Жұдырығында Алла деген жазу бар

24.01.2019
Қаралды: 699

Осы кезге дейін қарбыз ішінде, алма қабығында, тіпті аспанда Алла деген жазу пайда болғаны жайлы көптеген деректерді көзіміз шалған. Бүйірінде осындай белгі бар қозы жайлы да кезінде ғаламторда көп айтылды. Ал Алла жазуы анда-санда жұдырығында пайда болатын жан жайлы әзірге ешкім білмейтіні анық.

 

 

Негізі Гүлдана Бекежанқызын (суретте) көпшілік «Алақанында шипа бар ару» деп атайды. Мазасы қашып, дене дел-сал болғанда, еңсесі түсіп, сірке су көтермейтін кездері таныс-туыстары дереу Гүлдананы іздейді. Өйткені оның қолында ерекше бір жылу бар. Сол жылу бойға дарығаннан жағымсыз қуаттан арылып, жаныңыз жадырап қоя береді. Шаншулатып ауырған адам да Гүлдананың шипалы сылауынан соң аттай шауып кететінін көрдік. Әлгі жазу осындай ауырған адамға ем жасаған кезде пайда болады екен.

 

– Мен негізі мүлде басқа мамандық таңдаған жанмын. Бірақ тағдыр айналдырып әкеліп, осы жұмысқа жегіп қоя береді. Өзім де мазасы болмай тұрған адамға массаж жасасам жеңілдеп қаламын. Бала кезде: «Сенің қо­лың тисе жеңілдеп қалады, арқамды сипап берші», – деп апалар жиі өтініш айтатын. Ол кезде массаждың қыр-сырын білмей­мін, тез-тез сылап-сипап қоя салайын десем алақандарым қы­зып, тоқтай алмай қалатынмын. Ақыры менің мамандығым осы екенін мойындап, массаждың бірнеше түрін меңгеріп алдым.

 

– Сені жұдырығында Алла деген жазу бар дейді?

 

– Ондай жазу бары рас. Ол жайшылықта көрінбейді. Массаж кезінде біреудің сегізкөзі, енді біреудің жауырын тұсына барғанда қолымды қозғалта алмай, сол жерде біраз тұрып қаламын. Кейін білдім ғой, келушінің тап сол жері мазалап тұрады екен. Алақандағы қызу сол жерге көбірек жіберіледі. Келушіге де, маған да керегі осы. Бұл кезде мен дереу емдік массаж түріне ауысамын. Ол остеохондроз, денеге жиналған тұз, омыртқа дискілерінің қажалуы, омыртқаның қисаюы, құяң, сегізкөз тұсының ауруында пайдалы. Бұл­шық еттердің тартылып, сыздауы, бастың үздіксіз ауыруы, бас сақинасында да массаждың емдік түрін жасаған дұрыс. Ол адамға ем жүре бастағанда сол қолымның жұдырық тұсындағы тамырлар білеуле­ніп, Алла деген жазуға ұқсап кетеді.

 

Уақыт өте тамырлар қайтадан қалпына келеді. Массажға бала кезден құмармын дегенмен, бұл жазудың нақты қа­шаннан пайда болғанын біл­меймін. Оны кезекті бір ем кезінде кездейсоқ аңғардық. Әзірге мұның сырын білмеймін.

 

– Қызық құбылыс екен. Ал өзің массаждың тағы қандай түрлерін жасайсың?

 

– Адам қатты шаршағанда, дене болдырып, ауырлағанда, дел-сал күй кешіп жүрсе массаждың классикалық түрін жасаған дұрыс. Ол жүйке талшықтарын, бұлшық еттерді тынықтырады, қан айналымын жақсартады. Емдік түрінің тиімді тұсын жаңа айттым. Жас балаларда бұлшық еттің дұрыс қатаймауы, буындарын ұстай алмауында да осы массаж жасалады. Емдік дене шынықтыру мен физиотерапия кезінде қоса қабылдаса аурудан жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік бар.

 

Емдік массаж аурудың түріне, зақымданған және жарақаттанған жеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Мәселен, миокард инфаркты, гипертония, гипотония ауруларында бір түрі, тыныс алу жолдары ауырса басқа түрі, ал орталық не шеткері жүйке жүйесі зақымданса, аяқ-қол тартылып, сал болып қалған жағдайда тағы бір түрі қолданылады.

 

Жақында мануалды массаж түрін меңгердім. Себебі келушілердің 80%-ында омыртқа аурулары байқалады. Бас, буын, тіпті бүйрек ауыруының кейбір түрлері де омыртқадан келеді. Мұндайда ең дауасы – мануалды массаж.

 

Омыртқадағы ең бірінші – бас сүйекке кірігіп тұрған сүйекті атлант деп атайды. Мен онымен жұмыс жасай алмаймын. Өйткені ол бас сүйек ішінде – тереңде орналасқан. Ресейде осы атлантпен жұмыс жасайтын үш-ақ дәрігер бар. Ал Қазақстанда мұндай мықты маман бар ма, жоқ па, ол жағын біл­меймін. Атлантты айтып отырған себебім – кесарь тілігімен туылған балалардың басым көпшілігінде осы сүйекте зақым болады. Өсе келе басы ауыратыны, «черепное давлениеге» душар болатыны сондықтан. Бұл зерттеулермен дәлелденген нәрсе. Алла бұйыртса, мен осы сүйекпен жұмыс жасауды да үйреніп алғым келеді. Ол мануалды массаждың ең күрделі де нәзік саласы.

 

Төрт мың жылдық тарихы бар нүктелі массаж жасағанда ағзаның биологиялық активті нүктелеріне қозғау салынады. Оның пайдасын сағаттап айтсақ та таусылмайды. Шипасы ине салумен тең деп бір ауыз сөзбен қайырайын. Адамдағы 804 нүктенің әрқайсысының бір ағза мүшесіндегі ауруды тежейтін құпиясы бар.

 

– Шынында массаждың түрлерін терең меңгерген сияқтысың.

 

– Солай болуы керек қой. Өйткені барлық адамға тек бір ғана массаж түрін жасай беруге болмайды. Массаж адамның денсаулығы мен жағдайына қарай жасалуы тиіс.

 

Бұдан бөлек мен целлюлитті кеті­ретін массаж жасаймын. Яғни денедегі майларды босату арқылы ағзадан шығару. Оны кетірудің тәсілі бар. Ол артық салмақтан арылтады, дене сымбатын қалпына келтіреді. Сосын босанған соң сүйекті қалпына келтіруге көмектесетін массаж бар. Қыз-келін­шектер арасында оған деген қызығушылық жоғары.

 

Сосын мен табиғи өнімдерден бет­ті жасартатын, нәрлендіретін, әжімді тартатын, дақтарды кетіретін маска жасаймын. Мысалы, қыста асқабақ, куркума, лимон,  итмұрын, имбирь, қиярды пайдаланамын. Көктем мен жазда сол маусымдарға сай өнімдер мен бет терісіне керекті витаминдер қолданылады. Маска құрамы адам беті мен мойын терісіне, ондағы проблемаға байланысты өзгеріп отырады. Оны тек қыз-келіншектерге арналған деп қарауға болмайды. Өзіне күтім жасау­ды ұнататын келушілерге осындай сыйым бар.

 

... Гүлдана Бекежанқызының Шымкент қаласына көшіп келгеніне көп бола қоймапты. Әйтсе де алақанында шипа бар аруды арнайы іздеп баратын адамдар аз емес. Олардың біразы массаждан кейін көз қиығымен Гүлдананың жұдырығына қарап қоятынын байқадық. Шынында да, емнен кейін оның қолындағы тамырлардың Алла деген жазуға ұқсауының сыры неде екен?

 

Д. ӨМІРБЕК.

Редакциядан: Гүлдана Бекежанқызының байланыс нөмірі –

8-701-565-87-05, 8-705-846-32-00.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ