«Замана» газетіне жазылу жыл бойына жалғаса беретінін естеріңізге саламыз.
Егер Сіз бүгін-ертең барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетін болады.
«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дүние» басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.
Елге арналған газеттермен етене болыңыз, ағайын!
Сізге арналған сәлемхат
Құттықтаймыз!
* Балтакөл ауылының тұрғындары – жездеміз Дүйсенбай Асылов пен апамыз Баянкүл Қасымбекованы Күміс тойларымен құттықтаймыз! Отбасыларына бақыт, бірлік тілейміз. Тілек білдірушілер – даярлық тобының қыздары. 8-705-357-54-66.
* Отырар ауданы, Талапты ауылы, Қ.Сәтбаев атындағы шағын мектебінің директоры Жанат Тілеужан апайды туылған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алла жүрегіңізге мейір мен иман ұялатсын. Ақбота Өмірзақова. 8-705-351-10-50.
Жаңа кітап
Қазақтың ұлттық тағамдары
«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жеңсік тағамдары мен оларды даярлау жолдары, қазақи дастарханға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәстүрлер баяндалған. Кітапта сонымен қатар қадірлі қонақтарға, құда-жекжаттарға, жасы үлкен ағайынға тартылатын сый табақ, ұлттық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпиялары да жазылған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағамдарға қатысты қазақтың ырымдары мен тиымдары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.
Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94, 43-24-67.
Жаңа кітап
Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.
Жаңа кітап
Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Покер» ойыны және биші бойжеткен
туралы хикая Бүгінде оңай олжаға қызығатындардың көбі құмар ойындарына арналған клубтарды жиірек төңіректейтін болған. Осындай ойындардың бірі – «покердің» қалай жүргізілетіні жөнінде және оның төңірегінде қандай оқиғалар болып жататыны туралы «Қызық газеттің» осы аптада жарық көрген кезекті, 3-ші нөмірінде «Құмар ойынына құмар қыз» деген тақырыппен қызықты хикая жарияланып отыр.
«Қызық газеттің» бұл нөмірінде сондай-ақ «Ақшаға қызығып, ажал таба жаздаған биші» деген тақырыпта хикая жарияланған. Онда би өнерін егжей-тегжейлі меңгерген бір бойжеткеннің қалталы азаматтар ұсынған ақшаға қызығып, өмірін есепке құрмақ болған құйтырқы әрекетінің қалай әшкере болғаны жөнінде баяндалады.
Оқыңыз, өкінбейсіз!
Керек кеңестер
Дәл бүгіннен бастап...
Адам баласы өзінің айналасындағыларға, басқа адамдарға деген көзқарасын, ниетін өзгертсе, олардың да бұған деген көзқарасы өзгереді. Өзінің ой-пікірін, ниетін түбегейлі өзгертсе, оның материалдық жағдайы да өзгереді. Адам өзінің ойы мен ниеті арқылы жоғары көтеріліп, жеңіске жетеді. Ал ойы мен ниетін жақсылыққа бағыттай алмаған адамдар бақытсыз болады. Сондықтан да өз бақытымыз үшін күресейік. Алдымен өзімізбен күресуді оптимистік ойлау негізінде жүзеге асырайық. Ол үшін сізге күнделікті орындайтын бағдарлама ұсынамыз. Бұл бағдарлама «Дәл бүгіннен бастап...» деп аталады.
* Дәл бүгіннен бастап «мен бақыттымын» деген сөзді басшылыққа аламын.
* Дәл бүгіннен бастап мен қоршаған ортадан тек жақсылық іздеймін, ойым мен ниетімді жақсылыққа бағыттаймын.
* Дәл бүгіннен мен өзімнің денсаулығым туралы ойлана бастаймын. Дене шынықтыру жаттығуларын жасап, өз үсті-басыма күтім жасаймын. Дұрыс тамақтанамын, өз денсаулығыма зиян келтірмеуге тырысамын.
* Дәл бүгіннен мен өзімнің ой-өрісімді кеңейте бастаймын. Білімімді толықтырамын. Миымды жаттықтырамын, қозғауға күш беретін кітаптар оқимын.
* Дәл бүгіннен бастап мен өзімді-өзім жетілдіруді қолға аламын. Ол үшін үш нәрсе жасауым керек: мен бір адамға өзі білмейтіндей етіп пайдалы іс жасаймын; одан басқа жаттығу ретінде өзіме пайдалы екі іс жасаймын.
* Дәл бүгіннен бастап барлық адамдарға достық ниетпен қараймын. Мүмкіндігінше өзіме жарасатын киім киіп, адамдармен дауыс көтермей сөйлесемін, ешкімді сынамауға, ешкімге жөнсіз тиіспеуге, ешкімді басынбауға тырысамын.
* Дәл бүгіннен бастап бүгінгі күнмен өмір сүремін, өз өмірімдегі барлық проблемаларды бірден шешу мүмкін еместігін есте сақтаймын.
* Дәл бүгіннен бастап мен өз істерімді жоспарлап, әрбір сағат сайын не істейтінімді жазып отырамын. Мен дәл осы жоспарым бойынша жазылғандарды жүзеге асыра алмауым мүмкін, бірақ мен оны жасап қоямын. Бұл маған екі жаман әдеттен – асығыстық пен шешімсіздіктен арылуға мүмкіндік береді.
* Дәл бүгіннен бастап мен жарты сағат жалғыздықта, тыныш жерде отырып тынығамын, ойларымды қалыпқа келтіруге тырысамын.
* Дәл бүгіннен бастап мен бақытты болудан, әдемілікке сүйсінуден және сүйікті болудан қорықпаймын. Мен өзім жақсы көретін адамдардың мені де жақсы көретініне сенетін боламын.
...Егер сіз бен біз осы бағдарламаны бетке ұстансақ, өміріміз тынышталып, өзімізбен-өзіміз және айналадағы адамдармен қарым-қатынасымыз ізгілікке, сүйіспеншілікке құрылатыны сөзсіз.
Негізгі бет
ұлу жылдарында қандай оқиғалар болған?
25.01.2012 11:47
1904-ші, Ұлу жылында дүниеден халқымызға мол мұра қалдырған данышпан Абай өтті. Кезінде ол айтып кеткен көп нәрселер әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Бұл жыл халық жадында сондай-ақ Ресейдің жеңілуімен аяқталған 1904 – 1905-жылдардағы орыс-жапон соғысының басталуымен де қалған еді.
1916-жылы 25-маусымда Николай патшаның Ресей империясына қарасты Түркістан және Дала өлкелерінде тұратын халықтан әскердің қара жұмысына адам алу жөніндегі жарлығы шықты. Ол кезде Батыста бірінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан болатын. 19 бен 43 жас аралығындағы ер-азаматтарды майданға алу жөніндегі осы жарлыққа қарсы Қазақстан мен Орта Азияда халық көтерілістері бұрқ ете қалды. Ұлт-азаттық көтерілісі әсіресе Қазақстанның көп жерін қамтыды.
1928-жылы Қазақстанда ірі байлардың малын тәркілеу науқаны жүргізілді. Бұл кезде КСРО-да бірінші бесжылдық басталған болатын. Сондай-ақ Троцкий бастаған оппозиция ө кілдерін жер аудару да осы жылы басталған. Лев Троцкий сол жылдары Алматыда тұрған.
1940-шы, Ұлу жылы КСРО мен Финляндия арасында соғыс болды, ол КСРО-ның жеңісімен аяқталды. Сондай-ақ осы жылы КСРО Бессарабияны Румыниядан тартып алды. Балтық бойындағы Латвия, Литва мен Эстонияны өзіне қаратты. Ал бұл кезде Германия Батыс Еуропаның көптеген елдерін жаулап алып, КСРО шекарасына таяп қалған еді.
1952-жылы КСРО-да Бүкілодақтық коммунистер (большевиктер) партиясының (БКП (б)) XІX съезі болып өтті. Онда партияны бұдан былай «Кеңес Одағының коммунистік партиясы» (КОКП) деп атау жөнінде шешім қабылданды.
1964-жылы КОКП орталық комитетінің басшылығына Л.Брежнев келді. Яғни КСРО-ны осыған дейін басқарып келген Н.Хрущев қызметінен алынып тасталды.
1976-жылы КОКП XXVІ съезі болып өтті. Бұл жылы әйгілі Қытай көсемі Мао Цзе Дун дүние салды.
1988-жылы тамыз айында КОКП Бас хатшысы М.Горбачев Ауғанстандағы соғыс қимылдарына тоғыз жылға жуық уақыт бойы қатысып келген кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті ол елден шығарылатыны жөнінде мәлімдеді. Осы жылы Мальтада өткізілген кездесуде ол АҚШ президенті Джордж Бушпен бірге «Қырғи-қабақ соғыстың» аяқталғаны жөнінде ресми мәлімдеме жасады. Бұл жылы сондай-ақ КСРО құрамындағы Армения мен Әзірбайжан республикаларында ұлтаралық қақтығыстар орын алды. Арменияның, Әзірбайжанның қақтығыстар қамтыған аумақтарына кеңес әскерлері кіргізілді. Осы жылы Арменияның Спитак, Ленинакан және Кировакан қалаларында 25 мыңға жуық адамның ғұмырын жалмаған күшті жер сілкіністері орын алды.
2000-шы, Ұлу жылында Австралияның Сидней қаласында кезекті жазғы олимпиада өтті. Бұл олимпиадаға тәуелсіз Қазақстан спортшылары дербес қатысып, үш алтын (Ермахан Ыбырайымов, Бекзат Саттарханов – бокс, Ольга Шишигина – 100 метрге жүгіру), үш күміс медальға (Мұхтархан Ділдәбеков, Болат Жұмаділов – бокс, Ислам Байрамуков – грек-рим күресі) қол жеткізді.
Кезекті, 2012-ші, Ұлу жылы да еліміз үшін табысты жыл болғай, ол тек жақсылығын әкеле берсін деп тілейміз.
Дайындаған – Д.НҰРПЕЙІС.
Пікір қосу
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!
«Заманаға» автор болуға асығыңыз!
Ол үшін қомақты қаламақы төленеді
Құрметті оқырман!
Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.
Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.
Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.
Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.
Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.
Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.
Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!
Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.
Жұлдызнама
(20.02 - 26.02)
Тоқты (21.03-30.04)
Бұл аптада көпшілік арасында жиірек болғалы тұрсыз. Беделіңізді арттыра түсер істерге күш салыңыз.
Торпақ (21.04-21.05)
Жақын адамыңыздың жай-күйіне мән беріңіз. Оған сіздің жәрдеміңіз қажет болуы мүмкін.
Егіздер (22.05-21.06)
Негізгі шаруаны реттеп алғаныңыз абзал. Әсіресе аптаның тақ күндері белсенділікті талап етеді.
Шаян (22.06-23.07)
Қарбалас істер қатар келуі ықтимал. Сондықтан сіз үшін жоспармен қимылдау маңызды болмақ.
Арыстан (24.07-23.08)
Қай істі қолға алсаңыз да пайдасыз қалмайсыз. Тек біреуді ренжітіп алмау жағын ұмытпаңыз.
Бикеш (24.08-23.09)
Ағымдағы істермен айналысасыз, күндер сізге жайлы әсер етеді. Сәрсенбіден жаңалық күтіңіз.
Таразы (24.09-23.10)
Жақсы қасиеттеріңізді ашып көрсететін апта. Көбірек көзге түсуге мүмкіндік мол, осы есіңізде болсын.
Сарышаян (24.10-22.11)
Апта күндері сізге қолайлы болмақ. Жаңа табыс көзін ашудың орайы келгелі тұр, қапы қалмаңыз.
Мерген (23.11-21.12)
Отбасы бюджетіне қомақты үлес қосуыңыз мүмкін. Дегенмен сізге ақша жаратуда сақтық керек.
Тауешкі (22.12-20.01)
Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Жұмыстарыңызды бір жүйелеп алған артықтық етпейді.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Сізге аптаның алғашқы бөлігі тиімдірек болады. Белсендірек қимылдасаңыз, көп іс тындырасыз.
Балық (20.02-20.03)
Қаржылай жағдайыңызды жақсартуға қолайлы күндер келеді. Жалқаулыққа жол бермеуді ойлаңыз.
Құлағыңыз түрік жүрсін
Ауырмаңыз,ағайын!
* Түркістанда аян арқылы ауруды анықтап, алақан жылуымен кеселді кетіретін емші бар. Ол кім және оның емдік ерекшелігі неде?
* Ауру шақыратын киімдер жайлы естігенсіз бе? Сіз киіп жүрген киімнің денсаулыққа зияны жоқ па? Зиянсыз киімді қалай таңдаған жөн?
* Холецистит деген қандай ауру? Оған ұшырамау үшін қалай күтіну керек?
* Денедегі туабітті меңді, қалды кетіру зиян ба?
*Монша – тазалықтың әрі денені тыныс алдырудың таптырмас жолы. Десек те моншаға түсуге болмайтын да жайлар бар. Моншаға қай кезде түсуге болмайды?
* Бетке бөртпе шығаратын демодекоз дерті туралы не білесіз?
...Бұл сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірін оқыңыз. Газетте бұдан басқа да денсаулыққа керекті қызық та құнды мақалалар молынан жарияланған.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Тылсым дүниенің» жаңа нөмірін оқыңыз
Осы аптада жарық көрген «Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірінен оқырмандар төмендегідей ғажайып, жұмбақ жайттарға қаныға алады.
«Келімсектермен кімнің байланысы бар?» атты мақалада жатпланеталық келімсектердің біздің ғаламшарымызға емін-еркін ұшып келуіне жағдай жасаған елдің құпия әрекеттері туралы нақты дәлелдер келтірілген.
Сондай-ақ «Ғалам ғажаптары» айдарымен жарияланған мақалалардан Жерге ұқсайтын планета мен аспан денелерінің қалай зерттелетінін білуге болады.
Өміріне қауіп төндіріп, туралап келген ажалдан бірнеше рет аман қалған адамның айтқандары мен қақаған қысқы аязда айдалада қалып, ғайыптың күшімен ажал тырнағынан құтылған екі достың бастан кешкен оқиғалары туралы да басылымның осы нөмірінен оқып-біле аласыздар.
Бізге беймәлім тылсым әлемнің осы және басқа да ғажайып сырлары жайлы білгіңіз келсе,«Тылсым дүниенің» жаңа нөмірін алып оқыңыз.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
* Новая, уютная
* Тихий центр
* Все условия
* Умеренная цена
Наш адрес:
г. Шымкент,
ул. Акпан батыра, 23.
(уг. улицы Майлыкожа.).
Тел.: 8(725-2) 53-26-79.
Моб.: 8-775-92-47-999.
Будьте нашим гостем!
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз
Күнделікті тіршілік барысында адам түрлі жағдайларды бастан өткеретіні белгілі. Ол содан сабақ алады, ой түйеді, бұл жөнінде өзгелерге кеңес те береді. Бұл мәселеде сізге «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» басылымының да берері мол. Осы аптада оның жаңа, 3-ші нөмірі жарық көрді. Газеттің бұл нөмірінде де өмірдің сан саласын қамтитын алуан түрлі кеңестер молынан жарияланған.
Ендеше, «Керек кеңестерге» құлағыңыз әрқашан түрік жүрсін!
SMS
"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз
Құрметті оқырман!
Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы
SMS – хабарлама
жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:
– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.
Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.