Жұлдызнама

25.07.2016
Қаралды: 10573

Сізді не күтіп тұр?

(20.11 - 26.11)

Тоқты (21.03-20.04)

Барынша сергек болғайсыз. Жаңа табыс көзіне жетелер жол табуыңыз ықтимал.

Торпақ (21.04-21.05)

Отбасы бюджетіне қомақты үлес қосқалы тұрсыз. Бей­сен­біден жаңалық күт­сеңіз болады.

Егіздер (22.05-21.06)

Ақша көбейтудің орайы келгелі тұр. Қолайлы сәттерді қалт жіберіп алмаңыз.

Шаян (22.06-23.07)

Сәттіліктер аптасы. Керітарт­палыққа бой алдырмағаныңыз абзал.

Арыстан (24.07-23.08)

Сізге сенім білдіре­тіндер қа­тары артпақ. Іскерлік байланыс орнатуыңыз ықтимал.

Бикеш (24.08-23.09)

Көпшілік ортада жиірек боласыз. Пайдасы тиетін адаммен танысуыңыз мүмкін.

Таразы (24.09-23.10)

Апта күндерінің берері аз болмайды. Бірден қарқын алуға тырысқайсыз.

Сарышаян (24.10-22.11)

Күрделі тапсырма жүктелуі ық­тимал. Өзгелермен тіл табыса қимылдауды ұмытпаңыз.

Мерген (23.11-21.12)

Шаңырағыңызға қо­мақты кіріс келуі мүм­кін. Қолайлы сәттерді қалт жібермеуіңіз керек.

Тауешкі (22.12-20.01)

Негізгі бағытты назарда ұстағайсыз. Сізге аптаның алғашқы бөлігі тиімдірек болмақ.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Материалдық жағдайыңыз жақсара тү­се­ді. Барынша бел­сенді әрекет еткеніңіз абзал.

Балықтар (20.02-20.03)

Ұсақ-түйек демей, әрбір іске мән беріңіз. Бұл аптада осыған көп нәрсе байланысты бол­мақ.

Пікір қалдыру

1000 символ