05 | 02 | 2012
Заманауи бейнебаяндар
Фотосуреттер
< Сәуір 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    
Сауалнама
Сізге мына басылымдардың қайсысы көбірек ұнайды?
 
Бізде қонақта:
Қазір 152 қонақ онлайн
Әріптестер

www.baq.kz

Ауа райы

Валюта бағамы

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala

* Жаңа әрі жанға жайлы

* Орталық әрі тыныш жер

* Жан-жақты әрі жақсы жағдай

* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы,

Ақпан батыр көшесі, 23-үй.

(Майлықожа көшесінің қиылысы).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Құлағыңыз түрік жүрсін
«Заманаға» жазылу жалғаса береді

«Замана» газетіне жа­зы­лу жыл бойына жал­ғаса бе­ретінін естеріңізге саламыз.

Егер Сіз бүгін-ертең ба­рып жазылсаңыз, келе­сі айдан­ бастап газет қо­лыңызға тиетін болады.

«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дү­ние»­ басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.

Елге арналған газет­термен етене болыңыз, ағайын!

Сізге арналған сәлемхат

Құттықтаймыз!

* Айзат және Нұрзат! Сендерді сегіз айға толған туған күнде­ріңмен құттықтаймыз! Апасы, атасы, бабасы. 8-775-458-20-89.

* Ұлымыз Мейіржан Нұрғалиды 23-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Дені сау, үлкен азамат болсын! Әкесі Ерік, анасы Гүлназ. 8-702-748-37-42.

* Бөлеміз Айнұрды 18-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Мөлдір судай шаттықты, аппақ гүлдей ақтықты тілейміз. Жұлдыздардай жарқырап, бол әрқашан бақытты! Зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Өмірлік серігің болсын! Сені жақсы кө­реміз. Тілек білдірушілер – жезде және бөле­лерің. 8-775-956-21-89.

* Ағам Ерғали Ниятбековті 14-қараша – туған күнімен шын жү­ректен құттықтаймын! Оған бұл өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін. Өмірде бақытты бол! Қа­рындасы Жазира. 8-775-648-93-21.

* Анаргүл, туған күнің құтты болсын! Тілек білдірушілер – Досым, Гүлжан. 8-702-811-65-33.

* Айман жеңгемізді өткен ту­ған күнімен құттықтаймыз. Азамат ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар! Аягөз, Асқат, Аят. 8-775-497-94-95.

Жаңа кітап

3

Қазақтың ұлт­тық тағамдары

«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлт­тық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жең­сік тағамдары мен оларды даяр­лау жол­да­ры, қазақи дас­­тар­­хан­ға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәс­түрлер баян­дал­ған. Кі­тапта сонымен қа­тар қа­дірлі қо­нақтарға, құ­да-жек­жаттар­ға, жасы үлкен аға­йынға тартылатын сый та­бақ, ұлт­тық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпияла­ры да жазыл­ған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағам­дар­ға­­ қа­тысты қазақтың ырымдары мен тиым­дары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.

Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94,  43-24-67.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Жаңа кітап

012

Тез байығыңыз келсе...

Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқ­ып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жет­­кізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.

 

Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз
Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.
«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!

 

Негізгі бет
немересін өкіметке өткізгісі келеді
apa9 Кешегі аптада Жетісай қаласында бол­ғанымызда, «НұрОтан» ХДП Мақтаарал аудандық филиалының алдында бір әйелді кездестіріп, жөн сұрадық. Ол кісі жеке мәселесімен еліміздегі маңдай алды пар­тиядан көмек сұрауға келгенін айтты.
«Өзім де, күйеуім де мүге­дектер­міз, – деді Қарлығаш Жалғасова (суретте). – Ұлым жұмыссыз. Жас­тары­ бір жарымда және беске толмаған екі баласы болғандықтан қызым да жұмыс істей алмай үйде отыр. Олар­ға қарайтын менде ша­ма жоқ. Сондықтан «Нұр­Отан­нан» көмек сұрамақпын. Өзіміз Өзбекстаннан былтыр көшіп келгенбіз. Әлі Қазақстанның азаматтығын алып үлгерге­німіз жоқ. Мұндағы азаматтар баламды жұмысқа орналастырып берсе дұрыс болар еді. Ал қызымды жұмысқа шығару үшін екі немеремді балалар үйіне орналастырсақ деген ойымыз бар. Әрине, түпкілікті емес, уақытша ғана. Онда да барып, хабар алып тұрамыз ғой. Кішкентай немеремізді қи­маймыз, бірақ басқа амалымыз жоқ. Немересін балалар үйіне өткізді деген сөздің жақсы еместігін де білеміз. Сондықтан лажы болса, тәуліктік балабақша табылса тіпті дұрыс болар еді. Қалай болғанда да оларды үйде ұстап отыра беру мүмкін емес. Тамақ, киім керек. Күйеу баламыз ішімдікке әуес болып кетті. Әйтпесе баласына қараса оған кім қой дейді?»
 
қылмыс жасаған полицейлер жазаланды ма?
Оқырмандарымыздың есінде болса, өткен жылдың соңында «Зама­на» газетінде «Полициядан зәбір көрсеңіз, қауіпсіздік басқармасына жүгініңіз» деген kopтақырыппен мақала жария­лаған болатынбыз. Ол мақалада құқық қорғау қызметкерлері тарапынан жәбір көрген жағ­дайда кез келген адамның ОҚО ішкі істер департа­менті өзіндік қауіпсіздік басқармасына арыздана алатыны туралы жазылған.
Аталмыш басқарма қызметкерлері өткен жылдың соңына қарай полиция қызметкерлері тарапынан жасалған бірнеше қылмыстық әрекеттерді ашумен айналысқан. Біз облыстық ішкі істер депар­таменті өзіндік қауіп­сіздік басқармасы бастығының орынбасары, таяуда ғана ердің жасы – 50-ге толған Шырынбек Оңғаровпен осы мәселелер төңірегінде әңгіме қозғаған едік
 
Елу жылда жүздеген жақсылықтар жасаған
altinЕліміздегі денсаулық сақтау ісіне мол еңбек сіңірген азаматтардың бірі – академик Дербісәлі Сексенбаев. Ол кісі­нің медицина саласында еңбек етіп жүр­ге­ніне биыл тура жар­ты ғасыр толып отыр. Осы мерейлі мереке қарсаңында оның өмір жолы туралы «Алтын қол­ды хирург» атты кітап жарық көрді. Авторы – қаламгер Айыпберген Балтабайұлы (Айып Нұр). Таяуда Шымкентте Д.Сексенбаевтың медицина саласында еңбек етіп жүргеніне елу жыл толғаны аталып, оның өзі жайлы жазылған кітаптың тұсаукесері болып өтті.
Д.Сексенбаев медицина қызметкері болу­ды бала кезінен армандапты, 15 жасынан бастап ізде­ніп жүріп ақыры жоғары оқу орнына түскен, оны өте жақсы деген бағамен бітірген. Ол кісі бұл саладағы жұмысын қатардағы дәрігерден бастаған, кейін қызметі өсіп, лайықты еңбегінің ар­қасында есімі бүкіл елімізге белгілі болған жан. Оның шарапатын көргендер ел ішінде жүздеп саналады.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Дербісәлі Сексенбаев осы салаға сіңірген еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапатталған.
 
Қанды калай тазартуға болады?
Бүгінгі таңда экологиялық таза азықпен тамақтанудың өзі қиындап барады. Сол себепті күнделікті өмірде астан, судан және ауадан адам ағзасы түрлі medikтоксиндермен уланып жатқаны жасырын емес. Адам ағзасына нәр беретін қанның токсиндерден таза болуы денсаулықты жақсартуда үлкен маңызға ие. Ал қан құрамын олардан қалай тазартуға болады? Осы жөнінде біз Оңтүстік Қазақстан облыстық қан орталығы директорының медицина жөніндегі орынбасары, трансфузиолог-дәрігер Жайнар Астанаевамен  әңгімелескен едік.
– Жайнар Орынбасар­қызы, плазмофорез деген не, осы жөнінде тоқталып өтсеңіз?
–  Күнделікті қолданатын тамақ, ауа, су арқылы адам ағзасына тұрақты түрде мыңдаған қа­жетсіз заттар енеді. Оның қатарында, әрине, улылары да болады. Бұған түрлі күйзелістерді, ұйқының қан­бауын, экологиялық жағдайдың қолайсыздығын қосыңыз. Яғни бүйрек, бауыр, өкпе және ағзаның тазалығына жа­уапты тағы басқа мүшелер өз мінде­тін толық атқара алмай қалады. Содан ағзаның қорғаныш күші әлсірейді. Міне, сонда ағзаны қа­жетсіз, улы заттардан тазалау керек болады.
 
"Пошташы жоқ, газетсіз қалдық"-дейді қараталдық қариялар
Жаңа жылдың алағашқы айы да артта қалды. Оқырман қауым 2012-жылға жазылған газеттерінің бірнеше нөмірлерімен қауышып үлгерді. Дегенмен ел ішінде мұндай мүмкіндіктен мақұрым қалып отырғандары да баршылық екен. Кешегі аптада Сарыағаш ауданына барғанымызда осындай бір келеңсіз оқиғаға куә болдық.
«Мен «Замана» газетіне жазылған болатынмын, – дейді Қаратал ауылының тұрғыны Тазабек Әбдіраманов есімді азамат (суретте). – Әлі бір газет алғаным жоқ. Айына берілетін зейнетақыға барғанымызда қолымызға кез-келген газетті ұстата салады. Егер бұл әрекет ақпанда да жалғасатын болса, онда мен келесі жартыжылдықта ешқандай газетке жазылмаймын. Өзім қалағанды бермей, айына топтап қолыма басқа газет ұстата салса оны не істеймін?»
 
үйіне киіз төсесе масқарасы шығардай қорқады
Биылғы қыс талайдың көкесін көзіне көрсетіп тұр. Мұндайда үйдің жылы болуы маңызды. Әсіресе еден жылы болса рахат, табаннан сыз өтпейді, белің, бүйрегің ауырмайды. Ал еден жылы болуы үшін оған киіз төсеген дұрыс.
Біреуі 1500 теңге тұрады
Кешегі аптада Шымкенттегі «Алаш» базарын аралап жүріп осында киіз сатып­ тұр­ғандарды кезіктірдік. Қалыңдығы кілем­­дікінен сәл-ақ асатын бұл киіздердің ұзындығы – үш, ені екі метр екен, бағасы 1500 теңге. «Жақсылап» саудалассаң одан да түсіріңкіреп алуға болады. Таш­кенттікі, «фабричный» дегендері тығыздау, ал Сарыағаштан шығарылатындары бостау көрінді. «Базарға қолдан басылған киіз әкелетіндер бар ма?» – деген сауалымыз­ға сатушылардан: «Өй, ондай киізді кім әкеледі, өткізе алмайды ғой», – деген жауап алдық.
 
Қойма сырты жарқырап тұр...
oima Шардара облыстағы жер көлемі үлкен аудан болып саналады. Басқа­лар малын суғаруға су таппаған кезде, бұл ауданның тұрғындары ағын суды қайда жіберерін білмей сасады. Жалпы, ебін таба білсе Шардара ауданы жоқтан бар жасау мүмкіндігіне ие. Ал шардаралықтар бүгінде сол мүмкіндікті дұрыс пайдаланып жүр ме?
Суы бар жерде бау-бақшаның мол болатыны белгілі. Жұрт көкөніс пен же­міс-жидектің өздерінен артылғанын сатып пайда тапқанды дұрыс көреді. Бірақ жиналған өнім тез арада сатылып үлгере ме, мәселе осында. Сатылмай қалса, оларды сақтайтын қойма болғаны дұрыс.
Шардара ауданында сыйымдылығы 500 тонналық көк­өніс сақтау қоймасы бар. Бірақ сыртында жазуы болғанымен ішінде еште­ңе жоқ екен. Себебін сұрағаны­мызда жергілікті тұрғындар: «Осыдан екі-үш күн ал­дын облыс әкімі Асқар­ Мырзахметов ау­дан­ға келіп кетті, – деді. – Сол кез­де бізде көкөніс сақтау қоймасы бар деп сыртынан көрсету үшін жасал­ған тірлік қой. Әйтпесе қайдағы қой­ма? Ендігі кел­геніңізде бұл жазуды алып тастағанын көресіз.
 
Олимпиадаға 10 жолдамамыз бар
Алдағы жазда Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында­ өтетін ХХХ жазғы олимпиада ойын­дарына жолдамаға облысы­мыздан күні бүгінге дейін 10 спортшы ие болды. Олар мыналар:­
Мөлдір Әзімбай – спорттық гимнастика (ОҚО гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырыл­ған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі), Феруза Ергешова, Нұрсұлтан Мамаев – таэквондо (облыс­тық жекпе-жек спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі), Ольга Терешкова, Наталья Ивонинская – жеңіл атлетика, Александр Диченко – велоспорт (Шымкент қалалық №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан олимпиада резервін даярлайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі), Евгений Алексеев­ – байдарка және каноэда есу (ОҚО су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жас­өс­пірімдер спорт мектебі), Сергей Истомин, Надира Ногай – ауыр атлетика (ОҚО ауыр атлетикадан олимпиада резервін даярлайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі), Ангелина Мищук – стенд ату (республикалық олимпиада резервін даярлау орталығы, облыстық оқ ату және ұқсас спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі).
 
орынбасар Лештаев -"Айбын" орденінің ингері
Ауған соғысының ардагері, бірнеше орден-медальдардың иегері, Түлкібас, Бәйдібек ау­дандарының Құрметті азаматы, облыстық соттың кеңсе бастығы Орынбасар Лештаев augan2-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Бұл марапатты оған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Бектас Бекназаров мемлекеттік және қоғамдық істерде бел­сен­ділік танытқаны, заңдылықты қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары, әскери бо­рышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, елдің әлеуметтік-эконо­микалық дамуына, халықтар арасындағы дос­тық­ты нығайтуға қосқан үлесі үшін табыстады. Мұндай орден Қазақстан сот жүйесінде қызмет атқаратын азаматтардың ішінде бірінші рет О.Лештаевқа беріліп отыр.
«Айбын» орденінің иегері атану мен үшін, әрине, үлкен абырой. Енді сол марапат пен құр­метке шын мәнісінде лайық екенімізді дә­лелдеуіміз қажет», – дейді «Айбынды» азамат.­
 
"Халықтар достығы" ауылында халықтың халі нашар
Мақтаарал ауданындағы «Халықтар достығы» ауылы тұрғындары редакциямызға қайта-қайта хабарласып, тұр­мыс жағдайларының нашарлығын айт­қан соң өткен аптада осы ауылға барып қайтқанбыз. Жоғарыдағыларға сөзде­рін өткізе алмаған тұр­ғын­дар ашулы. Олар өзде­рінің мұң-мұқтажын баспасөз ар­қылы көпшілікке жет­кіз­­генді дұрыс көріпті.

Мектептің қос ғимаратының арасы төрт шақырым

Бұл ауылда Жеңістің елу жылдығы атындағы орта мектеп бар. Оның екі ғимаратының арасы төрт шақырымдай екен. Директоры ортада шапқылап жүріп шаршаса керек, қазір біреуіне анда-санда ға­на барып хабар алып кететін көрі­неді. Сондықтан тұрғындардың ауылға жаңа мектеп салып, оған басқа директор тағайындау керек деген пікірі басшылар назарынан тыс қа­лып келе жатыр екен.


 
"Оның жазасын құдай берсін!"
kiz Марқұм Динара Атажанованың ата-анасы осылай дейді
Өткен, 2011-жылдың 21-қараша күні Шымкенттің Қонаев­ даңғылында орын алған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы жұрттың есінде. Сол күні ешқандай да жол ережелерін бұзбай, жаяу жүргіншілерге арналған жо­лақ­тан өтіп бара жатқан 16 жастағы қызды қатты жылдамдықпен жеткен «Ауди» көлігі қағып кеткен болатын. Алапат соққыдан 50-60 метр жерге дейін ұшып кеткен­ қыз аса ауыр жарақаттар алған. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер оны құтқара алмады. Зардап шегуші, 10-сынып оқушысы Динара Ата­жа­нова (суретте) ауруханада өз-өзіне келмеген күйі жантәсілім етті.
Ал марқұм қыздың қазасына се­бепкер болған Шымкенттегі Абай ау­дандық полиция бөлімінің аға кри­миналисі, полиция майоры Асқар Көлбаев көп ұзамай тұтқынға алын­ған болатын. Оның үстінен қыл­мыстық іс қозғалған.­
Таяуда Шымкенттің әл-Фараби аудандық сотында судья Шара Бисембиеваның қарауында аталған оқиғаға байланысты сот процесі бас­талғанынан да жұрт құлағдар. Ал ке­шегі аптаның сәрсенбі күні болған­ кезекті сот отырысында айыпталушыға қатысты шешім шығарылды.
 
Енесін өлтірген келін
Өткен жылдың тамыз айында орын алған бұл оқиға жұрттың есінен әлі де шыға қоймаса керек. Төрт баланың анасы, 38 жастағы Сәулет Ерманова­ ауыр қылмыс жасаған еді, ол өзінің енесі Ұ.Ерма­но­ваның өліміне себепкер болған. Қылмысты ұйым­дастырып, оны туған әпкесінің баласымен бірге іске асырған. Осы оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық іс барысында мына жайлар анықталды:
2010-жылдың көктемінде, енесі Қызылорда қа­ласында қонақта жүргенде С.Ерманова оның сандықтағы 20.500 долларын ұрлаған. Яғни ол ақшаны­ әр кезде, әртүрлі сомада сол жылдың маусым айы­на дейін ұрлап алып, өз қажетіне жұмсаған, оның орнына жалған долларларды салып қойған. 2011-жылдың тамызында ол енесі­нің жиған ақшасын ұлы Е.Ермановқа беретінін естиді. Сосын қыл­мысы ашылудан қауіптеніп, оны өлтіруді ойласты­рады. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шілікті елді мекенінде тұратын, 1988 жылы туылған, жиені Медет Таңатаровты ақысына ақша беремін деп қылмысқа азғырған. Ақтө­бе станция­сында жолаушылардың жүгін тасып кездейсоқ табыс тауып, жұмыссыз жүрген М.Таңа­таров С.Ерма­нованың бұл ұсынысымен келі­седі.
 
Базар қақпасында ұрылардың суреті тұр
Шымкенттегі «Самал» базарының күзетшілері ұрыларға қарсы күрестің жаңа тәсілін ойлап тапты. Олар базардың кіре беріс қақпасына ұрылардың yriсуреттерін жапсырып, қасына «Абайлаңыз, ұры!» деп жазып қойған.
«Біз бұған амалсыздан бардық, – дейді «Қасиет» күзет агенттігінің бас директоры Жанәбіл Сабаев (суретте). – Талай адам ірі кө­лемдегі ақ­шасын ұрлатып зар еңіреп келген­. Сондықтан өз қызметкерлерімізге тапсырма беріп, қаладағы ұрылардың тізімін жасадық. Содан ұрылардың қайсыбірі базарға кіргенін көрсе, соңынан аңдуды бастайды. Талайын қылмыс үстінде ұстап алып, полицияға өткізіп жібердік. Өкінішке орай, арада оншақты күн өткеннен кейін әлгі ұрыны базардан қайта көреміз. Сондықтан оларды ұстаған кезде тиісті құжаттар толтырып, ұрының суретін тақтаға жапсырып қойған дұрыс деп шештік. Бұған наразы болып, дау айтып келгендер де бар. Бірақ бізде жәбірленушінің арызы, ұрының айғақтық заттармен ұсталғандығы жөніндегі хаттама, оны полицияның қандай машинамен алып кеткені, барлығы жазулы. Екі әйелдің суретін тақтадан алып тастадық. Өйткені олардың жоғары оқу орнында оқитын қыздары аналарының кесірінен көшеде жүруге ұялатындығын айтып жылап келді.
 
Қошқарата тағы да тасада қала ма?
Шымкенттегі Қошқарата өзенінің бо­йын­ демалыс аймағына айналдыру керек­тігі жөнінде жылдар бойы айтылып келе­ді. Бірақ бұл тақырыпта әзірге сөз көп те, іс аз. Ал таяуда осы мәселе қайта қозғалып, болашақ демалыс аймағының түп­кі­лікті жобасы жасалыпты дегенді естідік. Сосын жағымды жаңалықпен жұртты жақынырақ таныстыруға асыққан едік.
Білгеніміз, аталған жоба жасалуын жасалыпты, бірақ ол әзірге жоғары жақтан бекітілмепті. Біз ол жөнінде Шымкенттегі осындай жобалар жасаумен айналысатын «Архитектура-Дизайн Ш» серіктесті­гінен біл­дік. Аталған мекеме қызметкері Анна Сушконың айтуынша, жобаның көп өзгертілетін түрі бар. Қысқа ғана әңгімеден бұл бас­таманың қолдау табатын-таппайтыны бүгінде белгісіз болып тұрғанын түсіндік.
 
Шекарашыларымыздың шаруасы көшіп кететін адамдікінен аумай тұр
Біздің Мақтаарал ауданының көп жері Өзбекстанмен шекаралас жатыр. Сондықтан да қоңсы елмен арада қатынас жиі. Туыс-жекжаттар, құдалар, сауда-саттық жасайтындар бар, әйтеуір шекарадан әрі-бері өтушілер көп. Сондай-ақ біз жақта осы барыс-келістен туындайтын әңгіме де аз емес. «Самарқаннан ақшамыз сарқылып әзер жеттік», «Тәшкенде тауарымыздан айырылып, жұрдай болып қайттық», «Көлікке 5 доллар төлемегеніміз үшін айыппұл салды», «Құжаттарыңның кейбірі дұрыс емес деп үш күн бойы ұстады», «Машинамның құжаты дұрыс болмай, оны «қамап» қойып, айыппұлды еселеп төлеткізді», «Декларацияда көрсетілген күннен кешігіп қалып, айыппұл төлеп әзер құтылдық» деген сияқты сөздерді жиі естиміз. Сосын көкейге мыналар қайтеді-ей, шекарадан өткеннен бастап жағадан алып, аяғыңды қия бастырмайды екен-ау деген ой келетіні рас. Ал тереңірек ойласаң оның шын сырын да ұғынасың. Ендеше, бұл мәселеде кінә кімде, дұрыс-бұрысы қалай деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
 
Мәслихат хатшылары кімдер?
Қалалық және аудандық мәслихаттарда жаңа құрамның қатысуымен алғашқы сессиялар өткізілді, хатшылар сайланды. Мәслихат хатшыларының бұрынғы орнында қалғандары да, жаңадан сайланғандары да бар. Тізім мынадай:
Нұрлан Бекназаров – Шымкент, Ғани Рысбеков – Түркістан, Қашқынбай Баймырзаев – Арыс, Керімжан Сырлыбаев – Кентау қалалық мәслихатының хатшысы,
Мұхтар Момынов – Қазығұрт, Байбосын Зұлпыхаров – Отырар, Сылқынбек Спабеков – Бәйдібек, Омарбек Нұржанов – Мақтаарал, Перналы Жұрман – Ордабасы, Күмісбек Орашев – Сайрам, Бақытжан Садықов – Сарыағаш, Аманғали Аймұрзаев – Созақ, Әбдімүтәліп Сапаров – Түлкібас, Әтірхан Шыңғысбаев – Төлеби, Тоқсанбай Бердібеков – Шардара аудандық мәслихатының хатшысы.­
Іске сәт, халық қалаулылары! Ел Сіздерден ерекше жаңалықтар күтеді.
 
Құдайберген Ержан облысқа келді
ergan Бесінші шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихаты өз жұмысын жаңа хатшымен бастады. Бұл қызметке Құдайберген Ержан сайланды.
Құдайберген Төлепұлы Ержан Өзбекстанның Жызақ облысында туылған, жасы – 54-те. Алматы Халық шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы – экономист. Ол төртінші шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаты, бюджет және ауыл-аймақтардың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болған.
Ал облыстық мәслихат хатшысы қызметін осыған дейін атқарып келген Әбілқасым Досболов жаңа құрамдағы мәслихаттың бюджет және экономиканы дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды.
Сондай-ақ облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары болып Серікжан Сейітжанов, Дәуренбек Ахметов, Өмірзақ Мелдеханов және Саттар Қуашбаев сайланды.
 
"Отырарлықтар менің қандастарым, бірақ маған шындық қымбат",- дейді Баян Нарбекова
baian Өткен сейсенбіде редакциямызға Отырар аудандық мәс­ли­хатының депу­тат­тығына сайлауға тү­сіп, бірақ қажетті дауыс жинай алмаған Баян Нарбекова (суретте) келді . Ол кісі ауданда сайлау толықтай заң бұзушылықпен өтті дейді.
«Отырар ауданында сайлаудың әділ өтпегеніне менің толық дәлелім бар. Бұл жөнінде аудандық прокуратураға да арыз жаздым. Бүгін сотқа шағым түсірдім. Қазақта «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына налимын» деген сөз бар. Қарсыласым таза әрі демократиялық жолмен жеңіске жетсе оған тек сәттілік тілеген болар едім. Бұл жерде әділетсіздік болғандықтан, мен оған төзе алмаймын.
Менің сенімді өкілдерім бюллетеньдерді санаған кезді толықтай камераға түсіріп отырған. Барлығын санап болғанда сайлау комиссиясының төрағасы Талғат Құлым­беттің «Нарбекова – 667, Белгібай – 510, Малдыбай – 338 дауыс жинады» деген сөзі бейнекамерада жазулы. Араға екі сағат салып хаттама толтырғанда мен – 566, М.Белгібай – 578, І.Малдыбай – 358 дауыс жинаған болып шыға келдік. Сонда мұны әділдік деп айта аламыз ба?
 
Құйтырқы істегендерге құрық салынуы керек деп есептейді
Елімізде өткізілген сайлаудың аяқталғанына да екі аптадан асып барады. Жеңіске жеткендер депутаттық мандатқа ие болып та үлгерді. Ал Оңтүстікте сайлаудың әділ өтпегенін айтып тиісті орындарға шағымданушылар қатары толастар емес. Олардың бірнешеуі редакциямызға келіп, Президенттің атына жазылған Ашық хаттарының көшірмесін тапсырды. «Бұл заңсыздықтар Елбасының құлағына жеткенде ғана шындық орнайды», – дейді олар. Солардың бірі Сайрам ауданының тұрғыны Теңізбех Жұмаділов Президентке былай деп хат жазған:
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! «Жан қарашасыз, дау арашасыз болмас», сайлау сіз айтқандай әділ өткен жоқ. Әділ өткенде Сайрам ауданының халқы бұлай шуламаған болар еді. Сонда cайлауды дұрыс өткізіңдер деп сіз берген тапсырманың барлығы желге ұшып кеткені ме?
 
Әкесіне өкпелеген жалғыздың өкініші
Редакцияға мекен-жайы көрсе­тіл­меген хат келді. Авторы «Бел­гісіз» деп қол қо­йыпты, хатын га­зетімізде жа­­рия­лауы­мызды өтініпті. «Бәл­кім менің бастан кеш­кен­дерім біреуге са­бақ болар», – депті ол. Біз бұл хатты қаз-қал­­пын­да жариялауды ұй­ғардық. Ол былай дейді: Осы бір дәптерге шұқшиып отырғаныма неше күннің жүзі өткенін білмей­мін. Дәптерді парақтай бастағаннан өткен өмірім көз алдыма тізбектеліп келе қа­лады. Ішім­дегі шемен болып қатқан шерімді ақ­тарып қағаз бетіне түсірсем жеңілдеп қалатын сияқты сезімде бо­ламын. Бірақ неден, қалай бастарымды да білмей­мін. Тек дәптер бетіне үңілген сайын әттең деген бір өкініш көкейімнен кетпей тұрып алады. Әттең... әкеме ере­гісіп үйден қашып кетпегенімде осыншама бы­лық­қа батар ма едім?
 
ұлу жылдарында қандай оқиғалар болған?
1904-ші, Ұлу жылында дүниеден хал­қымызға мол мұра қалдырған данышпан Абай өтті. Кезінде ол айтып кеткен көп нәр­селер әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Бұл жыл халық жадында сондай-ақ Ре­сейдің жеңілуімен аяқталған 1904 – 1905-жылдардағы орыс-жапон соғысының басталуымен де қалған еді.
1916-жылы 25-маусымда Николай патшаның Ресей империясына қарасты Түр­кістан және Дала өлкелерінде тұратын халықтан әскердің қара жұмысына адам алу жөніндегі жарлығы шықты. Ол кезде Ба­тыста бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жат­қан болатын. 19 бен 43 жас аралығын­да­ғы ер-азаматтарды майданға алу жөніндегі осы жарлыққа қарсы Қазақстан мен Орта Азияда халық көтерілістері бұрқ ете қалды. Ұлт-азаттық көтерілісі әсіресе Қазақстанның көп жерін қамтыды.­
1928-жылы Қазақстанда ірі байлардың малын тәркілеу науқаны жүргізілді. Бұл кезде КСРО-да бірінші бесжылдық басталған бола­тын. Сондай-ақ Троцкий бастаған оппозиция ө кілдерін жер аудару да осы жылы басталған. Лев Троцкий сол жылдары Алматыда тұрған.
 
цирктің көлік қоятын жері неге жоқ?
sirk Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Шымкентте 1200 көрерменге арналған жаңа цирк ғимараты пайдалануға берілгені белгілі. Ондағы ауқымды құрылыс жұмыстары рекордтық қысқа мерзімде, яғни 2010-жылы басталып, 2011-жылдың желтоқсанында, бас-аяғы бір жыл ішінде аяқталғанынан да жұрт құлағдар. Содан бергі бір ай бойы онда Мәскеуден келген Ю.Никулин атындағы цирк ұжымы аптасына екі мәртеден өнер көрсетті. Билеттер құны 1500-5000 теңге аралығында болды. Қысқасы, шымкенттіктер цирк өнерін тамашалауға мүмкіндік алды.
Дегенмен бұл жақсы жаңалыққа көлеңке түсіріп тұрған жайлар да жоқ емес. Бі­рінші кезекте ол цирк ғимараты аумағында автотұрақтың жоқты­ғына байланысты айтылуда. Яғни циркті тамашалауға барған жұрт­тың көбі сол күндері көліктерін қайда қоярын білмей, жол қапталдарына қоюға мәжбүр болды. Цирктің алдынан өтетін Б.Момышұлы атындағы көше екі жақты болғанымен аса кең емес, сондықтан мұнда көлік кеп­телістері көбейді. Тіпті алғаш келгенде мәскеулік қонақтардың цирк хайуанаттарын артқан көлікте­рінің батпақтап әуреге түс­кенін айтып жүргендер бар. Бұл, әрине, жақсы көрініс емес.
 
Бауырларыммен барыс-келіс жасасам деймін
Менің нағашы атам Мырзабай қажы елге беделді, бай адам болған екен. Түбі отырарлық, руы Божбан, оның ішінде Итемген. Ол кісі өз қаражатына медре­сеapa 1 салдыр­ған, молда, мұғалімдер жалдап, қазақ балаларының сауатын ашуға көп көңіл бөліпті. Өз анам Саттар Ерубаевпен бірге сол медреседе оқыған. Саттардың әкесі Асқар, Ерубайлар Мырзабаймен жақын туыс болып келеді.
Мырзабай қажының бес баласы бол­ған, біреуінің есімі Досыбай. Досы­бай менің анам Айзаданың әкесі. Ол ел ішін жайлаған қуғын-сүргін кезінде (шамамен 1928-1929-жылдары) байлығы үшін жер аударылыпты. Байларды бала-шағаларымен пойызға тиеп әкетіп бара жатқанда Досыбай сол кездегі төрт-бес жасар қызы Жанбала­дан көз жазып қалыпты. Ал баласын іздегендердің зарына оларды күзетіп бара жатқандар құлақ аспайды. Бұл – Түркістанда болған оқиға.
Содан шырқырап жылап жүрген кіш­кентай Жанбаланы тауып алғандар оны Арыс қаласындағы балалар үйіне өт­кізеді. Өзінің атын есіне түсіре алма­ған кішкен­тай қызды тәрбиешілер Гүл­сара деп атап кетеді.
 
"ордабасы" қойына ресейліктер де қызығуда
koi Кешегі аптада Шымкенттегі Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Ресейден арнайы хат келді. Хат жолдаушы Татарстанда Еділбай қойларын өсірумен шұғылданатын «Эдильбай-Поволжье» серіктестігінің басшысы Андрей Фалалеев Оңтүстік ғалымдарының Еділбай қойы мен Гиссар (қисары) қойын будандастыру арқылы шығарған жаңа қой тұқымы туралы естігендерін, осы бағытта тәжірибе алмасу үшін біздің облысқа келу ниеттері бар екендіктерін білдіріпті.
«Сіздердің жаңалықтарыңыз жөнінде толық ақпар алуға қатты қызығып отырмыз, – дейді А.Фалалеев. – Сондай-ақ сіздерден аталған қойдың асыл тұқымды қошқарлары мен аналықтарын сатып алу да ойымызда бар. Олардың құны мен жас шамалары туралы да білгіміз келеді».
Бұл жағымды жаңалық туралы естіген соң біз аталған институт­қа барып, мекеме бас директорының міндетін ат­қарушы Нұрадин Әлібаевтан ресейліктерді аса қызықтырып отырған жаңалық жөнінде сұрадық.
 
Мөлдір қыз Қазақстанның намысын қорғайды
Оңтүстік спортында – ірі жаңалық. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенті Мөлдір Әзімбай алдағы жазда Ұлыбританияolimp астанасы Лондон қаласында өтетін XXX жазғы олимпиада ойындарына берілетін лицензияны жеңіп алды. Ал мұндай қуанышқа шымкенттіктер араға 32 жыл салып барып кенеліп отыр. Яғни 1980-жылы спорттық гимнас­тикадан олимпиада лицензиясына тұңғыш рет әйгілі шым­кенттік гимнаст Нелли Ким ғана қол жеткізген болатын.
Мөлдірдің жасы таяуда ғана 16-ға толыпты. Ол бүгінде Шым­кенттегі гимнас­тикадан олимпиада резервінің ма­ман­­дандырылған ба­лалар мен жасөспі­рім­дер спорт мек­те­бі­нің шәкірті. Біз атал­ған­ мектепке барып, Мөл­дірдің өзі­мен және оның ұстазы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жат­тықтырушысы Галина Долгополовамен сұхбаттастық.
Мөлдір қарапайым отбасында туып-өскен. Спортпен 7 жасынан, Шымкенттегі Горький атындағы №12 мектептің 2-ші сыныбында оқып жүрген кезінен шұғылдана бастапты. Ал атал­ған спорт мектебіне оны 2002-жылы алғашқы жаттықтырушысы Алина Жарменова ертіп келген.
«Отбасындағы төрт баланың кенжесімін, – дейді Мөлдір. – Олжас, Жолдас есімді ағаларым, Динара деген әпкем бар. Спортшы болуға кішкентай кезімнен құмарттым. Маған бұл спорт түрі өте ұнайды. Чемпион болып, ата-анамды қуантқым, Қазақстанның атын шығарғым келеді».
 
Шардаралық Әкбаров қалай "жыл адамы" атанды?
gil Бүгінде барлық жерде өткен жылды қорытындылап, жақсы көрсет­кішке жеткендерді марапаттап жатыр. Біреулердің суреті Құрмет тақтасына да ілінеді. Олардың арасына халыққа етене таныс болмағанымен басшылардың тілін тапқыш адамдардың да еніп кететіні жасырын емес. Жақында Шардарадан мынадай хабар алдық.
«Аудан басшысы М.Марайым 2010 жыл қорытындысында «Жыл адамы» атағын Қ.Әкбаровқа қандай еңбегін бағалап бергеніне Сырдария ауы­лының тұрғындары аң-таң, – дейді Жора Бейсен­ есімді азамат (суретте). – Өйт­кені ауыл тұрғындары Қ.Әкбаровты бес саусағындай біле­ді. Ол өмірде аудан төңіре­гінде мемле­кеттік қызмет ат­қарып көрген емес. Тіпті еңбек кітапшасы ашылмаған болуы да мүмкін. Оның «Жыл адамы» атағын алатындай істеген еңбегін халық білмейді».
Осыған орай біз аудандық мәслихаттың төртінші шақырылымдағы хатшысы Тоқсанбай Бердібековке хабарласып, Қ.Әкбаровқа ондай атақ не үшін берілгенін сұрадық.
 
Қонаев пен назарбаевты шатастырып алған ба?
konaevХалқымыз еркелетіп Димаш аға атаған Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдық мерейтойы Қазақстанның түкпір-түкпірін­де аталып өтуде. Сондай жиынның бірі таяуда Отырар ауданының орталығында­ғы мәдениет сара­йында ұйымдастырылды. Осы жиынға қатысқандар арасында үлкен кемшілік жіберілгенін байқағандардың бірі редакциямызға хабарласты.
«НұрОтан» ХДП аудандық фи­лиалы Д.Қонаевтың 100 жылдығына конференция өткізу туралы бастама көтергені өте дұрыс, – дейді «Азат» ЖСДП-ның осы аудандағы филиалын басқаратын Бақытжан Сапарбай (суретте). – Бірақ конференцияны ұйымдастыр­ған партия төрағасының орынбасары Бақтыбек Жүніс тарапынан бір­ша­ма кем­шілік­тер кетті. Кездесу Д.Қонаевқа арналған. Бірақ кіре бе­рісте, болмаса сахнада ол кісі­нің бірде-бір суреті немесе сөзі жоқ. Барлық жерге Президенттің суреті мен сөздерін қыстырған. Кездесу Н.Назар­баевтың 100 жылдығына арналған секілді болып кетті. Сырттан келген адамның солай ойлап қалуы мүмкін екендігі Б.Жүністің де, жиынға қатысып отырған Мәжіліс депутаттығынан үміткер ретінде тіркелген нұротан­дықтардың да ойына келмеген. Өзіме сөз берілгенде мен бұл жөнінде айт­тым. «Неге Д.Қонаевтың бір суреті неме­се сөзі жоқ?» – деп едім, отыр­ғандар қол соға жөнелді».
 
Өзінің қалай өзбек болғанын білмей қалыпты
apa Өткен аптаның сейсен­­біс­інде Сайрам ауданының Ой­мауыт ауылына барғаны­мызда бір тосын жағдайдың куәсі болдық. 74 жастағы сол ауылдың тұр­ғыны Гүлдана Әлімжанова (суретте) өзінің қалай өзбек болып кет­кенін білмей таң­данып жүр екен. Сондықтан ол кісінің отбасына барып, жағдайдың қалай болғанын айтып беруді сұрадық.
«Ойбай-ау мен қазақтың қызымын ғой, әкем де, шешем де, күйеуім де қазақ, – дейді Гүлдана апа. – Қыз кезімде Көкішова едім, кейін күйеуімнің тегіне өтіп Әлімжанова болдым. Мына куәлікті алғанда Ақсудағы құжат толтыр­ған қыздар «узбечка» деп жазып жіберіпті. Бұрынғы құжаттарымның барлығы қазақ болатын. Ойла­маған жерден өзбек бол­ғанымды кейін байқадық. Күйеуім отыз жылдай полицияда қызмет атқарып, 1988-жылы дүниеден қайтты. Қазір төрт жыл болды, төсекте жатып қалдым. Алатын зейнетақым тоғыз мың теңге ғана. Содан бері органнан немесе ауылдық әкімдіктен бір адам келіп жағдайымды сұраған емес. Қазір дамыған уақыт қой, тым болмаса басшылар дәрігерлердің біреуін жіберіп жағдайымды тексеріп тұрса дұрыс да болар еді.
 
Сайрамдағы сайлау сарсаңы
Жұртты елеңдеткен сайлау да аяқ­талды. Халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы сайлау дұрыс өтті деге­німен кейбір партиялар заң талаптарыныңsailau өрескел бұзылғандығын алға тартуда. Тіпті олар интернетте бір бойжеткеннің жәшікке сайлау бюллетеньдерін топтап салып жат­қан көрінісін де жариялап жіберді. Оны көргендерде бұл қалай болды деген сұрақтың туындауы да мүмкін. Сондықтан біз сайлау қарсаңында өзіміз куә болған бірнеше көрініске тоқталғанды дұрыс көрдік.
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында мемле­кеттік тілге қатысты өрескел қателіктер болғанын облыстық сайлау комиссиясының төра­ғасы Берік Тор­ғауытовтың өзі айтты. Осы ауданның №35 сайлау округінен облыстық мәслихат депутатының мандатына таласқан Руслан Омаров пен Бәйкен Әшірбаевтың арасындағы тартыстың дауы бүгінге дейін жалғасуда. Көп жерде Б.Әшірбаевтың суреті жыртылып, оның үстіне Р.Омаровтың суреті қыстырылғанынан бөлек, сайлаушыларды бес мың теңгеге сатып алу жағдайлары болған. Үміткерлердің біреуі маған дауыс бергендердің ауылына жаңа трансформатор орнатамын деп уәде берген. Ал бұл сайлау туралы заңға қайшы.
 
Қапияда қазаға душар болған
aiel Осыдан төрт ай бұрын Шымкент қала­сының Ескі қала аумағында қайғылы оқиға болғанынан жұрт құлағдар. Онда кәмелетке толмаған жиырма шақты бала екі топқа бөлініп төбелесіп, қала көшелерімен бірін-бірі қуалап атысқанын, сол кезде жазықсыз жүргіншіге оқ тиіп, ол қаза болғанын теледидардан көрсеткен. Бүгін­де осы оқиғаға байланысты тергеу аяқталып, іс сотқа жіберіл­ген. Бірақ жәбірленуші жақ осы оқиға бойын­ша редакциямызға шағымданып келді.
«Менің жұбайым Гүлмира Боқашбаева 13 қыркүйекте кіші ұлымды емханаға апару үшін үйден шығып кеткен болатын, – дейді Түймебай Байқожаев (суретте). – Көп уақыт өтпей оны біреулердің атып кеткенін естіп, төбеме жай түскендей болды. Оқиға орнына жүгіріп жетсем, Гүлмира басынан қан ағып жатыр. Қасында төрт жасар ұлым шырылдап жылап отыр. Ол содан кейін қорыққанынан көпке дейін сөйлей алмай қалды. Оқиға болған жерге полиция келді, тексер­ді. Кейін қылмыскерлерді ұстады. Тергеуші Б.Исақов пен Қ.Дүмшебаев Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғаймыз деген. Өкінішке орай, іс сотқа өткенде ол баптар өзгертіліп кетті.
 
Аяғымнан су өтсе де аяған адам болмады
Редакциямызға Мақтаарал ауданындағы Қазыбек би ауыл әкімшілігіне қарасты Жамбыл елді мекенінің 4-ші бөлімшесінен хат келді. Авторы Әлеу­кеш Оңалбекова өзінің бұл хатын «Заманада» қаз-қал­пында жария­лауымызды өтініпті. Ол кісі былай дейді:
«Менің қолыма қалам алып, сіздерге хат жазуыма әділетсіздік пен шындықтың жоғы себепкер болып отыр. Өзім жасым 40-тан асқан адаммын. Ал мұндай жастағы адамға қазір жұмыс табу қиын. Бірақ қиын деп қарап отыра алмайсың, бала-шағаны асырау керек.
Мамандығым – есепші, (1С бухгалтер). Жұмыс іздеп бармаған жерім жоқ. Таяуда жаурап-жасынап жүріп Же­тісайға барғанмын. Жұмыс іздеп ондағы «Оңтүстік-жа­рық»­ мекемесіне бас сұқтым. Сәтбай Махамбетов деген бастықтың (инженер) қабылдауы­на кірдім. Ол: «Жұ­мыс бар, үш күн стажер болыңыз,­ сосын көрерміз», – деді. Содан іске кірісіп, үш күн бойы түбіртектер та­ратып, ақша жинаумен болдым. Ауылымыздың көшелері үнемі батпақ болып жатады­, аяғыма су өтіп әбден әбіржідім. Ал менің осы еңбегім еленбеді.
 
« БіріншіАлдыңғы12345678910КелесіСоңғы »

Бет 1 , барлығы 72
Біздің кітаптар
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

zamana-13

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!

Ол үшін қомақты қаламақы төленеді

Құрметті оқырман!

Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.

Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.

Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.

Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.

Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.

Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.

Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!

Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.

Жұлдызнама
juldiznama
(23.01 - 28.01)
Тоқты (21.03-30.04)

Жұмысыңыз біршама көбеюі мүмкін. Өзгелермен түсінісе, тіл табыса қимылдауға мән беріңіз.

Торпақ (21.04-21.05)

Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Әсіресе отбасылық мәселелерде мұқият болғайсыз.

Егіздер (22.05-21.06)

Жақын адамыңызбен тізе қоса қимылдағаныңыз дұрыс. Оның пайдасын молынан көреріңіз анық.

Шаян (22.06-23.07)

Апта күндері сізден жинақылықты талап ете­ді. Негізгі шаруаларды бір жүйелеп алғаныңыз абзал.

Арыстан (24.07-23.08)

Жолыңыз ашық, көңі­ліңіз көтеріңкі болады. Сізден біреу жәрдем сұрауы мүм­кін, демеп жібергеніңіз жөн.

Бикеш (24.08-23.09)

Қай шаруаға да ойланбай қойып кетуден сақтаныңыз. Бұл аптада осыны ұмытпағаныңыз дұрыс.

Таразы (24.09-23.10)

Басты жұмысты бір жүйелеп қоюға тырысыңыз. Денсаулық мәселесін де назарда ұстағайсыз.

Сарышаян (24.10-22.11)

 

Сізге аптаның ортасындағы күндер жайлы тимек. Маңызды істерге бел шеше кіріссеңіз болады.

Мерген (23.11-21.12)

 

Сөзіңіз бен ісіңіздің бір жерден шығуын назардан тыс қалдырмаңыз. Сізге көз тігушілер бар.

Тауешкі (22.12-20.01)

Ойда жүрген шаруаға осы аптада кіріскеніңіз дұрыс. Сізге досыңыздың жәр­демі тигелі тұр.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Белсендірек болуыңыз қажет. Бұл – мүмкін­діктер аптасы, қолайлы сәттерді қалт жіберіп алмаңыз.

Балық (20.02-20.03)

 

Ішкі түйсігіңізге сеніп әрекет етсеңіз, адаспайсыз. Қомақты олжаға қол жеткі­зуіңіз мүмкін.


Біздің газеттер
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
  • An Image Slideshow
Құлағыңыз түрік жүрсін

aur2012

«Ауырмаңыз!» газетінде не жазылған?

*Аязды күндері кейбір адамдарды терісі қышып, әбіржі­тетіні, ісініп, онда бөртпелер пайда болатыны бар. Медицина тілінде бұл «суыққа аллергия» деп аталады. Суыққа аллергия көбіне бұрын жұқпалы аурулармен ауырған адамдарда 25-30 жастан кейін пайда болады екен. Мұндай аллергиядан қа­лай арылуға болады? Аяздан болатын аллергияға шалдықпас үшін не істеу керек?

* Қыстыгүні жас балаларды жиі мазалайтын баспаны (ангина) болдырмайтын тәсіл бар. Ол қандай тәсіл?
* Көздің көру қабілетін жақ­сар­тып, бұлдырағанын халықтық тәсілдермен де емдеуге болады екен. Ол үшін аса көп шығындалудың керегі жоқ. Тек...
* Көп адам моншаға түсуді тек кір­ден тазару деп қабылдайды. Сөйтіп, аптасына бір, ары кетсе екі рет моншаға түседі. Бірақ ыстық бу мен жылы судың қадірін білгенмен, пайдасын білмеген күйі моншадан шомылып қана шығады. Егер олар тиісті ережені біліп, оны орындайтын болса, монша арқылы ағзаны артық қалдықтан тазартқан болар еді. Ағзаға саулық сыйлайтын ол қандай ереже екенін білгіңіз келе ме?
* Омыртқааралық жарық (грыжа) – оңай дерт емес. Буын-буынды қақсатып, отырып-тұруды қиындататын бұл дерттің жазылуы да қиын. Дегенмен Шымкентте ине салу арқылы өзіне ғана белгілі массаж түрімен осы аурудан он күн ішінде айықтыратын дәрігер бар. Оның еміне жұрт дән риза. Себебі сүйегі сырқырап келгендер санаулы күнде үйлеріне қуана қайтады. Ол дәрігерді қайдан табуға болады?
* Ауырып қалған кей адамдарға дәрігерлер, кейде үлкендер де «қанды тазарту керек» деп жатады. Қан тазартудың денсаулыққа әсері қандай? Оны қалай тазарту керек?
...Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің жаңа нөмірінен табасыздар.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
kizik
«Қызық газетте»не жазылған?
Дүние есігін ашқаннан же­тімдіктің тауқыметін аз татпаған оның ең алғаш­қы сүт-анасы кәдімгі жаңадан боталаған аруана болыпты. Ержете келе бар бақытын шығармашылық өнерден тапқан сол адамның тағ­дыры туралы «Жетімдікті же­ңіп, жетілген жан» деп аталатын хикая «Қызық газет­тің» осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінде жарияланған.
Сондай-ақ аталмыш басылымға қандықол қыл­мыскерлерді құрықтаған бұрынғы полиция қыз­мет­керінің жан сыры мен сезім сергелдеңіне түсіп, жат елге кетуге мәжбүр болған жас қыздың басынан кешкендері жайында жазылған тағы да екі хикая еніп отыр.
Оқыңыз, өкінбейсіз!
Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala-2

* Новая, уютная

* Тихий центр

* Все условия

* Умеренная цена

Наш адрес:

г. Шымкент,

ул. Акпан батыра, 23.

(уг. улицы Майлыкожа.).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Будьте нашим гостем!

"Керек кеңестер"

«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз

Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.

«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!

SMS

sms

"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз

Құрметті оқырман!

Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы

SMS – хабарлама

жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:

– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.

Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.

Редакцияның тікелей ұялы байланыс телефондары:

8-702-838-09-24, 8-777-402-09-14, 8-700-390-07-60.

Сізге арналған сәлемхат
Танысқым келеді

* Сәлем, қазақтың на­мысқой жігіттері! Еңбекқор, са­быр­лы, ата-анасы мен сүй­­ген жарының арасын жақ­сы ұстай алатынына сенімді, мақсатына қа­лайда жететін жанмен достас­қым келеді. 8-705-283-25-94.

* Сәлем, қыздар! Бойы ұзын, ақылды қызбен та­ныс­­қым келеді. «Чайкалар» мазаламасын. 8-701-301-17-77.

* Сәлем! Адал дос із­деймін. 90-94 жылғылар болса. 8-775-914-85-61.

* Сәлем, Сарыағаштың қыздары, танысайық. 8-775-642-03-02.

* Сәлем, қыздар! Таныса­йық, араласайық. Логинім: beka96_ 03@aіl.ru. 8-775-446-18-41.

* Cәлем, қыздар! Өзіме қыз іздеп жүрмін. Есімім – Сма­йыл­. Логинім: sіmka_19­@­maіl.ru. 8-775-274-67-28.

* Сәлем! 1994 жылғы бола­мын. Танысайық, дос болайық, араласайық. Ло­­гинім: sandu_ nur95­@­maіl.­ru және aі­іda_nur­95@­maіl.­ru. 8-775-727-49-66.

* Мен, Әділ­­бек Мәметов адал қыздармен танысқым келеді. 8-775-153-46-88.

* Ассалаумағалейкүм, мұ­сыл­ман бауырлар! Өзіме дос бола­тын қыз іздеймін. Иман­ды, на­маз оқитын болса. Ло­ги­нім: Mr_tіm_95@­maіl.ru. 8-702-543-14-62.

* Мен Қызылтаңнан боламын. Маған сарыағаштық Арайлым деген қыз ұнайды. Оған сенгім келеді. Логинім: galym_ 12_95@maіl.ru. 8-775-439-84-04.

* Ассалаумағалейкүм! Намазхан қыздармен танысып, араласқым келеді. Логинім: wіmkala_ 90@maіl.ru. 8-702-751-14-32.

* Сәлем, қыздар! Мен өзіме адал жар болатын қыз іздеймін. 83-жылғымын, әлі үйленбе­генмін. 8-775-597-71-49.

* Сәлем, жігіттер! Танысайық, дос болайық. 8-775-658-06-20.

* Cәлем, қыздар! Жасы 26-ға дейінгі қыздармен танысамын. Жеңіл ойлылар мазаламасын. 8-775-687-37-44.

* Ассалаумағалейкүм, жа­мағат! Жасым 21-де. 22-28 жас аралығындағы намаз оқи­тын жігіттермен танысып, отбасын құрғым келеді. 8-702-660-52-68.

* Сәлем, қыздар! Танысайық. Логинім: almas_­92­29@maіl.ru. 8-771-149-98-92.

* Бойы ұзын, 94-95 жыл­ғы сұлу жігіттер, танысайық. Арыстықтар, қайдасыңдар? 8-775-157-93-82.

* Сәлем, қыздар! 97-жыл­ғы қыздар, танысайық. Логи­нім: bіrzhan_001kz. 8-775-284-34-27.

* Ассалаумағалейкүм! Аллаһтың әмірін бұлжытпай орындайтын, Пайғамбардың сүнне­тін жанына жылу еткен, Имам Ағзам Әбу Ханифа маз­һабын ұста­натын, шариғат ілі­мінен хабары бар, өте әдепті, ибалы да инабатты мұсылман қыздармен танысқым ке­леді. 81-ші жыл­ғымын. Жеңіл ойлылар мазаламауын өтіне­мін. 8-775-712-34-03.

* Сәлем, қыздар! Та­нысайық, араласайық. Логи­нім: serjan_ 246@maіl.ru. 8-771-143-33-14.

* Қыздар, танысайық. Ма­ған «дружба» тастаңдар. Логи­нім: urіk_96_01@maіl.ru. 8-775-987-50-36.

* Сәлем, жігіттер мен қыздар! Танысайық, араласайық. Логинім: aіka.b.­92­@maіl.ru. 8-702-825-64-78.