26 | 05 | 2013
Заманауи бейнебаяндар
Фотосуреттер
Ауа райы

Валюта бағамы

Курс валют доллара евро рубля в Казахстане

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala

* Жаңа әрі жанға жайлы

* Орталық әрі тыныш жер

* Жан-жақты әрі жақсы жағдай

* Көңілге тура әрі қалтаға лайық баға

Мекен-жайымыз:

Шымкент қаласы,

Ақпан батыр көшесі, 23-үй.

(Майлықожа көшесінің қиылысы).

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

Қадірлі қонағымыз болыңыз!

Құлағыңыз түрік жүрсін
«Заманаға» жазылуды ұмытпаңыз!

  Қадірлі оқырман! Бүгінгі күн­дері алдағы 2013-жылдың бірінші жартыжылды­ғына газет-жур­нал­дарға жазылу науқаны жүріп жат­қанын естеріңізге саламыз. Осы мүмкіндікті пайдаланып, «Заманаға» да алдын-ала жазылып қоюға шақырамыз.

 

«Замана» өздеріңізді әрқашан да айрықша ақпараттарымен, тың жаңалықтарымен, танымдық-та­ғы­лымдық мақалаларымен су­сын­датып келгенін біле­сіздер. Ол осы бағытынан тайған емес, «Замана­дан» алдағы уақыттарда да көңіл­деріңізден шығатын мақа­лаларды көптеп оқитын бола­сыздар. Өйт­кені «Замана» қай кезде де оқырман мүддесін жоғары қояды, оған лайықты қызмет көрсетуді өзінің басты міндеті санайды.­

 

Ендеше, «Заманаға» осы бас­тан­­ жазылып қойыңыздар, алдағы уақыттарда да бірге болайық, құрметті оқырман!

«Замана».

Күлкістан
smex
Әбділлах Халиланың

Әзілдері

ҰЙҚЫШЫЛ

Оқытушы:

– Студент, неге лекцияға кешігіп келдің?

– Кешіріңіз, ұйықтап қа­лыппын.

– Сонда сіз үйде де ұйықтайсыз ба?

ЖАҚСЫ КӨРУ

Жазбаша емтихан тапсырып шыққан соң, қыз жанында отырған сту­денттен:

– Жаңа көп қарадыңыз, жақсы көресіз бе?

– Иә, жақсы көремін, сіздің жазғаныңыздың барлығын көшіріп алдым.

ТӘРБИЕ

Мектепте әдебиет сабағы жүріп жатыр. Оқытушы:

– Асанов, “Мөлдір махаббатты” кім жазды!

– Білмеймін.

– Ертең әкеңді ертіп кел.

Ертесіне әкесі келіп, ке­шірім сұрап:

– Мен баламды жазаладым, енді ол “Мөлдір махаббатты” жазбайтын болды.

ҚОРАЗДЫ БҰРАУ

Әкесі қаладан келген студент баласына:

– Бізде таңертең қораз шақырып оятады.

– Онда, әке, қоразды жетіге бұрап қойыңыз.

АЙЫРМАШЫЛЫҚ

– Жақсы оқитын студент пен нашар оқитын студентті қалай айыруға болады?

– Ол үшін жақсы оқитын студентті кітапханадан, ал нашар оқитын студентті базардан іздеу керек.

АҚЫЛ СҰРАУ

Куратор студенттен:

– Химиядан емтихан тапсыра аласың ба?

– Білмеймін, әкемнен барып сұрап келейін.

ӨЛШЕМ

– Күннің ұзақтығы немен өлшенеді?

– Таңертеңгі ас пен кеш­кі астың арасындағы уа­қытпен.

Жаңа кітап

01

Әйелдер, Сіздер үшін!

Көктемде әсіресе қыз-келіншектер әсемденіп, бой-бас­тарына шындап көңіл бөле бастайды. Оларға мұн­дай­да әсемдік сырлары, денсаулық күтімі туралы ақыл-ке­ңестер керек-ақ. Осы орайда «Замана» баспасы оқырман назарына «Әйелдерге арналған әңгіме» деп аталатын танымдық кітап ұсынғанын естеріңізге саламыз. Бұл кітаптан әйелдерге қажетті сан түрлі ақыл-кеңестерді таба аласыздар.

Жаңа кітап

003

Жар таңдай білесіз бе?

Көктемде ел ішінде үйлену тойлары көбе­йе­ді. Ал үйленудің өзі де жан-жақты дайындықты қажет ететін маңызды іс, өмір­дің ыс­тық­-суығын бірге көтері­се­ ала­тын жар табу әр­кімнің-ақ арманы. Осы орайда «Замана» баспасы оқырманға «Жар таңдай біле­сің бе?» деген тақырыпта шыққан кітапты ұсынады.

Құлағыңыз түрік жүрсін

kz-2013-010

Дәрігер айтқан ақиқат
«Замананың» қосымшасы – «Қызық газеттің» жаңа нөмірі жарық көрді. Басылымның бұл нөмірінде «Дәрігерлер айтқан бүкпесіз әңгіме» деген тақырыппен қызықты хикая жарияланып отыр. Оқыңыз, өкінбейсіз!

Керек кеңестер

Жүйкеңізді
тоздыратын
әдеттерден
сақтаныңыз
Адамның кейде ешбір себепсіз ұнжырғасы түсіп, көңіл-күйі болмай қалатын кездері болады. Дәрігерлердің айтуынша, ұнжырғаның түсіп, көңіл-күйдің болмауы асқазанның нашар жұмыс істеуінің белгісі. Сондай-ақ ол иммунитет әлсіздігінен туындайтын басқа да аурулардың көрінісі болуы мүмкін. Ренжу, көңіл-күйдің болмауы адамға көп зиянын тигізеді. Психологтардың айтуынша, егер үнемі шаршап жүретін болсаңыз, мұны өз күшіңізбен жеңуге болады. Ал оны қалай іске асыру керек?
*Бәрінен алда болып көріну жүйкенің тозуына апаратын алғашқы қадам. Айналамыздағы бизнесте жолы болған, аяқ астынан байып кеткен, отбасында бақытты жандар туралы есту өте жақсы жаңалық саналып, оған қуанғанымызбен, санамыздың түкпірінде жүйкеге әсер ететіндігі анықталған. Яғни соларға еліктеп, озат болуға тырысып, алдымызға қиын мақсаттар қоямыз. Ал ол адамды қатты шаршатады. Бір қызығы, ондайда адам не үшін шаршап жүргенін өзі де түсінбейді екен. Мұндайда текке шаршамас үшін өзіңіздің жеке тұлға екеніңізді, біреулердің ойынан шығуға тиіс ойыншық емес екеніңізді еске алғаныңыз дұрыс.
* Қызғаныш – адам бойындағы энергияны жоғалтатын ең жаман нәрсе. Сондықтан өзгелердің жеткен жетістігіне қызғанышпен қарамағаныңыз дұрыс. Ал егер тумысыңыздан ондай әдетіңіз болса, өзіңіз қызғанышпен қарап отырған адамның да қолы жетпеген нәрселері бар екенін еске алыңыз.
* Босқа жүйке тоздырудың тағы бір жолы – елдің сіз туралы не ойлайтынына бас қатыру және оларға жағуға тырысу. Бүкіл елге бірдей жағу ешқашан мүмкін емес. Сіз шынымен жақсы адам болуыңыз да мүмкін. Алайда әркімнің талғамы әртүрлі. Бәзбіреулерге бәрібір жақпайсыз. Сондықтан бұл да босқа жүйке тоздыру. Шындығына келгенде, сіздің жетістіктеріңіз бен құлдырауларыңыз ешкімді де қызықтырмайды. Және сіз туралы ойлаған ойын да, айтқан сөзін де сәлден соң ұмытып кетеді. Сіз де сөйтіңіз. Есесіне жүйкеңіз орнында.
*Азға қанағат етуді үйреніңіз. Бүгінде адамдар арасында «мүмкін емес нәрсе жоқ» деген пікір қалыптасқан. Бұл дұрыс емес. Ешкім де өз мүкіндігінен артық жасай алмайды. Қолда бардың қадірін біліп, бағалай біліңіз. Бастық болмаған адамның бостандығы өзінде екенін ойлаңыз.
*Жүйкеңізді үнемі әлденеден қорқып, қауіптің алдын алып, сақтық жасап жүру де жеп қояды. Біреулер материалдық құндылықтарын қалай сақтап қалуды ойласа, біреулер қалай көбейтуді ойлайды. Қалай десеңіз де маңдайға жазғаны болады. Бәрінің алдын алу мүмкін емес. Өмір өз дегенін істеп, өзгеріп отырады. Сондықтан үнемі «қатып» жүрудің қажеті жоқ.

 

Негізгі бет
Құранды үйрену мен үйретудің пайдасы
16.12.2009 16:27

8Қасетті Құран Кәрім – дін негізі. Сол себептен діннің болуы Құран жоғалмай таралуымен тікелей байланысты. Осы себептен оны үйрену­ және үйрету ең абзал іс екені сөзсіз. Әрбір мұсылманға намазды өтейтіндей мөлшерде Құранды жаттау парыз. Құранды бастан-аяқ толық жаттау – парыз кифая. (Парыз кифая – мұсылмандардың бір бөлігі орындауымен басқалар үшін орындау міндетті болмаған іс). Егер, Алла-тағала сақтасын, Құранды бастан-аяқ жаттаған бірде-бір адам болмаса, онда мұсылмандардың барлығы күнәһар болады. «Егер қайсыбір қала немесе ауылда Құран оқитын бірде-бір кісі болмаса, онда сол қала немесе ауылдың барлық тұрғындары күнәһар болады», – деген хадис бар. Пайғамбарымыз: «Сендердің жақсыларың Құранды үйренгендерің және оны басқаларға үйреткендерің» – деген.

Құранды үйренудің түрлі дәрежесі бар. Ең жоғарғы дәреже – Құранда айтылғандарды мағына-мәнісімен қоса үйрену болса, ең төменгі дәреже – тек сөздерін оқып үйрену.

Айша анамыздан жеткен хадисте, пайғамбарымыз: «Құ­ран шебері» Алла-тағала түсірген кітаптарды жазып отыру­шы періштелермен бірге болады. Мүдіргеніне қарамастан, Құранды оқуда табанды болғанға екі есе сауап беріледі» – деген.

«Құран шебері» деп Құранды то­лық жаттаған және көп оқитын адамды айтады. Егер ондай адам оқыға­нының мағынасы мен түсінігін білсе, тіпті жақсы.

«Періштелермен бірге болады» деген сөздің мағынасы – періштелер Құранды Ләухул-Махфуз» -дан көшіріп жазады және жеткізеді. Құран шебері де Құранды басқаларға жет­кізуші. Демек, бұлардың атқарып жатқан ісі бір. Немесе бұл сөз Құранды Ләухул-Махфуз» -дан көшіріп жазатын періш­телер мен Құран шеберлері мах­шарда, яғни Қияметте барлық жаратылыс жиналатын майданда бірге болады деген мағынаны білдіреді.

Құран оқу барысында мүдіріп, қиналғанға екі есе сауап жазылады. Бірі – оқығаны үшін, екіншісі мү­діру себебінен қиналғаны үшін. Алайда бұл мүдіріп оқыған адам сауапты Құран шеберінен артық алады деген сөз емес. Құран ше­бері алатын сауап Құранды мүдіріп оқыған адамның алатын сауабынан әлдеқайда көп.

Осы күні: «Неге Құран жаттамайсың?» – деп сұрай қал­саң: «Жаттаған­мен бәрібір есте тұрмайды, тілім бұ­ралмайды» немесе «Жастық шақта оқы­маған соң болмайды екен», – деп жатады. Осындай сөздерді сылтау еткен­ адамдарға мына хадисті айтып өтпекпіз: «Құранды қанша жаттағанмен оны есіне сақтай алмаған адам екі есе сауап алады, сол тәрізді Құ­ранды жаттауын қалап, бірақ оған мүм­кіндігі болмағанына қарамастан жаттауға тырысқан адамды Алла-тағала Қиямет күні хафиздермен бірге тірілтеді. (Хафиз Құранды толық жаттаған адам).

Негізі Құранды жатқа біліп, оқып жүр­ген азаматтардың саны күн сайын артып­ келеді. Алайда көпшілік ғалымдар Құранды жатқа емес, кітапты қолына алған күйі, бетіне қарап оқыған абзал деп біледі. Олар оған мына хадисті дәлел ретінде келтіреді: «Расулаллаһ: «Құранды жатқа оқыған адамға мың дәреже сауап, ал Құранды қарап оқы­ғанға 2 мың дәреже сауап беріледі», – деді (Әус-ас-Сақофи). Бұл хадисте әң­гіме­леніп жатқан Құранды қарап оқу амалы өзіне, жүзіне қарап оқу барысында мағынасына үңілу, ондағы айтылғанды ұғынудан өзге бірнеше сауапты әрекетті қамтиды. Дегенмен хадистер­дің түрлі мағынасына байланысты ғалымдар Құранды қарап немесе жат­қа оқу­дың артықшылығына байланысты түрлі пікір білдірген.

Имам Науауи бұл мәселеге қатысты былай деп тұжырым жасаған: «Мәселе адамның ерекшелііне байланысты. Құ­ранда айтылғанды қарап оқығанда ұғыну қолайлы болса, онда қарап оқы­ғаны абзал. Ал егер Құранда айтылғанды жатқа оқығанда ұғыну қолайлы болса, жатқа оқығаны абзал».

Құранды жаттаудың өзі бір бөлек іс, ал оның мағынасын­ түсіну – өте қиын жә­не күрделі мәселе. Қазіргі күні араб тілінен біршама хабары болып немесе тіпті араб тілін білместен Құранның ау­дармасына бір қарап ондағы айтылғанға қатысты өз пікірін айта салу әдетке айналған. Құранның мағынасын баян етудің белгілі шарттары мен қағидалары бар.

Ғалымдар Құранды тәпсірлейтін, яғни Құранға түсінік беретін адам 15 түрлі ілімді меңгеруі тиіс деген. Бүгінге дейін Ислам тарихында қаншама тәпсірлеуші­лер өз еңбек­терін бізге тарту етіп кеткен. Біз сіздерге солардың ең атақты­ларын ұсынуды жөн көрдік.

1. Ибн Жарир тәпсірі

Тәпсірдің толық аты – Жәми әл-Баян, авторы Мұхаммед ибн Жарир әл-Табари. Атақты ғалым, мұхаддис (хадистер білгірі) және тарихшы. Әл-Табари аталмыш тәпсірді күніне 40 беттен 40 жылда аяқтаған екен. 30 томнан құралған бұл тәпсір өзінен кейінгі тәпсірлерге қайнар бұлақ болып қызмет етті.

2. Тафсир әл-Куртуби

Тәпсірдің толық аты – Әл Жәми ли-Аһкәм әл-Құран, авторы андалу­сиялық (Испания) Әбу Бәкір ибн Фарах әл Куртуби. Куртуби Малики Фикх мек­тебінің өкілі болып, оның еңбегі 12 томнан құралады.

3. Әл Тафсир әл-Кабир

Бұл тәпсірдің толық аты – Мафатих әл-Ғаиб. Авторы имам Фахр әл-дин әл-Рәзи. Имам Рәзи ислам теологиясының атақты ғұламасы болып, ол кісі өзінің тәпсірінде діни пікір­та­ластармен түрлі секталардың кемші­ліктері туралы жазған. Бұл аталмыш тәпсір 8 томнан тұрады.

4. Тәпсір Рух әл-Маъани

Бұл тәпсірдің авторы Аллама Махмуд әл-Алуси Бағдатта өмір сүрген ғұлама­ның бұл еңбегі 30 томнан тұрады. Аталмыш тәпсірде ғұлама тіл, синтаксис, әріптер, стиль, фикх сенім мәсе­ле­лері, философия, астрономия мен мистицизм сияқты мәселелерді көтерген.

Құранды тереңінен түсініп жаттаймын деген адамға бұл еңбектер те­ңіз­ден тамшы ғана. Аллаға шүкір, Құран­ға байланысты дүниелер толып жатыр. Бастысы – іске кірісу. Негізінде Құ­ранның жатталуы бір мұғжиза. Болмаса Құранның жартысына немесе үштен бір көлеміне тең келетін кітапты жаттап алу қиын. Тіпті оны жаттау мүмкін де емес. Алла-тағала Құ­ранның жеңіл жатталуын «Әл-Қамар» сүресінде түсіндірген: «Біз Құранды жаттағанға жеңіл еттік. Оны ұғынушы бар ма екен?»

Құран үйренемін деп, ізгі іс бастағандардың талпынысын Алланың өзі жеңіл де жемісті етсін.

Дайындаған – Парман АСАНЗАТ.

 

Пікір қосу

Қорғаушы код
Жаңалау

Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

zamana-13

«Заманаға» автор болуға асығыңыз!

Ол үшін қомақты қаламақы төленеді

Құрметті оқырман!

Егер Сіз айрықша ақпараттардан хабардар болсаңыз, таңғажайып оқиғаның ортасынан табылсаңыз, тосын көріністерге куә болсаңыз, онда шұғыл түрде бізбен байланысқа шығыңыз.

Өзіңіз көзбен көрген оқиғаның мән-жайын тез арада жазып, суретімен қоса бізге жолдар болсаңыз тіпті жақсы.

Ең бастысы, нақтылық, жеделдік, шындық қажет.

Бұл орайда жағымды жаңалықтар да, келеңсіз көріністер де тақырып арқауына айнала алады.

Мұндай хабарларды Қазақстанның кез-келген түкпірінен жолдауыңызға болады.

Назар аударыңыз: Газетке пайдалануға жарайтын айрықша ақпараттар үшін бір мың теңге мен он мың теңге аралығында қаламақы төленеді.

Ал тұрақты түрде атсалысушы азаматтарға қосымша сыйлықтар, арнайы жолдамалар тағайындалады. Сондай-ақ таяу келешекте жасына, мамандығына қарамай-ақ кесімді жалақы төленіп тұратын жұмыс ұсынылуы мүмкін.

Қысқасы, «Замана» өзінің барлық оқырманымен сенімді серіктес әрі әріптес болуға қашан да дайын! «Заманаға» автор болуға асығыңыздар!

Біздің электрондық почтамыз: zamana_shmk@maіl.ru.

Жұлдызнама

juldyz

(13.05-19.05)

Тоқты (21.03-20.04)
Қарбалас істердің ортасынан табыласыз. Ал сәрсенбіде көңілге бір жағымды сәтті бастан өткеруіңіз мүмкін.
Торпақ (21.04-21.05)
Жақын адамыңызбен бірлесе қимылдауды ұмытпаңыз. Сізге бұл аптада оның пайдасы молынан тигелі тұр.
Егіздер (22.05-21.06)
Жайлы күндер жалғасын табады. Барынша белсенді болуға тырысқайсыз, табыс еселеуге мүмкіндік мол.
Шаян (22.06-23.07)
Жұмысыңыз көбейіп кетуі мүмкін. Жоспармен қимылдаңыз, сонда аса әбіржи қоймасыңыз анық.
Арыстан (24.07-23.08)
Өзіңізге деген сенімнің арта түскенін сезінесіз. Сізбен байланыс орнатуға ұмтылушылар қатары артпақ.
Бикеш (24.08-23.09)
Сізге көз тігушілер көп. Өзіңізді сөзден гөрі істе көбірек көрсетуге күш салғаныңыз дұрыс болмақ.
Таразы (24.09-23.10)
Көңілді отырыстарда жиірек боласыз. Кейбір мәселелерде сақтықты естен шығарып алмағаныңыз жөн.
Сарышаян (24.10-22.11)
Сіз үшін бұл – сәттіліктер аптасы. Апта соңына қарай ойламаған жерден олжалы болуыңыз ықтимал.
Мерген (23.11-21.12)
Бұл аптада сақтықты серік етуіңіз керек. Әсіресе бағалы зат сатып аларда абай болғаныңыз абзал.
Тауешкі (22.12-20.01)
Көздеген мақсатыңызға бір табан жақындай түсесіз. Бейсенбіден жағымды жаңалық естуіңіз мүмкін.
Суқұйғыш (21.01-19.02)
Көп іс тындыруға жағдай бар. Апта күндері қаржы табуға қолайлы, барынша қимылдап қалуыңыз қажет.
Балық (20.02-20.03)
Аптаның алғашқы бөлігіндегі әрекеттеріңізге көп нәрсе байланысты. Басты шаруаларды осы кезде реттестіріп алғайсыз.

 


Құлағыңыз түрік жүрсін

auirmaniz 2013--09

«Ауру үйлер» де болады
* «...Ауасы дымқыл, зәктенгіш, қабырғасы жиі көгеретін үйлердің бұрыш-бұрышы, қуыстар мен заттар көгеріп, бүлінетіні белгілі. Үй ішіндегі қуыс-қуыстарға, заттарға ұялаған зәк саңырауқұлақтарының тозаңдары ауаға таралып, тыныс алу арқылы адамның өкпесіне өтеді, қолқа демікпесін, бронхит, астма, аллергия сияқты ауруларды таратады. Сондықтан зәк саңырауқұлақтарымен бүлінген үйге «Ауру үй синдромы» деген диагноз қойылады».
Ал сіздің үй ауру емес пе?
* «...Не нәрсені болса да қалауынша иемденгісі келетін адам баласы ұрпағының ұл немесе қыз болуын өз қолымен реттегісі келіп тұрады. Ал сізге ше, ұл керек пе, қыз ба? Олай болса мына зерттеулерге құлақ салыңыз. Адамның жасы мен бойға бала бітетін айдың да перзент жынысына қатысы бар көрінеді...»
Баланың жынысын қалай жоспарлауға болады?
*«Кейбір аурулардың тұқым қуалайтыны белгілі. Мысалы, қан қысымы, аллергия да атадан балаға беріледі. Біреулерде ол анық белгі берсе, енді біреулерде жасырын түрде өтеді. Жалпы, бұл генетикалық ерекшелік алдында медицина әлсіз. Дегенмен оның алдын-алу арқылы кейінгі ұрпақты ондай аурудан сақтауға болады».
Тұқым қуалайтын аурудан қорғану жолдарын білесіз бе?
...Бұл сұрақтардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен оқып-біле аласыздар. Онда маусымдық дерттер мен жиі бас көтеретін кеселдерден айығу жолдары, халық емі түрлері жайлы бұдан басқа да мақалалар молынан жарияланған. Олай болса, «Ауырмаңыз!» газетін алуға және оған 2013 жылдың екінші жартыжылдығына жазылуға асығыңыз!

 

Құлағыңыз түрік жүрсін!

ts-2013--09

Елес кезген үй...
Шамандардың сүйегі...
«Замананың» қосымшасы – «Тылсым дүние» газетінің жаңа нөмірі жарыққа шықты. Басылымның беттерінен бұл жолы төмендегідей қызықты мақалаларды оқи аласыздар:
* Күнді қалай санайды?
* Тұңғиықта тіршілік ететіндер.
* Ғажайыптар біздің өлкеде.
* Өліп-тірілген келіншек.
* О дүниеден жеткен дауыс.
* Шамандардың ажал сүйегі.
* Елес кезген үй.
«Тылсым дүние» газетінде сонымен қатар жұртшылықты имандылық пен адамгершілікке үндейтін, әлемде болып жатқан ғылыми-ғажайып жаңалықтардан хабардар ететін өзге де танымдық-тағылымдық мақалалар жарияланған. Олай болса, «Тылсым дүние» газетін алуға, оған жазылуға асығыңыздар!

 

Құлағыңыз түрік жүрсін!

samala-2

* Новая, уютная

* Тихий центр

* Все условия

 

* Умеренная цена

 

Наш адрес:
г. Шымкент,
 ул. Акпан батыра, 23.
 (уг. улицы Майлыкожа.).

 

Тел.: 8(725-2) 53-26-79.

Моб.: 8-775-92-47-999.

 

Будьте нашим гостем!

Құлағыңыз түрік жүрсін

kenecter-010

«Керек кеңестерге»
жазылдыңыз ба?
* Алда мектеп бітіруші түлектерді ұлттық бірыңғай тест сынақтарынан өту, ал студенттерді жазғы сессия емтихандары күтіп тұр. Сынақтан сүрінбей өту үшін не істеу керек?
* Отбасының ынтымағын, берекесін сақтау – әйел мен еркектің ортақ міндеті. Дегенмен басты жауапкершілік еркектің мойнында екені белгілі. Отбасындағыларды бақытты ету үшін еркек қандай болуы керек?
* Күн жылынып, адамдар жеңіл киімдерге көшті. Мұндайда артық салмағы бар, семіріп кеткен адамдарға қиын, олар өздерін жайсыз сезінетіні рас. Ал семіруге не себепкер болады?
*Жаздың ұзақты күні пәтеріне ағымдағы немесе түбегейлі жөндеу жұмысын жасататындарға да қолайлы. Дегенмен мұндай іске алдын-ала жасалған жоспарсыз қойып кетуге болмайды. Ал жоспар жасағанда қандай жайларға мән беру керек?
* Бүгінде құрылыс тауарлары саудасының қызып тұрған шағы. Әсіресе темірден жасалған есік-терезеге сұраныс жақсы. Осыны білетіндер саудаға Қытайдың сапасы төмен темір есіктерін де көптеп әкеліп жатқаны рас. Ал Қытайда жасалған темір есіктерді өзімізде шығарылатын және Ресейден әкелінетін есіктерден қалай ажыратуға болады?
...Осы және күнделікті тұрмысқа қажетті басқа да кеңестерді «Замананың» қосымшасы – «Керек кеңестер» газетінің жаңа нөмірінен оқи аласыздар.
...Қадірлі оқырман! Бүгінде 2013 жылдың екінші жартыжылдығына газет-журналдарға жазылу науқаны жүріп жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, «Керек кеңестер» газетіне де жазылып қоюға шақырамыз. Әрбір шаңыраққа, барлық жастағы жандарға өмірдің кез келген сәтінде керек газеттің сіздің де қолыңыздан табылғаны жақсы. Олай болса, «Керек кеңестер» газетіне жазылуға асығыңыз. Біздің газетке Қазақстанның кез келген почта бөлімшесі арқылы жазылуға болады. Жазылу индексі – 64371.