«Замана» газетіне жазылу жыл бойына жалғаса беретінін естеріңізге саламыз.
Егер Сіз бүгін-ертең барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетін болады.
«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дүние» басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.
Елге арналған газеттермен етене болыңыз, ағайын!
Сізге арналған сәлемхат
Құттықтаймыз!
* 12 мамыр – Мейірбикелер күні мерекесімен Шымкент медицина колледжін 1985 жылы «3» тобын бітірген группаластарымды, группа жетекшісі Филатова Людмиланы, №2 жедел жәрдем ауруханасының аға мейірбикесі Роза Петровнаны құттықтаймын. Құттықтаушы – Тілегенова Паршагүл Орынбасарқызы. Жас жігіттер, танысайық деп телефон соғушы болмаңдар! 8-702-634-35-67.
* Ардақты әпкем Ақмарал және қылығы балдай тәтті жиенім Жарқынбек! Сендерді туылған күндеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Ана мен бала арасындағы магнитсіз тартылатын іңкәр сезім мен шын көңілден туған мейірімнен кенде болмаңдар. Ізгі тілекпен – өзіңді құрметтейтін кенже інің және өзіңді жақсы көретін нағашың – Білімжан. 8-771-139-65-37.
Түнде бөлмеге ұры келіп, шифоньерді ашып жатқанда, студент оянып кетеді.
– He іздеп жүрсің?
– Ақша.
– Тапсаң, мені оятарсың.
ҮШТӨБЕ
Екі студент танысып отыр:
– Мен Түркістаннан келдім, сен қайдан келдің?
– Сен ойлап тап, менің ауылымның аты «қанағаттанарлық», «жақсы» және «өте жақсы» бағалардың алдыңғы екі әріптерінен құралады.
СҰРАУ МЕН ҚҰЛАУ
Институтқа түсе алмай келген баласы әкесіне:
– Әділдік жоқ екен, – депті.
– Неге?
– Қан тапсыр деп сұранды. Тапсырдым. Зәр тапсыр деп сұранды. Тапсырдым. Математика тапсыр деп сұранды. Тапсыра алмадым, соған бола құлатып жіберді.
ТҰЖЫРЫМ
Студент тараканды ұстап алып, екі аяғын жұлып тастап ысқырады. Таракан жүгіріп кетеді. Төрт аяғын жұлып алып, ысқырады. Таракан жүріп кетеді. Алты аяғын да жұлып алып, ысқырады. Таракан қозғалмайды.
Тұжырым: аяқсыз таракан ысқырықты есітпейді.
Жаңа кітап
Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.
Жаңа кітап
Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Қызық газет» – қызық газет!
«Аңқау елге арамза молда» дегендей, бір кездерде банктен несие әпергіш қулар көбейіп кеткен еді. Қалай жасайтыны белгісіз, олар жоқ құжатты бар етіп, талай адамды қан қақсатқан. Сол кездері банкке қарызынан құтыла алмай өзіне қол салғандар да, жазықсыз сотталып кеткендер де жетерлік.
«Қызық газеттің» осы аптадағы жаңа нөмірінде жарық көрген «Алған несиесі кесір болған отбасы» деп аталатын хикаяда баспаналы болу үшін несие алған отбасының тартқан тауқыметі жайында баяндалады.
Сондай-ақ аталмыш басылымда талай орынсыз істерімен жұртты шулатқан мектеп жасындағы қыздың жан сыры «Оқушы қыздың орынсыз қылықтары» деген тақырыппен беріліп отыр.
Оқыңыздар, ой түйіңіздер!
Керек кеңестер
Енеңіз еңсеңізді езбесін десеңіз...
«Сиырдың жауы – кене, келіннің жауы – ене» деп кейбіреулер өздерінше мақал шығарып алған. Алайда ененің барлығы бірдей жаман деуге бола ма? Енеңізбен «тонның ішкі бауындай» қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, барлық келіндер біле бермейтін мына мәселелерге назар аударыңыз:
♦ Қайын енеңіз – сіз, сіздің анаңыз, құрбыларыңыз, қызметтес әріптестеріңіз сияқты өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар қарапайым әйел. Сондықтан объективті көзқарас ұстанғаныңыз абзал. Енеңізбен бақталас емес, оның ұлын бақытты еткісі келетін жақын жан екеніңізді сезіндіріңіз. Отбасылық жоспарларыңызбен бөлісіп, берген ақыл-кеңестерін мұқият тыңдаңыз. Айтқан ақылы көңіліңізге қонбаса, үндемей-ақ қойыңыз. Бәрібір жоспарыңызды өз қалауыңызша жүзеге асырасыз.
♦ Психологтардың кеңесіне құлақ асар болсақ, алдымен ененің мінез-құлқы мен қимыл-әрекеттерін мұқият зерттеп алған дұрыс. Мысалы, енеңіз сәнқой болса, сіз де дереу салонға барып, шашыңыз бен қасыңызды түзетіп, тырнағыңызға тартымды маникюр жасатыңыз. Енеңізбен парфюм әлеміндегі жаңалықтармен бөлісіп, әңгіме өрбітіңіз. Өзгеруге тырыспаңыз, өзіңіздің табиғи қалпыңызды сақтап қалыңыз. Өзіңіздің мықты жақтарыңызды көрсетуден тайсалмаңыз. Жұбайыңыз бағалаған бұл қасиеттеріңізді оның анасы да бағалайды.
♦ Егер сіз енеңізбен бір үйде тұратын болсаңыз, мынаны ұғыныңыз: Бұл үйдің бикесі сіз емессіз. Сондықтан бұрыннан қалыптасқан қағидаларды, жазылмаған заңдылықтарды үйреніп алыңыз. Ол нәрселерді өзгертуге тырыспаңыз. Бұл үйде ұрыс-керіс шығаруға себеп болады. Бірақ өз бөлмеңіздегі тәртіпті өзіңіз ғана бақылауда ұстаңыз. Енеңіздің өз территорияңызға өтіп, сіздің киімдеріңіз бен бұйымдарыңызды рұқсатсыз жайғастыруына жол бермеңіз. Үй шаруасындағы атқара алмайтын істеріңіз жайында алдын-ала айтыңыз. Кикілжіңнің 90 пайызы үй шаруасына қатысты.
♦ Енелердің көпшілігі алғаш көргенде келіндеріне сенімсіздік танытып, күмәнді көзқараспен қарайды. Сондықтан келінінің өз баласына көрсеткен ілтипаты мен жақсы қарым-қатынасын көрген сайын оның сізге бүйрегі бұрып, жүрегі жылып қалады. Бірақ бұл қарым-қатынасыңыздың бірі де жасанды болмағаны абзал.
♦ Жұбайыңызбен жағымсыз ара қатынасыңызды енеңіздің мүлдем көрмегені абзал. Дегенмен ертелі-кеш ененің көңілінен шығу үшін құрақ ұшып, өзіңізге қарауды ұмытып кетпеңіз. Ол кісімен қарым-қатынасыңыз қалай болғанда да алдыңызда сіз үшін ең қымбатты, сүйікті жанды дүниеге әкеліп, өсіріп, ержеткізген әйел тұрғанын ұмытпаңыз. Ол – құрметтеуге лайықты жан.
Негізгі бет
үйіне киіз төсесе масқарасы шығардай қорқады
Биылғы қыс талайдың көкесін көзіне көрсетіп тұр. Мұндайда үйдің жылы болуы маңызды. Әсіресе еден жылы болса рахат, табаннан сыз өтпейді, белің, бүйрегің ауырмайды. Ал еден жылы болуы үшін оған киіз төсеген дұрыс.
Біреуі 1500 теңге тұрады
Кешегі аптада Шымкенттегі «Алаш» базарын аралап жүріп осында киіз сатып тұрғандарды кезіктірдік. Қалыңдығы кілемдікінен сәл-ақ асатын бұл киіздердің ұзындығы – үш, ені екі метр екен, бағасы 1500 теңге. «Жақсылап» саудалассаң одан да түсіріңкіреп алуға болады. Ташкенттікі, «фабричный» дегендері тығыздау, ал Сарыағаштан шығарылатындары бостау көрінді. «Базарға қолдан басылған киіз әкелетіндер бар ма?» – деген сауалымызға сатушылардан: «Өй, ондай киізді кім әкеледі, өткізе алмайды ғой», – деген жауап алдық.
Шынында да базарда қолдан басылған киіз өтпесе өтпейтін шығар. Өйткені қыруар еңбек сіңіріп басқан киізін кім 1500 теңгеге береді? Ол ақшаға сосын не сатып алып қарық болады? Саудада тұрғандардың сөзінде де жан бар-ау. Бүгінде қалалықтар арасында киізді мүлік ретінде тұтынатындар кемде-кем, оның орнын әлдеқашан палас пен кілем басқан. Кейбір кірпияз ауылдықтар да бүгінде киізге кекірейе қарайтыны рас. Сондықтан киізді алыс жолға азық-түлік тасымалдаушылар болмаса, басқалардың алып жатқанын сирек көретін болдық.
Бүгінгінің апасы «мама» болды, киіз баспайды
Киіз демекші, бүгінгі апалар киіз басады ма екен өзі? Осы бір қызық сұрақ төңірегінде толғанып көрелікші.
Бүгінде туған анасын «апа» дейтіндер некен-саяқ, көбі «мама» дейді. Ал мамалар бұрынғы апалар білген нәрсенің көбін білмейді, істегенін істей алмайды. Олардың көбі киіз басуды түсінде де көрмеген шығар. Оның қалай басылатынын білмейді, білсе де киіз басуға тәуекелдері жете қоймас. Өйткені оның қыруар бейнеті бар.
Ал біздің апаларымыз құрбы-достарын жинап жіберіп, асармен киіз басушы еді. Оның жұмысы қандай ауыр болатынын бала кезімізде талай көргенбіз. Киіз басуға дейін қырқылған мал жүнін жинау, оны тазартып, жуу, сабап, ретке келтіру сияқты толып жатқан шаруалар өз алдына бір төбе.
Осындай еңбекпен басылып, бетіне қазақтың төл оюлары салынған киіз көпке дейін өңін бермей, бір үйдің жылдар бойы тұтынуына жарап жататын. Сондай бір қалың киіз көпқабатты үйде тұратын бізде де бар. Ол он жылдан бері бізді қыста еденнен өтетін сыздан қорғап келеді. Апам немерелерімнің табанынан сыз өтпесін деп өз қолымен басып, ауылдан өзі арқалап әкеліп берген. Мен үшін ол біздің үйдегі ең қымбат дүние. Бұл киіз әлі апамның шөбере-шөпшектеріне де қызмет ететін шығар. Ал мұндай баға жетпес дүние талайлардың үйінде тұрған болар. Аялы алақандарының табы бар асыл апалардың көзі ғой ол. Ал қазіргі «мамалардан» балаларына осындай табиғи ескерткіш қала қояр ма екен?
Күшіңді көбейтіп, ақылыңды асыратын еді
Бала кезімізде киіз басудың «білектеу», «тебу», «пісіру» деген сияқты шаруаларынан безіп тұрып қашатынымыз болушы еді. «Қыздарский» жұмыс деп сылтауратамыз. Апалар болса: «Пәленше апасына қолқанат болуға жарады, білегінің күші көп, тепсе, темір үзеді», – деп мақтап-марапаттап, тәтті-пүттісін беріп дегендей, әйтеуір айтқандарын істетеді. Ал жұмысқа бір кіріссең шынында да анаңа қолқанат болып қалғаныңды сезінесің, көңілің өседі. «Білектеуден» білегіңнің, «тебуден» аяғыңның бұлшық еті жетіледі. Кейін киіз басушыларға көмекке өзің-ақ құлшына бастайсың.
Қарап отырсақ, киіз басудың өзі нағыз тәлім-тәрбиенің көзі екен. Сондай-ақ ол адамдарды бір-біріне жақындастыра, араластыра, сыйластыра түсетін.
Киіз басу әйелдер үшін аса пайдалы еді. Жұмыс кезінде олар құрыс-тырысы жазылып бір терлейтін, бойындағы суығынан арылатын. Қимыл-қозғалыстан іш, бел бұлшық еттері шынығатын. Ал оның бала туу кезінде пайдасы болатынын ешкім де жоққа шығара алмаса керек.
...Жалпы, киіздің денсаулыққа пайдасы көп. Ал табиғи емес, синтетикадан жасалған, құрамында тағы не бар екені белгісіз паластар мен кілемдердің денсаулыққа аз зиян тигізбейтінін де жұрт біледі. Бірақ үйіне киіз төсесе масқарасы шығатындай қорқатындар көбейіп келеді. «Сұлуынан жылуы» мол осы киізді кейінгілер енді көп өтпей мұражайлардан ғана көретін шығар. Өкінішті!
Р.ҚЫДЫР.
Пікір қосу
Біздің кітаптар
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!
«Заманаға» автор болуға асығыңыз!
Ол үшін қомақты қаламақы төленеді
Құрметті оқырман!
Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.
Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.
Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.
Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.
Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.
Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.
Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!
Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.
Жұлдызнама
(14.05 - 20.05)
Тоқты (21.03-20.04)
Өзіңізге деген сенімнің арта түскенін сезініп, қуанасыз. Сізді алда көңілді күндер күтеді.
Торпақ (21.04-21.05)
Молшылығымен қуантатын апта. Сәрсенбіге қарай қолыңызға қомақты қаржы түсуі мүмкін.
Егіздер (22.05-21.06)
Көпшілікпен жиірек араласу ойыңызда болсын. Жаңа табыс көзін ашуыңыз ғажап емес.
Шаян (22.06-23.07)
Ағымдағы жұмыстармен айналысасыз. Бүгін бітіретін істі ертеңге қалдырмағаныңыз жөн.
Арыстан (24.07-23.08)
Біраз шаруаға тікелей басшылық етуіңіз керек болады. Жәрдемшілер жаныңыздан табылады.
Бикеш (24.08-23.09)
Еңбекқорлығыңыздың пайдасын көресіз. Апта соңына қарай олжалы болуыңыз мүмкін.
Таразы (24.09-23.10)
Негізгі жұмысқа күш салғаныңыз дұрыс. Жоспармен әрекет етсеңіз, бәрі де өз орнын табады.
Сарышаян (24.10-22.11)
Апта күндері сізді әбіржіте қоймайды. Қордаланып қалған шаруалар болса, реттеп алғаныңыз абзал.
Мерген (23.11-21.12)
Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Шешім қабылдарда барынша батыл болуыңыз қажет.
Тауешкі (22.12-20.01)
Іскерлік қабілетіңізді аша түсетін апта. Көздеп жүрген мәселеге кірісе берсеңіз болады.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Жақын адамдарыңыздың жетістігі қуантады. Өзіңіз отбасы бюджетіне қомақты кіріс әкелуіңіз мүмкін.
Балық (20.02-20.03)
Тартыншақ болмаңыз. Көзге жиірек түсуіңіз керек, оған мүмкіндік мол, қимылдап қалыңыз.
Біздің газеттер
Құлағыңыз түрік жүрсін
Ауырмаудың жолы көп
* Жылан мен кірпі етінен жасалған сорпа арқылы ауруыңыздан айықтыратын адам бар. Бұл сорпа қандай дерттерге дауа? Оны қайдан табуға болады?
* Темекіні тастай алмай жүрсіз бе? Улы түтіннен жирендіріп, оны аз күнде-ақ тастауға көмектесетін тәсілдер бар.
* Әлсіздік мазалап, өздігіңізден шаршап жүрсіз бе? Сірке су көтермей, жиі ашуланатын болсаңыз, мұны көктемнің ағзаға әсері деп түсініңіз. Ал бұл жайсыздықтан қалай құтылуға болады?
* Біреулер шұжыққа әжетхана қағазы қосылады екен дейді. Енді біреулер онда еттурағышқа түсіп кеткен тышқан еті де болады деседі. Бұл сөз шындыққа қаншалықты жанасады? Жалпы, шұжық туралы не білесіз?
* Қазір тірі адам тіршілігін жасап қалатын нағыз шақ. Яғни әрбір секунд қымбат. Дегенмен ғалымдар бұлай жаныға бермей, жалқаулыққа да ырық беру керек дейді. Неге?
* Бұл елде шыбын мен тараканнан да дәрі жасайды екен. Керек десеңіз, жыбырлағанның бәрін жарамды деп тауып, дәрмекке айналдырады. Соған қарамастан медицинасы ерекше дамыған саналатын бұл қай ел? Оның құпиясы неде?
Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен таба аласыз.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Тылсым дүниені» оқыңыз!
«Тылсым дүние» газетінің осы аптада жарық көрген нөмірінен ауыспалы климаттың ғаламшарымызға тигізер әсері мен ғарышта кездесетін түрлі микробтардың зияндылығы туралы, сондай-ақ құпиясы көп құйрықты жұлдыз бен таңғажайып жасыл сәуленің кереметі жайында жазылған қызықты мақалаларды оқи аласыздар.
Сондай-ақ жаратылыс пен тіршілік төңірегіндегі тылсым сырға толы оқиғалар мен табиғаттың таңқалдырар құбылыстары, жайшылықта өзіміз мән беріп жатпайтын жұмбақ жағдайлар жөнінде де басылымда жаңаша қырынан баяндалған.
«Тылсым дүние» – әрдайым оқырманын жоғарыда айтылғандай ғажайыптар әлеміне, тылсым сырдың тұңғиығына жетелейтін ерекше басылым. Сол үшін де ол оқырман ортасынан өз орнын нық тапқан газет.
Ендеше, алағы уақытта да бізбен бірге болып, газетімізге алдағы, екінші жартыжылдыққа жазылып қоюды ұмытпағайсыздар!
Құлағыңыз түрік жүрсін!
* Новая, уютная
* Тихий центр
* Все условия
* Умеренная цена
Наш адрес:
г. Шымкент,
ул. Акпан батыра, 23.
(уг. улицы Майлыкожа.).
Тел.: 8(725-2) 53-26-79.
Моб.: 8-775-92-47-999.
Будьте нашим гостем!
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Керек кеңестерден» керегіңізді табасыз
* Алда Наурыз мерекесі келеді. Ал сіз наурызкөжені аса дәмді әрі құнарлы етіп әзірлеудің тәсілін білесіз бе?
* Бүгінде бау-бақшасына көшет алуды ойластырып жүргендер көп. Ендеше, кейін мол өнім беретін көшетті қалай таңдап, қалай отырғызу керек?
* Енді құрылыс жұмыстары да басталады. Иемденген жер теліміне баспана тұрғызу қамымен жүргендер жоқ емес. Осындайда жер телімінің тиісті тіркеуде болғаны жақсы. Әйтпесе біраз қиындықтар туындайды. Ал жер телімін тіркетудің де өзіндік тәртіптері бар. Ол қандай тәртіптер?
* Көктемгі әскерге шақыру кезінде жастар арасынан майтабан ауруына шалдыққандар көптеп анықтала бастайтыны рас. Сонда майтабандық неден пайда болады, оны ертерек байқап, аурудың алдын-алу үшін не істеу керек? Жалпы, оның алдын-алуға бола ма?
...Бұл сұрақтардың жауабын оқырманға өмірдің сан саласынан қажетті кеңестер беріп отыратын «Керек кеңестер» газетінің осы аптада жарық көрген кезекті нөмірінен табасыз.
SMS
"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз
Құрметті оқырман!
Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы
SMS – хабарлама
жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:
– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.
Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.
♥ Жасым 25-те. Жанымды түсінетін қазақтың қыздарымен танысқым келеді. Бір баласы болса да қарсы емеспін. 8-702-957-26-53.
♥Иманды, намазхан қызбен танысқым келеді. Дене кемшілігіне қарамаймын. Ең бастысы, иманды болғаны. Тұрмыс жағдайыма байланысты өзім үйленбегенмін. Жасым 30-да. Қарауыл болып жұмыс істеймін. 24 пен 30 жас аралығындағы қыздар, хабарласыңдар. Бірақ жөнсіз мазаламаңдар, өтініш. 8-771-238-92-70.