«Замана» газетіне жазылу жыл бойына жалғаса беретінін естеріңізге саламыз.
Егер Сіз бүгін-ертең барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетін болады.
«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дүние» басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.
Елге арналған газеттермен етене болыңыз, ағайын!
Сізге арналған сәлемхат
Құттықтаймыз!
* 12 мамыр – Мейірбикелер күні мерекесімен Шымкент медицина колледжін 1985 жылы «3» тобын бітірген группаластарымды, группа жетекшісі Филатова Людмиланы, №2 жедел жәрдем ауруханасының аға мейірбикесі Роза Петровнаны құттықтаймын. Құттықтаушы – Тілегенова Паршагүл Орынбасарқызы. Жас жігіттер, танысайық деп телефон соғушы болмаңдар! 8-702-634-35-67.
* Ардақты әпкем Ақмарал және қылығы балдай тәтті жиенім Жарқынбек! Сендерді туылған күндеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Ана мен бала арасындағы магнитсіз тартылатын іңкәр сезім мен шын көңілден туған мейірімнен кенде болмаңдар. Ізгі тілекпен – өзіңді құрметтейтін кенже інің және өзіңді жақсы көретін нағашың – Білімжан. 8-771-139-65-37.
Түнде бөлмеге ұры келіп, шифоньерді ашып жатқанда, студент оянып кетеді.
– He іздеп жүрсің?
– Ақша.
– Тапсаң, мені оятарсың.
ҮШТӨБЕ
Екі студент танысып отыр:
– Мен Түркістаннан келдім, сен қайдан келдің?
– Сен ойлап тап, менің ауылымның аты «қанағаттанарлық», «жақсы» және «өте жақсы» бағалардың алдыңғы екі әріптерінен құралады.
СҰРАУ МЕН ҚҰЛАУ
Институтқа түсе алмай келген баласы әкесіне:
– Әділдік жоқ екен, – депті.
– Неге?
– Қан тапсыр деп сұранды. Тапсырдым. Зәр тапсыр деп сұранды. Тапсырдым. Математика тапсыр деп сұранды. Тапсыра алмадым, соған бола құлатып жіберді.
ТҰЖЫРЫМ
Студент тараканды ұстап алып, екі аяғын жұлып тастап ысқырады. Таракан жүгіріп кетеді. Төрт аяғын жұлып алып, ысқырады. Таракан жүріп кетеді. Алты аяғын да жұлып алып, ысқырады. Таракан қозғалмайды.
Тұжырым: аяқсыз таракан ысқырықты есітпейді.
Жаңа кітап
Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.
Жаңа кітап
Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Қызық газет» – қызық газет!
«Аңқау елге арамза молда» дегендей, бір кездерде банктен несие әпергіш қулар көбейіп кеткен еді. Қалай жасайтыны белгісіз, олар жоқ құжатты бар етіп, талай адамды қан қақсатқан. Сол кездері банкке қарызынан құтыла алмай өзіне қол салғандар да, жазықсыз сотталып кеткендер де жетерлік.
«Қызық газеттің» осы аптадағы жаңа нөмірінде жарық көрген «Алған несиесі кесір болған отбасы» деп аталатын хикаяда баспаналы болу үшін несие алған отбасының тартқан тауқыметі жайында баяндалады.
Сондай-ақ аталмыш басылымда талай орынсыз істерімен жұртты шулатқан мектеп жасындағы қыздың жан сыры «Оқушы қыздың орынсыз қылықтары» деген тақырыппен беріліп отыр.
Оқыңыздар, ой түйіңіздер!
Керек кеңестер
Енеңіз еңсеңізді езбесін десеңіз...
«Сиырдың жауы – кене, келіннің жауы – ене» деп кейбіреулер өздерінше мақал шығарып алған. Алайда ененің барлығы бірдей жаман деуге бола ма? Енеңізбен «тонның ішкі бауындай» қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, барлық келіндер біле бермейтін мына мәселелерге назар аударыңыз:
♦ Қайын енеңіз – сіз, сіздің анаңыз, құрбыларыңыз, қызметтес әріптестеріңіз сияқты өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар қарапайым әйел. Сондықтан объективті көзқарас ұстанғаныңыз абзал. Енеңізбен бақталас емес, оның ұлын бақытты еткісі келетін жақын жан екеніңізді сезіндіріңіз. Отбасылық жоспарларыңызбен бөлісіп, берген ақыл-кеңестерін мұқият тыңдаңыз. Айтқан ақылы көңіліңізге қонбаса, үндемей-ақ қойыңыз. Бәрібір жоспарыңызды өз қалауыңызша жүзеге асырасыз.
♦ Психологтардың кеңесіне құлақ асар болсақ, алдымен ененің мінез-құлқы мен қимыл-әрекеттерін мұқият зерттеп алған дұрыс. Мысалы, енеңіз сәнқой болса, сіз де дереу салонға барып, шашыңыз бен қасыңызды түзетіп, тырнағыңызға тартымды маникюр жасатыңыз. Енеңізбен парфюм әлеміндегі жаңалықтармен бөлісіп, әңгіме өрбітіңіз. Өзгеруге тырыспаңыз, өзіңіздің табиғи қалпыңызды сақтап қалыңыз. Өзіңіздің мықты жақтарыңызды көрсетуден тайсалмаңыз. Жұбайыңыз бағалаған бұл қасиеттеріңізді оның анасы да бағалайды.
♦ Егер сіз енеңізбен бір үйде тұратын болсаңыз, мынаны ұғыныңыз: Бұл үйдің бикесі сіз емессіз. Сондықтан бұрыннан қалыптасқан қағидаларды, жазылмаған заңдылықтарды үйреніп алыңыз. Ол нәрселерді өзгертуге тырыспаңыз. Бұл үйде ұрыс-керіс шығаруға себеп болады. Бірақ өз бөлмеңіздегі тәртіпті өзіңіз ғана бақылауда ұстаңыз. Енеңіздің өз территорияңызға өтіп, сіздің киімдеріңіз бен бұйымдарыңызды рұқсатсыз жайғастыруына жол бермеңіз. Үй шаруасындағы атқара алмайтын істеріңіз жайында алдын-ала айтыңыз. Кикілжіңнің 90 пайызы үй шаруасына қатысты.
♦ Енелердің көпшілігі алғаш көргенде келіндеріне сенімсіздік танытып, күмәнді көзқараспен қарайды. Сондықтан келінінің өз баласына көрсеткен ілтипаты мен жақсы қарым-қатынасын көрген сайын оның сізге бүйрегі бұрып, жүрегі жылып қалады. Бірақ бұл қарым-қатынасыңыздың бірі де жасанды болмағаны абзал.
♦ Жұбайыңызбен жағымсыз ара қатынасыңызды енеңіздің мүлдем көрмегені абзал. Дегенмен ертелі-кеш ененің көңілінен шығу үшін құрақ ұшып, өзіңізге қарауды ұмытып кетпеңіз. Ол кісімен қарым-қатынасыңыз қалай болғанда да алдыңызда сіз үшін ең қымбатты, сүйікті жанды дүниеге әкеліп, өсіріп, ержеткізген әйел тұрғанын ұмытпаңыз. Ол – құрметтеуге лайықты жан.
Негізгі бет
Қанды қалай тазартуға болады?
Бүгінгі таңда экологиялық таза азықпен тамақтанудың өзі қиындап барады. Сол себепті күнделікті өмірде астан, судан және ауадан адам ағзасы түрлі токсиндермен уланып жатқаны жасырын емес. Адам ағзасына нәр беретін қанның токсиндерден таза болуы денсаулықты жақсартуда үлкен маңызға ие. Ал қан құрамын олардан қалай тазартуға болады? Осы жөнінде біз Оңтүстік Қазақстан облыстық қан орталығы директорының медицина жөніндегі орынбасары, трансфузиолог-дәрігер Жайнар Астанаевамен әңгімелескен едік.
– Жайнар Орынбасарқызы, плазмофорез деген не, осы жөнінде тоқталып өтсеңіз?
– Күнделікті қолданатын тамақ, ауа, су арқылы адам ағзасына тұрақты түрде мыңдаған қажетсіз заттар енеді. Оның қатарында, әрине, улылары да болады. Бұған түрлі күйзелістерді, ұйқының қанбауын, экологиялық жағдайдың қолайсыздығын қосыңыз. Яғни бүйрек, бауыр, өкпе және ағзаның тазалығына жауапты тағы басқа мүшелер өз міндетін толық атқара алмай қалады. Содан ағзаның қорғаныш күші әлсірейді. Міне, сонда ағзаны қажетсіз, улы заттардан тазалау керек болады.
Қанды тазартудың көптеген түрлері бар. Соның ішіндегі ең тиімдісі – плазмофорез. Плазмофорез әдісімен қан тазалау терең жасушалық негізде жүретіндіктен оның әсері жақсы болады.
Бізде Америкадан әкелінген «Гемонетик» деген автоматтандырылған жаңа заманауи аппарат бар. Бұл қондырғымен қан тазарту мейлінше қауіпсіз жағдайда жүзеге асырылады. Себебі дәрігерлер тек тиісті бағдарламаны енгізіп, «бұйрық» беріп отырады. Қалған істің бәрін қондырғы өзі атқарады. Жарты сағаттай уақыт көлемінде 600 миллилитр қан сүзгіштен өткізіліп, тазаланып, өңделіп, қан плазмасы алынып, тазаланған қанды қайтадан өзіне құйып береді.
– Плазмофорездік ем қандай науқастарға ұсынылады?
– Қан тазарту процесі аллергиялық ауруларға, псориаз, экзема сияқты тері ауруларына, эндокринологиялық, тері-венерологиялық ауруларға, демікпеге, гипертониялық ауруларға, буын-буын қақсайтын ревматоидтық артриттерге, қант диабетінің кейбір түрлеріне, ішек құрылысының аурулары сияқты көптеген ауруларға қолданылады.
Қан плазмадан және қызыл түйіршіктерден тұрады. Олардың әрқайсысының өзіндік қызметі бар. Қандағы қызыл түйіршіктер ағза жасушаларына оттегі мен қоректік заттарды жеткізеді. Ал плазма арқылы жасушадан пайдаланылған өнімдер, яғни холестерин қалдықтары және басқа зиянды әрі қажетсіз заттар шығарылады. Бір сөзбен айтқанда, плазманың құрамында ауру қоздыратын инфекциялар жинақталады. Ал плазмофорездік ем кезінде қанның құрамындағы керексіз заттар плазмада тұнып, олар алынып тасталады. Қан тазаланған соң ауырсыну белгілері төмендейді.
– Қан тазаланғаннан кейін науқастың жағдайы қаншалықты жақсарады?
– Мұндай емнен кейін қатты науқастанған жандардың ауруы біршама бәсеңдейді. Науқастың жалпы жағдайы жақсарып, көңіл-күйі сергиді. Ал дені сау адамдар күш-қуатының артқанын бірден сезінеді. Созылмалы шаршауға душар болған жандар қан тазалағаннан кейін жұмысқа деген құлшынысы артқанын байқайды. Жалпы, қан тазарту ешкімге де зиянын тигізбейді. Қан тазаланғаннан кейін адам ағзасы жеңіл жұмыс істеп, олардың бойынан жасару белгілері байқалады.
– Қан тазарту емін қанша жастан бастап жасауға болады?
– Қан құрамын тазартуды жас сәбилерге де жасауға болады. Ол балалар ауруханаларында жасалады. Біздің орталықта дәрігердің кеңесімен 16 жастан асқан кез-келген азаматқа плазмофорездік ем қолданылады.
– Енді мұндай емнің құны қанша екеніне де тоқтала кетсеңіз.
– Бізде емнің бағасы көтерілген жоқ. Биыл да өткен жылғыдай бір сеанстың құны 12 мың теңге.
– Әңгімеңіз үшін рахмет.
Сұхбаттасқан – Қ. ҚАЛАУОВА.
(«Ауырмаңыз!», №02, 2012 ж.)
Пікір қосу
Біздің кітаптар
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!
«Заманаға» автор болуға асығыңыз!
Ол үшін қомақты қаламақы төленеді
Құрметті оқырман!
Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.
Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.
Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.
Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.
Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.
Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.
Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!
Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.
Жұлдызнама
(14.05 - 20.05)
Тоқты (21.03-20.04)
Өзіңізге деген сенімнің арта түскенін сезініп, қуанасыз. Сізді алда көңілді күндер күтеді.
Торпақ (21.04-21.05)
Молшылығымен қуантатын апта. Сәрсенбіге қарай қолыңызға қомақты қаржы түсуі мүмкін.
Егіздер (22.05-21.06)
Көпшілікпен жиірек араласу ойыңызда болсын. Жаңа табыс көзін ашуыңыз ғажап емес.
Шаян (22.06-23.07)
Ағымдағы жұмыстармен айналысасыз. Бүгін бітіретін істі ертеңге қалдырмағаныңыз жөн.
Арыстан (24.07-23.08)
Біраз шаруаға тікелей басшылық етуіңіз керек болады. Жәрдемшілер жаныңыздан табылады.
Бикеш (24.08-23.09)
Еңбекқорлығыңыздың пайдасын көресіз. Апта соңына қарай олжалы болуыңыз мүмкін.
Таразы (24.09-23.10)
Негізгі жұмысқа күш салғаныңыз дұрыс. Жоспармен әрекет етсеңіз, бәрі де өз орнын табады.
Сарышаян (24.10-22.11)
Апта күндері сізді әбіржіте қоймайды. Қордаланып қалған шаруалар болса, реттеп алғаныңыз абзал.
Мерген (23.11-21.12)
Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Шешім қабылдарда барынша батыл болуыңыз қажет.
Тауешкі (22.12-20.01)
Іскерлік қабілетіңізді аша түсетін апта. Көздеп жүрген мәселеге кірісе берсеңіз болады.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Жақын адамдарыңыздың жетістігі қуантады. Өзіңіз отбасы бюджетіне қомақты кіріс әкелуіңіз мүмкін.
Балық (20.02-20.03)
Тартыншақ болмаңыз. Көзге жиірек түсуіңіз керек, оған мүмкіндік мол, қимылдап қалыңыз.
Біздің газеттер
Құлағыңыз түрік жүрсін
Ауырмаудың жолы көп
* Жылан мен кірпі етінен жасалған сорпа арқылы ауруыңыздан айықтыратын адам бар. Бұл сорпа қандай дерттерге дауа? Оны қайдан табуға болады?
* Темекіні тастай алмай жүрсіз бе? Улы түтіннен жирендіріп, оны аз күнде-ақ тастауға көмектесетін тәсілдер бар.
* Әлсіздік мазалап, өздігіңізден шаршап жүрсіз бе? Сірке су көтермей, жиі ашуланатын болсаңыз, мұны көктемнің ағзаға әсері деп түсініңіз. Ал бұл жайсыздықтан қалай құтылуға болады?
* Біреулер шұжыққа әжетхана қағазы қосылады екен дейді. Енді біреулер онда еттурағышқа түсіп кеткен тышқан еті де болады деседі. Бұл сөз шындыққа қаншалықты жанасады? Жалпы, шұжық туралы не білесіз?
* Қазір тірі адам тіршілігін жасап қалатын нағыз шақ. Яғни әрбір секунд қымбат. Дегенмен ғалымдар бұлай жаныға бермей, жалқаулыққа да ырық беру керек дейді. Неге?
* Бұл елде шыбын мен тараканнан да дәрі жасайды екен. Керек десеңіз, жыбырлағанның бәрін жарамды деп тауып, дәрмекке айналдырады. Соған қарамастан медицинасы ерекше дамыған саналатын бұл қай ел? Оның құпиясы неде?
Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен таба аласыз.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Тылсым дүниені» оқыңыз!
«Тылсым дүние» газетінің осы аптада жарық көрген нөмірінен ауыспалы климаттың ғаламшарымызға тигізер әсері мен ғарышта кездесетін түрлі микробтардың зияндылығы туралы, сондай-ақ құпиясы көп құйрықты жұлдыз бен таңғажайып жасыл сәуленің кереметі жайында жазылған қызықты мақалаларды оқи аласыздар.
Сондай-ақ жаратылыс пен тіршілік төңірегіндегі тылсым сырға толы оқиғалар мен табиғаттың таңқалдырар құбылыстары, жайшылықта өзіміз мән беріп жатпайтын жұмбақ жағдайлар жөнінде де басылымда жаңаша қырынан баяндалған.
«Тылсым дүние» – әрдайым оқырманын жоғарыда айтылғандай ғажайыптар әлеміне, тылсым сырдың тұңғиығына жетелейтін ерекше басылым. Сол үшін де ол оқырман ортасынан өз орнын нық тапқан газет.
Ендеше, алағы уақытта да бізбен бірге болып, газетімізге алдағы, екінші жартыжылдыққа жазылып қоюды ұмытпағайсыздар!
Құлағыңыз түрік жүрсін!
* Новая, уютная
* Тихий центр
* Все условия
* Умеренная цена
Наш адрес:
г. Шымкент,
ул. Акпан батыра, 23.
(уг. улицы Майлыкожа.).
Тел.: 8(725-2) 53-26-79.
Моб.: 8-775-92-47-999.
Будьте нашим гостем!
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Керек кеңестерден» керегіңізді табасыз
* Алда Наурыз мерекесі келеді. Ал сіз наурызкөжені аса дәмді әрі құнарлы етіп әзірлеудің тәсілін білесіз бе?
* Бүгінде бау-бақшасына көшет алуды ойластырып жүргендер көп. Ендеше, кейін мол өнім беретін көшетті қалай таңдап, қалай отырғызу керек?
* Енді құрылыс жұмыстары да басталады. Иемденген жер теліміне баспана тұрғызу қамымен жүргендер жоқ емес. Осындайда жер телімінің тиісті тіркеуде болғаны жақсы. Әйтпесе біраз қиындықтар туындайды. Ал жер телімін тіркетудің де өзіндік тәртіптері бар. Ол қандай тәртіптер?
* Көктемгі әскерге шақыру кезінде жастар арасынан майтабан ауруына шалдыққандар көптеп анықтала бастайтыны рас. Сонда майтабандық неден пайда болады, оны ертерек байқап, аурудың алдын-алу үшін не істеу керек? Жалпы, оның алдын-алуға бола ма?
...Бұл сұрақтардың жауабын оқырманға өмірдің сан саласынан қажетті кеңестер беріп отыратын «Керек кеңестер» газетінің осы аптада жарық көрген кезекті нөмірінен табасыз.
SMS
"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз
Құрметті оқырман!
Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы
SMS – хабарлама
жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:
– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.
Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.
♥ Жасым 25-те. Жанымды түсінетін қазақтың қыздарымен танысқым келеді. Бір баласы болса да қарсы емеспін. 8-702-957-26-53.
♥Иманды, намазхан қызбен танысқым келеді. Дене кемшілігіне қарамаймын. Ең бастысы, иманды болғаны. Тұрмыс жағдайыма байланысты өзім үйленбегенмін. Жасым 30-да. Қарауыл болып жұмыс істеймін. 24 пен 30 жас аралығындағы қыздар, хабарласыңдар. Бірақ жөнсіз мазаламаңдар, өтініш. 8-771-238-92-70.