Суықта ауырмаудың амалы көп

08.01.2019
Қаралды: 533

Қыстың алғашқы айы да ортасынан ауды. Бұл кезде ауа райының суықтығы өз алдына, адамды түрлі жұқпалы аурулар төңіректейді, қажетті күн сәулесінің жетіспеуі де мазалайды, стреске ұрынып, көңіл-күй бұзылатын кездер жиілейді. Осындай жайсыздықтардың алдын-алу үшін ағзаның қорғаныс қабілетін қуаттандырған абзал.

 

Біріншіден, күндіз бір мезгіл таза ауада серуендеуге уақыт бөліңіз. Мұның иммуниетке берері көп.

 

Екіншіден, адамдар көп жүретін жерлерге лажынша сирек барған дұрыс. Себебі  ондай жерлерде вирус, бактериялар, жұқпалар болуы мүмкін. Мұндай кзеде әсіресе түрлі тыныс жолы ауруларын жұқтыратындар саны артады. Амалсыз бару керек болса, қорғаныс маскасын киген абзал. (Ескерту: оны әр үш сағат сайын жаңалап тұрған дұрыс).

 

Ауызды, мұрынды, тамақты күн сайын бірнеше мәрте теңіз тұзы ерітіндісімен немесе шөп тұнбасымен (түймедақ, қымыздық, эвкалипт, т.б.) дұрыс. Үй бөлмелерін де ылғалдап тұрған жөн. Ол тыныс жолдарының ылғалдануына өзіндік әсерін тигізеді. (Құрғақ ауадан гөрі ылғалды ауа­да микробтардың көбеюіне кедергі көп екенін есте ұсnаңыз). Бөлмені жиі желдетіп тұрыңыз. Қолды таза ұстаңыз. Ал көшеге шығарда мұрынға оксолин майын жаққан дұрыс, ол  вирустар мен бактериялардың ағзаға өтуіне кедергі келтіреді.

 

Мүкжидек (клюква), итбүлдірген (брусника) морстарын, итмұрын шайын ішіңіз. Оларда ағзаны нығайтатын С витамині мол. Сарымсақ, пияз жеген де пайдалы.

 

Ал тұмау эпидемиясы кезінде оған қарсы препараттардан бір курсын қабылдаған дұрыс.

 

Қыста ағзада «ұйқы гормоны» – мелатонин көбейеді. Керісінше, «қуаныш гормоны» – серотонин түзілуі азаяды. Бұл ұйқы басуына, көңіл-күйдің түсуіне, жиі құбылуына себеп. Сондықтан күндізгі серуенді әдетке айналдырыңыз. Күн бұлтты болса да таза ауада серуендегеннің пайдасы мол. Оны адам көп ұзамай-ақ сезінеді.

 

Үйдің қаракөлеңке емес, жарық болғаны жөн. Жан-жағыңызда ашық түсті заттардың көбірек болуын қадағалаңыз. Үстелде, кереуетте, отыратын, жататын тұста ашық түсті заттар тұрғаны жақсы. Қара, сұр түстерден аулақ болыңыз, қызыл, қызғылт, сары, жасыл түстеге үйір болыңыз. Тіпті ас ішетін ыдысыңыз да, мысалы, ашық, гүлді түсте бол­ғаны пайдалы.

 

Ал ағзада серотонин көбірек түзілуі үшін ас құрамында «Омега-3» қанықпаған майлы қышқылдарының мол болуына көңіл бөліңіз.  Олар теңіз балығы мен теңіз өнімдерінде, зәйтүн мен зығыр майында көп. Теңіз балығында ағзаға аса қажет Д витамині де мол.

 

Егер қуатыңыз азайып, қан қысымы тым төмендеп кетсе, онда сермене (лимонник), женшень, бүлдірген (земляника) ерітінділерін ішкен дұрыс. Асқазан көтерсе, гипертония қаупі болмаса, онда табиғи кофе ішкен де пайдалы.

 

Қысқасы, ағзаны күшейтіңіз, сонда ауырмайтын боласыз!

 

Б. РЫСҚҰЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ