08 | 02 | 2012
Заманауи бейнебаяндар
Фотосуреттер
< Ақпан 2004 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
Әріптестер

www.baq.kz

Ауа райы

Валюта бағамы

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala

* Жаңа әрі жанға жайлы

* Орталық әрі тыныш жер

* Жан-жақты әрі жақсы жағдай

* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы,

Ақпан батыр көшесі, 23-үй.

(Майлықожа көшесінің қиылысы).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Құлағыңыз түрік жүрсін

«Заманаға» жазылу жалғаса береді

«Замана» газетіне жа­зы­лу жыл бойына жал­ғаса бе­ретінін естеріңізге саламыз.

Егер Сіз бүгін-ертең ба­рып жазылсаңыз, келе­сі айдан­ бастап газет қо­лыңызға тиетін болады.

«Ауырмаңыз!», «Керек кеңестер», «Қызық газет», «Тылсым дү­ние»­ басылымдарын да келесі айдан бастап жаздыра аласыздар.

Елге арналған газет­термен етене болыңыз, ағайын!

Сізге арналған сәлемхат

Құттықтаймыз!

* Айзат және Нұрзат! Сендерді сегіз айға толған туған күнде­ріңмен құттықтаймыз! Апасы, атасы, бабасы. 8-775-458-20-89.

* Ұлымыз Мейіржан Нұрғалиды 23-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Дені сау, үлкен азамат болсын! Әкесі Ерік, анасы Гүлназ. 8-702-748-37-42.

* Бөлеміз Айнұрды 18-қараша – туған күнімен құттықтаймыз. Мөлдір судай шаттықты, аппақ гүлдей ақтықты тілейміз. Жұлдыздардай жарқырап, бол әрқашан бақытты! Зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Өмірлік серігің болсын! Сені жақсы кө­реміз. Тілек білдірушілер – жезде және бөле­лерің. 8-775-956-21-89.

* Ағам Ерғали Ниятбековті 14-қараша – туған күнімен шын жү­ректен құттықтаймын! Оған бұл өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін. Өмірде бақытты бол! Қа­рындасы Жазира. 8-775-648-93-21.

* Анаргүл, туған күнің құтты болсын! Тілек білдірушілер – Досым, Гүлжан. 8-702-811-65-33.

* Айман жеңгемізді өткен ту­ған күнімен құттықтаймыз. Азамат ағам екеуіңіз бақытты болыңыздар! Аягөз, Асқат, Аят. 8-775-497-94-95.

Жаңа кітап

3

Қазақтың ұлт­тық тағамдары

«Замана» Баспа үйінен «Қазақтың ұлт­тық тағамдары» атты кітап жарық көрді. Онда ұлтымыздың жең­сік тағамдары мен оларды даяр­лау жол­да­ры, қазақи дас­­тар­­хан­ға қатысты әдет-ғұрып, жөн-жосық, салт-дәс­түрлер баян­дал­ған. Кі­тапта сонымен қа­тар қа­дірлі қо­нақтарға, құ­да-жек­жаттар­ға, жасы үлкен аға­йынға тартылатын сый та­бақ, ұлт­тық тағамдарды дәмді етіп әзірлеудің құпияла­ры да жазыл­ған. Ұлттық ыдыс-аяқтар мен тағам­дар­ға­­ қа­тысты қазақтың ырымдары мен тиым­дары да қамтылған кітаптың әр шаңырақтан табылғаны жөн-ақ.

Сіздер бұл кітапты барлық жердегі газет таратушылардан сатып ала аласыздар. Ал көтерме сауда жөнінде мына телефондарға хабарласуға болады: (8-725-2)-53-50-94,  43-24-67.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Керек кеңестер

Көңілді адамға кесір жоламайды

1. Ең бірінші өзіңнің жақын-жекжат, ағайын-тумаңды сүй. Жақсы көретін адамыңа неғұрлым уақытыңды көбірек бөліп, қол ұшын беруге тырыссаң, өзіңді бақытты сезінесің.

2. Жұмысыңды бар күшіңді жұмсап, ықыласпен істе. Таңдаған мамандығың өзіңе ұнамаса, басқа қызметке ауыс. Өміріміздің көп уақытын жұмыста өткіземіз, сондықтан оны азапқа айналдырудың керегі жоқ.

3. Бақытты болуға тырыс. Не нәрсе көңіліңді көтеріп, қуантады, бақылап көр. Салың суға кеткен жағдайда жүрегің қалаған іспен айналыс.

4. Дене қимылы белсенділігі. Неге екені белгісіз, қандай да қимыл белсенділігінен дені сау адам керемет ләззат алады. Академик Павлов бұл сезімді «Бұлшық ет қуанышы» деп атаған екен. Дене қозғалысымен айналысқанда мидан өте жағымды әсері бар зат бөлініп шығып, шексіз рахатқа батырады деген де ой бар.

Сондықтан өзіңе ыңғайлы спорт түрімен айналысып, қаласаң, жүгіріп, билеуіңе де болады. Ерте тұрып, есігіңнің алдын сыпырып, жазда көгалдандырып, қыста қардан тазарту да сергітіп, өзіңді бақытты сезінуге себін тигізері хақ.

5. Адамдардан көмегіңді аяма. Басқаның қамын ойлау, біреу үшін өз пайдамыздан бас тарту, яғни альтруизм қай-қайсымыздың да жүрегіміздің түкпірінде жатқан бір қасиет. Тәкаппарлыққа, тоғышарлыққа бой бермей, қажет еткен адамға жақсылық жасауға тырыс. Ол адамның көңілі жұбанып, қуанғанын көріп өзің де бақытқа кенелгендей боласың.

6. Өміріңе жаңалық енгіз. Бізді бала кезімізден бірқалыпты өмір сүруге дағдыландырған. Әрине, белгілі күн тәртібі, үйренген әдет-ғұрып, өмірлік дос-жаран, тұрақты жұмыс, демалыс орны жамандықтың нышаны деп ешкім айта алмас. Бірақ осының бәрі зеріктіріп жіберген кезде өмірге өзгеріс енгізудің ешқандай айыбы жоқ. ¬айта үйреншікті әдетті мезгіл-мезгіл жаңалап, өзгертіп отыру көңіл-күйге жақсы әсер беріп, өмір сүруге құштарлығыңды арттырады.

7. Өзіңді бақытсыз сезінген жағдайда да өмірден түңілме. Өмірдің өзі түгелімен қуаныш пен қайғыдан, сүйініш пен күйініштен, жақсылық пен жамандықтан тұрады. Өмірдің күрес екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан алдағы күннен үміт күтіп, қиындықты жеңуге бел бусаң, қайғы-қасірет атаулы сенен аулақ жүреді.

Ең бастысы – бойкүйездікке бой алдырма. ¬ашан да емен-жарқын жүргенге не жетсін!

Құлағыңыз түрік жүрсін!
tilsim

Бір үйлі жанды бір-ақ күнде байытқан сиыр

«Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірі жарыққа шықты. Басылымның беттерінен оқырмандар бұл жолы да небір ғажайып, жұмбақ жайттарға қаныға алады.
Дүниеге алты бірдей перзентті әкелген бақытты ананың кім екенін білгіңіз келсе, сондай-ақ адамдар мен жан-жануарларға, тіпті жәндік­терге дейін әмірін жүргізе алатын тіршілік иесі туралы толыққанды мәліметтерді білуге құмартсаңыз, онда оларды «Тылсым дүние» газетінен табасыз.
Басылым беттерінен сонымен қатар бір үйлі жанды бір-ақ күнде байытқан ерекше сиыр туралы, дүние жүзінде орын алып жатқан таңғажайып тылсым оқиғалар жайында толық мағлұмат алуға болады.­
Бізге беймәлім тылсым әлемнің осы және басқа да ғажайып сырлары жайлы білгіңіз келсе, онда осы аптада жарық көрген «Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірін алып оқыңыз.
Негізгі бет
Жол апаттары неге азаймай отыр?
02.02.2010 16:52

tinibekovЕліміз тәуел­сіз­ді­гін алғалы бері республикамыздың жолдарында 55 мыңға жуық адам жол-көлік апатынан көз жұмыпты. Бұл жылына 2-3 мың адам айтып кел­мейтін тажалдан қайтыс болады деген сөз.

Кейбір деректерге қарағанда, Қазақстанда күніне 10-12 жол апаты орын алады екен. Соның кем дегенде 8 оқиғасында жас балалар зардап шегетін көрінеді. Мамандар тек қана бір жылдың ішінде 300-дей бала қаза болып жатады дейді. Орны толмас осындай өкінішті оқиға­лар не себепті туындайды? Жалпы, жол-көлік оқи­ғасы неліктен азаймай отыр? Жуырда жур­налистерге берген сұхбатында еліміздің Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің төрағасы­ Қайрат Тыныбеков (суретте) осындай сауалдарға жауап берген екен.

Жас жүргізушілердің кінәсі көп

«Негізінен жол-көлік оқиғалары үш факторға: жүргізушіге, жол жағдайына және көліктің техникалық күйіне бай­ланысты туындайды. Осы үш негізде, ең алдымен, жүргізушіге көп мән бері­леді. Оның кәсіби дайындығы қандай? Қалай білім алып шықты? Бұл да еске­рілуге тиіс маңызды мәселе.

Мәселен, жуырда Ақтөбе қаласында екі жол апатынан төрт адам опат болды. Бірінде жылдамдықты асырғандықтан басқару тізгінін ұстай алмай жолдан шығып кетіп, аударылған. Екін­шісінде көшедегі көлік қарсы бағытқа шығып, жүк көлігімен соқ­тығысқан да, соның салдарынан екі адам көз жұмды. Сонда байқасаңыз, жол бойында орын алатын апаттың 80 пайызы адами факторға байланысты. Қарама-қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты шектен тыс асыру және кәсіби деңгейдің жетіспеуі апатқа соқтырады. Тағы бір мысал, бірде көлікке отырған қыз бала қарсы бағытқа шығып, түзу ке­ле жатқан көлікпен соғысқан. Соң­ғысы қатты соққыдан жанына қарай сырғып барып, аялдамада тұрған адамдарды қағады. Соның салдарынан екі әйел сол жерде қаза тауып, жеті бірдей жас жарақат алды. Бұған кім кінәлі? Әрине, жүргізуші, оның кәсіптік деңгейі төмен және тәжірибесі де жоқ. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жол апатын көбіне ту­ды­ратындар автомектепті жаңадан бітіріп шығып, әлі бір жыл да көлік тізгінін ұс­та­маған жас жүргізушілер.

БҰҰ есебіне қарағанда, жол-көлік оқи­ғалары әр мемлекеттің экономикасына орасан көп шығын келтіреді екен. Оның үстіне, ойлап қараңыз, бейбіт заманда қол-аяғы балғадай, дені сау азаматтар қыр­шын кетіп жатыр. Жол-көлік оқиға­сынан опат болған адамдар арасында жас та, кәрі де бар. Ол жастарымыз ертеңгі күні аман болғанда араларынан небір данышпандар шықпасына кім кепіл еді? Елімізде бар-жоғы 16 миллион­ халық болса, оның жыл сайын осы­лайша саны кеми берсе, кімге пайда? Опат болып жатқан азаматтардың дені 25 пен 45 жас аралығындағылар.

Мынаны қараңыз, өткен жылдың 10 айында спиртті ішімдік ішіп алып 65.573 адам рөлге отырған. Бірде елордада те­мір жол вокзалының маңында араққа сылқия тойып алған жүргізуші жол поли­циясын қағып кетті. Кейін ұсталған оны тексерсе, жүргізу құжатынан былтыр айы­рылып қалған көрінеді. Бірақ соған қарамастан көлік жүргізіп жүр және оған қоса заңды белінен басып, арақ ішіп рөлге отырған. Ақырында, міне, адам қағып, жауапқа тартылды.

Ойық-ойық жолдар да қауіп туғызады

Жол бойындағы апаттарды азайтып, қайғылы оқиғаға орын бермеу үшін не істеу керек? Бұл жерде озық үлгілер мен тәжірибелерге назар салмасақ болмайды. Кейбір шетелдік көліктерде қауіпсіздік белбеуін тақпасаңыз машина оталмайды. Спиртті ішімдік ішіп отырсаңыз тағы оталмайды. Рас, мұндай жаңалықтарды біздің жерлестеріміз арасында ұната қоймайтындары бар. Олар жол полиция­сы көрінген дүниені тықпалап жатыр дейді. Ал жол апаты туындағанда қауіп­сіздік бел­беуі қаншама адамның өмірін ажалдан сақтап қалады. Мәселен, Орал қаласы ма­ңында «Тойота камри» көлігі қарсы жолға шығып, «Уаз» көлігімен соқ­тығыс­қан. Орасан соққыдан «Уаз» көлігі жолдан аударылып түседі. Ішіндегі жеті бір­дей адам өліп кетті. Сонда жаңағы «Уазды» соққан үш қыз үшеуі де аман қалды. Себебі үшеуі де белдік таққан екен.

Соңғы он жылда еліміздегі автокөлік­тің саны 3 миллион 200 мыңнан асып түс­ті. Бірақ осы санға көшелер мен тас жолдарымыздың инфрақұрылымы сәй­кес­ келмейді. Көптеген жолдардың жү­ре­­тін бөлігі 7,5 метрді құрайды, ол тек қа­рама-қарсы екі көліктің жүруіне ғана жарай­ды. Жол апаты кезінде опат болған­дар­дың әрбір бесіншісі қарама-қарсы бағыт­қа шығып, әрбір төртіншісі жолдан аударылып кетудің салдарынан қаза та­ба­ды екен. Бұл мәселе бұрын айтылса да, еш өзгеріс жоқ. Бар болғаны жолдың­ тек беткі қабаты жөнделеді. Жағдай одан әрі ушықпай тұрғанда жолдарымызды талапқа сай жүйеге келтіру қажет.

Апат бола қалған жағдайда адам­дардың өмірін құтқарып қалуға барынша тырысу керек. Ол үшін зардап шеккендерге уақытылы жедел жәрдем көр­сете­тін көлікпен және тікұшақпен қам­тамасыз­ етілген арнайы құтқару қызметін құру қажет. Зардап шеккендерге ал­ғаш­қы 9 минут ішінде шұғыл жедел жәрдем көрсетілсе, оның 90 пайызының өмірі сақтап қалуға болады екен. Міне, опат тудырар жол апатын азайту үшін осындай кешенді шараларды жүзеге асыру қажет деп есептеймін».

Еліміздің бас жол полицейінің бұл пікірі кімді де болса ойға қалдырары анық. Жол апаты жайлы мәліметтерге көз салсаңыз, күніне кем дегенде 4-17 адамға дейін айтып келмес апаттап мез­гілсіз ажал құшып жатқанын көруге бола­ды. Ресми мәліметтер былтырғы жылы елі­мізде 10 мыңнан астам адам жол апатынан ауыр жарақат алғанын растай­ды­. Ал Қазақстанда әлі құтқарушы тікұшағы жоқ. Басқаны былай қойғанда, біздегі жедел жәрдемнің өзі жарты­ сағатқа жуық уақытта әзер жетеді. Ал апатқа ұшыраған­ адамды ажалдан арашалап алып қалу үшін әрбір секунд қымбат...


 

Пікір қосу

Қорғаушы код
Жаңалау

Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

zamana-13

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!

Ол үшін қомақты қаламақы төленеді

Құрметті оқырман!

Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.

Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.

Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.

Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.

Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.

Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.

Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!

Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.

Жұлдызнама
juldiznama
(06.02 - 12.02)
Тоқты (21.03-30.04)
Ортаға жұғымдылығыңыздың арқасында беде­ліңіз өсе түспек. Апта соңында олжа иеленуіңіз мүмкін.
Торпақ (21.04-21.05)
Жайлы күндер жалға­сын табады, көңіліңіз кө­теріңкі болады. Жаңа табыс көзін ашуыңыз ғажап емес.
Егіздер (22.05-21.06)
Бұл аптада артық сөйлеп қоюдан сақтаныңыз. Жұрт назарында, көпшілік ортада жиі болғалы тұрсыз.
Шаян (22.06-23.07)
Сізге аптаның алғаш­қы жартысы тиімдірек. Не­гізгі шаруаларды осы кезде қол­ға алсаңыз, адаспайсыз.
Арыстан (24.07-23.08)
Іске тиянақтылығыңызбен көзге түсесіз. Сіз­ге бір маңызды шаруа сеніп тапсырылуы ықтимал.
Бикеш (24.08-23.09)
Сіз үшін жағдайға тез бейімделудің маңызы зор. Апта құбылмалы әсер етуі мүмкін, мықты болыңыз.
Таразы (24.09-23.10)
Қай істе де барынша белсенді қимылдауыңыз қажет. Сізді сынаушылар қатары өскелі тұр.
Сарышаян (24.10-22.11)
Абырой-беделіңіздің арта түскенін сезініп, көңі­ліңіз өседі. Сейсенбіде жағымды жаңалық бар.
Мерген (23.11-21.12)
Нақты іске қаншалықты бейім екеніңізді көр­сететін күндер келеді. Барынша жинақы болуға тырысыңыз.
Тауешкі (22.12-20.01)
Іскерлік байланыс орнатуға ұмтылушылар бой көрсетуі ықтимал. Жақын адамыңызбен жиірек кеңесіңіз.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Мазалап жүрген мә­селе оңды шешімін тапқалы тұр. Қолыңызға қомақты қаржы түсуі мүмкін.
Балық (20.02-20.03)
Өзгелермен тіл табыса қимылдауға мән бері­ңіз. Дұрыс әрекеттенсеңіз, табыссыз қалмасыңыз анық.
Құлағыңыз түрік жүрсін
auir
«Ауырмаңызды» алуға асығыңыз!
* Арамызда жасы мен бойына салмағы сай келмейтін тым арық адамдар кездеседі. Мұндай шектен тыс арықтық та ауруға жатады. Ол қандай ауру? Оның зияны мен арықтықтан емделудің жолы жайлы білгіңіз келе ме?
* Наркоз адам өмірі үшін зиян деп естиміз. Оның өмірді қысқартатыны, ұмытшақтыққа ұрындыратыны рас па?
*Кейбір балаларда оңаша қалса болды, тырнақ «кеміретін» әдет бар. Үлкендер ішке түскен тырнақ өздігінен өсе бастайды дейді. Осы рас па? Бұл әдетті қалай қойдыруға болатынын білгіңіз келе ме?
* Баспалдақпен көтерілгенде ентігу, кешке қарай аяқтың ісінуі, таңертең ұйқыдан тұрғанда бас солқылдауы көп әйелдерде кездесетін құбылыс. Мамандар мұндай белгі байқалысымен дәрігерге көріну керек дейді. Неге? Бұл қандай дерттің белгісі?
*Аспен бірге ағзаға түсетін құрттың бірі – лямблиоз. Іште өсіп-өніп, түрлі кеселге жол ашатын бұл құрттан құтылудың халықтық ем-тәсілдері бар ма?
* Алақандағы биоқуатының күшімен бүйректегі тұзды, өттегі тасты еріте алатын бұл емшіні Оңтүстік жұрты жақсы таниды. Экзема, псориаз сынды жараларды дем салынған сумен-ақ емдеп жазып беретін ол жақында Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы төсбелгісімен марапатталды. Емші Бақыт Аташов тағы қандай ауруларды емдейді? Оны қайдан табуға болады?
...Қысқасы, «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің 3-ші нөмірін алуға асығыңыз.
Құлағыңыз түрік жүрсін!
kizik
«Қызық газетте»не жазылған?
Дүние есігін ашқаннан же­тімдіктің тауқыметін аз татпаған оның ең алғаш­қы сүт-анасы кәдімгі жаңадан боталаған аруана болыпты. Ержете келе бар бақытын шығармашылық өнерден тапқан сол адамның тағ­дыры туралы «Жетімдікті же­ңіп, жетілген жан» деп аталатын хикая «Қызық газет­тің» осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінде жарияланған.
Сондай-ақ аталмыш басылымға қандықол қыл­мыскерлерді құрықтаған бұрынғы полиция қыз­мет­керінің жан сыры мен сезім сергелдеңіне түсіп, жат елге кетуге мәжбүр болған жас қыздың басынан кешкендері жайында жазылған тағы да екі хикая еніп отыр.
Оқыңыз, өкінбейсіз!
Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala-2

* Новая, уютная

* Тихий центр

* Все условия

* Умеренная цена

Наш адрес:

г. Шымкент,

ул. Акпан батыра, 23.

(уг. улицы Майлыкожа.).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Будьте нашим гостем!

Құлағыңыз түрік жүрсін

«Керек кеңестерден» кеңес алыңыз

Өмірдің әр саласында әркімнің өз көрген-білгені, көңілге түйгені бар. Осы тұрғыда ол туыстарына ғана емес, қажет еткен басқа жандарға да пайдалы ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ал мұндай сауапты іске газеттер атсалысса, оның көпшілікке берері тіпті де еселене түспек. Бұл бағытта «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің атқарып жатқан істері жетерлік.

«Керек кеңестер» газетінің биылғы 1-ші нөмірі жарыққа шықты. Онда тұрмыс-тіршіліктің сан саласын қамтитын түрлі кеңестер молынан жарияланған. Оқыңыз, керегіңізге жаратыңыз!

SMS

sms

"Замана" арқылы сәлемдеме жолдай аласыз

Құрметті оқырман!

Сіз бұдан былайғы жерде «Замана» газетінің редакциясына, сондай-ақ біздің газеттің барлық жердегі оқырмандары үшін өз атыңыздан шұғыл түрде, тікелей телефон арқылы

SMS – хабарлама

жолдай аласыз. Атап айтқанда, Сіз біздің арнайы ұялы байланыс телефондарымызға хабарласа отырып, мынадай мәселелер бойынша жеке басыңыздың сәлемдемесін жеткізуіңізге болады:

– сүйінші сұрау; алғыс айту; жоқ іздеу; ескертпе жолдау; қуаныш бөлісу; өмірлік жар іздеу; басқа да құлақтандырулар.

Сіздердің SMS – хабарламаларыңыздың ең өзекті, зәру дегендері газетімізде тегін жарияланатын болады. Ол үшін аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді көрсетуді де ұмытпасаңыздар екен.

Редакцияның тікелей ұялы байланыс телефондары:

8-702-838-09-24, 8-777-402-09-14, 8-700-390-07-60.

Сізге арналған сәлемхат
Танысқым келеді

* Сәлем, қазақтың на­мысқой жігіттері! Еңбекқор, са­быр­лы, ата-анасы мен сүй­­ген жарының арасын жақ­сы ұстай алатынына сенімді, мақсатына қа­лайда жететін жанмен достас­қым келеді. 8-705-283-25-94.

* Сәлем, қыздар! Бойы ұзын, ақылды қызбен та­ныс­­қым келеді. «Чайкалар» мазаламасын. 8-701-301-17-77.

* Сәлем! Адал дос із­деймін. 90-94 жылғылар болса. 8-775-914-85-61.

* Сәлем, Сарыағаштың қыздары, танысайық. 8-775-642-03-02.

* Сәлем, қыздар! Таныса­йық, араласайық. Логинім: beka96_ 03@aіl.ru. 8-775-446-18-41.

* Cәлем, қыздар! Өзіме қыз іздеп жүрмін. Есімім – Сма­йыл­. Логинім: sіmka_19­@­maіl.ru. 8-775-274-67-28.

* Сәлем! 1994 жылғы бола­мын. Танысайық, дос болайық, араласайық. Ло­­гинім: sandu_ nur95­@­maіl.­ru және aі­іda_nur­95@­maіl.­ru. 8-775-727-49-66.

* Мен, Әділ­­бек Мәметов адал қыздармен танысқым келеді. 8-775-153-46-88.

* Ассалаумағалейкүм, мұ­сыл­ман бауырлар! Өзіме дос бола­тын қыз іздеймін. Иман­ды, на­маз оқитын болса. Ло­ги­нім: Mr_tіm_95@­maіl.ru. 8-702-543-14-62.

* Мен Қызылтаңнан боламын. Маған сарыағаштық Арайлым деген қыз ұнайды. Оған сенгім келеді. Логинім: galym_ 12_95@maіl.ru. 8-775-439-84-04.

* Ассалаумағалейкүм! Намазхан қыздармен танысып, араласқым келеді. Логинім: wіmkala_ 90@maіl.ru. 8-702-751-14-32.

* Сәлем, қыздар! Мен өзіме адал жар болатын қыз іздеймін. 83-жылғымын, әлі үйленбе­генмін. 8-775-597-71-49.

* Сәлем, жігіттер! Танысайық, дос болайық. 8-775-658-06-20.

* Cәлем, қыздар! Жасы 26-ға дейінгі қыздармен танысамын. Жеңіл ойлылар мазаламасын. 8-775-687-37-44.

* Ассалаумағалейкүм, жа­мағат! Жасым 21-де. 22-28 жас аралығындағы намаз оқи­тын жігіттермен танысып, отбасын құрғым келеді. 8-702-660-52-68.

* Сәлем, қыздар! Танысайық. Логинім: almas_­92­29@maіl.ru. 8-771-149-98-92.

* Бойы ұзын, 94-95 жыл­ғы сұлу жігіттер, танысайық. Арыстықтар, қайдасыңдар? 8-775-157-93-82.

* Сәлем, қыздар! 97-жыл­ғы қыздар, танысайық. Логи­нім: bіrzhan_001kz. 8-775-284-34-27.

* Ассалаумағалейкүм! Аллаһтың әмірін бұлжытпай орындайтын, Пайғамбардың сүнне­тін жанына жылу еткен, Имам Ағзам Әбу Ханифа маз­һабын ұста­натын, шариғат ілі­мінен хабары бар, өте әдепті, ибалы да инабатты мұсылман қыздармен танысқым ке­леді. 81-ші жыл­ғымын. Жеңіл ойлылар мазаламауын өтіне­мін. 8-775-712-34-03.

* Сәлем, қыздар! Та­нысайық, араласайық. Логи­нім: serjan_ 246@maіl.ru. 8-771-143-33-14.

* Қыздар, танысайық. Ма­ған «дружба» тастаңдар. Логи­нім: urіk_96_01@maіl.ru. 8-775-987-50-36.

* Сәлем, жігіттер мен қыздар! Танысайық, араласайық. Логинім: aіka.b.­92­@maіl.ru. 8-702-825-64-78.