
Қазақтың ұлттық тағамдары
«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жеңсік тағамдары мен оларды даярлау жолдары, қазақи дастарханға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәстүрлер баяндалған. Кітапта сонымен қатар қадірлі қонақтарға, құда-жекжаттарға, жасы үлкен ағайынға тартылатын сый табақ, ұлттық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпиялары да жазылған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағамдарға қатысты қазақтың ырымдары мен тиымдары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.
Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94, 43-24-67.
Жаңа кітап
Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.
Жаңа кітап
Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.
Жаңа кітап
Тез байығыңыз келсе...
Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жеткізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз
Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.
«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!
Біз үйіне барғанда Алтай ата (суретте) омырауына медальдарын рет-ретімен қыстырып, Ұлы жеңістің 64 жылдық мерекесіне дайындық жасап отыр екен. Жасы 83-тен асса да ештеңеге сүйенбей орнынан тік тұрып амандасқанына қарап қарияның денсаулығы мықты екенін түсіндік.
Алтай Жәнібековтің қаншама жылдан бері газет-журналдардың тігіндісін жинайтынын бүкіл ауылдастары біледі. Үйін таба алмай жүргендер сұрайтын болса, жастардың өзі «Е-е, анау газет жинайтын ветеран ата ма?» – деп жөн сілтеп жіберетініне өзіміз куә болдық.
Жұрт айтса айтқандай-ақ, Алтай атаның үйі толы газеттер. «Егемен Қазақстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Юный техник», «Вокруг света», газет-журналдарының тігінділеріне қоса «Замана» газетінің біріншіден бастап қазірге дейінгі сандарының барлығы бар. Бір қатарға қолбасшылар туралы, екінші қатарға діни кітаптар, үшінші қатарға өлеңдер жинақтарын, төртінші қатарға прозалық шығармаларды, бесінші қатарға айтыстарды жинаса, тағы бір қатарға өзі әлі оқып үлгермеген кітаптарды қойыпты. Бізді тағы да бір сүйсіндіргені, «Замананың» «Жас дәурен» деген атпен алғашқы шыққан нөмірлерін де осы Алтай атаның архивінен табуға болады.
«Бұларды уақытым болған кезде оқимын, – дейді қария. – Газет таратушылар кейде «Замананы» әкелмей қояды. Ондай кезде іздеп барап тапқызып аламын. Көзілдірік дегенді пайдаланып көрген емеспін. Дәрі де ішпеймін. Өзім сұранып 16 жасымда соғысқа кеттім. Бойым кішкентай, құлағым қалқиған арық бала едім, ешкім мені соғысқа алады деп ойлаған жоқ. Бірақ өзім сұранған соң шығар, жолым болды. Әскерде бойым мылтықпен бірдей болып, басындағы пышағы менен жоғары тұратын. Сонда да жауға қарсы шығып, жеңіп қайттық. Жеңістен кейін тағы бес жыл Берлинде тәртіп орнату үшін әскерде қалдым».
Атаның сөзіне қарағанда ол кісі үшін соғыстағы ең қиыны Одер өзенінен өтер сәт болыпты.
«Өзеннің екі жағындағы сегіз танкке бекітілген жуандығы білектей темір трос арқылы көшпелі көпір жасалатын, – дейді қария. – Командирлер төменге қарамауға бұйырады. Бірақ қарамау мүмкін емес. Өзеннің суы өліктердің көптігінен аға алмай көп жерінен бөгеліп қалғанын да сол кезде көрдік. Ол жерде қираған танк пен зеңбірек, ұшақ сынықтары, сынған ағаштар адам өліктерімен бірге араласып жатты. Солардың арасымен жылыстап аққан қан өзен суына қосылатын.
Осындай от пен оқтың ортасында жүргенде қасымда Төлеп Шынықұлов есімді жолдасым болды. Екеуміздің де қарындастарымыз бар еді. Елге тірі қайтқанымыз екіншіміздің қарындасымызға үйленіп, отбасымызға көмек беруге серттескенбіз. Құдай сақтап екеуміз де соғыстан аман қайттық. Мен пысықтау болсам керек, Төлеп досымның қарындасы Күлішаймен отбасын құрдым. Төлеп келісімін берді. Құдайға шүкір, қазір бәйбішеден туған ұл-қыздардан 33 немере мен 16 шөберем бар».
Соғыс жылдары алған «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарына қоса қазір Ресей, Украина, Қазақстан Республикаларының көптеген медальдары Алтай ата омырауының сәнін келтіріп тұр.
Немересі Шоқан атасының денсаулығы мықтылығын бес уақыт намазын қаза қылмайтындығымен түсіндіреді. Бәлкім бұл да рас шығар. 83 жасында орнынан таяқсыз тұрып, газеттерді көзілдіріксіз оқитын Алтай атаның қажырлылығына біз де сүйсіндік.
Біз ол кісіні және басқа да майдангер аталарымызды алдағы келе жатқан мерекелерімен құттықтаймыз. Немере-шөберелеріңіздің қызығын көріңіздер, қадірлі майдангер аталар!
Ұ. ҮМБЕТ.
Пікір қосу
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!
«Заманаға» автор болуға асығыңыз!
Ол үшін қомақты қаламақы төленеді
Құрметті оқырман!
Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.
Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.
Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.
Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.
Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.
Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.
Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!
Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.
Жұлдызнама
(23.01 - 28.01)
Тоқты (21.03-30.04)
Жұмысыңыз біршама көбеюі мүмкін. Өзгелермен түсінісе, тіл табыса қимылдауға мән беріңіз.
Торпақ (21.04-21.05)
Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Әсіресе отбасылық мәселелерде мұқият болғайсыз.
Егіздер (22.05-21.06)
Жақын адамыңызбен тізе қоса қимылдағаныңыз дұрыс. Оның пайдасын молынан көреріңіз анық.
Шаян (22.06-23.07)
Апта күндері сізден жинақылықты талап етеді. Негізгі шаруаларды бір жүйелеп алғаныңыз абзал.
Арыстан (24.07-23.08)
Жолыңыз ашық, көңіліңіз көтеріңкі болады. Сізден біреу жәрдем сұрауы мүмкін, демеп жібергеніңіз жөн.
Бикеш (24.08-23.09)
Қай шаруаға да ойланбай қойып кетуден сақтаныңыз. Бұл аптада осыны ұмытпағаныңыз дұрыс.
Таразы (24.09-23.10)
Басты жұмысты бір жүйелеп қоюға тырысыңыз. Денсаулық мәселесін де назарда ұстағайсыз.
Сарышаян (24.10-22.11)
Сізге аптаның ортасындағы күндер жайлы тимек. Маңызды істерге бел шеше кіріссеңіз болады.
Мерген (23.11-21.12)
Сөзіңіз бен ісіңіздің бір жерден шығуын назардан тыс қалдырмаңыз. Сізге көз тігушілер бар.
Тауешкі (22.12-20.01)
Ойда жүрген шаруаға осы аптада кіріскеніңіз дұрыс. Сізге досыңыздың жәрдемі тигелі тұр.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Белсендірек болуыңыз қажет. Бұл – мүмкіндіктер аптасы, қолайлы сәттерді қалт жіберіп алмаңыз.
Балық (20.02-20.03)
Ішкі түйсігіңізге сеніп әрекет етсеңіз, адаспайсыз. Қомақты олжаға қол жеткізуіңіз мүмкін.
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Ауырмаңыз!» газетінде не жазылған?
*Аязды күндері кейбір адамдарды терісі қышып, әбіржітетіні, ісініп, онда бөртпелер пайда болатыны бар. Медицина тілінде бұл «суыққа аллергия» деп аталады. Суыққа аллергия көбіне бұрын жұқпалы аурулармен ауырған адамдарда 25-30 жастан кейін пайда болады екен. Мұндай аллергиядан қалай арылуға болады? Аяздан болатын аллергияға шалдықпас үшін не істеу керек?
* Қыстыгүні жас балаларды жиі мазалайтын баспаны (ангина) болдырмайтын тәсіл бар. Ол қандай тәсіл?
* Көздің көру қабілетін жақсартып, бұлдырағанын халықтық тәсілдермен де емдеуге болады екен. Ол үшін аса көп шығындалудың керегі жоқ. Тек...
* Көп адам моншаға түсуді тек кірден тазару деп қабылдайды. Сөйтіп, аптасына бір, ары кетсе екі рет моншаға түседі. Бірақ ыстық бу мен жылы судың қадірін білгенмен, пайдасын білмеген күйі моншадан шомылып қана шығады. Егер олар тиісті ережені біліп, оны орындайтын болса, монша арқылы ағзаны артық қалдықтан тазартқан болар еді. Ағзаға саулық сыйлайтын ол қандай ереже екенін білгіңіз келе ме?
* Омыртқааралық жарық (грыжа) – оңай дерт емес. Буын-буынды қақсатып, отырып-тұруды қиындататын бұл дерттің жазылуы да қиын. Дегенмен Шымкентте ине салу арқылы өзіне ғана белгілі массаж түрімен осы аурудан он күн ішінде айықтыратын дәрігер бар. Оның еміне жұрт дән риза. Себебі сүйегі сырқырап келгендер санаулы күнде үйлеріне қуана қайтады. Ол дәрігерді қайдан табуға болады?
* Ауырып қалған кей адамдарға дәрігерлер, кейде үлкендер де «қанды тазарту керек» деп жатады. Қан тазартудың денсаулыққа әсері қандай? Оны қалай тазарту керек?
...Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің жаңа нөмірінен табасыздар.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Қызық газетте»не жазылған?
Дүние есігін ашқаннан жетімдіктің тауқыметін аз татпаған оның ең алғашқы сүт-анасы кәдімгі жаңадан боталаған аруана болыпты. Ержете келе бар бақытын шығармашылық өнерден тапқан сол адамның тағдыры туралы «Жетімдікті жеңіп, жетілген жан» деп аталатын хикая «Қызық газеттің» осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінде жарияланған.
Сондай-ақ аталмыш басылымға қандықол қылмыскерлерді құрықтаған бұрынғы полиция қызметкерінің жан сыры мен сезім сергелдеңіне түсіп, жат елге кетуге мәжбүр болған жас қыздың басынан кешкендері жайында жазылған тағы да екі хикая еніп отыр.
Оқыңыз, өкінбейсіз!
Құлағыңыз түрік жүрсін!
* Новая, уютная
* Тихий центр
* Все условия
* Умеренная цена
Наш адрес:
г. Шымкент,
ул. Акпан батыра, 23.
(уг. улицы Майлыкожа.).
Тел.: 8(725-2) 53-26-79.
Моб.: 8-775-92-47-999.
Будьте нашим гостем!
"Керек кеңестер"
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз
Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.
«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!
SMS
"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз
Құрметті оқырман!
Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы
SMS – хабарлама
жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:
– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.
Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.
* Ассалаумағалейкүм! Аллаһтың әмірін бұлжытпай орындайтын, Пайғамбардың сүннетін жанына жылу еткен, Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын, шариғат ілімінен хабары бар, өте әдепті, ибалы да инабатты мұсылман қыздармен танысқым келеді. 81-ші жылғымын. Жеңіл ойлылар мазаламауын өтінемін. 8-775-712-34-03.