08 | 02 | 2012
Заманауи бейнебаяндар
Фотосуреттер
< Қыркүйек 2009 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        
Әріптестер

www.baq.kz

Ауа райы

Валюта бағамы

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala

* Жаңа әрі жанға жайлы

* Орталық әрі тыныш жер

* Жан-жақты әрі жақсы жағдай

* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы,

Ақпан батыр көшесі, 23-үй.

(Майлықожа көшесінің қиылысы).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Құлағыңыз түрік жүрсін

«Заманаға» жазылу жалғаса береді

«Замана» газетіне жа­зы­лу жыл бойына жал­ғаса бе­ретінін естеріңізге саламыз.

Егер Сіз бүгін-ертең ба­рып жазылсаңыз, келе­сі айдан­ бастап газет қо­лыңызға тиетін болады.

«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дү­ние»­ басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.

Елге арналған газет­термен етене болыңыз, ағайын!

Сізге арналған сәлемхат

Құттықтаймыз!

* Айзат және Нұрзат! Сендерді сегіз айға толған туған күнде­ріңмен құттықтаймыз! Апасы, атасы, бабасы. 8-775-458-20-89.

* Ұлымыз Мейіржан Нұрғалиды 23-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Дені сау, үлкен азамат болсын! Әкесі Ерік, анасы Гүлназ. 8-702-748-37-42.

* Бөлеміз Айнұрды 18-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Мөлдір судай шаттықты, аппақ гүлдей ақтықты тілейміз. Жұлдыздардай жарқырап, бол әрқашан бақытты! Зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Өмірлік серігің болсын! Сені жақсы кө­реміз. Тілек білдірушілер – жезде және бөле­лерің. 8-775-956-21-89.

* Ағам Ерғали Ниятбековті 14-қараша – туған күнімен шын жү­ректен құттықтаймын! Оған бұл өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін. Өмірде бақытты бол! Қа­рындасы Жазира. 8-775-648-93-21.

* Анаргүл, туған күнің құтты болсын! Тілек білдірушілер – Досым, Гүлжан. 8-702-811-65-33.

* Айман жеңгемізді өткен ту­ған күнімен құттықтаймыз. Азамат ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар! Аягөз, Асқат, Аят. 8-775-497-94-95.

Жаңа кітап

3

Қазақтың ұлт­тық тағамдары

«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлт­тық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жең­сік тағамдары мен оларды даяр­лау жол­да­ры, қазақи дас­­тар­­хан­ға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәс­түрлер баян­дал­ған. Кі­тапта сонымен қа­тар қа­дірлі қо­нақтарға, құ­да-жек­жаттар­ға, жасы үлкен аға­йынға тартылатын сый та­бақ, ұлт­тық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпияла­ры да жазыл­ған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағам­дар­ға­­ қа­тысты қазақтың ырымдары мен тиым­дары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.

Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94,  43-24-67.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Керек кеңестер

Көңілді адамға кесір жоламайды

1. Ең бірінші өзіңнің жақын-жекжат, ағайын-тумаңды сүй. Жақсы көретін адамыңа неғұрлым уақытыңды көбірек бөліп, қол ұшын беруге тырыссаң, өзіңді бақытты сезінесің.

2. Жұмысыңды бар күшіңді жұмсап, ықыласпен істе. Таңдаған мамандығың өзіңе ұнамаса, басқа қызметке ауыс. Өміріміздің көп уақытын жұмыста өткіземіз, сондықтан оны азапқа айналдырудың керегі жоқ.

3. Бақытты болуға тырыс. Не нәрсе көңіліңді көтеріп, қуантады, бақылап көр. Салың суға кеткен жағдайда жүрегің қалаған іспен айналыс.

4. Дене қимылы белсенділігі. Неге екені белгісіз, қандай да қимыл белсенділігінен дені сау адам керемет ләззат алады. Академик Павлов бұл сезімді «Бұлшық ет қуанышы» деп атаған екен. Дене қозғалысымен айналысқанда мидан өте жағымды әсері бар зат бөлініп шығып, шексіз рахатқа батырады деген де ой бар.

Сондықтан өзіңе ыңғайлы спорт түрімен айналысып, қаласаң, жүгіріп, билеуіңе де болады. Ерте тұрып, есігіңнің алдын сыпырып, жазда көгалдандырып, қыста қардан тазарту да сергітіп, өзіңді бақытты сезінуге себін тигізері хақ.

5. Адамдардан көмегіңді аяма. Басқаның қамын ойлау, біреу үшін өз пайдамыздан бас тарту, яғни альтруизм қай-қайсымыздың да жүрегіміздің түкпірінде жатқан бір қасиет. Тәкаппарлыққа, тоғышарлыққа бой бермей, қажет еткен адамға жақсылық жасауға тырыс. Ол адамның көңілі жұбанып, қуанғанын көріп өзің де бақытқа кенелгендей боласың.

6. Өміріңе жаңалық енгіз. Бізді бала кезімізден бірқалыпты өмір сүруге дағдыландырған. Әрине, белгілі күн тәртібі, үйренген әдет-ғұрып, өмірлік дос-жаран, тұрақты жұмыс, демалыс орны жамандықтың нышаны деп ешкім айта алмас. Бірақ осының бәрі зеріктіріп жіберген кезде өмірге өзгеріс енгізудің ешқандай айыбы жоқ. ¬айта үйреншікті әдетті мезгіл-мезгіл жаңалап, өзгертіп отыру көңіл-күйге жақсы әсер беріп, өмір сүруге құштарлығыңды арттырады.

7. Өзіңді бақытсыз сезінген жағдайда да өмірден түңілме. Өмірдің өзі түгелімен қуаныш пен қайғыдан, сүйініш пен күйініштен, жақсылық пен жамандықтан тұрады. Өмірдің күрес екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан алдағы күннен үміт күтіп, қиындықты жеңуге бел бусаң, қайғы-қасірет атаулы сенен аулақ жүреді.

Ең бастысы – бойкүйездікке бой алдырма. ¬ашан да емен-жарқын жүргенге не жетсін!

Құлағыңыз түрік жүрсін!
tilsim

Бір үйлі жанды бір-ақ күнде байытқан сиыр

«Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірі жарыққа шықты. Басылымның беттерінен оқырмандар бұл жолы да небір ғажайып, жұмбақ жайттарға қаныға алады.
Дүниеге алты бірдей перзентті әкелген бақытты ананың кім екенін білгіңіз келсе, сондай-ақ адамдар мен жан-жануарларға, тіпті жәндік­терге дейін әмірін жүргізе алатын тіршілік иесі туралы толыққанды мәліметтерді білуге құмартсаңыз, онда оларды «Тылсым дүние» газетінен табасыз.
Басылым беттерінен сонымен қатар бір үйлі жанды бір-ақ күнде байытқан ерекше сиыр туралы, дүние жүзінде орын алып жатқан таңғажайып тылсым оқиғалар жайында толық мағлұмат алуға болады.­
Бізге беймәлім тылсым әлемнің осы және басқа да ғажайып сырлары жайлы білгіңіз келсе, онда осы аптада жарық көрген «Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірін алып оқыңыз.
Негізгі бет
Бөдененің жұмыртқасы мен еті ем екен
23.02.2010 11:57

bodeneҚазір Шымкентте түрлі кәсіппен айналысатын жандарды кездестіруге болады. Осындай жандардың бірі шымкенттік Максим есімді жігіт. Ол бөдене өсіруді қолға алып отыр. Бөденелерді күтіп-бағудың қыр-сыры жайында біз оның өзімен тілдескен едік.

«Бөдене жұ­мырт­қасының пай­­далы еке­­нін түр­лі әдебиеттерден оқ­ып-білдім, – дейді Максим. – Содан осы бір керемет құстарды өсіруге кірістім. Олардың 8 грамдық салмақтағы балапандарын Ташкенттен алдырдым. Балапандарына дұрыс күтім жа­сасаңыз тез өседі. Негізгі тамақтары дәнді да­қылдар, бірақ ал­ғаш­­қы күндері жұмыртқа пі­сіріп, соны үккіш­тен өткізіп беремін. Көкө­ніс­терді, балық ұны мен сүйек ұнын да жемге­ араластырып бе­ремін. Тамақтарын медицина­лық таразға тартып, әр азықты қажет мөл­шер­де қосып отырамын. Балапан ке­зінде бө­де­нелерге 4 мезгіл жем беру керек болса, ере­сек бөде­нелерді күніне 2-3 мезгіл азықтан­дырсаңыз жеткілікті. Же­мінің құрамы өзгерсе,­ немесе жемді мөлше­рінен кем немесе артық беріп қой­саңыз бол­ғаны,­ олардың жұмыртқалауы төмендейді.

Біздің бөдене өсіретін бір танысымыз­ бө­де­нелер тұратын бөлмеге бөтен кісіні мүл­дем­ кіргізбейді, өйткені мұның бәрі де, оның ай­туынша, құстардың жұмыртқалауына кері әсе­рін тигізетін көрінеді. Тіпті ол өзі бөденелер­ге жем салатын кезде бөденеханаға ылғи да бір киіммен кі­реді, себебі оның пікірінше, әр түр­лі киім киіп кірудің өзі бөде­ненің жұмырт­қа беруін кемітеді.

Олар тұратын бөлменің ауасы да бір­қа­лып­­ты, жылы болуы керек. Сондықтан­ мұнда үнемі термометр тұрады. Сондай-ақ­ бөдене­лер­ аунасын деп құм мен күл араластырып,­ бос қауашақтарға салып қоямын. Олар осылай­ құм мен күлге шомылғанды ұнатады.

Олардың мекиендерін қораздарынан ажырату қиын. Тауықтың қораздарынікі сияқты бө­дене қораздарының басында айдары бол­май­­­­ды. Қораздарының мойны мен төсі қоңыр, тұм­­сығының жоғарғы жағы томпақтау болып ке­леді. Алғашқы кездері көбіне олардың қораз немесе мекиен екенін мен құйрығының ас­тын­дағы безін қысып көріп ажырататынмын. Қораздары­ның құйрық астыңғы без­дерінен крем сияқты ақ сұйықтық шы­ғады. Ал мекиен­де­рінде бұл болмайды».

Максимнің үйінде әкесі Михаил Кириллович­ те бар екен.

«Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын ба­сып­ озады, – дейді Миша ағай. – Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасын­да­ғы­дан бес есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Сондай-ақ олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әл­деқайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­пен жү­йелі қоректенген адамның әртүрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады. Сон­дай-ақ бөдене еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның жыныстық қуаты ар­тады.

Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 гра­дус­ болғандықтан, оның сальмонелез, құс тұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қар­сы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пай­далы. Жапония мен Қытайда бір­не­ше ғасырдан бері оның еті мен жұмырт­қа­сын­ халық медицинасында пайдаланып келе­ді. Тіпті Жапонияда мектеп оқушысының таңер­тең­­гі ас мәзіріне бө­де­­ненің екі жұмыртқасы мін­детті түрде енгі­зіледі екен. Бұл балаларды­ бөртпе мен диа­тезден құт­қарады. Сондай-ақ баланың ой­лау­ қа­бі­летін арттырады.

Жалпы, бөдене жұ­мырт­қасы анемияға, бас ауруына, демікпе мен туберкулезге, қан қысымының көте­ріліп және түсіп кетуін реттеуге, сал­қын тиген мен тұ­мауға, асқазан, ішек ауру­ла­­­рына, әсіресе ас­қазан жарасы мен гастрит­ке таптырмас ем. Тіпті жапондықтар бө­де­не жұ­мырт­қасын тұрақты тұтынған науқастың қатер­лі ісіктің өзінен айығатынын дәлелдеген көрі­не­ді. Ал біздің Қостанайдағы таныстарымыздың 7-8 жасар­ қызы әр 3-4 минут сайын зәр қыш­­тай­ты­нын айтып, қайта-қайта әжетханаға баратын. Сол қызға біз 100 жұмыртқа салып­ жібердік. Кейіннен тағы да бөдене жұ­мырт­­қа­сын алып ішіп, сол қыз бұл күн­дері әлгі кесе­лі­нен мүлдем айығыпты. Қант диа­бетімен ауы­ра­тын екі кісі біздің үйден тұрақты түр­де бөдене жұмыртқаларын сатып алады.­ Олардың еке­уі де жұмыртқаларды қолданып­ жүрсе, өз­де­­рін жақсы сезі­не­тіндіктерін, ал жұмыртқа­ны­ ішпей қойса болғаны қан қысымдары кө­теріліп кететінін айтып,­ үзбей жұ­мыртқа алып отырады».

Бұл кісілер жұмыртқаларын 12 теңге­ден, ал бөденелердің өзін 350 теңгеден сатып жа­тыр­ екен. Көктемге қарай Максим бөде­не­нің балапандарын тағы да алдырып, өсі­руге бел буып отыр. Егер бөдененің еті мен жұмыртқа­сын жегіңіз келсе, Максимге хабарласуыңызға­ болады. Байланыс телефондары: 29-28-84, 8-700-472-20-22.

Қ. СМАНҚЫЗЫ.


 

Пікір қосу

Қорғаушы код
Жаңалау

Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

zamana-13

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!

Ол үшін қомақты қаламақы төленеді

Құрметті оқырман!

Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.

Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.

Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.

Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.

Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.

Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.

Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!

Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.

Жұлдызнама
juldiznama
(06.02 - 12.02)
Тоқты (21.03-30.04)
Ортаға жұғымдылығыңыздың арқасында беде­ліңіз өсе түспек. Апта соңында олжа иеленуіңіз мүмкін.
Торпақ (21.04-21.05)
Жайлы күндер жалға­сын табады, көңіліңіз кө­теріңкі болады. Жаңа табыс көзін ашуыңыз ғажап емес.
Егіздер (22.05-21.06)
Бұл аптада артық сөйлеп қоюдан сақтаныңыз. Жұрт назарында, көпшілік ортада жиі болғалы тұрсыз.
Шаян (22.06-23.07)
Сізге аптаның алғаш­қы жартысы тиімдірек. Не­гізгі шаруаларды осы кезде қол­ға алсаңыз, адаспайсыз.
Арыстан (24.07-23.08)
Іске тиянақтылығыңызбен көзге түсесіз. Сіз­ге бір маңызды шаруа сеніп тапсырылуы ықтимал.
Бикеш (24.08-23.09)
Сіз үшін жағдайға тез бейімделудің маңызы зор. Апта құбылмалы әсер етуі мүмкін, мықты болыңыз.
Таразы (24.09-23.10)
Қай істе де барынша белсенді қимылдауыңыз қажет. Сізді сынаушылар қатары өскелі тұр.
Сарышаян (24.10-22.11)
Абырой-беделіңіздің арта түскенін сезініп, көңі­ліңіз өседі. Сейсенбіде жағымды жаңалық бар.
Мерген (23.11-21.12)
Нақты іске қаншалықты бейім екеніңізді көр­сететін күндер келеді. Барынша жинақы болуға тырысыңыз.
Тауешкі (22.12-20.01)
Іскерлік байланыс орнатуға ұмтылушылар бой көрсетуі ықтимал. Жақын адамыңызбен жиірек кеңесіңіз.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Мазалап жүрген мә­селе оңды шешімін тапқалы тұр. Қолыңызға қомақты қаржы түсуі мүмкін.
Балық (20.02-20.03)
Өзгелермен тіл табыса қимылдауға мән бері­ңіз. Дұрыс әрекеттенсеңіз, табыссыз қалмасыңыз анық.
Құлағыңыз түрік жүрсін
auir
«Ауырмаңызды» алуға асығыңыз!
* Арамызда жасы мен бойына салмағы сай келмейтін тым арық адамдар кездеседі. Мұндай шектен тыс арықтық та ауруға жатады. Ол қандай ауру? Оның зияны мен арықтықтан емделудің жолы жайлы білгіңіз келе ме?
* Наркоз адам өмірі үшін зиян деп естиміз. Оның өмірді қысқартатыны, ұмытшақтыққа ұрындыратыны рас па?
*Кейбір балаларда оңаша қалса болды, тырнақ «кеміретін» әдет бар. Үлкендер ішке түскен тырнақ өздігінен өсе бастайды дейді. Осы рас па? Бұл әдетті қалай қойдыруға болатынын білгіңіз келе ме?
* Баспалдақпен көтерілгенде ентігу, кешке қарай аяқтың ісінуі, таңертең ұйқыдан тұрғанда бас солқылдауы көп әйелдерде кездесетін құбылыс. Мамандар мұндай белгі байқалысымен дәрігерге көріну керек дейді. Неге? Бұл қандай дерттің белгісі?
*Аспен бірге ағзаға түсетін құрттың бірі – лямблиоз. Іште өсіп-өніп, түрлі кеселге жол ашатын бұл құрттан құтылудың халықтық ем-тәсілдері бар ма?
* Алақандағы биоқуатының күшімен бүйректегі тұзды, өттегі тасты еріте алатын бұл емшіні Оңтүстік жұрты жақсы таниды. Экзема, псориаз сынды жараларды дем салынған сумен-ақ емдеп жазып беретін ол жақында Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы төсбелгісімен марапатталды. Емші Бақыт Аташов тағы қандай ауруларды емдейді? Оны қайдан табуға болады?
...Қысқасы, «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің 3-ші нөмірін алуға асығыңыз.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
kizik
«Қызық газетте»не жазылған?
Дүние есігін ашқаннан же­тімдіктің тауқыметін аз татпаған оның ең алғаш­қы сүт-анасы кәдімгі жаңадан боталаған аруана болыпты. Ержете келе бар бақытын шығармашылық өнерден тапқан сол адамның тағ­дыры туралы «Жетімдікті же­ңіп, жетілген жан» деп аталатын хикая «Қызық газет­тің» осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінде жарияланған.
Сондай-ақ аталмыш басылымға қандықол қыл­мыскерлерді құрықтаған бұрынғы полиция қыз­мет­керінің жан сыры мен сезім сергелдеңіне түсіп, жат елге кетуге мәжбүр болған жас қыздың басынан кешкендері жайында жазылған тағы да екі хикая еніп отыр.
Оқыңыз, өкінбейсіз!
Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala-2

* Новая, уютная

* Тихий центр

* Все условия

* Умеренная цена

Наш адрес:

г. Шымкент,

ул. Акпан батыра, 23.

(уг. улицы Майлыкожа.).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Будьте нашим гостем!

Құлағыңыз түрік жүрсін

«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз

Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.

«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!

SMS

sms

"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз

Құрметті оқырман!

Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы

SMS – хабарлама

жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:

– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.

Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.

Редакцияның тікелей ұялы байланыс телефондары:

8-702-838-09-24, 8-777-402-09-14, 8-700-390-07-60.

Сізге арналған сәлемхат
Танысқым келеді

* Сәлем, қазақтың на­мысқой жігіттері! Еңбекқор, са­быр­лы, ата-анасы мен сүй­­ген жарының арасын жақ­сы ұстай алатынына сенімді, мақсатына қа­лайда жететін жанмен достас­қым келеді. 8-705-283-25-94.

* Сәлем, қыздар! Бойы ұзын, ақылды қызбен та­ныс­­қым келеді. «Чайкалар» мазаламасын. 8-701-301-17-77.

* Сәлем! Адал дос із­деймін. 90-94 жылғылар болса. 8-775-914-85-61.

* Сәлем, Сарыағаштың қыздары, танысайық. 8-775-642-03-02.

* Сәлем, қыздар! Таныса­йық, араласайық. Логинім: beka96_ 03@aіl.ru. 8-775-446-18-41.

* Cәлем, қыздар! Өзіме қыз іздеп жүрмін. Есімім – Сма­йыл­. Логинім: sіmka_19­@­maіl.ru. 8-775-274-67-28.

* Сәлем! 1994 жылғы бола­мын. Танысайық, дос болайық, араласайық. Ло­­гинім: sandu_ nur95­@­maіl.­ru және aі­іda_nur­95@­maіl.­ru. 8-775-727-49-66.

* Мен, Әділ­­бек Мәметов адал қыздармен танысқым келеді. 8-775-153-46-88.

* Ассалаумағалейкүм, мұ­сыл­ман бауырлар! Өзіме дос бола­тын қыз іздеймін. Иман­ды, на­маз оқитын болса. Ло­ги­нім: Mr_tіm_95@­maіl.ru. 8-702-543-14-62.

* Мен Қызылтаңнан боламын. Маған сарыағаштық Арайлым деген қыз ұнайды. Оған сенгім келеді. Логинім: galym_ 12_95@maіl.ru. 8-775-439-84-04.

* Ассалаумағалейкүм! Намазхан қыздармен танысып, араласқым келеді. Логинім: wіmkala_ 90@maіl.ru. 8-702-751-14-32.

* Сәлем, қыздар! Мен өзіме адал жар болатын қыз іздеймін. 83-жылғымын, әлі үйленбе­генмін. 8-775-597-71-49.

* Сәлем, жігіттер! Танысайық, дос болайық. 8-775-658-06-20.

* Cәлем, қыздар! Жасы 26-ға дейінгі қыздармен танысамын. Жеңіл ойлылар мазаламасын. 8-775-687-37-44.

* Ассалаумағалейкүм, жа­мағат! Жасым 21-де. 22-28 жас аралығындағы намаз оқи­тын жігіттермен танысып, отбасын құрғым келеді. 8-702-660-52-68.

* Сәлем, қыздар! Танысайық. Логинім: almas_­92­29@maіl.ru. 8-771-149-98-92.

* Бойы ұзын, 94-95 жыл­ғы сұлу жігіттер, танысайық. Арыстықтар, қайдасыңдар? 8-775-157-93-82.

* Сәлем, қыздар! 97-жыл­ғы қыздар, танысайық. Логи­нім: bіrzhan_001kz. 8-775-284-34-27.

* Ассалаумағалейкүм! Аллаһтың әмірін бұлжытпай орындайтын, Пайғамбардың сүнне­тін жанына жылу еткен, Имам Ағзам Әбу Ханифа маз­һабын ұста­натын, шариғат ілі­мінен хабары бар, өте әдепті, ибалы да инабатты мұсылман қыздармен танысқым ке­леді. 81-ші жыл­ғымын. Жеңіл ойлылар мазаламауын өтіне­мін. 8-775-712-34-03.

* Сәлем, қыздар! Та­нысайық, араласайық. Логи­нім: serjan_ 246@maіl.ru. 8-771-143-33-14.

* Қыздар, танысайық. Ма­ған «дружба» тастаңдар. Логи­нім: urіk_96_01@maіl.ru. 8-775-987-50-36.

* Сәлем, жігіттер мен қыздар! Танысайық, араласайық. Логинім: aіka.b.­92­@maіl.ru. 8-702-825-64-78.