|
Валюта бағамы |
|
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |
|

* Жаңа әрі жанға жайлы
* Орталық әрі тыныш жер
* Жан-жақты әрі жақсы жағдай
* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға
Мекен-жайымыз:
Шымкент қаласы,
Ақпан батыр көшесі, 23-үй.
(Майлықожа көшесінің қиылысы).
Тел.: 8(725-2) 53-26-79.
Моб.: 8-775-92-47-999.
Қадірлі қонағымыз болыңыз! |
|
Құлағыңыз түрік жүрсін |
|
«Заманаға» жазылу жалғаса береді
«Замана» газетіне жазылу жыл бойына жалғаса беретінін естеріңізге саламыз.
Егер Сіз бүгін-ертең барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетін болады.
«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дүние» басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.
Елге арналған газеттермен етене болыңыз, ағайын! |
|
Сізге арналған сәлемхат |
|
Құттықтаймыз!
* Айзат және Нұрзат! Сендерді сегіз айға толған туған күндеріңмен құттықтаймыз! Апасы, атасы, бабасы. 8-775-458-20-89.
* Ұлымыз Мейіржан Нұрғалиды 23-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Дені сау, үлкен азамат болсын! Әкесі Ерік, анасы Гүлназ. 8-702-748-37-42.
* Бөлеміз Айнұрды 18-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Мөлдір судай шаттықты, аппақ гүлдей ақтықты тілейміз. Жұлдыздардай жарқырап, бол әрқашан бақытты! Зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Өмірлік серігің болсын! Сені жақсы көреміз. Тілек білдірушілер – жезде және бөлелерің. 8-775-956-21-89.
* Ағам Ерғали Ниятбековті 14-қараша – туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Оған бұл өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін. Өмірде бақытты бол! Қарындасы Жазира. 8-775-648-93-21.
* Анаргүл, туған күнің құтты болсын! Тілек білдірушілер – Досым, Гүлжан. 8-702-811-65-33.
* Айман жеңгемізді өткен туған күнімен құттықтаймыз. Азамат ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар! Аягөз, Асқат, Аят. 8-775-497-94-95. |
|
Жаңа кітап |
|

Қазақтың ұлттық тағамдары
«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жеңсік тағамдары мен оларды даярлау жолдары, қазақи дастарханға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәстүрлер баяндалған. Кітапта сонымен қатар қадірлі қонақтарға, құда-жекжаттарға, жасы үлкен ағайынға тартылатын сый табақ, ұлттық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпиялары да жазылған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағамдарға қатысты қазақтың ырымдары мен тиымдары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.
Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94, 43-24-67. |
|
Жаңа кітап |
|

Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар. |
|
Жаңа кітап |
|

Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады. |
|
Керек кеңестер |
|
Көңілді адамға кесір жоламайды
1. Ең бірінші өзіңнің жақын-жекжат, ағайын-тумаңды сүй. Жақсы көретін адамыңа неғұрлым уақытыңды көбірек бөліп, қол ұшын беруге тырыссаң, өзіңді бақытты сезінесің.
2. Жұмысыңды бар күшіңді жұмсап, ықыласпен істе. Таңдаған мамандығың өзіңе ұнамаса, басқа қызметке ауыс. Өміріміздің көп уақытын жұмыста өткіземіз, сондықтан оны азапқа айналдырудың керегі жоқ.
3. Бақытты болуға тырыс. Не нәрсе көңіліңді көтеріп, қуантады, бақылап көр. Салың суға кеткен жағдайда жүрегің қалаған іспен айналыс.
4. Дене қимылы белсенділігі. Неге екені белгісіз, қандай да қимыл белсенділігінен дені сау адам керемет ләззат алады. Академик Павлов бұл сезімді «Бұлшық ет қуанышы» деп атаған екен. Дене қозғалысымен айналысқанда мидан өте жағымды әсері бар зат бөлініп шығып, шексіз рахатқа батырады деген де ой бар.
Сондықтан өзіңе ыңғайлы спорт түрімен айналысып, қаласаң, жүгіріп, билеуіңе де болады. Ерте тұрып, есігіңнің алдын сыпырып, жазда көгалдандырып, қыста қардан тазарту да сергітіп, өзіңді бақытты сезінуге себін тигізері хақ.
5. Адамдардан көмегіңді аяма. Басқаның қамын ойлау, біреу үшін өз пайдамыздан бас тарту, яғни альтруизм қай-қайсымыздың да жүрегіміздің түкпірінде жатқан бір қасиет. Тәкаппарлыққа, тоғышарлыққа бой бермей, қажет еткен адамға жақсылық жасауға тырыс. Ол адамның көңілі жұбанып, қуанғанын көріп өзің де бақытқа кенелгендей боласың.
6. Өміріңе жаңалық енгіз. Бізді бала кезімізден бірқалыпты өмір сүруге дағдыландырған. Әрине, белгілі күн тәртібі, үйренген әдет-ғұрып, өмірлік дос-жаран, тұрақты жұмыс, демалыс орны жамандықтың нышаны деп ешкім айта алмас. Бірақ осының бәрі зеріктіріп жіберген кезде өмірге өзгеріс енгізудің ешқандай айыбы жоқ. ¬айта үйреншікті әдетті мезгіл-мезгіл жаңалап, өзгертіп отыру көңіл-күйге жақсы әсер беріп, өмір сүруге құштарлығыңды арттырады.
7. Өзіңді бақытсыз сезінген жағдайда да өмірден түңілме. Өмірдің өзі түгелімен қуаныш пен қайғыдан, сүйініш пен күйініштен, жақсылық пен жамандықтан тұрады. Өмірдің күрес екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан алдағы күннен үміт күтіп, қиындықты жеңуге бел бусаң, қайғы-қасірет атаулы сенен аулақ жүреді.
Ең бастысы – бойкүйездікке бой алдырма. ¬ашан да емен-жарқын жүргенге не жетсін! |
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |
Бір үйлі жанды бір-ақ күнде байытқан сиыр
«Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірі жарыққа шықты. Басылымның беттерінен оқырмандар бұл жолы да небір ғажайып, жұмбақ жайттарға қаныға алады. Дүниеге алты бірдей перзентті әкелген бақытты ананың кім екенін білгіңіз келсе, сондай-ақ адамдар мен жан-жануарларға, тіпті жәндіктерге дейін әмірін жүргізе алатын тіршілік иесі туралы толыққанды мәліметтерді білуге құмартсаңыз, онда оларды «Тылсым дүние» газетінен табасыз. Басылым беттерінен сонымен қатар бір үйлі жанды бір-ақ күнде байытқан ерекше сиыр туралы, дүние жүзінде орын алып жатқан таңғажайып тылсым оқиғалар жайында толық мағлұмат алуға болады. Бізге беймәлім тылсым әлемнің осы және басқа да ғажайып сырлары жайлы білгіңіз келсе, онда осы аптада жарық көрген «Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірін алып оқыңыз.
|
|
 |
| |
|
|
|
Үшінші күйеуінен бағы ашылған әйел |
|
06.09.2010 16:21 |
|
Жақында базарда Динара есімді танысымызбен кездейсоқ жолығып қалдық. Балаларының мектепке керек-жарағын алып жүрген беті екен. Біздің көріспегенімізге көп болып еді. Амандық-саулықтан соң базар ішіндегі шағын ғана дәмханаға кіріп, өткен-кеткенді айтып біршама уақыт отырдық. Динара әңгіме арасында өзінің үшінші мәрте тұрмысқа шыққанын айтты. Оның бұл жолғы тұрмыс құруы адам таңданарлық жағдайда болған екен.
Алып қашып кеткен еді
Динараны бала кезімізден білетін едік. Өзі аса сұлу болмаса да сүйкімді қыз еді. Бір жағынан ол пысық әрі көпшіл, ақкөңіл, аңқылдап қалған қыз болатын. Осы қасиеттері адамды өзіне еріксіз тартып тұратын.
Ол мектепте өте жақсы оқыған. Бірақ университетке оқуға түсе алмай қалды. Оны мектеп бітірген жылы өзінен үш жас үлкен Асанәлі деген жігіт алып қашты. Қарсылық білдіріп, қанша туласа да әйелдер Динараны сол отбасыда қалуға ақыры көндіреді. Оның түскен отбасы бақуат тұратын. Жігіт те жаман болмай шығады. Алғашқыда бәрі жақсы еді, бірақ көп кешікпей күйеуі үйіне ішіп келуді жиілетіпті. Ақырында Динараға тыныштық бермей, қол жұмсай бастайды.
«Шыдамның да шегі бар емес пе, күйеуім бұл қылығын қоймаған соң мен ол үйден кетіп тындым, – дейді Динара. – Арамызда бір қыз, екі ұл бар еді. Ол кезде олар әлі кішкентай болатын. Күйеуім сот арқылы үш перзентімді де өзіне алып қойды. Қанша әрекет жасасам да сот дауды күйеуімнің пайдасына шешіп берді. Бүгінде күйеуім, ата-енем перзенттерімді сирек көрсетеді. Тіпті оларды маған қарсы етіп тәрбиелеп жатқанын білгенде жүрегім ауырады. Балаларым мені іздейді екен. Өйткені оларға Асанәлінің екінші алған келіншегі күн бермейтін көрінеді. Мен аптасына екі-үш мәрте мектепке ұрланып барып, балаларымды көріп қайтамын. Күйеуімнің ата-анасы мұны білсе мені оңдырмайтын шығар. Себебі олар балаларымды менен қызғанады. Содан, амал жоқ, оларға білдірмей балаларымды көшеде, мектепте ұрланып көріп жүремін...»
Екіншісі де ішкіш екен
Динара бұдан кейін екінші рет тұрмыста болыпты. Бірақ бұл жолы да күйеуімен дәм-тұздары жараспаған.
«Шымкентте жұмыс істеп жүрген кезімде Ерлан деген жігітпен танысып, көп кешікпей екеуміз шаңырақ көтердік, – дейді Динара. – Бір өкініштісі, Ерлан да ішімдікке жақын болып шықты. Бір жағынан ол көп өтірік сөйлейтін әрі суық жүрісті екен. Екеуміз төрт жыл отандасып, ақыры ажырасып тындық. Ол соңымнан қалмай біраз уақыт жүгіріп жүрді. Себебі менің жұмысқа пысық екенімді, әрі ер-азаматты қатты сыйлайтынымды білді. Бірақ «Ауру қалса да әдет қалмайды» демекші, Ерлан арағын тастамаған соң мен онымен ат құйрығын кесісіп тындым».
Содан Динара мектепте оқитын балаларына киім-кешек әперіп, таршылық көрсетпеуді ғана ойлап, күндіз-түні тынбай жұмыс істеумен болады. Бір жағынан үш перзентін өзіне қайтарып алуды мақсат етіп, сотқа беретін ақшаны табуды ғана ойлайды.
«Сотта жеңіп шығу үшін ақша керек екен, – деді Динара әңгімесін жалғастырып. – Қазіргі уақытта ақшасыз тірлігіңді бітіру қиын. Маған қолы ашық бір азамат қомақты ақша ұсынса, оны ең алдымен балаларымды қайтарып алуға жұмсар едім. Ата-анам бар, бауырларым, Құдайға шүкір, көп. Бірақ оларға барып алақан жаюға намысым жібермейді. Тіпті жеке өміріме де араластырмауға тырысамын. Өйткені бұл менің тағдырым ғой».
Бойдақ жігітпен бас қосыпты
Ерланмен ажырасқанына екі жыл өткенде, биылғы жаздың басында Динара Дәулет деген жігітпен автобуста кездейсоқ танысып қалыпты. Ол Динараны алғашқы күні-ақ ұнатып, көп кешікпей оған үйленуге ұсыныс білдіреді.
«Алғашқыда оның ұсынысына жігіттердің кезекті қулығы ғой деп онша мән бермей жүрдім, – дейді Динара. – Бір жағынан жігіт менен он жас кіші болып шықты. Бір кездесуде суитын шығар деп мен оған бар өмірімді, тіпті үш балам бар екенін де айттым. Бірақ ол сонда да маған сезімін білдіріп, өзіне тұрмысқа шығуымды өтініп жүрді. «Аузы күйген үрлеп ішеді» емес пе, сондықтан оның ұсынысын қабылдамай жүре бердім. Бір жағынан жігіттің ата-анасы, туыстары үш баласы бар әйел деп бетіме салық қыла ма деп ойладым.
Содан бір күні әдеттегідей жұмыстан шығып келе жатқанымда ол мені үйге дейін шығарып салмақ болып, көшеден такси ұстады. Бұған дейін үйге автобуспен баратын едік. Ойымда ештеңе болмастан таксиге міндім. Такси жүз метрдей жүргенде көлікке жол бойынан екі жас жігіт мінді. Осы кезде ғана Дәулет мені алып қашып бара жатқанын айтты. Оның бұл сөзі маған «шок» болып тиді де, әбден туладым. Бірақ ол менің айтқандарыма құлақ аспастан, ақыры алып қашты. Мен түс көргендей күй кештім...
Жігіттің ата-анасы, туыстары басыма орамал жауып, беташар жасағанда ғана мына оқиғаның түсім емес, өңім екеніне көзім жетті. Көңілім толқып, көзіме еріксіз жас алдым. Басыма жігіттің анасы ақ орамал жапқанда біртүрлі сезімді басымнан өткіздім. Жасым 33-ке келгенде өзімнен 10 жас кіші жігіт алып қашады деп кім ойлаған...
Өмірде бәрі болады екен ғой. Жігіттің ата-анасы маған ақ батасын беріп, некемізді қидырды. Дәулеттің әке-шешесі менің жағдайымды жақсы біледі екен. Жігіттің анасы келіп: «Қызым, адам болған соң қателеспей тұрмайды. Үш балаң бар екен деп бетіңе салық салмаймыз. Баламыз сені қалады ма, онда біздің де қалағанымыз. Баламыздың бақытты болғаны біздің де бақытты болғанымыз. Бізге екеуің тату-тәтті тұрып кетсеңдер болды. Одан басқа ешнәрсе керек емес», – деді. Сосын ол кісі үш баламды қайтарып алуға көмектесетіндерін айтқанда қалай жылап жібергенімді білмей қалдым.
Дәулет үйдің жалғызы. Қаладағы бір фирмада қызмет атқарады Тұрмыстары жаман емес. Менің ол үйге келін болып түскеніме енді он күн болды. Осы он күн ішінде ата-енемнің алтын адамдар екеніне көзім жетті. Ал күйеуім тіпті жақсы адам болып шықты. Олар мені қатты құрметтейді. Енді мен де жақсы келін болып жүрмін».
Осылай деген Динара сағатына қарап, үйіне қайтуға асықты. Біз он жылдан бері тағдыр тауқыметін көріп, енді ғана бағы ашылған Динараның өмір бойы бақытты болып өтуін тілеп қала бердік.
Г. САПАР.
|
Пікір қосу
|
|
|
|
 |
|
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! |
|

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!
Ол үшін қомақты қаламақы төленеді
Құрметті оқырман!
Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.
Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.
Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.
Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.
Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.
Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.
Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!
Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru. |
|
Жұлдызнама |
|
(06.02 - 12.02)
Тоқты (21.03-30.04)
Ортаға жұғымдылығыңыздың арқасында беделіңіз өсе түспек. Апта соңында олжа иеленуіңіз мүмкін.
Торпақ (21.04-21.05)
Жайлы күндер жалғасын табады, көңіліңіз көтеріңкі болады. Жаңа табыс көзін ашуыңыз ғажап емес.
Егіздер (22.05-21.06)
Бұл аптада артық сөйлеп қоюдан сақтаныңыз. Жұрт назарында, көпшілік ортада жиі болғалы тұрсыз.
Шаян (22.06-23.07)
Сізге аптаның алғашқы жартысы тиімдірек. Негізгі шаруаларды осы кезде қолға алсаңыз, адаспайсыз.
Арыстан (24.07-23.08)
Іске тиянақтылығыңызбен көзге түсесіз. Сізге бір маңызды шаруа сеніп тапсырылуы ықтимал.
Бикеш (24.08-23.09)
Сіз үшін жағдайға тез бейімделудің маңызы зор. Апта құбылмалы әсер етуі мүмкін, мықты болыңыз.
Таразы (24.09-23.10)
Қай істе де барынша белсенді қимылдауыңыз қажет. Сізді сынаушылар қатары өскелі тұр.
Сарышаян (24.10-22.11)
Абырой-беделіңіздің арта түскенін сезініп, көңіліңіз өседі. Сейсенбіде жағымды жаңалық бар.
Мерген (23.11-21.12)
Нақты іске қаншалықты бейім екеніңізді көрсететін күндер келеді. Барынша жинақы болуға тырысыңыз.
Тауешкі (22.12-20.01)
Іскерлік байланыс орнатуға ұмтылушылар бой көрсетуі ықтимал. Жақын адамыңызбен жиірек кеңесіңіз.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Мазалап жүрген мәселе оңды шешімін тапқалы тұр. Қолыңызға қомақты қаржы түсуі мүмкін.
Балық (20.02-20.03)
Өзгелермен тіл табыса қимылдауға мән беріңіз. Дұрыс әрекеттенсеңіз, табыссыз қалмасыңыз анық.
|
|
Құлағыңыз түрік жүрсін |
|
«Ауырмаңызды» алуға асығыңыз!
* Арамызда жасы мен бойына салмағы сай келмейтін тым арық адамдар кездеседі. Мұндай шектен тыс арықтық та ауруға жатады. Ол қандай ауру? Оның зияны мен арықтықтан емделудің жолы жайлы білгіңіз келе ме?
* Наркоз адам өмірі үшін зиян деп естиміз. Оның өмірді қысқартатыны, ұмытшақтыққа ұрындыратыны рас па?
*Кейбір балаларда оңаша қалса болды, тырнақ «кеміретін» әдет бар. Үлкендер ішке түскен тырнақ өздігінен өсе бастайды дейді. Осы рас па? Бұл әдетті қалай қойдыруға болатынын білгіңіз келе ме?
* Баспалдақпен көтерілгенде ентігу, кешке қарай аяқтың ісінуі, таңертең ұйқыдан тұрғанда бас солқылдауы көп әйелдерде кездесетін құбылыс. Мамандар мұндай белгі байқалысымен дәрігерге көріну керек дейді. Неге? Бұл қандай дерттің белгісі?
*Аспен бірге ағзаға түсетін құрттың бірі – лямблиоз. Іште өсіп-өніп, түрлі кеселге жол ашатын бұл құрттан құтылудың халықтық ем-тәсілдері бар ма?
* Алақандағы биоқуатының күшімен бүйректегі тұзды, өттегі тасты еріте алатын бұл емшіні Оңтүстік жұрты жақсы таниды. Экзема, псориаз сынды жараларды дем салынған сумен-ақ емдеп жазып беретін ол жақында Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы төсбелгісімен марапатталды. Емші Бақыт Аташов тағы қандай ауруларды емдейді? Оны қайдан табуға болады?
...Қысқасы, «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің 3-ші нөмірін алуға асығыңыз.
|
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |
|
«Қызық газетте»не жазылған?
Дүние есігін ашқаннан жетімдіктің тауқыметін аз татпаған оның ең алғашқы сүт-анасы кәдімгі жаңадан боталаған аруана болыпты. Ержете келе бар бақытын шығармашылық өнерден тапқан сол адамның тағдыры туралы «Жетімдікті жеңіп, жетілген жан» деп аталатын хикая «Қызық газеттің» осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінде жарияланған.
Сондай-ақ аталмыш басылымға қандықол қылмыскерлерді құрықтаған бұрынғы полиция қызметкерінің жан сыры мен сезім сергелдеңіне түсіп, жат елге кетуге мәжбүр болған жас қыздың басынан кешкендері жайында жазылған тағы да екі хикая еніп отыр.
Оқыңыз, өкінбейсіз!
|
|
Құлағыңыз түрік жүрсін! |
|

* Новая, уютная
* Тихий центр
* Все условия
* Умеренная цена
Наш адрес:
г. Шымкент,
ул. Акпан батыра, 23.
(уг. улицы Майлыкожа.).
Тел.: 8(725-2) 53-26-79.
Моб.: 8-775-92-47-999.
Будьте нашим гостем! |
|
Құлағыңыз түрік жүрсін |
|
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз
Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.
«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз! |
|
SMS |
|

"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз
Құрметті оқырман!
Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы
SMS – хабарлама
жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:
– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.
Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.
Редакцияның тікелей ұялы байланыс телефондары:
8-702-838-09-24, 8-777-402-09-14, 8-700-390-07-60. |
|
Сізге арналған сәлемхат |
|
Танысқым келеді
* Сәлем, қазақтың намысқой жігіттері! Еңбекқор, сабырлы, ата-анасы мен сүйген жарының арасын жақсы ұстай алатынына сенімді, мақсатына қалайда жететін жанмен достасқым келеді. 8-705-283-25-94.
* Сәлем, қыздар! Бойы ұзын, ақылды қызбен танысқым келеді. «Чайкалар» мазаламасын. 8-701-301-17-77.
* Сәлем! Адал дос іздеймін. 90-94 жылғылар болса. 8-775-914-85-61.
* Сәлем, Сарыағаштың қыздары, танысайық. 8-775-642-03-02.
* Сәлем, қыздар! Танысайық, араласайық. Логинім: beka96_ 03@aіl.ru. 8-775-446-18-41.
* Cәлем, қыздар! Өзіме қыз іздеп жүрмін. Есімім – Смайыл. Логинім: sіmka_19@maіl.ru. 8-775-274-67-28.
* Сәлем! 1994 жылғы боламын. Танысайық, дос болайық, араласайық. Логинім: sandu_ nur95@maіl.ru және aііda_nur95@maіl.ru. 8-775-727-49-66.
* Мен, Әділбек Мәметов адал қыздармен танысқым келеді. 8-775-153-46-88.
* Ассалаумағалейкүм, мұсылман бауырлар! Өзіме дос болатын қыз іздеймін. Иманды, намаз оқитын болса. Логинім: Mr_tіm_95@maіl.ru. 8-702-543-14-62.
* Мен Қызылтаңнан боламын. Маған сарыағаштық Арайлым деген қыз ұнайды. Оған сенгім келеді. Логинім: galym_ 12_95@maіl.ru. 8-775-439-84-04.
* Ассалаумағалейкүм! Намазхан қыздармен танысып, араласқым келеді. Логинім: wіmkala_ 90@maіl.ru. 8-702-751-14-32.
* Сәлем, қыздар! Мен өзіме адал жар болатын қыз іздеймін. 83-жылғымын, әлі үйленбегенмін. 8-775-597-71-49.
* Сәлем, жігіттер! Танысайық, дос болайық. 8-775-658-06-20.
* Cәлем, қыздар! Жасы 26-ға дейінгі қыздармен танысамын. Жеңіл ойлылар мазаламасын. 8-775-687-37-44.
* Ассалаумағалейкүм, жамағат! Жасым 21-де. 22-28 жас аралығындағы намаз оқитын жігіттермен танысып, отбасын құрғым келеді. 8-702-660-52-68.
* Сәлем, қыздар! Танысайық. Логинім: almas_9229@maіl.ru. 8-771-149-98-92.
* Бойы ұзын, 94-95 жылғы сұлу жігіттер, танысайық. Арыстықтар, қайдасыңдар? 8-775-157-93-82.
* Сәлем, қыздар! 97-жылғы қыздар, танысайық. Логинім: bіrzhan_001kz. 8-775-284-34-27.
* Ассалаумағалейкүм! Аллаһтың әмірін бұлжытпай орындайтын, Пайғамбардың сүннетін жанына жылу еткен, Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын, шариғат ілімінен хабары бар, өте әдепті, ибалы да инабатты мұсылман қыздармен танысқым келеді. 81-ші жылғымын. Жеңіл ойлылар мазаламауын өтінемін. 8-775-712-34-03.
* Сәлем, қыздар! Танысайық, араласайық. Логинім: serjan_ 246@maіl.ru. 8-771-143-33-14.
* Қыздар, танысайық. Маған «дружба» тастаңдар. Логинім: urіk_96_01@maіl.ru. 8-775-987-50-36.
* Сәлем, жігіттер мен қыздар! Танысайық, араласайық. Логинім: aіka.b.92@maіl.ru. 8-702-825-64-78. |
|