«Замана» газетіне жазылу жыл бойына жалғаса беретінін естеріңізге саламыз.
Егер Сіз бүгін-ертең барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап газет қолыңызға тиетін болады.
«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дүние» басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.
Елге арналған газеттермен етене болыңыз, ағайын!
Сізге арналған сәлемхат
Құттықтаймыз!
* Айзат және Нұрзат! Сендерді сегіз айға толған туған күндеріңмен құттықтаймыз! Апасы, атасы, бабасы. 8-775-458-20-89.
* Ұлымыз Мейіржан Нұрғалиды 23-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Дені сау, үлкен азамат болсын! Әкесі Ерік, анасы Гүлназ. 8-702-748-37-42.
* Бөлеміз Айнұрды 18-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Мөлдір судай шаттықты, аппақ гүлдей ақтықты тілейміз. Жұлдыздардай жарқырап, бол әрқашан бақытты! Зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Өмірлік серігің болсын! Сені жақсы көреміз. Тілек білдірушілер – жезде және бөлелерің. 8-775-956-21-89.
* Ағам Ерғали Ниятбековті 14-қараша – туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Оған бұл өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін. Өмірде бақытты бол! Қарындасы Жазира. 8-775-648-93-21.
* Айман жеңгемізді өткен туған күнімен құттықтаймыз. Азамат ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар! Аягөз, Асқат, Аят. 8-775-497-94-95.
Жаңа кітап
Қазақтың ұлттық тағамдары
«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жеңсік тағамдары мен оларды даярлау жолдары, қазақи дастарханға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәстүрлер баяндалған. Кітапта сонымен қатар қадірлі қонақтарға, құда-жекжаттарға, жасы үлкен ағайынға тартылатын сый табақ, ұлттық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпиялары да жазылған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағамдарға қатысты қазақтың ырымдары мен тиымдары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.
Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94, 43-24-67.
Жаңа кітап
Әйелдер, Сіздер үшін!
Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бастарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұндайда әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.
Жаңа кітап
Жар таңдай білесіз бе?
Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбейеді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмірдің ыстық-суығын бірге көтерісе алатын жар табу әркімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай білесің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.
Керек кеңестер
Көңілді адамға кесір жоламайды
1. Ең бірінші өзіңнің жақын-жекжат, ағайын-тумаңды сүй. Жақсы көретін адамыңа неғұрлым уақытыңды көбірек бөліп, қол ұшын беруге тырыссаң, өзіңді бақытты сезінесің.
2. Жұмысыңды бар күшіңді жұмсап, ықыласпен істе. Таңдаған мамандығың өзіңе ұнамаса, басқа қызметке ауыс. Өміріміздің көп уақытын жұмыста өткіземіз, сондықтан оны азапқа айналдырудың керегі жоқ.
3. Бақытты болуға тырыс. Не нәрсе көңіліңді көтеріп, қуантады, бақылап көр. Салың суға кеткен жағдайда жүрегің қалаған іспен айналыс.
4. Дене қимылы белсенділігі. Неге екені белгісіз, қандай да қимыл белсенділігінен дені сау адам керемет ләззат алады. Академик Павлов бұл сезімді «Бұлшық ет қуанышы» деп атаған екен. Дене қозғалысымен айналысқанда мидан өте жағымды әсері бар зат бөлініп шығып, шексіз рахатқа батырады деген де ой бар.
Сондықтан өзіңе ыңғайлы спорт түрімен айналысып, қаласаң, жүгіріп, билеуіңе де болады. Ерте тұрып, есігіңнің алдын сыпырып, жазда көгалдандырып, қыста қардан тазарту да сергітіп, өзіңді бақытты сезінуге себін тигізері хақ.
5. Адамдардан көмегіңді аяма. Басқаның қамын ойлау, біреу үшін өз пайдамыздан бас тарту, яғни альтруизм қай-қайсымыздың да жүрегіміздің түкпірінде жатқан бір қасиет. Тәкаппарлыққа, тоғышарлыққа бой бермей, қажет еткен адамға жақсылық жасауға тырыс. Ол адамның көңілі жұбанып, қуанғанын көріп өзің де бақытқа кенелгендей боласың.
6. Өміріңе жаңалық енгіз. Бізді бала кезімізден бірқалыпты өмір сүруге дағдыландырған. Әрине, белгілі күн тәртібі, үйренген әдет-ғұрып, өмірлік дос-жаран, тұрақты жұмыс, демалыс орны жамандықтың нышаны деп ешкім айта алмас. Бірақ осының бәрі зеріктіріп жіберген кезде өмірге өзгеріс енгізудің ешқандай айыбы жоқ. ¬айта үйреншікті әдетті мезгіл-мезгіл жаңалап, өзгертіп отыру көңіл-күйге жақсы әсер беріп, өмір сүруге құштарлығыңды арттырады.
7. Өзіңді бақытсыз сезінген жағдайда да өмірден түңілме. Өмірдің өзі түгелімен қуаныш пен қайғыдан, сүйініш пен күйініштен, жақсылық пен жамандықтан тұрады. Өмірдің күрес екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан алдағы күннен үміт күтіп, қиындықты жеңуге бел бусаң, қайғы-қасірет атаулы сенен аулақ жүреді.
Ең бастысы – бойкүйездікке бой алдырма. ¬ашан да емен-жарқын жүргенге не жетсін!
Құлағыңыз түрік жүрсін!
Бір үйлі жанды бір-ақ күнде байытқан сиыр
«Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірі жарыққа шықты. Басылымның беттерінен оқырмандар бұл жолы да небір ғажайып, жұмбақ жайттарға қаныға алады. Дүниеге алты бірдей перзентті әкелген бақытты ананың кім екенін білгіңіз келсе, сондай-ақ адамдар мен жан-жануарларға, тіпті жәндіктерге дейін әмірін жүргізе алатын тіршілік иесі туралы толыққанды мәліметтерді білуге құмартсаңыз, онда оларды «Тылсым дүние»газетінен табасыз. Басылым беттерінен сонымен қатар бір үйлі жанды бір-ақ күнде байытқан ерекше сиыр туралы, дүние жүзінде орын алып жатқан таңғажайып тылсым оқиғалар жайында толық мағлұмат алуға болады. Бізге беймәлім тылсым әлемнің осы және басқа да ғажайып сырлары жайлы білгіңіз келсе, онда осы аптада жарық көрген «Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірін алып оқыңыз.
Негізгі бет
Полицейдің әйелі әділдік іздейді
15.02.2010 12:10
Оқырманның есінде болса, 2008-жылдың ақпанында «Замана» газетінде «Полицейден таяқ жегендер» деген тақырыппен мақала жарияланған болатын. Онда қорасындағы қойлары жоғалған Бәйдібек ауданының тұрғыны Аманбай Әлімбековтің полицейлерден көргені зәбірі жөнінде айтылған деді. Содан бері тура екі жыл өтсе де сол жанжал соңы толық шешімін таппай, әлі күнге дейін жалғасып келеді екен. Бізге бұл жөнінде таяуда редакциямызға шағымданып келген Ғазиза Есенәлиева айтып берді.
Ғ.Есенәлиеваның қолында күйеуінің кінәсіздігі жөнінде жазылған шағым хат пен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қ.Мәмиге және облыс прокуроры Б.Құлтасовқа жазылған арыздардың көшірмесі бар. Сонымен бірге Ғазиза бізге облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры А.Беденнің күйеуі Сәкен Жапбашевқа қатысты істе қылмыс құрамы болмауына байланысты оны өндірістен қысқарту және С.Жапбашевты қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шығарған қаулысын да әкеліпті.
«Біз екі жылдан бері әуре-сарсаңға түсіп келеміз, – дейді Ғ.Есенәлиева. – Себебі күйеуім Сәкен Жапбашев кінәсіз қудалауда жүр. 2008-жылдың қаңтар айында Бәйдібек ауданындағы Шақпақ ауылының тұрғыны А.Әлімбековтің жеке меншігіндегі 31 бас қойы ұрланып, малшысы екеуі аудандық ішкі істер бөліміне арызданған. Қойлары ертесіне табылып, қылмыс ашылды. Бірақ ол кісі сол кезден бері күйеуімнің соңына түсіп алды. Өйткені ол күйеуімнен бұрынғы бастығы Қырғызәлиевке жала жабуды сұранған. Күйеуім оған көнбеген соң сенің түбіңе жетемін деп қоқан-лоққы жасапты. Сол 2008-жылдан бері күйеуімнің үстінен қайта-қайта арыздануда. Бүгінге дейін Сәкенді бес тергеуші тергеді.
Прокуратура күйеуімнің кінәсіз екенін дәлелдеп, істі жапқан. Бірақ А.Әлімбековтің арызы бойынша өткен жылдың желтоқсан айында тергеу қайтадан басталды. Мен күйеуімнің кінәсіз екенін білемін. Бірақ оның ісіндегі Сәкенді жақтаған қағаздардың барлығын алып тастаған. Сондықтан біз шындықты дәлелдей алмай отырмыз. Екі жыл бұрын Сәкенді бұл іске қатысы жоқ деп айтқан Ә.Аңламасов пен С.Әбдіхалықов қазір басқаша сөйлеуде.
Жала адамға ауыр тиеді. Сәкен жора-жолдастар мен туысқандарымыздың арасында абыройынан айырылып, қылмыскер аталып келеді. Бұл жағдай біздің денсаулығымызға да кері әсерін тигізіп жатыр. Уайымнан Сәкен мен енем ауруханаға жатып шықты. Ал өзімнің аяғым ауыр. Үш балам бар. А.Әлімбеков күйеуіме жала жауып, оны шынымен де қамататын болса, бізді кім асырайды?»
Біз бұдан кейін С.Жапбашевтың облыс прокурорына жазған арызын да көріп шықтық. «Менің ісімді 5 тергеуші және 5 тергеу тобы тергеді, – дейді ол өз арызында. – Олардың кейбіреуі іс жоғарыдағы басшылардың бақылауында болғандықтан мені кінәлауға мәжбүр екенін айтқан болатын. Басшылардан қорқып, кінәсіз кісілерді жауапқа тарту тәжірибесі орын алатыны мені қатты толғандырады. Елбасының құқық қорғау органдарында таза еңбек етіп, кінәліні жазалау қажет, ал кінәсізді жауапқа тартуды тыю керек деген талабы орындалмауда. Бәзбіреулердің тек көрсеткіш ұлғайтуды көздегені мені алаңдатады. Негізсіз айыптаудан мен өз қызметімнен айырылдым. Құрметті Берік Сайлауұлы, менің ісіммен мұқият танысып, әрекетімде қылмыс құрамы болмауына байланысты істі өндірістен қысқартып, мені заңсыз жауапқа тартқан кісілерге қатысты шара қолдануыңызды сұраймын».
Осылайша бұрын Бәйдібек аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасыры қызметін атқарған полиция қызметкерінің өзі жоғары орындарға арыз жазып, әділдік іздеуде екен. Оның амалы таусылған жары енді газет редакциясынан көмек сұрауға мәжбүр болғанын айтады. Соған қарағанда бұл істе шынында да бір шикілік бар-ау. Тиісті басшылар бұл мәселеге жіті назар аударса дұрыс болар еді. Кінәсіз адам тектен-текке шырылдамайды ғой...
Р. ШАЛҚАР.
Пікір қосу
Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!
«Заманаға» автор болуға асығыңыз!
Ол үшін қомақты қаламақы төленеді
Құрметті оқырман!
Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.
Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.
Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.
Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.
Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.
Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.
Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!
Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.
Жұлдызнама
(06.02 - 12.02)
Тоқты (21.03-30.04)
Ортаға жұғымдылығыңыздың арқасында беделіңіз өсе түспек. Апта соңында олжа иеленуіңіз мүмкін.
Торпақ (21.04-21.05)
Жайлы күндер жалғасын табады, көңіліңіз көтеріңкі болады. Жаңа табыс көзін ашуыңыз ғажап емес.
Егіздер (22.05-21.06)
Бұл аптада артық сөйлеп қоюдан сақтаныңыз. Жұрт назарында, көпшілік ортада жиі болғалы тұрсыз.
Шаян (22.06-23.07)
Сізге аптаның алғашқы жартысы тиімдірек. Негізгі шаруаларды осы кезде қолға алсаңыз, адаспайсыз.
Арыстан (24.07-23.08)
Іске тиянақтылығыңызбен көзге түсесіз. Сізге бір маңызды шаруа сеніп тапсырылуы ықтимал.
Бикеш (24.08-23.09)
Сіз үшін жағдайға тез бейімделудің маңызы зор. Апта құбылмалы әсер етуі мүмкін, мықты болыңыз.
Таразы (24.09-23.10)
Қай істе де барынша белсенді қимылдауыңыз қажет. Сізді сынаушылар қатары өскелі тұр.
Сарышаян (24.10-22.11)
Абырой-беделіңіздің арта түскенін сезініп, көңіліңіз өседі. Сейсенбіде жағымды жаңалық бар.
Мерген (23.11-21.12)
Нақты іске қаншалықты бейім екеніңізді көрсететін күндер келеді. Барынша жинақы болуға тырысыңыз.
Тауешкі (22.12-20.01)
Іскерлік байланыс орнатуға ұмтылушылар бой көрсетуі ықтимал. Жақын адамыңызбен жиірек кеңесіңіз.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Мазалап жүрген мәселе оңды шешімін тапқалы тұр. Қолыңызға қомақты қаржы түсуі мүмкін.
Балық (20.02-20.03)
Өзгелермен тіл табыса қимылдауға мән беріңіз. Дұрыс әрекеттенсеңіз, табыссыз қалмасыңыз анық.
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Ауырмаңызды» алуға асығыңыз!
* Арамызда жасы мен бойына салмағы сай келмейтін тым арық адамдар кездеседі. Мұндай шектен тыс арықтық та ауруға жатады. Ол қандай ауру? Оның зияны мен арықтықтан емделудің жолы жайлы білгіңіз келе ме?
* Наркоз адам өмірі үшін зиян деп естиміз. Оның өмірді қысқартатыны, ұмытшақтыққа ұрындыратыны рас па?
*Кейбір балаларда оңаша қалса болды, тырнақ «кеміретін» әдет бар. Үлкендер ішке түскен тырнақ өздігінен өсе бастайды дейді. Осы рас па? Бұл әдетті қалай қойдыруға болатынын білгіңіз келе ме?
* Баспалдақпен көтерілгенде ентігу, кешке қарай аяқтың ісінуі, таңертең ұйқыдан тұрғанда бас солқылдауы көп әйелдерде кездесетін құбылыс. Мамандар мұндай белгі байқалысымен дәрігерге көріну керек дейді. Неге? Бұл қандай дерттің белгісі?
*Аспен бірге ағзаға түсетін құрттың бірі – лямблиоз. Іште өсіп-өніп, түрлі кеселге жол ашатын бұл құрттан құтылудың халықтық ем-тәсілдері бар ма?
* Алақандағы биоқуатының күшімен бүйректегі тұзды, өттегі тасты еріте алатын бұл емшіні Оңтүстік жұрты жақсы таниды. Экзема, псориаз сынды жараларды дем салынған сумен-ақ емдеп жазып беретін ол жақында Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы төсбелгісімен марапатталды. Емші Бақыт Аташов тағы қандай ауруларды емдейді? Оны қайдан табуға болады?
...Қысқасы, «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің 3-ші нөмірін алуға асығыңыз.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
«Қызық газетте»не жазылған?
Дүние есігін ашқаннан жетімдіктің тауқыметін аз татпаған оның ең алғашқы сүт-анасы кәдімгі жаңадан боталаған аруана болыпты. Ержете келе бар бақытын шығармашылық өнерден тапқан сол адамның тағдыры туралы «Жетімдікті жеңіп, жетілген жан» деп аталатын хикая «Қызық газеттің» осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінде жарияланған.
Сондай-ақ аталмыш басылымға қандықол қылмыскерлерді құрықтаған бұрынғы полиция қызметкерінің жан сыры мен сезім сергелдеңіне түсіп, жат елге кетуге мәжбүр болған жас қыздың басынан кешкендері жайында жазылған тағы да екі хикая еніп отыр.
Оқыңыз, өкінбейсіз!
Құлағыңыз түрік жүрсін!
* Новая, уютная
* Тихий центр
* Все условия
* Умеренная цена
Наш адрес:
г. Шымкент,
ул. Акпан батыра, 23.
(уг. улицы Майлыкожа.).
Тел.: 8(725-2) 53-26-79.
Моб.: 8-775-92-47-999.
Будьте нашим гостем!
Құлағыңыз түрік жүрсін
«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз
Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.
«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!
SMS
"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз
Құрметті оқырман!
Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы
SMS – хабарлама
жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:
– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.
Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.
* Ассалаумағалейкүм! Аллаһтың әмірін бұлжытпай орындайтын, Пайғамбардың сүннетін жанына жылу еткен, Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын, шариғат ілімінен хабары бар, өте әдепті, ибалы да инабатты мұсылман қыздармен танысқым келеді. 81-ші жылғымын. Жеңіл ойлылар мазаламауын өтінемін. 8-775-712-34-03.