23 | 02 | 2012
Заманауи бейнебаяндар
Фотосуреттер
< Қаңтар 2009 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Әріптестер

www.baq.kz

Ауа райы

Валюта бағамы

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala

* Жаңа әрі жанға жайлы

* Орталық әрі тыныш жер

* Жан-жақты әрі жақсы жағдай

* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы,

Ақпан батыр көшесі, 23-үй.

(Майлықожа көшесінің қиылысы).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Құлағыңыз түрік жүрсін

«Заманаға» жазылу жалғаса береді

«Замана» газетіне жа­зы­лу жыл бойына жал­ғаса бе­ретінін естеріңізге саламыз.

Егер Сіз бүгін-ертең ба­рып жазылсаңыз, келе­сі айдан­ бастап газет қо­лыңызға тиетін болады.

«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дү­ние»­ басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.

Елге арналған газет­термен етене болыңыз, ағайын!

Сізге арналған сәлемхат

Құттықтаймыз!

* Балтакөл ауылының тұр­ғындары – жезде­міз Дүйсенбай Асылов пен апамыз Баянкүл Қасымбекованы Күміс тойларымен құт­тық­тай­мыз! Отбасыларына ба­қыт, бірлік ті­лейміз. Тілек біл­діру­шілер – даярлық тобының қыздары. 8-705-357-54-66.

* Отырар ауданы, Та­лап­ты ауылы, Қ.Сәтбаев атын­дағы шағын мектебінің ди­ректоры Жанат Тілеужан апайды туылған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ал­ла жүрегіңізге мейір мен иман ұялатсын. Ақбота Өмір­зақова. 8-705-351-10-50.

Жаңа кітап

3

Қазақтың ұлт­тық тағамдары

«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлт­тық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жең­сік тағамдары мен оларды даяр­лау жол­да­ры, қазақи дас­­тар­­хан­ға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәс­түрлер баян­дал­ған. Кі­тапта сонымен қа­тар қа­дірлі қо­нақтарға, құ­да-жек­жаттар­ға, жасы үлкен аға­йынға тартылатын сый та­бақ, ұлт­тық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпияла­ры да жазыл­ған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағам­дар­ға­­ қа­тысты қазақтың ырымдары мен тиым­дары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.

Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94,  43-24-67.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Құлағыңыз түрік жүрсін
kerek
«Покер» ойыны және биші бойжеткен

туралы хикая Бүгінде оңай олжаға қызығатындардың көбі құмар ойындарына арналған клубтарды жиірек тө­ңі­рек­тейтін болған. Осындай ойын­дар­дың бірі – «покердің» қа­лай жүргі­зілетіні жөнінде және оның төңіре­гінде қандай оқиғалар болып жататыны туралы «Қызық газет­тің» осы аптада жарық көр­ген кезекті, 3-ші нөмірінде «Құмар ойынына құмар қыз» деген тақырыппен қы­зықты хикая жарияланып отыр.

«Қызық газеттің» бұл нөмі­рін­де сондай-ақ «Ақшаға қы­зығып, ажал таба жаздаған би­ші» деген тақырыпта хикая жария­ланған. Онда би өнерін егжей-тег­жейлі меңгерген бір бойжеткеннің қалталы азаматтар ұсынған ақ­ша­ға қызығып, өмірін есепке құрмақ болған құйтырқы әрекетінің қалай әшкере болғаны жөнінде баяндалады.

Оқыңыз, өкінбейсіз!

Керек кеңестер

Дәл бүгіннен бастап...

Адам баласы өзінің айналасындағыларға, басқа адам­дар­ға деген көзқарасын, ниетін өзгертсе, олардың да бұған деген көзқарасы өзгереді. Өзінің ой-пікірін, ниетін түбегейлі өзгертсе, оның материалдық жағдайы да өзгереді. Адам өзінің ойы мен ниеті арқылы жоғары көтеріліп, жеңіске жетеді. Ал ойы мен ниетін жақсылыққа бағыттай алмаған адамдар бақытсыз болады. Сондықтан да өз бақы­тымыз үшін күресейік. Алдымен өзімізбен күресуді оптимистік ойлау негізінде жүзеге асырайық. Ол үшін сізге күнделікті орындайтын бағдарлама ұсынамыз. Бұл бағдарлама «Дәл бүгіннен бастап...» деп аталады.

 

* Дәл бүгіннен бастап «мен бақыттымын» деген сөзді басшылыққа аламын.

* Дәл бүгіннен бастап мен қоршаған ортадан тек жақсылық іздеймін, ойым мен ниетімді жақсылыққа бағыттаймын.

* Дәл бүгіннен мен өзімнің денсаулығым туралы ойлана бастаймын. Дене шынықтыру жаттығуларын жасап, өз үсті-басыма күтім жасаймын. Дұрыс тамақтанамын, өз денсаулығыма зиян келтірмеуге тырысамын.

* Дәл бүгіннен мен өзімнің ой-өрісімді кеңейте бастаймын. Білімімді толықтырамын. Миымды жаттықтырамын, қозғауға күш беретін кітаптар оқимын.

* Дәл бүгіннен бастап мен өзімді-өзім жетілдіруді қолға аламын. Ол үшін үш нәрсе жасауым керек: мен бір адамға өзі білмейтіндей етіп пайдалы іс жасаймын; одан басқа жаттығу ретінде өзіме пайдалы екі іс жасаймын.

* Дәл бүгіннен бастап барлық адамдарға достық ниетпен қараймын. Мүмкіндігінше өзіме жарасатын киім киіп, адамдармен дауыс көтермей сөйлесемін, ешкімді сынамауға, еш­кімге жөнсіз тиіспеуге, ешкімді басынбауға тырысамын.

* Дәл бүгіннен бастап бүгінгі күнмен өмір сүремін, өз өмі­рімдегі барлық проблемаларды бірден шешу мүмкін еместігін есте сақтаймын.

* Дәл бүгіннен бастап мен өз істерімді жоспарлап, әрбір сағат сайын не істейтінімді жазып отырамын. Мен дәл осы жоспарым бойынша жазылғандарды жүзеге асыра алмауым мүмкін, бірақ мен оны жасап қоямын. Бұл маған екі жаман әдеттен – асығыстық пен шешімсіздіктен арылуға мүмкіндік береді.

* Дәл бүгіннен бастап мен жарты сағат жалғыздықта, тыныш жерде отырып тынығамын, ойларымды қалыпқа келтіруге тырысамын.

* Дәл бүгіннен бастап мен бақытты болудан, әдемілікке сүйсінуден және сүйікті болудан қорықпаймын. Мен өзім жақсы көретін адамдардың мені де жақсы көретініне сенетін боламын.­

...Егер сіз бен біз осы бағдарламаны бетке ұстансақ, өміріміз тынышталып, өзімізбен-өзіміз және айналадағы адамдармен қарым-қатынасымыз ізгілікке, сүйіспеншілікке құрылатыны сөзсіз.

Негізгі бет
Бауырларыммен барыс-келіс жасасам деймін
25.01.2012 11:25
Менің нағашы атам Мырзабай қажы елге беделді, бай адам болған екен. Түбі отырарлық, руы Божбан, оның ішінде Итемген. Ол кісі өз қаражатына медре­сеapa 1 салдыр­ған, молда, мұғалімдер жалдап, қазақ балаларының сауатын ашуға көп көңіл бөліпті. Өз анам Саттар Ерубаевпен бірге сол медреседе оқыған. Саттардың әкесі Асқар, Ерубайлар Мырзабаймен жақын туыс болып келеді.
Мырзабай қажының бес баласы бол­ған, біреуінің есімі Досыбай. Досы­бай менің анам Айзаданың әкесі. Ол ел ішін жайлаған қуғын-сүргін кезінде (шамамен 1928-1929-жылдары) байлығы үшін жер аударылыпты. Байларды бала-шағаларымен пойызға тиеп әкетіп бара жатқанда Досыбай сол кездегі төрт-бес жасар қызы Жанбала­дан көз жазып қалыпты. Ал баласын іздегендердің зарына оларды күзетіп бара жатқандар құлақ аспайды. Бұл – Түркістанда болған оқиға.
Содан шырқырап жылап жүрген кіш­кентай Жанбаланы тауып алғандар оны Арыс қаласындағы балалар үйіне өт­кізеді. Өзінің атын есіне түсіре алма­ған кішкен­тай қызды тәрбиешілер Гүл­сара деп атап кетеді. Кейін ол осы балалар үйінен тракторшы мамандығын алып, сол кезде салынып жатқан «Киров» каналына жұмыс­қа жіберіліпті. Сонда жүріп Жолшы деген «звеневой» ма, бригадир ме, сондай бір бел­сенді жігітке тұрмысқа шығады. Ел қатарлы түтін тү­тетіп, үйлі, бала-шаға­лы­ болады. Ал балалары есейе келе Жолшыға әйелімнің руы кім, төркіндері қайда, балаларымның нағашылары кім деген сияқты ойлар келеді. Бірде Гүл­са­раның есіне туыстары қайтыс болғанда төрт-бес әйелге Балтабай болыстың жоқтау үйретіп жатқаны түсіп­ті. Жолшыға соны айтады. Ал Бал­табай – отырарлық,­ ол кісі де біздің нағашымыз болады.
1955-1960-жылдары Жолшы жезде­міз ауданаралық жиындарға қатыс­қанда Балтабайды әркімнен сұрастырып, ылғи да іздеумен болыпты. Мұны Балтабай да естиді.
Қысқасы, көп ұзамай бізге Жанбаланың табылғаны туралы белгілі болды. Бірде Жолшы: «Елге көшеміз. Руы­мыз – Қарабатыр. Шаян ауданының Ортақшыл ауылынанбыз», – деп сәлем жолдапты.
1965-жыл еді. Әкеміздің аты – Аңла­мас, соғыстан қайтпаған. Біздің үйді ешкім әкем атымен атамайтын, анамның атымен «Айзаданың үйі» дей­тін. Бірде үйімізге қос атпен бірі әйел, екіншісі ер адам келіп: «Аңламастың үйі осы ма?» – деп сұрады. Сонда со­ғыстан қайтпаған әкемізден бір жақсылық хабар келіп қалды ма деп қуанған ағам екеуіміз үйден жүгіре шыққан едік. Қосарлана: «Иә, Аңламастың үйі», – дегенімізде олар аттан түсті. Қолтықтарынан демеп түсіріп, үйге бас­тадық. Бұлар Жолшы жездеміз бен Гүлсара, яғни баяғы кішкентай кезінде жоғалып кеткен Жанбала әпкеміз екен. Содан амандық-саулық сұрасып, біраз отырғаннан кейін олар Отырар жаққа жүретіндерін айтты. Мал сойып, күтеміз дегенімізге қараған жоқ. «Сол жақтағы туыстармен табысамыз, сосын олардың бәрін шақыра келеміз», – деп асығыс жолға шығып кетті. Бірақ ол кісі­лерден содан кейін хабар болмады.
Анам сіңлімді іздеймін деп жиі айта­тын, ал оның сәті 1969-жылы түсті. Жол­ға шығып, ауылдарына әбіржіп жүріп түнде зорға жеттік. Май шамның әлсіз жарығымен бір-бірімізді әрең та­ныдық. Гүлсара әпкемнің бес ұл-қызы бар екен. Өкі­ніштісі, бүгінде аттары есім­де жоқ. Сол күннің ертесіне таң­ертең ауылға қайттық. Өйткені ол кезде көлік аз, сол ауылдан жолға шы­ға­тын бір машина бар екен, содан қалмауға тырысқан едік. Ауылға келген соң көп ұзамай анам ауырып қалды. Бөген өзені тасып, ауы­лымыз Шілікті тасқын су алып, далада қалдық. Үй-жай, қора-қо­псы, малымызды су жалмады. Ал анам сол аурудан тұрмай, 1970 жылы дүние салды Ол соңғы сәтіне дейін бауыры Жанбаланы аңсап күтумен болды.
Біз 1972-жылы Шымкентке көштік. Анамның Жанбаладан басқа Нұртаза,­ Бекмұрат деген бауырлары бар. Бекмұ­рат 1965-жылы қайтыс болды. Ол кісі­нің ұлдары Бауыржан мен Мейіржан бү­­гінде Киевте тұрады. Ал мен Шым­кенттің Тельман атындағы бөлімшесі тұрғынымын. Үйіміз осындағы Шаяхме­тов көшесінде, №41-ші үй. Телефон нөмірі – 45-11-79, 23-19-08.
Менің аты-жөнім – Бекмырзаева Захира, 1937-жылғымын. Бүгінде немере­-шөбере сүйіп отырмын. Нағашым Мырзабай барған Мекке-Мединені мен де көріп келгенмін. Жанбала апамның балалары, менің бөлелерім де бүгінде немере сүйген үлкен кісілер болған шығар. Ұрпақтары Жолшы жездем армандағандай нағашыларының кімдер екенін біле ме, білмей ме екен деп ойлаймын қазір. Менің ол кісілермен табысқым келеді.

 

Пікір қосу

Қорғаушы код
Жаңалау

Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

zamana-13

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!

Ол үшін қомақты қаламақы төленеді

Құрметті оқырман!

Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.

Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.

Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.

Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.

Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.

Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.

Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!

Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.

Жұлдызнама

juldiznama
(20.02 - 26.02)

Тоқты (21.03-30.04)
Бұл аптада көпшілік арасында жиірек болғалы тұрсыз. Беделіңізді арттыра түсер істерге күш салыңыз.
Торпақ (21.04-21.05)
Жақын адамыңыздың жай-күйіне мән беріңіз. Оған сіздің жәрдеміңіз қажет болуы мүмкін.
Егіздер (22.05-21.06)
Негізгі шаруаны реттеп алғаныңыз абзал. Әсі­ресе аптаның тақ күндері белсенділікті талап етеді.
Шаян (22.06-23.07)
Қарбалас істер қатар келуі ықтимал. Сондықтан сіз үшін жоспармен қимылдау маңызды болмақ.
Арыстан (24.07-23.08)
Қай істі қолға алсаңыз да пайдасыз қалмайсыз. Тек біреуді ренжітіп алмау жағын ұмытпаңыз.
Бикеш (24.08-23.09)
Ағымдағы істермен айналысасыз, күндер сізге жайлы әсер етеді. Сәрсенбіден жаңалық күтіңіз.
Таразы (24.09-23.10)
Жақсы қасиет­теріңіз­ді ашып көрсететін апта. Көбірек көзге түсуге мүмкіндік мол, осы есіңізде болсын.
Сарышаян (24.10-22.11)
Апта күндері сізге қо­лайлы болмақ. Жаңа табыс көзін ашудың орайы келгелі тұр, қапы қалмаңыз.
Мерген (23.11-21.12)
Отбасы бюджетіне қо­мақты үлес қосуыңыз мүмкін. Дегенмен сізге ақша жаратуда сақтық керек.
Тауешкі (22.12-20.01)
Сіздің әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Жұмыстарыңызды бір жүйелеп алған артықтық етпейді.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Сізге аптаның алғаш­қы бөлігі тиімдірек болады. Белсендірек қимылдасаңыз, көп іс тындырасыз.
Балық (20.02-20.03)
Қаржылай жағдайыңызды жақсартуға қолайлы күндер келеді. Жалқаулыққа жол бермеуді ойлаңыз.
Құлағыңыз түрік жүрсін

aur

Ауырмаңыз,ағайын!

* Түркістанда аян арқылы ауруды анықтап, алақан жылуы­мен кеселді кетіретін емші бар. Ол кім және оның емдік ерек­шелігі неде?

* Ауру шақыратын киімдер жайлы естігенсіз бе? Сіз киіп жүрген киімнің денсаулыққа зия­ны жоқ па? Зиянсыз киімді қалай таңдаған жөн?

* Холецистит деген қандай ауру? Оған ұшырамау үшін қа­лай күтіну керек?

* Денедегі туабітті меңді, қалды кетіру зиян ба?

*Монша – тазалықтың әрі денені тыныс алдырудың таптырмас жолы. Десек те монша­ға түсуге болмайтын да жайлар­ бар. Моншаға қай кезде түсуге болмайды?

* Бетке бөртпе шығаратын демодекоз дерті туралы не бі­лесіз?

...Бұл сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, «Замананың» қо­сымшасы – «Ауырмаңыз!» га­зетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірін оқыңыз. Газетте бұ­дан басқа да денсаулыққа ке­ректі қызық та құнды мақалалар­ молынан жарияланған.­

Құлағыңыз түрік жүрсін!
tl
«Тылсым дүниенің» жаңа нөмірін оқыңыз

Осы аптада жарық көрген «Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірінен оқырмандар төмендегідей ғажайып, жұмбақ жайттарға қаныға алады.

«Келімсектермен кімнің байланысы бар?» атты мақалада жат­планеталық келімсектердің біздің ға­ламшарымызға емін-еркін ұшып келуіне жағдай жа­саған елдің құпия әрекеттері туралы нақты дәлелдер келтірілген.

Сондай-ақ «Ғалам ғажаптары» айдарымен жарияланған мақалалардан Жерге ұқсайтын планета мен аспан денелерінің қалай зерттелетінін білуге болады.

Өміріне қауіп төндіріп, туралап келген ажалдан бірнеше рет аман қалған адамның айтқандары мен қақаған қысқы аязда айдалада қалып, ғайыптың күшімен ажал тырнағынан құтылған екі достың бастан кешкен оқиғалары туралы да басылымның осы нөмірінен оқып-біле аласыздар.

Бізге беймәлім тылсым әлемнің осы және басқа да ғажайып сырлары жайлы білгіңіз келсе,«Тылсым дүниенің» жаңа нөмірін алып оқыңыз.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala-2

* Новая, уютная

* Тихий центр

* Все условия

* Умеренная цена

Наш адрес:

г. Шымкент,

ул. Акпан батыра, 23.

(уг. улицы Майлыкожа.).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Будьте нашим гостем!

Құлағыңыз түрік жүрсін

«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз

Күнделікті тіршілік барысында адам түрлі жағдайларды бастан өткеретіні белгілі. Ол содан сабақ алады, ой түйеді, бұл жөнінде өзгелерге кеңес те береді. Бұл мә­селеде сізге «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» ба­сылымының да берері мол. Осы аптада оның жаңа, 3-ші нөмірі жарық көрді. Газеттің бұл нөмі­рінде де өмірдің сан саласын қамтитын алуан түрлі кеңестер молынан жарияланған.

Ендеше, «Керек кеңестерге» құлағыңыз әрқашан түрік жүрсін!

SMS

sms

"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз

Құрметті оқырман!

Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы

SMS – хабарлама

жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:

– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.

Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.

Редакцияның тікелей ұялы байланыс телефондары:

8-702-838-09-24, 8-777-402-09-14, 8-700-390-07-60.

Сізге арналған сәлемхат

Танысқым келеді

* Ассалаумағалейкүм, мұ­сылман бауырлар! Иманды, сабырлы, жақын араласатын қыз-жігіттер іздеймін. Логинім: erkіn_92_93. 8-777-670-59-92.

* Қазақтың шашы ұзын, сүйкімді, әдемі, ибалы, әдепті, ақылды, тамақты жақсы әзір­лейтін қыздары, танысайық. Өзім 86-жылғымын. 8-702-152-82-71.

* Жасым 30-да. Мамандығым мұғалім. Бұрын тұрмыс­қа шықпағанмын. Мінезі жақсы жігітпен отбасын құрғым келеді. 8-775-760-26-92.

* Сәлем, Шымқаланың қыздары! Отбасын құру мақсатында 22-27 жас аралығындағы қыздармен танысқым ке­леді. 8-702-796-81-28.

* Ассалаумағалейкүм, мұсылман бауырлар! Танысып, араласайық. Логинім: je­nіs09.88@maіl.ru. 8-775-902-88-87.

* Сәлем, қыздар, жігіттер! ҰБТ-ға дейін танысып, араласып, тіл табысуға қалай қа­рай­сыңдар? Хабарласыңдар. Есімім – Айсұлу. 8-705-899-28-20.

* Сәлем, достар! Менің атым – Айсара. 94-97 жыл аралығындағы жастармен дос­тық ниетте танысамын. Ло­ги­нім: aіsara_1997@maіl.ru. 8-701-567-16-90.

* Сәлем, қазағымның бә­рі­нен де сүйкімді, ару қыздары! Танысайық. Логинім: le­gen­da_01kz@maіl.ru. 8-702-250-49-29.

* Сәлем, жігіттер! Иманды, салмақты, адал жігітпен танысамын. 8-775-794-97-58.

* Сәлем, Шымкенттің жігіт­тері! Танысайық. aі_nura.­95­kz vіp.aіmen. 8-775-943-35-53.

* Дос болайық. Нұржанар. Логинім: 96_run_96@­maіl.ru. 8-705-848-52-37.

* Сәлем! Қалайсыңдар? Дос болайық. Логинім: aіnur_­nur­­bolat.9@­maіl.ru. 8-775-956-15-08.

* Сәлем, Оңтүстіктің қыздары! Танысайық. 84-ші жыл­ғымын. Бойым – 181 см. Тек қана әдемі қыздар болса. 8-775-765-59-38.

* Сәлем, жігіттер! Танысайық. 95-ші жылғымын. 8-705-895-08-97.

* Танысайық, сымбатты да сұлу қыздар. Логинім: bau­ka_99kz@maіl.ru. 8-705-459-90-92.

* Сәлем, жігіттер! Танысайық. Логинім: sss_nur....­sss@­maіl.ru. 8-775-790-43-03.

* Сәлем, достар! Танысуға қалай қарайсыңдар? Ло­гинім: kalіev.sako@maіl.ru. 8-702-171-90-40.

* Қазақтың қаракөз, сұлу да сымбатты қыздары, та­нысайық. Sayat0190. 8-775-763-87-03.

* Жасым 27-де. Үйлену мақсатында 25 жасқа дейінгі қыздармен танысамын. Ажырасқан болса да жарайды, тек алдамаңдар. 8-775-712-74-18.

* Сәлем! Сұлу қыздар, танысайық. Дос болайық. Ло­гинім: nіko_a.j@maіl.ru. және zhan.dos.91@maіl.ru. 8-705-973-83-33.