Қадірлі оқырман! Бүгінгі күндері алдағы 2013-жылдың бірінші жартыжылдығына газет-журналдарға жазылу науқаны жүріп жатқанын естеріңізге саламыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, «Заманаға» да алдын-ала жазылып қоюға шақырамыз.
«Замана» өздеріңізді әрқашан да айрықша ақпараттарымен, тың жаңалықтарымен, танымдық-тағылымдық мақалаларымен сусындатып келгенін білесіздер. Ол осы бағытынан тайған емес, «Заманадан» алдағы уақыттарда да көңілдеріңізден шығатын мақалаларды көптеп оқитын боласыздар. Өйткені «Замана» қай кезде де оқырман мүддесін жоғары қояды, оған лайықты қызмет көрсетуді өзінің басты міндеті санайды.
Ендеше, «Заманаға» осы бастан жазылып қойыңыздар, алдағы уақыттарда да бірге болайық, құрметті оқырман!
«Замана».
Күлкістан
Әбділлах Халиланың
Әзілдері
ҰЙҚЫШЫЛ
Оқытушы:
– Студент, неге лекцияға кешігіп келдің?
– Кешіріңіз, ұйықтап қалыппын.
– Сонда сіз үйде де ұйықтайсыз ба?
ЖАҚСЫ КӨРУ
Жазбаша емтихан тапсырып шыққан соң, қыз жанында отырған студенттен:
– Жаңа көп қарадыңыз, жақсы көресіз бе?
– Иә, жақсы көремін, сіздің жазғаныңыздың барлығын көшіріп алдым.
ТӘРБИЕ
Мектепте әдебиет сабағы жүріп жатыр. Оқытушы:
– Асанов, “Мөлдір махаббатты” кім жазды!
– Білмеймін.
– Ертең әкеңді ертіп кел.
Ертесіне әкесі келіп, кешірім сұрап:
– Мен баламды жазаладым, енді ол “Мөлдір махаббатты” жазбайтын болды.
ҚОРАЗДЫ БҰРАУ
Әкесі қаладан келген студент баласына:
– Бізде таңертең қораз шақырып оятады.
– Онда, әке, қоразды жетіге бұрап қойыңыз.
АЙЫРМАШЫЛЫҚ
– Жақсы оқитын студент пен нашар оқитын студентті қалай айыруға болады?
– Ол үшін жақсы оқитын студентті кітапханадан, ал нашар оқитын студентті базардан іздеу керек.
АҚЫЛ СҰРАУ
Куратор студенттен:
– Химиядан емтихан тапсыра аласың ба?
– Білмеймін, әкемнен барып сұрап келейін.
ӨЛШЕМ
– Күннің ұзақтығы немен өлшенеді?
– Таңертеңгі ас пен кешкі астың арасындағы уақытпен.
Жаңа кітап
Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.
Жаңа кітап
Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.
Құлағыңыз түрік жүрсін
Аяр әйелге алданған адам Отбасын асырау үшін өзге қалаға барып жұмыс істеп, нәпақасын таппақ болған жігіт өз өмірінің күрт өзгеретінін әсте ойлаған жоқ. Оның ақкөңіл мінезін пайдаланып, дегеніне көндірмек болған бір әйел ақыры мақсатына жетіп тынды. «Замананың» қосымшасы – «Қызық газеттің» осы аптада жарық көрген нөмірінде бұл оқиғаның қалай өрбігені туралы хикая жарияланған. Оқыңыз, ой түйіңіз! Сонымен қатар, алдағы уақытта да сіздерді бізбен бірге болуға шақырамыз. Яғни баспасөзге жазылу жүріп жатқанын естеріңізге саламыз. Ендеше, сүйікті газетіңіз – «Қызық газетке» 2013 жылдың екінші жартыжылдығына жазылып қоюды ұмытпаңыз! Жазылу индексі – 65418.
Керек кеңестер
Тойда адам өзін қалай ұстағаны абзал? Қазақ – тойшыл халық. Содан болар, тойды қазынаға балап, тапқанын қуаныш дастарханына жұмсайды. Қазір осы той маусымы. Оның өзіндік әдебі мен мәдениеті бар. Сондықтан осы жайлы аз-кем ой түйген артық болмас деп ойладық. * Көп адамға арналған той-жиында аздаған кемшіліктерге, ұйымдастыру ісіндегі қателіктерге кешіріммен қараған дұрыс. Мысалы, тағамдардың дәмді-дәмсіз екенін, еттің қатты екенін айтып, талқылау ыңғайсыз жағдай. Ал жұрттың көзінше ренжіген сыңай танытып кетіп қалу – мәдениетсіздік. * Қанша жерден мықты қызметкер, беделді азамат болсаңыз да той дастарханында әлсін-әлсін ұялы телефонмен әркімге қоңырау соғып шаруа айту, тапсырмалар беру, ұрсу, өкпелеу, әңгімелесу той иесін, қуаныш дастарханы мен оған ортақтаса келген көпшілікті сыйламағандық саналады. * Көпшілік жиналған жерге бала-шағаңызды жетектеп бару, олардың ортаға шығып ойнауы, аяққа оралғы болып ары-бері шапқылауы, дастархандағы тәтті мен сусынға қол соза беруі – тәрбиесіздік белгісі. Тойды ағайын-туыстың қуаныш жиналысы деп қабылдаңыз. Ал жиналыста бала-шаға шуламауы тиіс. * Тойға сөмкесіне пакет салып барып, үйіне екі кешке жетерлік ас-ауқат алып қайтатын жеңгейлерді де көріп жүрміз. Қоржыны құр қайтса үйіне кіргізбейтіндей қипақтайтын әйелдер де бар. Ал негізі той тарқамай жатып үстел үстіндегі тағамдарды, тәттілерді бөліп алып, дастарханды «тақырлап» тастау да әбестік. * Той дастарханында қонақтардың барлығының дә¬режесі бірдей. Сондықтан қонақтардың қасындағы кісілерді менсінбеуі, олармен сөйлеспей сыздануы, бөлектенуі дұрыс емес. Асабаны қайта-қайта шақырып, ескерту жасауына, «маған мына кісілерден бұрын тілек айтқыз» деп өтініш білдіруіне де болмайды. * Қуаныш үстінде жағымсыз әңгіме, саясат туралы сөз қозғамағаныңыз дұрыс. Сондай-ақ үзіліс жарияланбаса да әлсін-әлсін тұрып кетіп, сыртқа шығып темекі тартып қайту, сөйтіп қонақтарды алаңдата беру – әбестік. * Той ағасы (асаба) екі жастың ата-анасымен алдын-ала ақылдасып, келісіп алған тізім бойынша той дастарханында отырғандарға жасына, туыстық жақындығына, еңбегіне қарай кезекпен тілек айтуға шақырады. Одан ешқандай астар іздемеуге, тойды жамандамауға немесе орынсыз асыра мақтап, жағымпаздық танытпауға тырысыңыз. * Сөзге шыққанда қысқа да нұсқа қайырып, уақытты созбаған да дұрыс. Бұл арғы-бергі жылдарды еске алып, туыстық қатынасты қозғап, өзіңізді танытатын немесе есеп беретін жиналыс емес. Көп сөйлеп жұртты жалықтыру және өзгелердің уақытын ұрлау – ұят нәрсе. ...Міне, қазақ тойында көп кездесетін кейбір қателіктер осындай. Ондайға жол бермегеніңіз жөн.
Негізгі бет
Бүгінгі келіндер зейнетке қай жасында шығады?
Өткен жылдың соңына қарай Президент Н.Назарбаев Ұлттық банкке еліміздегі зейнетақы жүйесін реформалауға байланысты жұмыстарды жалғастыруды тапсырғаны белгілі. Арада көп өтпей бұған байланысты «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру» жөніндегі Заң жобасы әзірленіп, ол жалпы талқылауға ұсынылған болатын. Бұл Заң жобасында басқа да көптеген мәселелерден бөлек, еліміздегі әйелдердің зейнеткерлікке шығу мерзімін 2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жылына 6 айдан қоса отырып, біртіндеп 63 жасқа ұлғайту жөнінде айтылады. Осының ішінде ең көп пікірталастар тудырғаны, әрине, әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту мәселесі болғаны мәлім. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған Заң жобасын елге түсіндіру жұмыстарын жүргізді, Заң жобасы Парламентте талқыланды.
«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі» Заң жобасын, әсіресе ондағы әйелдердің зейнеткерлікке шығу мерзімін біртіндеп 63 жасқа жеткізу жөніндегі мәселені халыққа түсіндіре алмай әбден әбігер болған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов ақыры қызметімен қош айтысты. Кешегі аптада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жарлығымен ол орнынан босады. Ал мұның алдында Елбасы аталған Заң жобасын халыққа түсіндіру жұмыстарының сәтсіздікке ұшырағанын айтып, бұл бағыттағы Үкіметтің, Ұлттық банктің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысына қанағаттанғысыз деген баға бергені белгілі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кешегі аптада ресми сапармен Өзбекстанға келіп кетті. Осы сапарында Елбасы Шымкентке де аялдайтыны жөнінде алдын-ала айтылған еді. Осыған орай облыс орталығында бірқатар дайындық шаралары атқарылғаны белгілі. Дегенмен Н.Назарбаев бұл сапарында Шымкентке соқпады. Елбасы Ташкентке барып, Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы, алдағы уақыттағы ынтымақтастық қарым-қатынастар жөнінде талқыланды. Екі ел президенті бірқатар мемлекетаралық келісім-шарттарға қол қойды.
Кешегі аптаның сейсенбі күні Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының бастығы Альбина Елшиева ақпарат құралдарына арналған брифинг өткізіп, ұлттық бірыңғай тест сынақтарының нәтижелерін жария етті. А.Елшиева облысымыздағы 16 ұлттық бірыңғай тест бекеттерінен 21.005 мектеп түлегі сынақтан өткені туралы айтты. Жалпы облыс бойынша орташа көрсеткіш – 72 балл. (2012 жылы 66,88 болған). Басқарма бастығы жоғары көрсеткішке жеткен 100 мектепті де атап өтті. Бұл мәселеде облысымызда Сайрам ауданы алда тұр. Мұндай мектептер аталған ауданда – 25. Аталған көрсеткіш бойынша екінші орын Шымкенттікі, облыс орталығындағы 22 мектеп осындай жетістігімен мақтана алады. Ал Түркістан ауданында – 15, Кентау қаласында – 14 мектеп биіктен көріне біліпті. Мұндай жетістікке Мақтаарал, Ордабасы аудандарында тиісінше 6 және 5 мектеп, Түлкібас, Арыс аудандарында – 3 мектептен, Сарыағаш, Шардара, Төлеби аудандарында 2 мектептен, Қазығұрт ауданында 1 мектеп ие болыпты.
Күн ысыды. Енді шымкенттіктер бос уақыттарын табиғат аясында немесе қаладағы түрлі шомылу орындарында өткізуге тырысады. Жағдайы барлар қала сыртындағы демалыс орындарына кетеді. Осы орайда көпшілікті баға мәселесінің қызықтыратыны да белгілі. Сондықтан қала мен облыс көлеміндегі демалыс орындарында бағаның қандай болып жатқанын зерттеп көруге тырыстық. Шымкенттегі «Акварай» бассейніне кіру құны үлкендер үшін – 1000, бес жастан асқан балаларға 800 теңге. Оған қосымша тапшан пайдаланылғаны үшін сағатына 500 теңге тағы алады. «Жумейраға» демалғысы келгендер дүйсенбіден бейсенбіге дейін үлкендерге – 900, балаларға 600 теңге төлейді.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы Тілеуғали Қылышбаевтың бұйрығымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының директоры қызметіне Ержан Әуелханұлы Есжан (суретте) тағайындалды. 6-маусым күні комитет төрағасы Т.Қылышбаев мұражайдың бұрынғы директоры П.Жаппарқұловтың келісім-шарты аяқталуына байланысты оны қызметтен босатып, Е.Есжанды ұжымға таныстырып, жаңа қызметімен құттықтады. Е.Есжан 1970 жылы Отырар ауданының Арыс ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. А.Иассауи атындағы Қазақ-түрік университетін мұражай ісі, тарихи ескерткіштерді қорғау мамандығы бойынша бітірген.
«Замана» газетінің өткен нөмірінің бірінде «Жиделіде бұл шіркінді «Мерседес» деп атайды» деген тақырыпта мақала жарық көрген еді. Онда Сарыағаш ауданындағы Жиделі ауылы тұрғындарының ауыз суға да, арық суына да жарымай отырғаны жөнінде айтылған. Кешегі аптада осы ауылдан Ерлан Сейдазымұлы деген азамат (суретте) редакцияға хабарласты. «Сіздерге үлкен рахмет, – деді ол. – Қанша уақыттан бері айтқанымызбен ауылымызда су мәселесі шешімін таппай келіп еді. Газетте мақала жарық көрісімен тиісті орындар іске кірісті. Қазір арықтарға көл-көсір су келіп, көптен бері қурап қалған егінге жақсы болды. Жоғарыда отырғандар газеттен тілші келмей-ақ сол жұмыстарды жасаса болады ғой. Расында газеттегі мақаладан кейін ауылға комиссия келіпті. Арасында қаржы полициясының қызметкерлері де бар деседі. Сол комиссиядан бір сағаттай бұрын ауылға су келді.
«Қазақстан мұсылмандары одағы» және «Орта Азиядағы адам құқықтары жөніндегі мұсылмандар комитеті» деп аталатын қоғамдық ұйымдардың төрағасы Мұрат Телібековтің есімі бүгінде көпке мәлім. Ол республикамызда болып жатқан қоғамдық-саяси оқиғаларға байланысты айтқан өзгеше пікірлерімен де белгілі. Жұрт ол кісіні сондай-ақ елімізде 2011 жылы өткізілген Президент сайлауына түскен үміткерлердің бірі ретінде де біледі. Міне, осы азамат кешегі аптада Алматының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен әкімшілік жазаға кесілді. «Бейбіт жиындарды, шерулерді, пикеттер мен митингтерді ұйымдастыру мен өткізу тәртібіне байланысты заңды бұзды» деген кінә тағылған М.Телібеков 7 күнге қамауға алынды.
Таяуда Мақтаарал ауданында ерекше бір сот басталғанын көпшілік біле бермеуі мүмкін. Ал кешегі сәрсенбіде сол соттың екінші отырысы өтті. Айыпталушының орнында анау-мынау емес, бірнеше жыл ауданда білім бөлімін басқарған Қуатбек Бапаевтың отырғаны жұртшылықтың таңданысын тудыруда. Себебі ешкімге қарсы келмейтін, жұмсақ мінезді, осы кезге дейін іскерлігімен көзге түсіп жүрген бұл кісінің кімге жақпай қалғаны түсініксіз. Біреудің алдын кесті ме, әлде сұрағанын бере алмады ма, кім білсін, әйтеуір осыдан бірнеше ай бұрын жазықты болып шыға келгені бар. Үстінен қылмыстық іс қозғалған соң жұмыстан уақытша шеттетілген де болатын. Бізге түскен мәліметтер рас болса, Қ.Бапаев мемлекеттің 17 миллион теңгесін ысырап қылған көрінеді. Яғни осыншама қаржыны Мақтаарал ауданындағы 42 мектепке жылыжай салынды деп мердігер компанияның есебіне аударып жіберген.
Шетелде бас сауғалап жүрген «БТА-банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әбләзовтің әйелі мен 6 жастағы қызы Қазақстанға жеткізілді. Ресми деректерге қарағанда, оларды Италия үкіметі елде заңсыз жүргені үшін Қазақстанға депортация жасаған. Италия полициясы ұстаған кезде М.Әбләзовтің әйелі Алма Шалабаеваның қолында Орталық Африка Республикасының азаматы Алма Айанның атына рәсімделген төлқұжат болған деседі. Италия жағы 47 жастағы Алма Шалабаева мен 6 жасар Алуа Әбләзованы Қазақстанға депортация жасау жөнінде шешім қабылдапты. Ал бүгінде шет елдердің бірінде жасырынып жүрген Мұхтар Әбләзов бұған Қазақстан басшысы мен арнайы қызмет орындарын кінәлап отыр.
Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің Атырау облыстық департаменті аталған облыстағы дене тәрбиесі, спорт және туризм басқармасының бастығы Берік Жанкеевке, облыстық «Атырау» волейбол командасының директоры Жеңісбек Мұхамбетжановқа, команданың бас бапкері Александр Запеваловқа, мекеме бухгалтері Светлана Харкинаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, мемлекеттің 253 миллион теңгесін пайдаланған немесе талан-таражға салған деген күдік келтіріліп отыр. Яғни олар «Атырау» волейбол командасына 2008 – 2012 жылдар аралығындағы шетелге оқу-жаттығу жұмыстарына деп бөлінген қаржыны талан-таражға салған көрінеді. Бүгінде Мұхамбетжанов пен Запевалов қамауға алынды, Жанкеев іздестірілуде.
Таяуда Қазақстанның биылғы ең бай деп танылған 50 адамының аты-жөндері, олардың байлық көлемі жөнінде деректер жарияланды. Біз ол жөнінде газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде хабарлағанбыз. Міне, осы рейтингтегі азаматтардың ішінде 7 кәсіпкердің жасы жағынан ең кішісі 28-де, ал үлкені 39-да екен. Жас кәсіпкерлердің ішінде бірінші орында (жалпы тізімде – 9-шы орында) 38 жастағы Айгүл Нұриева (суретте) тұр. Инвестициямен, қаржы және телекоммуникация бизнесімен айналысатын А.Нұриеваның байлығы 780 миллион долларды құрайды. А.Нұриевадан кейінгі орын қаржы бизнесімен және химия өнеркәсібімен айналысатын Ғалымжан Есеновке тиесілі.
Мемлекеттік қызметтің «А» корпусына үміткерлерді іріктеу сынынан еліміздегі аудан әкімдерінің біразы сүрінгенінен жұрт құлағдар. Бүгінде бұл шенеуніктердің тағдыры не болатыны әзірге толық шешілмеген секілді. Оңтүстіктегі Отырар, Бәйдібек аудандары мен Шымкент қаласының Абай, Еңбекші аудандары әкімдерінің аталған сынақтан өте алмай қалғаны туралы сөздің шыққанына біршама уақыт болды. Бірақ Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыстық басқармасы да, облыс әкімдігі де бұл жөнінде әзірге ауыз ашқан жоқ.
Оңтүстікте көптеген үміткердің мемлекеттік қызметтің «А» корпусы резервіне ену үшін құжат тапсырғаны белгілі. Олардың барлығының бірдей жолы болмағаны да ешкімге құпия емес. Араларында алғашқы сыннан сүрінгендері бүгінде тым-тырыс отыр. Ал 29,30,31-ші мамырда сынақты сәтті тапсырған 58 адам енді Астанадағы ұлттық комиссияның сынағынан өтуге дайындалуда. Олардың кейбірі алдағы емтиханға дайындықты пысықтау үшін өткен жұмада Астанаға аттанып та кетті. Үміткерлердің қобалжитынындай бар. Оңтүстіктің шенеуніктеріне «А» корпусына ену үшін 24 орын ғана тиесілі. Одан облыс әкімі, оның бірінші орынбасары және Тәртіптік кеңестің хатшысы, тағы екі адам бәйгені шаппай алып, мәреге әлдеқашан жетіп қойған. Қалған 19 орынға жоғарыдағы азаматтар өзара таласады. Сондықтан болар, кейбір әкімдердің қобалжығаны сондай, қойылған сұрақтарға жауап беруден қашқақтап жүргендері де жоқ емес.
Кешегі аптада еліміз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтті. Жалпы, Қазақстан азаматтары еліміздің Мемлекеттік рәміздерін мақтаныш етіп, олар жөнінде біле жүргендері абзал. Еліміздің Мемлекеттік Туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Ниязбеков. Елтаңба авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Ал қазіргі Әнұранымыз – «Менің Қазақстаным» әні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6-қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілген болатын. Музыкасы Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасының эталондары Президент резиденциясында сақталады.
Қазақ эстрадасы әлемінде өзіндік із қалдырған, жұрт арасына кеңінен таралған көптеген әндерді өмірге әкелген әнші-сазгер, марқұм Ержан Серікбаевтың (суретте) қаза болғанына да екінші жылға жуықтап қалыпты. Ол 2011 жылғы күзде, 50 жасында дүниеден өткен еді. Ал соңында қалған әндері халық жадында сақталып, жекелеген әншілердің орындауында айтылып келеді. Ержанның осындай әндерінің бірі – патриоттық бағытта жазылған «Алға, қазақ жігіттері!» кезінде әнші Ақылбек Жеменейді де елге танытқан болатын. Ал осы ән сөздерінің авторы кім еді?
Ең жоғарғысы – 125, ең төменгісі – 7 балл болып тұр
Өткен аптада еліміздің барлық аймақтарында ҰБТ сынақтары басталғаны мәлім. Қашанда у-шу мен қарбаласқа толы осындай сынақ Оңтүстікте де өтті.
5-ші маусым күні ҰБТ сынағы өтуі тиіс Шымкенттегі Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының алды қарақұрым адамға толып кетті. Көше-көшелерде таңертеңнен түс қайтқанша бір толастамаған кептеліс автокөлік жүргізушілерінің жүйкесін жұқартты. Таңалакеуімнен қаланың өзінен, сондай-ақ көршілес Сайрам ауданынан арнайы автобустармен келген түлектер институт алдына жинала бастады.
Күні кеше өткен ҰБТ сынақтарында Оңтүстіктің бір өрені биік белесті бағындырды. Нақтырақ айтсақ, Шымкенттегі Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8-ші гимназияның 11-ші сынып оқушысы Аида Ысқақ (суретте) 125 балл жинап, еліміз бойынша ең үлкен көрсеткішке жетті. Биылғы тест сынақтарында әзірге елімізде мұндай көрсеткішке қол жеткізген ешкім жоқ. «Мен барлық сұраққа дұрыс жауап бердім, – дейді Аида Ысқақ. – Уайымдаған жоқпын. Себебі өзіме нық сенімді едім. Ұстаздарымыз бізді сынаққа тыңғылықты даярлады. Өзім де бір жыл бойы күні-түні дайындалғанның арқасында еңбегім зая кетпеді».
Оңтүстік спортының тізгінін ұстағанына көп бола қоймаған Әлібек Нұртаев біршама ауыс-түйістер жасап тастады. Әлібек Нұрбайұлының алғашқы бұйрықтарының бірімен Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалар спорт мектеп-интернатының директоры Нұрлан Ақсақалов жұмыстан босатылды. Біздегі мәлімет бойынша, Н.Ақсақаловқа әзірге жаңа қызмет ұсынылмаған секілді. Ол кісі өзінің қайда жіберілетіні туралы бұйрықты әлі күтіп жүрсе керек. «Киелі орын бос тұрмайды» демекші, босаған орынға бұған дейін облыстық футболданолимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің директоры болып келген ЕрмекДәрменов тағайындалды.
Шымкент қаласының жаңа әкімі, Астанадан келген Дархан Сатыбалды мырза осы қызметке тағайындалғалы бері әкімшілік ғимаратында бұрын жұрт жөнді біле бермейтін екі адам пайда болды. Оның бірі – Олжас Әбдіраман. Бұл жігітті сыртынан білетіндер әкімнің көмекшісі дейді. Қазір ол өз ісіне кірісіп те кетті. Оның міндетіне әкімнің қабылдауына келген адамдарды кіргізу, хаттарды қарау және осы сияқты өзге де жұмыстар кіреді деседі. Ал екінші адамның, егер жаңылыспасақ, аты-жөні Жәнібек Кенжалин (Кенжебеков болуы да мүмкін) екен. Бұл азамат та әкіммен бірге ере келген екеудің бірі көрінеді. Ол туралы жұрт әкімнің кеңесшісі екен десіп жүр. Егер шынымен солай болса, онда ол әкімнің қай салалар бойынша кеңесшісі екені әзірге белгісіз.
Кешегі апта Шымкент қаласы үшін қарбаласқа толы басталды. Облыс орталығындағы қаланың негізгі көше бойлары тазаланып, кәдімгідей реңі кіріп қалды. Неге бұлай болды екен десек, осы аптада Оңтүстікке Елбасы ат басын бұратын көрінеді. Бейресми ақпарат көздерінен келіп түскен хабарларға қарағанда, үлкен кісі алдымен ала тақиялы ағайындардың шақыртуымен Өзбекстанға ресми сапармен барады екен. Нұрсұлтан Назарбаев одан кейін Шымкентке ұшып келіп, осындағы бірер нысанмен танысады, сосын «Сарыағаш» шипажайына демалуға жүреді деген әңгіме айтылуда.
Оразымбет Шойғараев театрды жалған дипломмен басқарған ба?
Осыдан бір жыл бұрын редакцияға Мақтаарал ауданынан Бейсенбек Бектенов есімді азамат келген болатын. Ол кісі Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы драма театрының директоры Оразымбет Шойғараевпен арада туындаған келіспеушілік жөнінде айтқан еді. Сол кезде біз мұны басшы мен жұмысшының арасындағы түсініспеушілікке балап, екі жақ өзара тіл табысатын шығар дегенбіз. Бірақ олай болмаған секілді. Кешегі аптада редакцияға қайта хабарласқан Бейсенбек Сейітұлы облыстық деңгейдегі басшылардың барлығына О.Шойғараевтың заңсыз әрекеттері жөнінде арыз жазғанымен олардың ешбірі дұрыс тексермегенін, тексеру былай тұрсын, арызда жазғандарыңыз дәлелденбеді деген жауап естігенін айтты. Бірақ Б.Бектенов әділдіктің түбіне жетпей қоймаймын деп Астанаға дейін барған. Ақыры шындықтың бар екенін дәлелдеп, О.Шойғараевтың заңсыз әрекеттерін анықтадым деген ол кісі редакцияға бірнеше құжаттың көшірмесін жолдады.
31-мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде жыл сайын Шымкенттегі «Қасірет» мемориалына жұрт көп жиналады. Осында жазықсыз құрбан болған адамдарды еске алуға байланысты іс-шаралар өткізіледі. Ал аталған мемориал орналасқан жердің бір кездері «Албастысай» деп аталғанын, жұрттың зәресін алатын аумақ болғанын біреу білсе, біреу білмейді.
Бір кезде мұнда ауыл болған «Қайтпас» шағын ауданының оңтүстік бағытындағы бұл сай оңтүстік-шығыстан күнбатысқа қарай ирелеңдеп, ұзынынан шұбап жатыр. Орта тұстарында биік белестер бар. Осы жерлерден қарасаңыз, сай етегінен бір кездері болған жер үйлердің шұңқырлары, ескі үйлердің орындары, қора-қопсы қалдықтары, ескі құдық, төбешіктер көзге шалынады.
Ресей президенті Владимир Путин мен оның жұбайы Людмила ресми түрде ажырасатындарын мәлімдеді. Бұл оқиға 6-маусым күні орын алды. Ерлі-зайыпты Путиндер Мемлекеттік Кремль сарайында болған балет қойылымының бірінші бөлімінен шыққан еді. Олар өздерінің ұзақ уақыттан бері неліктен бірге көрінбей жүргендері жөнінде журналистер тарапынан қойылған сұраққа орай осындай өзгеше жаңалық айтып, жұртты шын мәнінде таңқалдырды. В.Путин әйелімен соңғы жылдары бір-бірін тіпті де көрмейтіндерін, әрқайсының өз өмірі бар, сондықтан бұл шешімге ортақ мәмілемен келгендерін айтты. Л.Путина да осындай пікір білдірді. «Владимирге мені қолдағаны үшін ризамын.
Бүгінде үйінде отырып еріккендер де жалған ақпарат беріп, елді дүрліктіруге кіріскен секілді. Оның салдары немен аяқталатынын білмесе де бұған соңғы кездері жасөспірімдер қатты ден қойғаны байқалады. Олар өздерін тауып алады деп ойламайды ма, әлде не болатынын білсе де атын шығару үшін әдейі істейді ме, ол жағы беймәлім. Ең өкініштісі, мұндай жағдай соңғы кездері кеңінен етек жайып бара жатқандай. «2011, 2012-ші жылдары террорлық акті бойынша екі жалған мәліметке байланысты қылмыстық іс қозғалды, – дейді Шымкент қалалық көлік прокурорының аға көмекшісі Сейдахмет Мүсіров (суретте). – Екеуі бойынша да кінәлі азаматтарға байланысты сот айыптау қорытындысын шығарды. Соның бірі – Р.Галиев есімді жеткіншек қалта телефоны арқылы Шымкенттің вокзалында жарылыс болып, адамдар үрейленіп жүр деп хабар таратқан. Ол көп ұзамай қолға түсіп, үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бүгінде жас эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың аты дүркіреп тұрғаны мәлім. Қай жерде жүрсеңіз де оның хитке айналған әндерін естисіз. Жастар ғана емес, үлкендер жағы да оның өнеріне тәнті. Тіпті балабақшадағы бүлдіршіндердің де Қайрат болып ән салып, Қайрат болып билеп жүргенін көргенде еріксіз таңқаласыз. Таяуда редакциямызға осындай ерекше балалардың бірі – Шымкенттегі №86-шы «Алтынай» балабақшасының тәрбиеленушісі, жасы жақында ғана 4-ке толған Аида Атымтаева туралы хат келіп түсті. «Ол өзі бір ақылды, салмақты қыз, – деп жазыпты хат авторы, аталған балабақшадағы 2-ші сәбилер тобының тәрбиешісі Жаңыл Пірдәлиева. – Аида балабақшаға Қайрат бауырымыздың ән дискісін қолына ұстап келеді. Ол Қ.Нұртастың әндерін өте жақсы көреді. Тіпті біз күнделікті таңертең Қайраттың әндерін қойып жаттығу жасап, билейміз.
Қырғызстандағы ішкі ахуал тағы да ушығып тұр. Таяуда Ыстықкөл облысындағы Жетіөгіз ауданының тұрғындары көтеріліп, осындағы алтын өндіретін «Құмтөр» кенішін қоршап алғаны белгілі. Олар кенішті екі күн бойы қоршап, оны электр қуатынан ажыратып тастаған болатын. Халық алтын кеніші қожайындарынан елдің әлеуметтік қажеттіліктеріне қомақты қаржылар аударуды, төңіректегі ауылдардың мұқтаждықтарын өтеуді талап етті. Халықтың пайымынша, алтын өндіруден түсетін қыруар пайда шет елге, инвесторлармен ауыз жаласқан жергілікті шенеуніктердің көмейіне кетіп жатыр. «Құмтөрден» алтынды Канаданың компаниясы өндіреді. Одан түсетін салық ел қазынасына елеулі табыс әкеледі, ол Қырғызстан жалпы ішкі өнімінің 12 пайызын береді.
Түркі әлемінің бетке ұстары, Батыспен де, Шығыспен де қатынасы жақсы, экономикасы мықты, бірқалыпты дамып келе жатқан Түрік елінен де жік шықты. 31-мамыр күні Истанбол қаласында басталған жаппай тәртіп бұзушылықтар бірте-бірте елдің басым аумағындағы үлкен қалаларды қамтып барып саябырлады. Ал бұл дүрлігу әу баста Гези саябағы аумағынан басталған болатын. Гези саябағын прогрессивті күштердің биліктің жөнсіз саясатына қарсы үн қататын алаңы деуге болады. Мұнда Түркияның атақты президенті Ататүріктің мәдени орталығы бар.
Чехияда бірнеше күн бойы толассыз жауған жауын өзендердің арнасынан асуына себеп болды. Көптеген елді мекендер су астында қалды. Бірнеше адам қаза тапты, ел экономикасына қыруар шығын келді. Ел астанасы Прага қаласында жағдай тіпті қиын. Қала орталығынан өтетін Влтава өзені тасып, қаланы су басты. Үш адам қаза болып, төртеуі жоғалып кетті. Құтқарушы қызмет күндіз-түні жұмыс істеп жатыр, көптеген адамдар сыртқа көшірілді. Жалпы, Чехияның барлық аумағында төтенше жағдай жарияланды. Ал синоптиктер судың беті таяу күндері қайтады деп отыр. Мұндай жағдай Германияда, Австрияда, Норвегияда да орын алуда. Төпеп жауған жаңбыр әсерінен деңгейі көтерілген өзен сулары аталған елдерде мыңдаған адамдарды әбіржітіп жатыр.
Жақында Шымкенттің «Асар» ықшамауданында тосын оқиға орын алды. Аталған ықшамауданда біраздан бері балалар емханасының құрылысы жүріп жатыр. Оқиға осы жерде болған, яғни құрылыс басында тас қалаушы болып жұмыс істейтін Мұстапа есімді жігіт кенеттен жоғарыдан құлап кеткен. Үшінші қабаттан құлаған 20 жастағы жігіт артынша «жедел жәрдемнің» көмегімен ауруханаға апарылады. Алайда оқыс оқиғадан хабардар болған құрылыс фирмасының өкілдері дереу оның соңынан ауруханаға жетіп, Мұстапаны қалайда жатқызбаудың амалын қарастырған сыңайлы. Құрылыстың қыр-сырын меңгергендер дәрігерлердің тілін қалай тапқаны жұмбақ. Нәтижесінде есінен танып, мұрнынан қан кеткен жас жігіт ауруханада емделудің орнына жарақат бөліміне баруы керек делініп, үйіне қайтарылған. Бізге жеткен ақпараттар осылай дейді.
Таяуда Төлеби ауданының Қайнар ауылында тұратын үш бала суға шомыламыз деп қайғылы қазаға ұшырады. Бірнеше отбасыны есеңгіретіп кеткен оқыс оқиға 30-шы мамырда «Тау самалы» демалыс аймағына жақын жердегі көлде орын алды. «Ауыл маңында ені бір жарым шақырымдық көл бар, – деді бізге хабарласқан облыстық суда құтқару мекемесі сүңгуірлер жасағының жетекшісі Орынбасар Төртбаев. – Сол күні Ахмет Мекенбай, Саадат Ахметов пен Құрбан Сайдуллаев үшеуі түс кезінде көлге шомылуға кеткен. Олардың ішіндегі ең үлкені Ахмет Мекенбай 13-те, ал қалған екеуінің жасы 8 бен 9-да екен. Балалар көлге барған соң шешініп, суға қойып кеткен тәрізді. Бұлай деуімнің себебі, үшеуінің де киімдері көл жағасынан табылған.
Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.
Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.
Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.
Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.
Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.
Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.
Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!
Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.
Жұлдызнама
(17.06 - 23.06)
Тоқты (21.03-20.04) Сейсенбі мен сәрсенбіде қарқынды қимылдауыңыз қажет. Осы күндердегі әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты болмақ.
Торпақ (21.04-21.05) Атқарған жұмыстарыңызға көңіліңіз толады. Бұл аптада қаржы еселеуге мүмкіндік мол, пайдаланып қалыңыз.
Егіздер (22.05-21.06) Апта күндері жеке мәселелерді реттестіріп алуға қолайлы болмақ. Өткен-кеткенді бір саралап алған артықтық етпейді.
Шаян (22.06-23.07) Жақсы қасиеттеріңізді барынша көрсетуге тырысқайсыз. Оның сізге көп ұзамай-ақ пайдасы тигелі тұр.
Арыстан (24.07-23.08) Кезек күттірмес мәселелерді реттестіріп алғайсыз. Апта ортасы ауа сіздің жұмысыңыз көбейіп кетуі ықтимал.
Бикеш (24.08-23.09) Әрбір ісіңізде сақтық керек. Әсіресе жеке пікіріңіз қажет болған жерде ойланбай сөйлеуден абай болыңыз.
Таразы (24.09-23.10) Шыдамдылығыңызды сынайтын апта. Қат-қабат жұмыстардан әбіржімес үшін жоспармен әрекет еткеніңіз дұрыс.
Сарышаян (24.10-22.11) Сіз үшін аптаның алғашқы жартысындағы қимыл маңыздырақ. Негізгі шаруаларды осы күндері реттестіріп алғайсыз.
Мерген (23.11-21.12) Өзіңізге ғана емес, өзгелерге де пайдалы шаруалармен айналысасыз. Тілеулестеріңіз маңайыңыздан табылады.
Тауешкі (22.12-20.01) Өнімді істер атқарып, көңіліңіз өседі. Жақын адамдарыңызға деген ризашылық тың істерге қуат беріп, құлшындырады.
Суқұйғыш (21.01-19.02) Отбасыңыздағы береке-бірлік арқасында жолыңыз оңғарылады. Мол табыс көзін ашуыңыз да ғажап емес.
Балық (20.02-20.03) Ізгі мақсаттағы істеріңіз үшін жұрттан алғыс аласыз. Сізге көпшілік сенім көрсетіп, бір қоғамдық шаруаны сеніп тапсыруы мүмкін.
Біздің газеттер
Құлағыңыз түрік жүрсін
Ішімдік миды су ете ме?
* «...Шілденің түсуіне бір апта уақыт қалды. Алда аптап ыстық күндер келеді. Ал мұндай күндердің ер-азаматтарға пайдалы және зиянды жақтары да бар».
Ыстықтың еркек денсаулығына әсерін білесіз бе?
* «...Сұлу болу үшін қалтаңызда тиісті қаржы жүруі керектігі белгілі. Мәселен, біздің елде омырауды тіктеу – 1000-2000 доллар, ал сүт безін үлкейту үшін 2000-5000 доллар шамасында ақы талап етіледі».
Сұлу болудың құны қанша?
* «...Ішімдік пен темекінің есте сақтау қабілеті үшін зияны шаш-етектен. Мысалы, 1 грамм арақ мидағы 200-ге жуық нейронды өлтіре алады екен. Ал жарты литр сыра 5000 нейронды осындай жолмен жояды».
Арақтың миды су ететіні рас па?
...Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен оқып-біле аласыздар. Онда маусымдық дерттер мен жиі бас көтеретін кеселдерден айығу жолдары, халық емі түрлері жайлы бұдан басқа да мақалалар жарияланған. Олай болса, «Ауырмаңыз!» газетін алуға асығыңыз!
Құлағыңыз түрік жүрсін!
Әр ай толған сайын түрі мен мінезі өзгеретін адамдар бар...
«Замананың» қосымшасы – «Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірі жарыққа шықты. Басылымның беттерінде бұл жолы да әдеттегідей жұртшылықты имандылық пен адамгершілікке үндейтін, әлемде болып жатқан ғылыми-ғажайып жаңалықтардан хабардар ететін танымдық-тағылымдық мақалалар жарияланған.
Оқырмандар назарына қасиетті Шағбан айының ерекшеліктері мен сол айда орындалатын амалдар туралы толыққанды мәліметтер ұсынылып отыр.
Әр ай толған сайын мінез-құлқында өзгеріс пайда болатын, тіпті түр-әлпеті қорқынышты кейіпке енетін адамдар, ғарыш пен ғаламның ғажайып құпиялары, сонымен қатар, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін түсініксіз әрі тылсым жайттар жайында танымдық-тағылымдық мақалалар барынша қамтылған.
Ендеше, сүйікті газетіңіз – «Тылсым дүниенің» жаңа нөмірін алып оқыңыз. Сондай-ақ түсініксіз түйткілдер мен жұмбақ жағдайларға куә болсаңыз, бізге хат жолдаңыз әрі «Тылсым дүние» газетіне жазылып қоюды ұмытпаңыз. Газетке барлық почта бөлімшелерінде жазылуға болады. Жазылу индексі – 65995.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
* Новая, уютная
* Тихий центр
* Все условия
* Умеренная цена
Наш адрес:
г. Шымкент,
ул. Акпан батыра, 23.
(уг. улицы Майлыкожа.).
Тел.: 8(725-2) 53-26-79.
Моб.: 8-775-92-47-999.
Будьте нашим гостем!
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» басылымының жаңа нөмірі жарыққа шықты. Газеттің бұл нөмірінен сіздер мынадай тақырыптағы кеңестерді оқи аласыздар: * Кедейлікті болдырмайтын амалдар. * Көз тиюден қорғану тәсілдері. * Стресстен арылғыңыз келсе... шашыңызды тараңыз. * Пәтерді кондиционерсіз-ақ салқындату оңай. * Балмұздақ пен квасты қолдан жасау әдістері. * Шаян өсірсеңіз, пайдаға қарық боласыз. * Ағылшын тілін үйренудің төте жолын білесіз бе? * Дене қызып тұрғанда суға түскен қатерлі. * Шаршағанда қуат алудың тәсілдері. «Керек кеңестердің» жаңа нөмірінде өмірдің сан саласын қамтитын бұдан басқа да кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыздар, пайдасын көріңіздер! «Керек кеңестерге» алдағы жартыжылдыққа жазылып қоюды да ұмытпағайсыздар. «Керек кеңес¬тердің» жазылу индексі – 64371.