«Замана» газетіне жазылу жыл бойына жалғаса беретінін естеріңізге саламыз.
Егер Сіз бүгін-ертең барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетін болады.
«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дүние» басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.
Елге арналған газеттермен етене болыңыз, ағайын!
Сізге арналған сәлемхат
Құттықтаймыз!
* 12 мамыр – Мейірбикелер күні мерекесімен Шымкент медицина колледжін 1985 жылы «3» тобын бітірген группаластарымды, группа жетекшісі Филатова Людмиланы, №2 жедел жәрдем ауруханасының аға мейірбикесі Роза Петровнаны құттықтаймын. Құттықтаушы – Тілегенова Паршагүл Орынбасарқызы. Жас жігіттер, танысайық деп телефон соғушы болмаңдар! 8-702-634-35-67.
* Ардақты әпкем Ақмарал және қылығы балдай тәтті жиенім Жарқынбек! Сендерді туылған күндеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Ана мен бала арасындағы магнитсіз тартылатын іңкәр сезім мен шын көңілден туған мейірімнен кенде болмаңдар. Ізгі тілекпен – өзіңді құрметтейтін кенже інің және өзіңді жақсы көретін нағашың – Білімжан. 8-771-139-65-37.
Түнде бөлмеге ұры келіп, шифоньерді ашып жатқанда, студент оянып кетеді.
– He іздеп жүрсің?
– Ақша.
– Тапсаң, мені оятарсың.
ҮШТӨБЕ
Екі студент танысып отыр:
– Мен Түркістаннан келдім, сен қайдан келдің?
– Сен ойлап тап, менің ауылымның аты «қанағаттанарлық», «жақсы» және «өте жақсы» бағалардың алдыңғы екі әріптерінен құралады.
СҰРАУ МЕН ҚҰЛАУ
Институтқа түсе алмай келген баласы әкесіне:
– Әділдік жоқ екен, – депті.
– Неге?
– Қан тапсыр деп сұранды. Тапсырдым. Зәр тапсыр деп сұранды. Тапсырдым. Математика тапсыр деп сұранды. Тапсыра алмадым, соған бола құлатып жіберді.
ТҰЖЫРЫМ
Студент тараканды ұстап алып, екі аяғын жұлып тастап ысқырады. Таракан жүгіріп кетеді. Төрт аяғын жұлып алып, ысқырады. Таракан жүріп кетеді. Алты аяғын да жұлып алып, ысқырады. Таракан қозғалмайды.
Тұжырым: аяқсыз таракан ысқырықты есітпейді.
Жаңа кітап
Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.
Жаңа кітап
Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Қызық газет» – қызық газет!
«Аңқау елге арамза молда» дегендей, бір кездерде банктен несие әпергіш қулар көбейіп кеткен еді. Қалай жасайтыны белгісіз, олар жоқ құжатты бар етіп, талай адамды қан қақсатқан. Сол кездері банкке қарызынан құтыла алмай өзіне қол салғандар да, жазықсыз сотталып кеткендер де жетерлік.
«Қызық газеттің» осы аптадағы жаңа нөмірінде жарық көрген «Алған несиесі кесір болған отбасы» деп аталатын хикаяда баспаналы болу үшін несие алған отбасының тартқан тауқыметі жайында баяндалады.
Сондай-ақ аталмыш басылымда талай орынсыз істерімен жұртты шулатқан мектеп жасындағы қыздың жан сыры «Оқушы қыздың орынсыз қылықтары» деген тақырыппен беріліп отыр.
Оқыңыздар, ой түйіңіздер!
Керек кеңестер
Енеңіз еңсеңізді езбесін десеңіз...
«Сиырдың жауы – кене, келіннің жауы – ене» деп кейбіреулер өздерінше мақал шығарып алған. Алайда ененің барлығы бірдей жаман деуге бола ма? Енеңізбен «тонның ішкі бауындай» қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, барлық келіндер біле бермейтін мына мәселелерге назар аударыңыз:
♦ Қайын енеңіз – сіз, сіздің анаңыз, құрбыларыңыз, қызметтес әріптестеріңіз сияқты өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар қарапайым әйел. Сондықтан объективті көзқарас ұстанғаныңыз абзал. Енеңізбен бақталас емес, оның ұлын бақытты еткісі келетін жақын жан екеніңізді сезіндіріңіз. Отбасылық жоспарларыңызбен бөлісіп, берген ақыл-кеңестерін мұқият тыңдаңыз. Айтқан ақылы көңіліңізге қонбаса, үндемей-ақ қойыңыз. Бәрібір жоспарыңызды өз қалауыңызша жүзеге асырасыз.
♦ Психологтардың кеңесіне құлақ асар болсақ, алдымен ененің мінез-құлқы мен қимыл-әрекеттерін мұқият зерттеп алған дұрыс. Мысалы, енеңіз сәнқой болса, сіз де дереу салонға барып, шашыңыз бен қасыңызды түзетіп, тырнағыңызға тартымды маникюр жасатыңыз. Енеңізбен парфюм әлеміндегі жаңалықтармен бөлісіп, әңгіме өрбітіңіз. Өзгеруге тырыспаңыз, өзіңіздің табиғи қалпыңызды сақтап қалыңыз. Өзіңіздің мықты жақтарыңызды көрсетуден тайсалмаңыз. Жұбайыңыз бағалаған бұл қасиеттеріңізді оның анасы да бағалайды.
♦ Егер сіз енеңізбен бір үйде тұратын болсаңыз, мынаны ұғыныңыз: Бұл үйдің бикесі сіз емессіз. Сондықтан бұрыннан қалыптасқан қағидаларды, жазылмаған заңдылықтарды үйреніп алыңыз. Ол нәрселерді өзгертуге тырыспаңыз. Бұл үйде ұрыс-керіс шығаруға себеп болады. Бірақ өз бөлмеңіздегі тәртіпті өзіңіз ғана бақылауда ұстаңыз. Енеңіздің өз территорияңызға өтіп, сіздің киімдеріңіз бен бұйымдарыңызды рұқсатсыз жайғастыруына жол бермеңіз. Үй шаруасындағы атқара алмайтын істеріңіз жайында алдын-ала айтыңыз. Кикілжіңнің 90 пайызы үй шаруасына қатысты.
♦ Енелердің көпшілігі алғаш көргенде келіндеріне сенімсіздік танытып, күмәнді көзқараспен қарайды. Сондықтан келінінің өз баласына көрсеткен ілтипаты мен жақсы қарым-қатынасын көрген сайын оның сізге бүйрегі бұрып, жүрегі жылып қалады. Бірақ бұл қарым-қатынасыңыздың бірі де жасанды болмағаны абзал.
♦ Жұбайыңызбен жағымсыз ара қатынасыңызды енеңіздің мүлдем көрмегені абзал. Дегенмен ертелі-кеш ененің көңілінен шығу үшін құрақ ұшып, өзіңізге қарауды ұмытып кетпеңіз. Ол кісімен қарым-қатынасыңыз қалай болғанда да алдыңызда сіз үшін ең қымбатты, сүйікті жанды дүниеге әкеліп, өсіріп, ержеткізген әйел тұрғанын ұмытпаңыз. Ол – құрметтеуге лайықты жан.
Негізгі бет
"Пошташы жоқ, газетсіз қалдық"-дейді қараталдық қариялар
Жаңа жылдың алағашқы айы да артта қалды. Оқырман қауым 2012-жылға жазылған газеттерінің бірнеше нөмірлерімен қауышып үлгерді. Дегенмен ел ішінде мұндай мүмкіндіктен мақұрым қалып отырғандары да баршылық екен. Кешегі аптада Сарыағаш ауданына барғанымызда осындай бір келеңсіз оқиғаға куә болдық.
«Мен «Замана» газетіне жазылған болатынмын, – дейді Қаратал ауылының тұрғыны Тазабек Әбдіраманов есімді азамат (суретте). – Әлі бір газет алғаным жоқ. Айына берілетін зейнетақыға барғанымызда қолымызға кез-келген газетті ұстата салады. Егер бұл әрекет ақпанда да жалғасатын болса, онда мен келесі жартыжылдықта ешқандай газетке жазылмаймын. Өзім қалағанды бермей, айына топтап қолыма басқа газет ұстата салса оны не істеймін?»
Бұл бір адамның ғана пікірі емес. Почтаға өкпелі адамды осы ауылдан көптеп кездестіруге болады. Солардың бірі Саттархан Жақыпов есімді азамат (суретте).
«Біздің ауылдық округтегі он үш ауылда он жеті мыңдай халық тұрады, – дейді ол кісі. – Олардың арасының ең жақын дегені үш шақырым. Осыған екі-үш почташы қызмет көрсетеді. Жаңа жылдан бастап тағы екі адамды қысқартып жіберді. Қысқартуға ауылдық жерлердегі бес-алты мың теңгеге жұмыс істеп жүргендер ілігіп жатыр. Оу, Шымкентте почтада қаншама адам істейтін жұмыс таппай отыр ғой. Қысқартқыш болса, соларды қысқартпай ма? Бізге газетке жазыл дейді. Ал өздері жазылған газетімізді әкелмейді. Сонда облыстағылар ауылдық жердегі почтальондарды қысқартсақ адамдар жазылған газеттерін өздері алып кетеді дей ме? Тап осы уақытта «Қазпочтадан» өткен әлеуетті мекеме жоқ. Оның әр ауылға бір почтальон қойса да жағдайы көтереді. Бірақ ақша үнемдеу үшін ауылдағы қызметкерлерді қысқартады немесе бес-алты мың теңгемен жұмыс істетеді. Мен мұны Қазақстан Республикасы азаматының құқын қорлау деп білемін. Қазір бес-алты мың теңгемен қай жыртықты жамауға болады?
Өзім отыз жылдан аса почта саласында қызмет атқарғандықтан үй аралап газет таратудың оңай емес екенін білемін. Солай бола тұра жоғарыда отырғандар төменде жұмыс істейтіндерді қысқарта береді. Жаңа жылдан бастап біздің ауылдың почташысын қысқартыпты, енді бізге газетті, жүре алмайтын қариялардың зейнетақысын кім жеткізіп береді? Біз секілді қарапайым ауыл тұрғындарына осы жөнінде түсіндіріп берсе дұрыс болар еді».
Біз бұдан кейін Ошақты ауылдық округінің почта меңгерушісі Гүлнәр Рысбаеваға хабарластық.
«Бізден екі адамның қысқартуға ілінгені рас, – деді ол кісі. – Қазір он мыңдай халыққа 0.5 «ставкамен» үш адам қызмет көрсетеміз. Жоғарыдағы екі азамат әлі мөрлерді тапсырған жоқ, бұл жөнінде ауданға хабарладым. Қаңтар айынан бері газет алмадым дегенді бірінші рет естіп отырмын. Біздің ауылдық округ бойынша жиырма адам «Заманаға», жүз адам «Жаңалық» газетіне жазылған. Өзіміз газет тарататын жерде ондай шағым жоқ. Ал қараталдықтардың «Замананы» әлі де алмаған себебін анықтаймыз».
Араға біршама уақыт салып ол кісімен қайта хабарласқанымызда: «Қысқартуға іліккен Артық Бөрібеков газеттерді үйінде ұстап отыр екен. Ол кісі газеттерді менің почтальонымның үйіне әкеп беретін болыпты. Бұдан кейін ауылда барлық адам газеттерді уақтылы алып тұратын болады», – деген жауап естідік.
Міне, почта қызметкері осылай деп ақталады. Бүгінде өз кінәсін мойындай салатын адам қайда?
Р. ШАЛҚАР.
Пікір қосу
Біздің кітаптар
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!
«Заманаға» автор болуға асығыңыз!
Ол үшін қомақты қаламақы төленеді
Құрметті оқырман!
Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.
Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.
Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.
Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.
Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.
Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.
Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!
Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.
Жұлдызнама
(14.05 - 20.05)
Тоқты (21.03-20.04)
Өзіңізге деген сенімнің арта түскенін сезініп, қуанасыз. Сізді алда көңілді күндер күтеді.
Торпақ (21.04-21.05)
Молшылығымен қуантатын апта. Сәрсенбіге қарай қолыңызға қомақты қаржы түсуі мүмкін.
Егіздер (22.05-21.06)
Көпшілікпен жиірек араласу ойыңызда болсын. Жаңа табыс көзін ашуыңыз ғажап емес.
Шаян (22.06-23.07)
Ағымдағы жұмыстармен айналысасыз. Бүгін бітіретін істі ертеңге қалдырмағаныңыз жөн.
Арыстан (24.07-23.08)
Біраз шаруаға тікелей басшылық етуіңіз керек болады. Жәрдемшілер жаныңыздан табылады.
Бикеш (24.08-23.09)
Еңбекқорлығыңыздың пайдасын көресіз. Апта соңына қарай олжалы болуыңыз мүмкін.
Таразы (24.09-23.10)
Негізгі жұмысқа күш салғаныңыз дұрыс. Жоспармен әрекет етсеңіз, бәрі де өз орнын табады.
Сарышаян (24.10-22.11)
Апта күндері сізді әбіржіте қоймайды. Қордаланып қалған шаруалар болса, реттеп алғаныңыз абзал.
Мерген (23.11-21.12)
Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Шешім қабылдарда барынша батыл болуыңыз қажет.
Тауешкі (22.12-20.01)
Іскерлік қабілетіңізді аша түсетін апта. Көздеп жүрген мәселеге кірісе берсеңіз болады.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Жақын адамдарыңыздың жетістігі қуантады. Өзіңіз отбасы бюджетіне қомақты кіріс әкелуіңіз мүмкін.
Балық (20.02-20.03)
Тартыншақ болмаңыз. Көзге жиірек түсуіңіз керек, оған мүмкіндік мол, қимылдап қалыңыз.
Біздің газеттер
Құлағыңыз түрік жүрсін
Ауырмаудың жолы көп
* Жылан мен кірпі етінен жасалған сорпа арқылы ауруыңыздан айықтыратын адам бар. Бұл сорпа қандай дерттерге дауа? Оны қайдан табуға болады?
* Темекіні тастай алмай жүрсіз бе? Улы түтіннен жирендіріп, оны аз күнде-ақ тастауға көмектесетін тәсілдер бар.
* Әлсіздік мазалап, өздігіңізден шаршап жүрсіз бе? Сірке су көтермей, жиі ашуланатын болсаңыз, мұны көктемнің ағзаға әсері деп түсініңіз. Ал бұл жайсыздықтан қалай құтылуға болады?
* Біреулер шұжыққа әжетхана қағазы қосылады екен дейді. Енді біреулер онда еттурағышқа түсіп кеткен тышқан еті де болады деседі. Бұл сөз шындыққа қаншалықты жанасады? Жалпы, шұжық туралы не білесіз?
* Қазір тірі адам тіршілігін жасап қалатын нағыз шақ. Яғни әрбір секунд қымбат. Дегенмен ғалымдар бұлай жаныға бермей, жалқаулыққа да ырық беру керек дейді. Неге?
* Бұл елде шыбын мен тараканнан да дәрі жасайды екен. Керек десеңіз, жыбырлағанның бәрін жарамды деп тауып, дәрмекке айналдырады. Соған қарамастан медицинасы ерекше дамыған саналатын бұл қай ел? Оның құпиясы неде?
Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен таба аласыз.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Тылсым дүниені» оқыңыз!
«Тылсым дүние» газетінің осы аптада жарық көрген нөмірінен ауыспалы климаттың ғаламшарымызға тигізер әсері мен ғарышта кездесетін түрлі микробтардың зияндылығы туралы, сондай-ақ құпиясы көп құйрықты жұлдыз бен таңғажайып жасыл сәуленің кереметі жайында жазылған қызықты мақалаларды оқи аласыздар.
Сондай-ақ жаратылыс пен тіршілік төңірегіндегі тылсым сырға толы оқиғалар мен табиғаттың таңқалдырар құбылыстары, жайшылықта өзіміз мән беріп жатпайтын жұмбақ жағдайлар жөнінде де басылымда жаңаша қырынан баяндалған.
«Тылсым дүние» – әрдайым оқырманын жоғарыда айтылғандай ғажайыптар әлеміне, тылсым сырдың тұңғиығына жетелейтін ерекше басылым. Сол үшін де ол оқырман ортасынан өз орнын нық тапқан газет.
Ендеше, алағы уақытта да бізбен бірге болып, газетімізге алдағы, екінші жартыжылдыққа жазылып қоюды ұмытпағайсыздар!
Құлағыңыз түрік жүрсін!
* Новая, уютная
* Тихий центр
* Все условия
* Умеренная цена
Наш адрес:
г. Шымкент,
ул. Акпан батыра, 23.
(уг. улицы Майлыкожа.).
Тел.: 8(725-2) 53-26-79.
Моб.: 8-775-92-47-999.
Будьте нашим гостем!
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Керек кеңестерден» керегіңізді табасыз
* Алда Наурыз мерекесі келеді. Ал сіз наурызкөжені аса дәмді әрі құнарлы етіп әзірлеудің тәсілін білесіз бе?
* Бүгінде бау-бақшасына көшет алуды ойластырып жүргендер көп. Ендеше, кейін мол өнім беретін көшетті қалай таңдап, қалай отырғызу керек?
* Енді құрылыс жұмыстары да басталады. Иемденген жер теліміне баспана тұрғызу қамымен жүргендер жоқ емес. Осындайда жер телімінің тиісті тіркеуде болғаны жақсы. Әйтпесе біраз қиындықтар туындайды. Ал жер телімін тіркетудің де өзіндік тәртіптері бар. Ол қандай тәртіптер?
* Көктемгі әскерге шақыру кезінде жастар арасынан майтабан ауруына шалдыққандар көптеп анықтала бастайтыны рас. Сонда майтабандық неден пайда болады, оны ертерек байқап, аурудың алдын-алу үшін не істеу керек? Жалпы, оның алдын-алуға бола ма?
...Бұл сұрақтардың жауабын оқырманға өмірдің сан саласынан қажетті кеңестер беріп отыратын «Керек кеңестер» газетінің осы аптада жарық көрген кезекті нөмірінен табасыз.
SMS
"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз
Құрметті оқырман!
Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы
SMS – хабарлама
жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:
– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.
Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.
♥ Жасым 25-те. Жанымды түсінетін қазақтың қыздарымен танысқым келеді. Бір баласы болса да қарсы емеспін. 8-702-957-26-53.
♥Иманды, намазхан қызбен танысқым келеді. Дене кемшілігіне қарамаймын. Ең бастысы, иманды болғаны. Тұрмыс жағдайыма байланысты өзім үйленбегенмін. Жасым 30-да. Қарауыл болып жұмыс істеймін. 24 пен 30 жас аралығындағы қыздар, хабарласыңдар. Бірақ жөнсіз мазаламаңдар, өтініш. 8-771-238-92-70.