04 | 09 | 2010
Фотосуреттер
Бейнематериалдар
< Ақпан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 24 25 26 27 28

Ауа райы

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Жаңа кітап

02

Малыңыз аман болсын

Қазір қолдағы малдың жаппай төлдеп бол­ған кезі. Яғни шаруаның малына мал қосылды. Енді оны аман сақтап, одан әрі көбеюіне жағдай жасау әркімнің де ойында бар. Әсі­ре­се малдың күті­міне жіті қа­рау, оны түрлі жұқпалы кеселдерден қорғау қа­жет. Ал ол үшін көп нәр­се­лерді білу маңызды. Олай болса «Замана» баспасынан шыққан «Малың аман болса, май ішесің» деп аталатын кітапты алып оқыңыз. Ол сізге бұл істе сенімді көмекші бола алады.

Жаңа кітап

3

Қазақтың ұлт­тық тағамдары

«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлт­тық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жең­сік тағамдары мен оларды даяр­лау жол­да­ры, қазақи дас­­тар­­хан­ға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәс­түрлер баян­дал­ған. Кі­тапта сонымен қа­тар қа­дірлі қо­нақтарға, құ­да-жек­жаттар­ға, жасы үлкен аға­йынға тартылатын сый та­бақ, ұлт­тық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпияла­ры да жазыл­ған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағам­дар­ға­­ қа­тысты қазақтың ырымдары мен тиым­дары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.

Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94,  43-24-67.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Жаңа кітап

012

Тез байығыңыз келсе...

Онда «Замана» баспасынан жарық көрген «Тез байығыңыз келе ме?» деген кітапты алып оқ­ып көріңіз. Бұл кітапта бақуат тұрмысқа қол жет­­кізудің қыр-сырлары жөнінде егжей-тегжейлі айтылады. Ол көп нәрсеге көзіңізді ашары анық.

 

Жаңа кітап

patua

Шариғат шарттарын біле жүргейсіз

«Замана» Баспа үйінен «Жаназа пә­туасы. Шариғат шарттарына қа­тысты өз­ге де сұрақтарға жа­уап­тар» атты кітап жарық көрді. Онда барлық жер­де бір­дей орындалуға мін­дет­ті жаназа пәтуасы мен жерлеу рәсімдері туралы айтылған, сонымен бірге дінге қатыс­ты түрлі сұрақтарға нақты жауаптар қамтыл­ған.

Сондай-ақ бұл кітаптан иман мен исламның шарттары жайлы, халал мен харам, неке, бал ашу, өсімге ақша алу, үлкен күнәлар және одан құ­ты­лу жолдары, тағы бас­қа да көптеген мәселелер жөнін­де толыққанды мағлұматтар алуға болады.

Аталған кітап қазір сауда нүктелерінде сатылып жатыр.  Оны барлық жердегі газет сатушылардан сұраңыздар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

kalyma

"Кәлима" иманыңызды күшейтеді

Әйгерім Тұрғамбаева жақында «Қазақстанның ең кішкентай аруы – 2010» байқауының жеңімпазы атанды. Сегіз жастағы сүйкімді бүл­дір­шін еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 бәсекелесінің ішінде ерекше­ көзге түсіп, байқауды тамашалауға келгендерді ғана емес, талай талант­қа баға берген әділқазылар алқасын да әншілік, бишілік өнерімен тән­ті етіпті.

Бірақ ол жеңіске жеткеніне емес, тап осы сәтте анасының жанында­ болмағанына, атасы мен бауырларының келіп құттықтамағанына жыла­ған еді. Журналистердің: «Кішкентай арудың арманы не?» – деген дәс­түрлі сұрағына байқаудың басқа қатысушылары: «Әлемдік сұлулық байқауына қатысу», – деп жауап беріп жатқанда Әйгерім: «Мені анам үйге алып кетсе екен», – деді сыбырлай сөйлеп. Ол үшін атақ та, даңқ та ана құшағының алдында түкке тұрғысыз нәрсе екені көзінен де кө­рініп тұрды.

Әйгерімнің бауырлары қайда? Анасы оны неге іздемейді? Бұл сұрақтардың жауабын сіздер осы аптада жарық көрген «Кәлима» га­зетінің жаңа нөмірінен оқи аласыздар. «Кәлимада» сондай-ақ жұрт­шы­лықты имандылыққа үндейтін бұдан басқа да көптеген қызықты ма­қалалар бар.

«Кәлиманы» оқыңыз! Ол сіздің иманыңызды күшейтеді.

 

Құлағыңыз түрік жүрсін!

kz

«Қызық газет» – қызық газет!

«Қызық газеттің» кезекті, 15-ші нөмірі жарық көрді. Басылымның бұл нөміріндегі «Әйелдерге интимдік қызмет көрсеткен жігіт» деген тақырыппен жарияланған хикаяда жалданып жүкші болып істеген бір азаматтың осы жұмыс барысында және басқа кездерде басынан өткерген ерекше оқиғалары туралы баяндалған.­

Негізгі бет
Денесіне Құран сөзі жазылған
23.02.2010 14:40

tilsim-02Жақында Қызылорда қаласында таңғажайып оқиға орын алды. Осы қалада тұратын Мәдина Әбілқайырова деген 18 жасар бойжеткеннің денесіне бір түнде ғайыптан Құран сөздері жазылып шыға келген (суретте). Ал өткен жылы дәл осы уақытта Дағыстанның Кизляр ауданындағы «Қызыл Октябрь» деген елді мекенінде денесінде Құран жазулары таңбаланған Әли есімді жас нәресте шыққан еді.

Таңғажайып оқиғаға куә болған Ақылбек Сыздықов былай дейді: «Мен көптен бері табиғатта пайда болып жат­қан мұндай ерекше құ­бы­лыс­тарды, таң­ба­ларды зерттеп жүргендік­тен Мәдинаның жағдайын ести сала, өзін арнайы барып кө­ріп қайт­тым».

Ақылбектің айтуына қа­рағанда, Мәдина білегіне Құ­ран­­ жазулары түсерден бі­раз күн бұрын ауырып қа­лыпты. Бі­рақ­ дәрігерлер оны қазақшылыққа қаралу ке­рек­тігін айт­қан. Арада бір апта өткенде, таңертең оянған Мәдина қо­лына әлдебір таңбалардың пайда бол­ғанын көреді.

Ата-анасы мұ­­ның сырын білу үшін Мәдинаны жергілікті мешіт­тің имамына алып барған екен. Имам оның «Бисмил­лә рахман-рахим», «Аллаһу Әкбар» деген ұғымды біл­діретін арабша жазу еке­­нін айтып берген. Бір қы­зығы, әлгі жазу өзі­нен-өзі өшіп, көмескіленіп барып қайта жаңарып отырған.

«Мәдина – киелі есім, – дейді Ақылбек Жаңабай­ұлы. – Мәселен, Мұхаммед пай­ғам­­­бар Мәдина қаласында жерленген. Бұл оқиға тура Мәуліт айының қар­саңында орын алуын, Алла-тағаланың адамзатқа көр­сет­кен ке­ре­ме­ті деу­ге бо­лады. Дағыс­танда орын ал­ған осындай таңғажа­йып оқиға­ның кейіп­кері, кіш­кен­тай Әли­дің анасының есі­мі де Мәдина болатын. Бұл – таң­қаларлық сәйкестік».

А.Сыздықов мұның елі­мізде орын алған ерекше оқиға екенін, ғалымдарымыз бұл жағдайға немқұрайлы қа­рамай, арнайы зерттеу жүр­­гізуі керектігін айтады.

Ә. СМАН.


 

Пікір қосу

Қорғаушы код
Жаңалау

"Замана - фильм" ұсынады

6667

Сіз мұндайды бұрын көрмегенсіз...

Сіз зікірді көр­­ген­сіз бе? Жалаңаяқ от кешіп, тілімен қыз­ған темірді жала­ған­­дар­ды ше?

Көрмеген болсаңыз, оны көруге сіз­де мүмкіндік бар!

Ал сіз иесіз ит­терді қалай аулай­тынын, өлген иттер­ді қайда апарып тастайтынын білесіз бе?

Әрине, оны білу де өзінше бір қызық.

Көшеде ән салып күн көретін адамның өмірінен хабарыңыз бар ма?

Ал көзі мүлде көрмейтін зағип жанның кәдімгідей қой сойып, жиһаз жөн­дегенін естіп пе едіңіз?

Міне, бұл айтылғандардың бәрін де естіп қана қоймай, сіз өз көзіңізбен көре де аласыз.

Мұның бәрі «Замана-фильм» студиясы түсірген заманауи бейнебаяндарда  қаз-қал­пында көрсетіледі.

Қазір барлық жер­де­ сатылып жатқан «Замананың» №2-ші дискісінде жо­ғарыда атал­ған та­қы­рып­тар­мен бірге бас­қа да қызықты әрі тың мазмұндағы он түрлі фильм топ­тас­тырыл­ған.

Ол фильмдердің бәрі де өмірдің өзінен алынған, оқиға ортасынан түсірілген. Сөз жоқ, оны көр­ген адамдардың өмірге көзі ашыла түседі, ойына ой қосылады, ең бастысы, алуан түрлі ақпарат алады.

Ендеше, «Замана-фильмнің» заманауи бейнебаяндарын көруге асығыңыздар!

«Замананың» бұл дискілерін Қазақстанның барлық жеріндегі газет сатушылардан сұрауларыңызға болады.

Әрбір дискінің босатылу бағасы – 150 теңге. Оның қолда сатылу бағасын 200 теңгеден асырмауды сұраймыз.

Жұлдызнама

juldiz

(30.08 - 05.09)

Тоқты (21.03-20.04)

Барынша көп іс тындыруға тырысқайсыз. Біліктілігіңізді тереңдете түсіңіз, ол сізге керек болады.

Торпақ (21.04-21.05)

Негізгі шаруа оңды шешімін тауып, көңіл демдейсіз. Сәрсенбіден жағымды жаңалық күтіңіз.

Егіздер (22.05-21.06)

Апта күндері жайлы әсер етеді. Көптен бері көздеп жүрген затты са­тып алудың сәті түспек.

Шаян (22.06-23.07)

Ақша жаратуда үнем­шілдеу болғайсыз. Сізге келесі аптада біраз шығындануға тура келуі ықтимал.

Арыстан (24.07-23.08)

Сіз үшін аптаның жұп күндері тиімді болмақ. Сейсенбіде бір қуанышты сәтті бастан өткеруіңіз мүмкін.

Бикеш (24.08-23.09)

Жұрт назары өзіңіз­ге жиірек ауғанын аң­ғарасыз. Мұны дұрыс пайдалана білгеніңіз жөн.

Таразы (24.09-23.10)

Жұмысыңыз көбеюі ықтимал. Дегенмен бас­ты мәселені назардан тыс қалдырмағайсыз.

Сарышаян (24.10-22.11)

Өзіңізге деген сенім көп шаруаны еңсеруге талпындырады. Қаржылық жағдайыңыз жақсара түспек.

Мерген (23.11-21.12)

Тым жұмысбасты бо­ла бермеңіз. Жақын адам­дарыңыздың жағдайына да көңіл бөлгеніңіз дұрыс.

Тауешкі (22.12-20.01)

Табысыңызға табыс қосатын апта. Жұма күні олжалы болып қалуыңыз ғажап емес.

Суқұйғыш (21.01-19.02)

Жоспармен қимылдап, өзіңізден есеп алып отырыңыз. Белсендірек болсаңыз, бұл аптада табыс мол.

Балық (20.02-20.03)

Сізге бұл аптаның ал­ғашқы жартысы қолайлы әсер еткелі тұр. Ойдағыны осы күндері қолға алсаңыз болады.

Құлағыңыз түрік жүрсін

auirma

"Ауырмаңыздар!"

Денсаулық жайлы құнды да керек кеңес­тер беретін «Ауырмаңыз!» газетінің жаңа нөмірі жарық көрді. Газеттің бұл нөмірінде мы­надай қызықты мақалалар жарияланған:­

* Лас суға шомылғанда мерез бен гонорея жұғуы мүмкін бе?

* Баланы сүндетке қанша жаста отырғызған жөн?

* Нитратсыз дарбызды қалай анықтайды?

* Инфаркттен қалай сақтануға болады?

* Әйелдерге ауру әкелетін жұмыс түрлері.

* Бастан күн өткенде тез көмегі тиетін амал.

* Аптасына үш килоға арықтата алады.

* Жүгері шашағы бауырға ем бе?

* Кір жуатын ұнтақтың қайсысы зиянсыз?

* Аденоманың алдын-алу мүмкін бе?

* Құлаққа екі-үш сырға тағу денсаулыққа зиян емес пе?

«Ауырмаңызда» денсаулық тақырыбын қамтитын бұдан басқа да мақалалар молынан жарияланған.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

wartarap

"Шартарапты" оқыңыз!

«...Алдымен екінші рет жер­лене­тін арнайы зират қазып, дайындап қойдық. Одан кейін анамның сүйегін табытымен қазып алдық. Табытты ашып қарағанда қураған сүйектен басқа ештеңе жоқ екен. Тіпті шаш-тырнақ та жоқ. Өз анамыздың мәйіті болғандықтан, ешқайсымыз қор­қып-үріккен жоқпыз. Үлкен ыдыс­қа су құйып, оған «марганцовка» араластырып, қаусаған сү­йектерді салып, жақсылап ысқы­лап тұрып жудық. Одан кейін оны таза суға шайып алып, әб­ден құр­ғағанша сүрттік. Алдын-ала дайындалған жаңа табытқа қызыл мата төсеп, оның ішіне сүйектерді рет-ретімен орналастырдық...»

Анасының мәйітін екінші рет жерлеген вьетнамдық азамат туралы бұл мақаланың толық нұс­қасын «Замананың» қосымшасы – «Шартарап» газетінің жаңа нөмірі­нен оқи аласыздар. Басылымның бұл нөмірінде бұдан бас­қа да елді елең еткізетін қызықты мақалалар молынан жарияланған.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

sauagey

"Сәуегейде" қызықты болжамдар бар

«Замананың» қосымшасы – «Сәуегей» газетінің» жаңа нөмірі жарық көрді. Басылымның бұл нөмірінде бұрынғы-соңғы өткен сәуегейлердің, бүгінде ғұмыр кешіп жатқан көріпкелдердің болжамдары­ жарияланып отыр. Газеттен мынадай тақырыптағы мақалаларды оқи аласыздар:

* Соғыстың басталарын 25 жыл бұрын білген.

* Адам тағдырын өзгертуге болады екен.

* Қант диабетінің емі табыла ма?

* Әлемде ақымақтар қатары арта ма?

* Жапондар суасты фермаларын салмақшы.

* Кәрі қыздар көбейіп кетеді ме?

* СПИД-тің дауасы 2015-жылы табылуы мүмкін.

* Шымкент қашан үшінші қалаға айналады?

«Сәуегейде» бұдан басқа да қызықты болжамдар бар.

Құлағыңыз түрік жүрсін!

zannama

«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!

«... Өзге біреумен кездесіп тұрады деп әйелінен күдіктенетін Мұхит Зарифаның өзінің қызы екеніне сенбейді. Сол себепті сотқа әкеліктен бас тарту туралы арыз тастаған болатын. Олардың қан құрамдарын 15 түрлі тексеруден өткізген генетикалық сараптама күтпеген қорытынды шығарыпты».

Туған қызынан бас тартқан шымкенттік азаматтың соты жайлы бұл мақаланың толық нұсқасын «Замананың» қосымшасы – «Заңнама» газетінің осы аптада жарық көрген нөмірінен оқи аласыздар.

«Заңнамада» бұдан басқа мынадай тақырыптағы мақалалар жарияланған:

* Кафеде төбелес шығарған қай әкім?

* Шымкентте қанша нашақор бар?

* Қыз сатуды кәсіп еткен екен...

* Прокурорды «қораға» кіргізбек болды.

* Сатып алған үйіңіздің қарызы көп болса не істеу керек?

«Заңнамада» оқырманның құқықтық сауатын арттыратын бұдан басқа да мақалалар молынан жария­ланған.

«Заңнаманы» оқыңыз, өкінбейсіз!