«Замана» газетіне жазылу жыл бойына жалғаса беретінін естеріңізге саламыз.
Егер Сіз бүгін-ертең барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетін болады.
«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дүние» басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.
Елге арналған газеттермен етене болыңыз, ағайын!
Сізге арналған сәлемхат
Құттықтаймыз!
* 12 мамыр – Мейірбикелер күні мерекесімен Шымкент медицина колледжін 1985 жылы «3» тобын бітірген группаластарымды, группа жетекшісі Филатова Людмиланы, №2 жедел жәрдем ауруханасының аға мейірбикесі Роза Петровнаны құттықтаймын. Құттықтаушы – Тілегенова Паршагүл Орынбасарқызы. Жас жігіттер, танысайық деп телефон соғушы болмаңдар! 8-702-634-35-67.
* Ардақты әпкем Ақмарал және қылығы балдай тәтті жиенім Жарқынбек! Сендерді туылған күндеріңмен шын жүректен құттықтаймын! Ана мен бала арасындағы магнитсіз тартылатын іңкәр сезім мен шын көңілден туған мейірімнен кенде болмаңдар. Ізгі тілекпен – өзіңді құрметтейтін кенже інің және өзіңді жақсы көретін нағашың – Білімжан. 8-771-139-65-37.
Түнде бөлмеге ұры келіп, шифоньерді ашып жатқанда, студент оянып кетеді.
– He іздеп жүрсің?
– Ақша.
– Тапсаң, мені оятарсың.
ҮШТӨБЕ
Екі студент танысып отыр:
– Мен Түркістаннан келдім, сен қайдан келдің?
– Сен ойлап тап, менің ауылымның аты «қанағаттанарлық», «жақсы» және «өте жақсы» бағалардың алдыңғы екі әріптерінен құралады.
СҰРАУ МЕН ҚҰЛАУ
Институтқа түсе алмай келген баласы әкесіне:
– Әділдік жоқ екен, – депті.
– Неге?
– Қан тапсыр деп сұранды. Тапсырдым. Зәр тапсыр деп сұранды. Тапсырдым. Математика тапсыр деп сұранды. Тапсыра алмадым, соған бола құлатып жіберді.
ТҰЖЫРЫМ
Студент тараканды ұстап алып, екі аяғын жұлып тастап ысқырады. Таракан жүгіріп кетеді. Төрт аяғын жұлып алып, ысқырады. Таракан жүріп кетеді. Алты аяғын да жұлып алып, ысқырады. Таракан қозғалмайды.
Тұжырым: аяқсыз таракан ысқырықты есітпейді.
Жаңа кітап
Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.
Жаңа кітап
Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Қызық газет» – қызық газет!
«Аңқау елге арамза молда» дегендей, бір кездерде банктен несие әпергіш қулар көбейіп кеткен еді. Қалай жасайтыны белгісіз, олар жоқ құжатты бар етіп, талай адамды қан қақсатқан. Сол кездері банкке қарызынан құтыла алмай өзіне қол салғандар да, жазықсыз сотталып кеткендер де жетерлік.
«Қызық газеттің» осы аптадағы жаңа нөмірінде жарық көрген «Алған несиесі кесір болған отбасы» деп аталатын хикаяда баспаналы болу үшін несие алған отбасының тартқан тауқыметі жайында баяндалады.
Сондай-ақ аталмыш басылымда талай орынсыз істерімен жұртты шулатқан мектеп жасындағы қыздың жан сыры «Оқушы қыздың орынсыз қылықтары» деген тақырыппен беріліп отыр.
Оқыңыздар, ой түйіңіздер!
Керек кеңестер
Енеңіз еңсеңізді езбесін десеңіз...
«Сиырдың жауы – кене, келіннің жауы – ене» деп кейбіреулер өздерінше мақал шығарып алған. Алайда ененің барлығы бірдей жаман деуге бола ма? Енеңізбен «тонның ішкі бауындай» қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, барлық келіндер біле бермейтін мына мәселелерге назар аударыңыз:
♦ Қайын енеңіз – сіз, сіздің анаңыз, құрбыларыңыз, қызметтес әріптестеріңіз сияқты өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар қарапайым әйел. Сондықтан объективті көзқарас ұстанғаныңыз абзал. Енеңізбен бақталас емес, оның ұлын бақытты еткісі келетін жақын жан екеніңізді сезіндіріңіз. Отбасылық жоспарларыңызбен бөлісіп, берген ақыл-кеңестерін мұқият тыңдаңыз. Айтқан ақылы көңіліңізге қонбаса, үндемей-ақ қойыңыз. Бәрібір жоспарыңызды өз қалауыңызша жүзеге асырасыз.
♦ Психологтардың кеңесіне құлақ асар болсақ, алдымен ененің мінез-құлқы мен қимыл-әрекеттерін мұқият зерттеп алған дұрыс. Мысалы, енеңіз сәнқой болса, сіз де дереу салонға барып, шашыңыз бен қасыңызды түзетіп, тырнағыңызға тартымды маникюр жасатыңыз. Енеңізбен парфюм әлеміндегі жаңалықтармен бөлісіп, әңгіме өрбітіңіз. Өзгеруге тырыспаңыз, өзіңіздің табиғи қалпыңызды сақтап қалыңыз. Өзіңіздің мықты жақтарыңызды көрсетуден тайсалмаңыз. Жұбайыңыз бағалаған бұл қасиеттеріңізді оның анасы да бағалайды.
♦ Егер сіз енеңізбен бір үйде тұратын болсаңыз, мынаны ұғыныңыз: Бұл үйдің бикесі сіз емессіз. Сондықтан бұрыннан қалыптасқан қағидаларды, жазылмаған заңдылықтарды үйреніп алыңыз. Ол нәрселерді өзгертуге тырыспаңыз. Бұл үйде ұрыс-керіс шығаруға себеп болады. Бірақ өз бөлмеңіздегі тәртіпті өзіңіз ғана бақылауда ұстаңыз. Енеңіздің өз территорияңызға өтіп, сіздің киімдеріңіз бен бұйымдарыңызды рұқсатсыз жайғастыруына жол бермеңіз. Үй шаруасындағы атқара алмайтын істеріңіз жайында алдын-ала айтыңыз. Кикілжіңнің 90 пайызы үй шаруасына қатысты.
♦ Енелердің көпшілігі алғаш көргенде келіндеріне сенімсіздік танытып, күмәнді көзқараспен қарайды. Сондықтан келінінің өз баласына көрсеткен ілтипаты мен жақсы қарым-қатынасын көрген сайын оның сізге бүйрегі бұрып, жүрегі жылып қалады. Бірақ бұл қарым-қатынасыңыздың бірі де жасанды болмағаны абзал.
♦ Жұбайыңызбен жағымсыз ара қатынасыңызды енеңіздің мүлдем көрмегені абзал. Дегенмен ертелі-кеш ененің көңілінен шығу үшін құрақ ұшып, өзіңізге қарауды ұмытып кетпеңіз. Ол кісімен қарым-қатынасыңыз қалай болғанда да алдыңызда сіз үшін ең қымбатты, сүйікті жанды дүниеге әкеліп, өсіріп, ержеткізген әйел тұрғанын ұмытпаңыз. Ол – құрметтеуге лайықты жан.
Негізгі бет
"Халықтар достығы" ауылында халықтың халі нашар
Мақтаарал ауданындағы «Халықтар достығы» ауылы тұрғындары редакциямызға қайта-қайта хабарласып, тұрмыс жағдайларының нашарлығын айтқан соң өткен аптада осы ауылға барып қайтқанбыз. Жоғарыдағыларға сөздерін өткізе алмаған тұрғындар ашулы. Олар өздерінің мұң-мұқтажын баспасөз арқылы көпшілікке жеткізгенді дұрыс көріпті.
Мектептің қос ғимаратының арасы төрт шақырым
Бұл ауылда Жеңістің елу жылдығы атындағы орта мектеп бар. Оның екі ғимаратының арасы төрт шақырымдай екен. Директоры ортада шапқылап жүріп шаршаса керек, қазір біреуіне анда-санда ғана барып хабар алып кететін көрінеді. Сондықтан тұрғындардың ауылға жаңа мектеп салып, оған басқа директор тағайындау керек деген пікірі басшылар назарынан тыс қалып келе жатыр екен.
«Бір мектептің екі ғимараты ауылдың әр шетіне орналасқанын осынша жасқа келгелі бірінші рет көріп отырмын, – дейді ауыл тұрғыны Оразгүл Балтаева (суретте). – Екеуі де ескі. Ал ауылдың мына шетіндегі үш жүз бала оқитын мектеп ғимараты бұрын тұрғын үй болған. Директор ана жақта болады. Өзім ата-аналар комитетінің төрайымы болсам да қыркүйек айынан бері директорды көргенім жоқ. Екі-үш рет мектеп басшысы қатысады деп жиналысқа шақырды, барсам, ол кісі жоқ болады. Орынбасарлары шақыра алмаймыз дейді. Сондықтан ауылға жаңа мектеп салып, оған басқа директор тағайындау керектігі жөнінде ауданға жазған арызымыз белгісіз себептермен созылып келеді. Әйпесе білім сапасы жақсы, грантқа түсетін оқушы көп. Тек мектептің техникалық базасын жаңарту керек. Ал мұғалімдер директорға қарсы ештеңе айта алмайды».
О.Балтаева айтқан сөздердің көбінің шындығына аталған мектепке барғанда көзіміз жетті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары өзінің басшысы болмаса ештеңе айта алмайтынын білдірді. Тіпті ол кісі бір топ ата-аналардың алдында өзінің фамилиясын да ұмытып қалғанын айтып жиылған жұртты таң-тамаша қалдырды. Бұдан кейін кейбір азаматтар сонда біздің баламызға кімдер білім беріп жүр деп таңданыс білдіріп жатты. Өз фамилиясын ұмытып қалатын адам қалай мектепте директордың орынбасары қызметін атқарып жүр?
Есек арбаның абыройы артып тұр
Әңгімемізге арқау болған ауылдағы екінші бір күрделі мәселе жол екен. Ауылдың ортасына тас төселмегендіктен жауын жауса, адам түгілі көліктердің жүруі қиын. Сондықтан жүргізушілер көліктерін ауылдың шетінде қалдырып, өздері үйлеріне жаяу баратындарын айтады.
«Біздің ауылға автобус немесе «Газель» қатынамайды, – дейді Садық Баршымбетов. – Сондықтан өз көлігіммен жолаушы тасимын. Жауын күндері ауыл ортасына бара алмаймыз. Ондай кезде сырттың таксистері үш жүз теңгелік жерге мың теңге алады. Әсіресе той мен құдайы беретін кезде қиын. Келген қонақтар машиналарын ауылдың шетіне қалдырады. Оны ауылдың жастары тонап кеткен кездері де бар. Әйтпесе күннің суықтығына қарамастан қасына біреуді қалдырып кетуге мәжбүр болады. Кейде есек арба алдыртып, заттарын соған салады».
Жалпы, бұл ауылда есек арбаның құны артып тұрған секілді.
Біз ауыл әкімі Дінмұхамед Колхозовпен хабарластық.
«Екі ауыл арасында үш шақырымдай жердің жолын жөндеуге ұсыныс бердік, – деді ол кісі. – Қалғанын бөлінген қаржыға байланысты жоғары жақ шешеді. Біздің ауылдың тұрғындары су мәселесін де жиі айтып жүр. Ауылда бір көшемен мектепке дейін су тартылған, бірақ жұмыс сапасыз жүргізілгендіктен мен оны қабылдамай тастадым. Енді жоғарғы жаққа бір су ұңғысын орнату керек, сонда ауыз су мәселесін де шешеміз. Тұрғындар каналды тазаласа ағын суды да молынан алып, бақшаларын жайқалтып қояды. Тек өздері ұйымшылдық танытуы тиіс».
Бірақ ауыл әкімінің бұл айтқандарымен тұрғындар келіспейді.
Әкімдерін әлі бір көрмепті
«Біз әкімнің сөзіне сенбейміз, – дейді Батыр ана Роза Базарымбетова (суретте). – Сөзіне сенбек былай тұрсын, оның өзін танымаймыз да. Өзін танымаған соң атын қайдан білейік? Жалпы, бізге әкім тұрақтамайды. Біреу келіпті, барып танысайық деп жүргенде оның кетіп қалғанын естиміз. Барлығы сырттан келген соң халыққа қайдан жаны ашысын? Әкімді қызметтен кетсе де сол ауылда тұра беретін азаматтардан тағайындау керек қой.
Шынын айтсам, ауылда ауыз су да, ағын су да жоқ. Осында екі жүзден аса отбасы бар. Барлығымыз орталықта орналасқан бір «кашкіден» су аламыз. Басқа жерлер дамыса, дамып, өркендеп жатқан шығар, ал бізде барлығы бұрынғысынша. Әйелдер иін ағашпен су тасиды. Қазіргі уақытта бұлай істейміз деп айтудың өзі ұят екен».
Бұрын бұл ауылда кез келгеннің ауласында бау-бақша жайқалып тұрыпты. Соны көксегендер келмеске кеткен КСРО дәуірі қайта орнаса дұрыс болар еді дегенді жасырмайды. «Тәуелсіздіктің жиырма жылдығын тойладық, – дейді Оразгүл Балтаева. – Мен кейде біздің ауыл үшін сол тәуелсіздіктің бергенінен алғаны көп пе деп ойланамын. Олай дейтінім, КСРО кезінде бізде жол жақсы болатын. Қонақүй жұмыс істейтін. Егіннен өнім алып, оны базарда сататынбыз. Ауыз су үйімізге дейін келетін. Тәуелсіздік алған соң не болды? Бұрынғы жақсыларымыздың барлығынан айырылдық.
Былтыр бір гектар жерге мақта еккенбіз. Су болмай, бірінші еккеніміз қурап кетті. Екіншісін әзер теріп алдық. Үшіншісін тағы жинай алмадық. Мұндайды басынан өткерген бір мен емес, бүкіл ауылдың жағдайы осы. Су сұрасаң, әкімдер канал тазала дейді, су жоқ болса каналда тазалап неге керек? Бәрібір ол көміліп қалады».
«Халықтар достығы» ауылында басқа мемлекеттен келген оралмандар да көп екен. Солардың бірі Майра Батырбекова (суретте): «Біз елім-жерім деп Өзбекстаннан көшіп келдік. Ол жақта ағын су есіктің алдынан өтіп жататын, газымыз бар еді, жолымыз да жақсы болатын. Солардың барлығына қолымызды бір-ақ сілтедік. Енді, міне, ауламызды жантақ басқан жерде отырмыз. Ал жантақ су болмаса да шыға береді».
Біз бұдан кейін Мақтаарал ауданының әкімі Серік Тұрбековпен хабарластық.
«Ол мәселенің барлығынан хабарым бар, – деді аудан әкімі. – Тұрғындар келген. Алдағы уақытта да қабылдап, шағымдарын тыңдауға дайынмын. Мен ол кісілерге барлық проблеманың бірден шешілмейтінін түсіндіргім келеді. Ауданда 122 мектеп бар. Оның барлығы жыл сайын жөндеуден өтеді. Биыл 14 мектеп салынады, бірақ «Жеңістің елу жылдығы» мектебі олардың ішінде жоқ. Дегенмен алдағы уақытта ол ауылдың су, жол, мектеп мәселесі шешіледі. Жалпы, егістік суы жетерлік».
«Халықтар достығы» ауылының тұрғындары аудан әкімінің бұл сөзіне де сенімсіздікпен қарайды. Тіпті он баланың анасы Тойдық Ахметова: «Мен әкімдердің сөзіне тойып болдым, олар өтірік айта береді», – дегенді айтып қалды. Қысқасы, бұл ауылдың тұрғындары өздері көтерген мәселені аяқсыз қалдырғылары жоқ. Тіпті айтқандарын тыңдайтын адам болмаса, бірнеше Батыр ананың көктем шыға аштық жариялау да ойларында бар. Олардың талабы – ауылдың жолын жөндеп, мектеп салдыру ғана емес, су мәселесін де шешу.
...Батыр аналарға аштық жариялатып қойғаны мақтааралдықтардың елдігіне сын болатын шығар-ау...
Ұ. ҮМБЕТ.
Пікір қосу
Біздің кітаптар
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!
«Заманаға» автор болуға асығыңыз!
Ол үшін қомақты қаламақы төленеді
Құрметті оқырман!
Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.
Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.
Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.
Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.
Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.
Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.
Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!
Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.
Жұлдызнама
(14.05 - 20.05)
Тоқты (21.03-20.04)
Өзіңізге деген сенімнің арта түскенін сезініп, қуанасыз. Сізді алда көңілді күндер күтеді.
Торпақ (21.04-21.05)
Молшылығымен қуантатын апта. Сәрсенбіге қарай қолыңызға қомақты қаржы түсуі мүмкін.
Егіздер (22.05-21.06)
Көпшілікпен жиірек араласу ойыңызда болсын. Жаңа табыс көзін ашуыңыз ғажап емес.
Шаян (22.06-23.07)
Ағымдағы жұмыстармен айналысасыз. Бүгін бітіретін істі ертеңге қалдырмағаныңыз жөн.
Арыстан (24.07-23.08)
Біраз шаруаға тікелей басшылық етуіңіз керек болады. Жәрдемшілер жаныңыздан табылады.
Бикеш (24.08-23.09)
Еңбекқорлығыңыздың пайдасын көресіз. Апта соңына қарай олжалы болуыңыз мүмкін.
Таразы (24.09-23.10)
Негізгі жұмысқа күш салғаныңыз дұрыс. Жоспармен әрекет етсеңіз, бәрі де өз орнын табады.
Сарышаян (24.10-22.11)
Апта күндері сізді әбіржіте қоймайды. Қордаланып қалған шаруалар болса, реттеп алғаныңыз абзал.
Мерген (23.11-21.12)
Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Шешім қабылдарда барынша батыл болуыңыз қажет.
Тауешкі (22.12-20.01)
Іскерлік қабілетіңізді аша түсетін апта. Көздеп жүрген мәселеге кірісе берсеңіз болады.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Жақын адамдарыңыздың жетістігі қуантады. Өзіңіз отбасы бюджетіне қомақты кіріс әкелуіңіз мүмкін.
Балық (20.02-20.03)
Тартыншақ болмаңыз. Көзге жиірек түсуіңіз керек, оған мүмкіндік мол, қимылдап қалыңыз.
Біздің газеттер
Құлағыңыз түрік жүрсін
Ауырмаудың жолы көп
* Жылан мен кірпі етінен жасалған сорпа арқылы ауруыңыздан айықтыратын адам бар. Бұл сорпа қандай дерттерге дауа? Оны қайдан табуға болады?
* Темекіні тастай алмай жүрсіз бе? Улы түтіннен жирендіріп, оны аз күнде-ақ тастауға көмектесетін тәсілдер бар.
* Әлсіздік мазалап, өздігіңізден шаршап жүрсіз бе? Сірке су көтермей, жиі ашуланатын болсаңыз, мұны көктемнің ағзаға әсері деп түсініңіз. Ал бұл жайсыздықтан қалай құтылуға болады?
* Біреулер шұжыққа әжетхана қағазы қосылады екен дейді. Енді біреулер онда еттурағышқа түсіп кеткен тышқан еті де болады деседі. Бұл сөз шындыққа қаншалықты жанасады? Жалпы, шұжық туралы не білесіз?
* Қазір тірі адам тіршілігін жасап қалатын нағыз шақ. Яғни әрбір секунд қымбат. Дегенмен ғалымдар бұлай жаныға бермей, жалқаулыққа да ырық беру керек дейді. Неге?
* Бұл елде шыбын мен тараканнан да дәрі жасайды екен. Керек десеңіз, жыбырлағанның бәрін жарамды деп тауып, дәрмекке айналдырады. Соған қарамастан медицинасы ерекше дамыған саналатын бұл қай ел? Оның құпиясы неде?
Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен таба аласыз.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Тылсым дүниені» оқыңыз!
«Тылсым дүние» газетінің осы аптада жарық көрген нөмірінен ауыспалы климаттың ғаламшарымызға тигізер әсері мен ғарышта кездесетін түрлі микробтардың зияндылығы туралы, сондай-ақ құпиясы көп құйрықты жұлдыз бен таңғажайып жасыл сәуленің кереметі жайында жазылған қызықты мақалаларды оқи аласыздар.
Сондай-ақ жаратылыс пен тіршілік төңірегіндегі тылсым сырға толы оқиғалар мен табиғаттың таңқалдырар құбылыстары, жайшылықта өзіміз мән беріп жатпайтын жұмбақ жағдайлар жөнінде де басылымда жаңаша қырынан баяндалған.
«Тылсым дүние» – әрдайым оқырманын жоғарыда айтылғандай ғажайыптар әлеміне, тылсым сырдың тұңғиығына жетелейтін ерекше басылым. Сол үшін де ол оқырман ортасынан өз орнын нық тапқан газет.
Ендеше, алағы уақытта да бізбен бірге болып, газетімізге алдағы, екінші жартыжылдыққа жазылып қоюды ұмытпағайсыздар!
Құлағыңыз түрік жүрсін!
* Новая, уютная
* Тихий центр
* Все условия
* Умеренная цена
Наш адрес:
г. Шымкент,
ул. Акпан батыра, 23.
(уг. улицы Майлыкожа.).
Тел.: 8(725-2) 53-26-79.
Моб.: 8-775-92-47-999.
Будьте нашим гостем!
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Керек кеңестерден» керегіңізді табасыз
* Алда Наурыз мерекесі келеді. Ал сіз наурызкөжені аса дәмді әрі құнарлы етіп әзірлеудің тәсілін білесіз бе?
* Бүгінде бау-бақшасына көшет алуды ойластырып жүргендер көп. Ендеше, кейін мол өнім беретін көшетті қалай таңдап, қалай отырғызу керек?
* Енді құрылыс жұмыстары да басталады. Иемденген жер теліміне баспана тұрғызу қамымен жүргендер жоқ емес. Осындайда жер телімінің тиісті тіркеуде болғаны жақсы. Әйтпесе біраз қиындықтар туындайды. Ал жер телімін тіркетудің де өзіндік тәртіптері бар. Ол қандай тәртіптер?
* Көктемгі әскерге шақыру кезінде жастар арасынан майтабан ауруына шалдыққандар көптеп анықтала бастайтыны рас. Сонда майтабандық неден пайда болады, оны ертерек байқап, аурудың алдын-алу үшін не істеу керек? Жалпы, оның алдын-алуға бола ма?
...Бұл сұрақтардың жауабын оқырманға өмірдің сан саласынан қажетті кеңестер беріп отыратын «Керек кеңестер» газетінің осы аптада жарық көрген кезекті нөмірінен табасыз.
SMS
"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз
Құрметті оқырман!
Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы
SMS – хабарлама
жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:
– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.
Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.
♥ Жасым 25-те. Жанымды түсінетін қазақтың қыздарымен танысқым келеді. Бір баласы болса да қарсы емеспін. 8-702-957-26-53.
♥Иманды, намазхан қызбен танысқым келеді. Дене кемшілігіне қарамаймын. Ең бастысы, иманды болғаны. Тұрмыс жағдайыма байланысты өзім үйленбегенмін. Жасым 30-да. Қарауыл болып жұмыс істеймін. 24 пен 30 жас аралығындағы қыздар, хабарласыңдар. Бірақ жөнсіз мазаламаңдар, өтініш. 8-771-238-92-70.