20 | 05 | 2012
Заманауи бейнебаяндар
Фотосуреттер
< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Бізде қонақта:
Қазір 501 қонақ онлайн
Әріптестер

www.baq.kz

Ауа райы

Валюта бағамы

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala

* Жаңа әрі жанға жайлы

* Орталық әрі тыныш жер

* Жан-жақты әрі жақсы жағдай

* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы,

Ақпан батыр көшесі, 23-үй.

(Майлықожа көшесінің қиылысы).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Құлағыңыз түрік жүрсін

«Заманаға» жазылу жалғаса береді

«Замана» газетіне жа­зы­лу жыл бойына жал­ғаса бе­ретінін естеріңізге саламыз.

Егер Сіз бүгін-ертең ба­рып жазылсаңыз, келе­сі айдан­ бастап газет қо­лыңызға тиетін болады.

«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дү­ние»­ басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.

Елге арналған газет­термен етене болыңыз, ағайын!

Сізге арналған сәлемхат
Құттықтаймыз!

* 12 мамыр – Мейірби­келер күні мерекесімен Шымкент медицина кол­леджін 1985 жылы «3» тобын бітірген группаластарымды, группа же­текшісі Филатова Людмиланы, №2 жедел жәр­дем ауруханасының аға мейірбикесі Роза Петровнаны құттықтаймын. Құт­тықтаушы – Тілеге­нова Паршагүл Орын­басар­қызы. Жас жігіттер, таныса­йық деп телефон соғушы болмаңдар! 8-702-634-35-67.

* Ардақты әпкем Ақмарал және қылығы балдай тәт­ті жиенім Жар­қынбек! Сен­дерді туылған күн­дерің­мен шын жүректен құттықтаймын! Ана мен бала арасындағы магнитсіз тартылатын іңкәр сезім мен шын кө­ңілден туған мейірімнен кенде болмаңдар. Ізгі тілекпен – өзіңді құр­меттейтін кенже інің және өзіңді жақсы кө­ретін нағашың – Білімжан. 8-771-139-65-37.

* Әйгерім Мұзафарованы 28-сәуір – туылған күнімен құттықтаймыз! Әпкелері. 8-702-110-82-09.

Күлкістан
kylki
Әбділлах Халиланың
Әзілдері

ҚҰТЫРУ МЕН ҚҰТЫЛУ

Студент деканның хатшысына телефон соғады.
– Айтшы, ана жаналғыш әзі­рейіл өзінде ме?
– Әй, өзің кіммен сөй­ле­­сіп тұрғаныңды білесің бе?
– Жоқ, кіммен?
– Деканмен!
– Ал сіз кіммен сөй­лес­кеніңізді білдіңіз бе?
– Жоқ.
– Білмегеніңіз жақсы болды.­

СЕНІМДІЛІК

Түнде бөлмеге ұры ке­ліп, ши­фо­ньерді ашып жатқанда, студент оянып кетеді.
– He іздеп жүрсің?
– Ақша.
– Тапсаң, мені оятарсың.

ҮШТӨБЕ

Екі студент танысып отыр:
– Мен Түркістаннан кел­­дім, сен қайдан келдің?
– Сен ойлап тап, менің ауылымның аты «қанағаттанарлық», «жақсы» және «өте жақсы» бағалардың ал­дыңғы екі әріптерінен құралады.

СҰРАУ МЕН ҚҰЛАУ

Институтқа түсе алмай келген баласы әкесіне:
– Әділдік жоқ екен, – депті.
– Неге?
– Қан тапсыр деп сұранды. Тап­сырдым­. Зәр тапсыр деп сұранды. Тап­сырдым. Ма­­тематика тапсыр деп сұ­ранды. Тапсыра алмадым, со­ған бола құлатып жіберді.

ТҰЖЫРЫМ

Студент тараканды ұс­тап алып, екі аяғын жұлып тастап ысқырады. Таракан жүгі­ріп ке­теді. Төрт аяғын жұлып алып, ысқырады. Таракан жү­ріп кетеді. Алты аяғын да жұлып алып, ысқырады. Таракан қоз­ғалмайды.
Тұжырым: аяқсыз таракан ыс­қырықты есітпейді.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Құлағыңыз түрік жүрсін
kiz
«Қызық газет» – қызық газет!

«Аңқау елге арамза молда» дегендей, бір кездерде банктен несие әпергіш қулар көбейіп кеткен еді. Қалай жасайтыны белгісіз, олар жоқ құжатты бар етіп, талай адамды қан қақсатқан. Сол кездері банкке қа­рызынан құтыла алмай өзіне қол салған­дар да, жазықсыз сотталып кеткен­дер де жетерлік.

«Қызық газеттің» осы аптадағы жаңа нөмірінде жарық көрген «Ал­ған несиесі кесір бол­ған отбасы» деп аталатын хикаяда баспаналы болу үшін несие алған отбасының тартқан тауқыметі жайында баяндалады.

Сондай-ақ аталмыш басылымда талай орынсыз істерімен жұртты шулатқан мектеп жасындағы қыздың жан сыры «Оқушы қыздың орынсыз қылықтары» деген тақырыппен беріліп отыр.

Оқыңыздар, ой түйіңіздер!

Керек кеңестер
Енеңіз еңсеңізді езбесін десеңіз...

«Сиырдың жауы – кене, келіннің жауы – ене» деп кейбіреулер өздерінше мақал шығарып ал­ған. Алайда ененің барлығы бірдей жаман деуге бола ма? Енеңізбен «тонның ішкі бауындай» қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, барлық келіндер біле бермейтін мына мәселелерге назар аударыңыз:

♦ Қайын енеңіз – сіз, сіздің анаңыз, құрбыларыңыз, қызметтес әріптестеріңіз сияқты өзіндік артықшылықтары мен кем­шіліктері бар қарапайым әйел. Сондықтан объективті көзқарас ұстанғаныңыз абзал. Енеңізбен бақталас емес, оның ұлын бақытты еткісі келетін жақын жан екеніңізді сезіндіріңіз. Отбасылық жоспарларыңызбен бөлісіп, берген ақыл-кеңестерін мұқият тыңдаңыз. Айтқан ақылы көңіліңізге қонбаса, үндемей-ақ қойыңыз. Бәрібір жоспарыңызды өз қалауыңызша жүзеге асырасыз.

♦ Психологтардың кеңесіне құлақ асар болсақ, алдымен ененің мінез-құлқы мен қимыл-әрекеттерін мұқият зерттеп алған дұрыс. Мысалы, енеңіз сәнқой болса, сіз де дереу салонға барып, шашыңыз бен қасыңызды түзетіп, тырнағыңызға тартымды маникюр жасатыңыз. Енеңізбен парфюм әлеміндегі жаңалықтармен бөлісіп, әңгіме өрбітіңіз. Өзгеруге тырыспаңыз, өзіңіздің табиғи қалпыңызды сақтап қалыңыз. Өзі­ңіздің мықты жақтарыңызды көрсетуден тайсалмаңыз. Жұбайыңыз бағалаған бұл қасиеттеріңізді оның анасы да бағалайды.

♦ Егер сіз енеңізбен бір үйде тұратын болсаңыз, мынаны ұғыныңыз: Бұл үйдің бикесі сіз емессіз. Сондықтан бұрыннан қалыптасқан қағидаларды, жазылмаған заңдылықтарды үйреніп алыңыз. Ол нәрселерді өзгертуге тырыспаңыз. Бұл үйде ұрыс-керіс шығаруға себеп болады. Бірақ өз бөлме­ңіздегі тәртіпті өзіңіз ғана бақылауда ұстаңыз. Енеңіздің өз территорияңызға өтіп, сіздің киімдеріңіз бен бұйымдарыңызды рұқсатсыз жайғастыруына жол бермеңіз. Үй шаруа­сындағы атқара алмайтын істеріңіз жайында алдын-ала айтыңыз. Кикілжіңнің 90 пайы­зы үй шаруасына қатысты.

♦ Енелердің көпшілігі алғаш көргенде келіндеріне сенімсіздік танытып, күмәнді көзқараспен қарайды. Сондықтан келінінің өз баласына көрсеткен ілтипаты мен жақсы қарым-қатынасын көрген сайын оның сізге бүйрегі бұрып, жүрегі жылып қалады. Бірақ бұл қарым-қатынасыңыздың бірі де жасанды болмағаны абзал.

♦ Жұбайыңызбен жағымсыз ара қатынасыңызды енеңіздің мүлдем көрмегені абзал. Дегенмен ертелі-кеш ененің көңілінен шығу үшін құрақ ұшып, өзіңізге қарауды ұмытып кетпеңіз. Ол кісімен қарым-қатынасыңыз қалай болғанда да алдыңызда сіз үшін ең қымбатты, сүйікті жанды дүниеге әкеліп, өсіріп, ержеткізген әйел тұрғанын ұмытпаңыз. Ол – құрметтеуге лайықты жан.

Негізгі бет
"Ұрпағымды ұятқа қалдыратын ештеңе жазбадым"
ddd Ой мен сөзді саудаға салудың, газетті бизнес көзіне айналдырудың қазір еш әбестігі жоқ. Ал Абай Балажан өмірдің осындай заңдылығына әлі көндіге алмай жүрген, газетке тауар деп емес, рухани азық деп қарайтын журналист. Өз сөзімен айтсақ, «жетпіс мың оқырманның миын улағаннан жеті қазаққа ой салғанды» құп көреді. Оның бұл ұстанымы өзі шығарып жатқан «Орда.kz» газетінен көрініп-ақ тұрады. Ақпарат саласындағы жұмысын осыдан отыз жылдай бұрын газеттің ең қара жұмысы саналатын корректорлықтан бастаған Абай Балажан бүгінде ердің жасы елуге де келіп қалыпты. Елу – ердің жасы. Елу жастың биігінен бір сәт қарағанда Абай Балажан мына өмірде не бітірді, неге үлгере алмады? Әріптеспен сұхбат осындай сауалдан басталды.
– Ешнәрсеге де үлгере алған жоқпын. Үлгеру былай тұрсын, ештеңе біліп те үл­гермеппін. 30-35 жасқа дейін өмірдің қалай өткені білін­бей­ді екен де, одан асқан соң уа­қыт зуылдап, зырылдап, өте тез өтеді екен. Осыған көзім жетті. Мен қоғам не мемлекет­ қайраткері, әдебиет не мәдениетте, өнерде үлкен із қалдырған тұлға емеспін. Бар болғаны – қарапайым журна­лист­пін. Замандастарым не істеді, мен де соны істедім. Артық та, кем де істеген жоқпын. Бұзып-жарып бітіріп тастаған да түгім жоқ. Тек тәубе қылатыным, мен кешегі жаз­ғандарымнан бүгін ұялмаймын, бүгін жазғандарымнан ер­тең ұялмайтынымды сезе­мін. Журналистика әдебиет секілді алдағы дәуірлерге, ға­сырларға жұмыс істейтін жанр емес қой, ол өзің өмір сүріп отырған кезеңге жұмыс істей­ді. Бір ғана мысал айтайын, 1986 жылғы Желтоқсан оқи­ғасы кезінде біздің біраз әріп­тестеріміз қандастарымызды қаралап мақала жазып жатты. Қазір соларға жаным аши­ды. Шүкіршілік ететінім, өзім түгілі ұрпағымды ұятқа қалдыратын ештеңе жазбадым. Жаздым деп қуанбаймын, жазбадым деп қуанамын. Елу деген нағыз жұмыс істейтін жас қой, бірақ енді тағы елу жыл жасамайтыным да анық. Ендеше, алдағы уақытта осыған дейінгі істеген жұмысымның жартысын да істей алмайтыныма тағы көзім жетеді. Сонда өмірге түк бітір­мей келіп-кетіп бара жатқан адамның халін сезіне бастайсың. Міне, елу жаста осыны сезіне бастайды екенсің. Елу­дің биігінен қарасам, мен еш­теңе бітірмеппін. Бәлкім әріп­тестеріміздің ішінде бәрін біті­ріп, тау қопарып тастағандары бар шығар, менде мақтанатын ешнәрсе жоқ.
– Шымкенттен бүгінде неше түрлі газет шығады жә­не «Шымкенттің газеті» дегенге өзге жақтың халқы қа­зір мысқылмен қарайтын жағдайға жеттік. Бәсеке­лес­тікті былай қойғанда, халықтың рухани тұтынушылығы төмендеп кеткен мынадай заманда газет ашудан қорыққан жоқсыз ба?

– Кез келген жұмысты бас­тар кезде адам жүрексінеді. Мен де жүрексіндім. Расын айту керек, менің бүкіл саналы ғұмырым осы журналистиканың айналасында өтті. Бірақ мен бұған дейін көбіне мемлекеттік басылымдарда, телеарналарда жұмыс істе­ген­дік­тен ертеңгі күнге аса алаңдай қоймайтынмын. Қа­зір «Орда.kz» газетінің шығып жат­қанына бірер жыл өткені­мен алдағы күні қалай болады деп әлі де уайымдаймын. Өйткені бұл жерде өзіңнің ға­на емес, газетте жұмыс істей­тін бірнеше адамның тағдырын ойлайсың. Олар саған сеніп келіп отыр. Ал газетті кеш аштым деп ойламаймын. Оны бүгін ашпаса, бұдан ке­йін кеш болады, өйткені біздің ұлт қазір өте жауапты кезең­нің қарсаңында тұр. Шекс­пир­дің «быть или не быть» деген сөзі бар ғой, қазақшалағанда «болу не бордай тозу» де­генді білдіреді. Ұлт қазір тура осы екі аралықта тұр. Дәл қа­зіргі сәтте айтылмаған әңгімені кейін айтамын деудің қажеті жоқ. Өзге жұрт Шымкенттің газеттеріне мысқылмен қараса, оған ренжудің қажеті жоқ. Адам жұртқа күлкі болмайтындай тірлік істеуі керек. Газетті ашқанда белгілі бір мақсат болуы керек. Мақсат болмаса, жан бағу үшін газет ашу – үлкен қателік. Біреу «газет – қару» деп ойлайды, демек, оларда «басқа жұрттар менен қорықсын» деген мақсат бар. Біреу газетті өзінің көрген-білгенін айтатын мінбе деп қарайды. Әңгіме мақсаттың ізгі не зұлым болуында.

– Сіз ұзақ жылдар бойы мемлекеттік газеттерде қызмет атқардыңыз, облыстық газеттің бас редакторы да болдыңыз. Қазір тәуелсіз газеттің басшысыз. Ұлттық мүдде тұрғысынан сөз сөй­леу үшін осы екеуінің қайсысының қолы ұзын деп ойлайсыз?

– «Мемлекеттік басылымдарда айтатын нәрсеңді айтқызбайды, оған рұқсат бер­мейді, тәуелсіз басылымның бір жақсы жері ойыңды еш­кім­нен қымсынбай айта аласың» деп жатады. Жоқ, бұл жаңсақ пікір. Бұл жерде әңгіме қалай айтуда. Мемлекеттік ба­сылымда отырып оның пәленбай мың таралымын пайдалана білу керек. Мәселен, нағыз ештеңе айтқызбайтын кез кешегі 70-80 жылдар еді. Кеңестік идеологияның цензурасы кез келген нәрсені турап тастайтын. Ұлтқа қажет әңгіме айтыла қалса жоқ қы­лып жіберетін. Бірақ біздің алдымыздағы аға-апаларымыз формасын тауып ұлтқа керек шындықты оқырманға өткізе білді. Көркем әдебиетті айтпағанда, журналистикада бір ғана шопанның өмірін суреттеп отырып оның шындығын айтқызу арқылы бүкіл қоғамның шындығын ашып берген очерктер болды. Ал қазір айта бер деген уақытта жұрт не айтарын білмей қалды. Бұл – бір. Екіншіден, тәуелсіз басылымдарда да пікірді еркін айтуға болады деген әшейін бос сөз. БАҚ-тар тендер ала ма, алады, демек, ол да біреу­ге тәуелді. Егер халыққа жұ­мыс істеймін десе мемлекеттік басылымдардың мүмкіндіктері өте зор. Өкінішке қарай, біз ұлтқа жұмыс істеймін деген адамды жынды адаммен бірдей көретін заманда өмір сүріп отырмыз.

– Газет шығарып жүрген өзге әріптестеріңізден бір ерекшелігіңіз, бәлкім кемші­лігіңіз шығар, Сіз газетті нан табу көзі, тауар деп қарамайсыз. Бірақ жеке меншік газет шығарып отырған соң Сізге кәсіпкерлікті журна­лис­тикамен қатар алып жү­руге тура келеді. Қиын тиіп жатқан жоқ па?

– Қиын тиіп жатқаны рас. Мен де газетке тауар деп қа­раймын, бірақ өзгелер секілді материалдық тауар деп емес, рухани тауар деп қараймын. Бұл менің кемшілігім шығар. Руханиятта ешнәрсе ақшамен есептелмейді. Біздің фольклорымыз, ата-бабадан қалған асыл сөздер – тұнып тұрған руханият, оны ешқандай материалдық дүниеге апарып пұл­дай алмайсыз. Бірақ рухани дүниені пұлдауға болмайды деп қарап отырсақ, газет шығара алмай қаламыз. Міне, осы тұрғыда ізденіс керек. Сондықтан материалдық тауар емес деп қарағанның өзінде де өмір сүрудің жолын мен де қарастырамын, га­зет­тің өмірі үшін күресемін. Ал ол қалай жүзеге асады, бәріне алдағы күндер төреші.

– Әңгімеңіз үшін рахмет, «Орда.kz» газеті ұлт сүйіп оқи­­тын басылымға айнала берсін!

Сұхбаттасқан – Г. ТӨРЕБЕКОВА.

 

Пікір қосу

Қорғаушы код
Жаңалау

Біздің кітаптар
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

zamana-13

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!

Ол үшін қомақты қаламақы төленеді

Құрметті оқырман!

Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.

Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.

Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.

Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.

Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.

Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.

Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!

Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.

Жұлдызнама
juldiznama
(14.05 - 20.05)

Тоқты (21.03-20.04)
Өзіңізге деген сенім­нің арта түскенін сезініп, қуанасыз. Сізді алда көңілді күндер күтеді.

Торпақ (21.04-21.05)
Молшылығымен қуантатын апта. Сәрсенбіге қарай қолыңызға қомақты қар­жы түсуі мүмкін.

Егіздер (22.05-21.06)
Көпшілікпен жиірек араласу ойыңызда болсын. Жаңа табыс көзін ашуыңыз ғажап емес.

Шаян (22.06-23.07)
Ағымдағы жұмыстармен айналысасыз. Бүгін бітіретін істі ертеңге қалдырмағаныңыз жөн.

Арыстан (24.07-23.08)
Біраз шаруаға тіке­лей­ басшылық етуіңіз керек болады. Жәрдемшілер жаныңыздан табылады.

Бикеш (24.08-23.09)
Еңбекқорлығыңыздың пайдасын көресіз. Апта соңына қарай олжалы болуыңыз мүмкін.

Таразы (24.09-23.10)
Негізгі жұмысқа күш салғаныңыз дұрыс. Жоспармен әрекет етсеңіз, бәрі де өз орнын табады.

Сарышаян (24.10-22.11)
Апта күндері сізді әбір­жіте қоймайды. Қордаланып қалған шаруалар болса, реттеп алғаныңыз абзал.

Мерген (23.11-21.12)
Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Шешім қабылдарда барынша батыл болуыңыз қажет.

Тауешкі (22.12-20.01)
Іскерлік қабілетіңізді аша түсетін апта. Көздеп жүрген мәселеге кірісе берсеңіз болады.

Суқұйғыш (21.01-19.02)
Жақын адамдарыңыздың жетістігі қуантады. Өзіңіз отбасы бюджетіне қомақты кіріс әкелуіңіз мүмкін.

Балық (20.02-20.03)
Тартыншақ болмаңыз. Көзге жиірек түсуіңіз керек, оған мүмкіндік мол, қимылдап қалыңыз.
Біздің газеттер
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
Құлағыңыз түрік жүрсін
aur
Ауырмаудың жолы көп

* Жылан мен кірпі етінен жасалған сорпа арқылы ауруыңыздан айықтыратын адам бар. Бұл сорпа қандай дерттерге дауа? Оны қайдан табуға болады?

* Темекіні тастай алмай жүрсіз бе? Улы түтіннен жирендіріп, оны аз күнде-ақ тастауға көмектесетін тәсілдер бар.

* Әлсіздік мазалап, өздігіңізден шаршап жүрсіз бе? Сірке су көтермей, жиі ашуланатын болсаңыз, мұны көктемнің ағзаға әсері деп түсініңіз. Ал бұл жайсыздықтан қалай құтылуға болады?

* Біреулер шұжыққа әжетхана қағазы қосылады екен дейді. Енді біреулер онда еттурағышқа түсіп кеткен тыш­қан еті де бо­лады деседі. Бұл сөз шындыққа қаншалықты жанасады? Жалпы, шұжық туралы не білесіз?

* Қазір тірі адам тіршілігін жасап қалатын нағыз шақ. Яғни әрбір секунд қымбат. Дегенмен ғалымдар бұлай жаныға бермей, жалқаулыққа да ырық беру керек дейді. Неге?

* Бұл елде шыбын мен тараканнан да дәрі жасайды екен. Керек десеңіз, жыбырлағанның бәрін жарамды деп тауып, дәр­мекке айналдырады. Соған қарамастан медицина­сы ерекше дамыған саналатын бұл қай ел? Оның құпиясы неде?

Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауыр­маңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен таба аласыз.

Құлағыңыз түрік жүрсін!
tilzim
«Тылсым дүниені» оқыңыз!

«Тылсым дүние» га­зе­тінің осы аптада жа­рық көрген нөмірі­нен ауыспалы кли­маттың ғаламшары­мызға тигі­зер әсері мен ғарышта кез­де­сетін түрлі микробтардың зияндылығы туралы, сондай-ақ құпиясы көп құйрықты жұл­дыз бен таңғажайып жасыл сәуленің кере­ме­ті жайында жазыл­ған қызықты мақалаларды оқи аласыздар.

Сондай-ақ жаратылыс пен тіршілік төңі­регіндегі тылсым сырға толы оқиғалар мен табиғаттың таңқалдырар құбылыстары, жайшылықта өзіміз мән беріп жатпайтын жұм­бақ жағдайлар жөнінде де басылымда жаңаша қырынан баяндалған.

«Тылсым дүние» – әрдайым оқырманын жоғарыда айтылғандай ғажайыптар әлеміне, тылсым сырдың тұң­ғиығына жетелейтін ерекше басылым. Сол үшін де ол оқырман ортасынан өз орнын нық тапқан газет.

Ендеше, алағы уақытта да бізбен бірге болып, газетімізге алдағы, екінші жартыжылдыққа жазылып қоюды ұмытпағайсыздар!

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala-2

* Новая, уютная

* Тихий центр

* Все условия

* Умеренная цена

Наш адрес:

г. Шымкент,

ул. Акпан батыра, 23.

(уг. улицы Майлыкожа.).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Будьте нашим гостем!

Құлағыңыз түрік жүрсін
«Керек кеңестерден» керегіңізді табасыз

* Алда Наурыз мерекесі келеді. Ал сіз наурызкөжені аса дәмді әрі құнарлы етіп әзірлеудің тәсілін білесіз бе?

* Бүгінде бау-бақшасына көшет алуды ойластырып жүргендер көп. Ендеше, кейін мол өнім беретін көшетті қалай таңдап, қалай отырғызу керек?

* Енді құрылыс жұмыстары да басталады. Иемденген жер теліміне баспана тұрғызу қамымен жүргендер жоқ емес. Осындайда жер телімінің тиісті тіркеуде болғаны жақсы. Әйтпесе біраз қиындықтар туындайды. Ал жер телімін тіркетудің де өзіндік тәртіптері бар. Ол қандай тәртіптер?

* Көктемгі әскерге шақыру кезінде жастар арасынан майтабан ауруына шалдыққандар көптеп анықтала бастайтыны рас. Сонда майтабандық неден пайда болады, оны ертерек байқап, аурудың алдын-алу үшін не істеу керек? Жалпы, оның алдын-алуға бола ма?

...Бұл сұрақтардың жауабын оқырманға өмірдің сан саласынан қажетті кеңестер беріп отыратын «Керек кеңестер» газетінің осы аптада жарық көрген кезекті нөмірінен табасыз.

SMS

sms

"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз

Құрметті оқырман!

Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы

SMS – хабарлама

жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:

– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.

Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.

Редакцияның тікелей ұялы байланыс телефондары:

8-702-838-09-24, 8-777-402-09-14, 8-700-390-07-60.

Сізге арналған сәлемхат
Танысқым келеді

Жасым 36-да. Үйленіп, ажырасқанмын. Өзіммен тағдырлас, 20-35 жас аралы­ғын­дағы жанмен та­нысып, отау құрсам деймін. Бастысы, бір-бірімізбен түсініссек болғаны. 8-771-237-14-19.

Жасым 25-те. Жанымды түсінетін қазақтың қыздарымен танысқым ке­леді. Бір баласы болса да қарсы емес­пін. 8-702-957-26-53.

Иманды, намазхан қызбен танысқым келеді. Дене кем­шілігіне қа­рамаймын. Ең бастысы, иманды бол­ғаны. Тұр­мыс жағдайыма байланыс­ты өзім үйленбегенмін. Жасым 30-да. Қарауыл болып жұмыс істеймін. 24 пен 30 жас аралығындағы қыздар, хабарласыңдар. Бірақ жөнсіз мазаламаңдар, өтініш. 8-771-238-92-70.

1992 жылғымын. Өзім қатарлы қыздармен таныс­қым келеді. Логинім: maks_fo­es.­92@maіl.ru. 8-775-609-81-48.

Сәлем, қыздар! Мінезі жақсы қыздармен танысқым келеді. Логинім: x_sultan_93­kz@­maіl.ru. 8-775-850-99-34.

Жүрегінде иманы бар қыздар, танысып, дос бола­йық. Логинім: ratbek94kz@­maіl.ru. 8-702-855-91-80.

Ассалаумағалейкүм, ина­батты да ибалы қазақтың қыздары! Танысайық. Логинім: www.aіdar. 8-778-445-99-68.

Сәлем, сұлу да көркем бойжеткендер! Жүрегінде иманы бар қыздармен танысамын. Логинім: Mukagalі.­Na­bі­han@maіl.ru 8-775-727-48-94.

Жасым 24-те. Отбасын құру мақсатында түсінігі бар жігітпен таныс­қым келеді. 8-775-882-59-76.

Сәлем! Танысып, дос болуға қалай қарайсыңдар? Ло­гинім: amantaі_­ aknura­@­maіl.­­ru. 8-702-246-73-96.

Сәлем! Мен өзіме адал дос іздеймін. Логинім: su­per_­gі­rl-959595. 8-775-626-06-13.

Сәлем! 1994 жылғымын. Логинім: love.sandu­ga­sh_­94­@­іnbox.ru. 8-702-734-31-16.

Сәлем, қыздар, жігіттер! Таныса­йық, дос болайық. Ло­гинім: aіda_ 96..15@maіl.ru. 8-771-137-44-96.

Сәлем, Шымқаланың сұ­лу қыздары! Танысып, дос бо­лайық. Логинім: kuba.kz95. 8-775-855-99-78.

Медик қыздар, танысайық. Ас­қар, 89-жылғымын. 8-775-722-46-78.

Жүрегінде иманы бар қыз-жігіттер, танысайық, дос бо­лайық. 8-701-584-13-96.

Қыздар, танысайық. Ло­гинім: janbolat_89kz. 8-705-886-83-66.